- •Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- •4 Курс
- •Акушерство және гинекология кафедрасының жетекшісі _____________ Тусупкалиев а.Б. М.Ғ.К., доцент
- •Тақырып: Жүктілік физиологиясы. Жүктілерді зерттеу әдістері.
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау: Тесттер:
- •Жүктілік мерзімі мен босану мерзімін анықтау.
- •Босану кезіндегі ұрық басының орналасуын анықтау.
6. Әдебиет:
1. Раисова А.Т. Акушерия және гинекология /А.Т.Раисова, Р.Г.Нуркасымова.- Алматы: асме-Систем, 2003.- 296 б.
2. Акушерияға кіріспе/ Х.Н.Нуржанов.- Алматы: Каз УМУ, 2002.- 92 б.
3. Бейсембаева Р. Акушерия/ Р.Бейсембаева.- Алматы: Білім, 2004, 2006.
7. Бақылау: Тесттер:
1. Қынап арқылы зерттеу кезінде жатыр мойны орталықта орналасқан, 2см дейін қысқарған, аздап жұмсарған, цервикальды өзек ішкі ернеуге дейін бір к\с еркін өткізеді. Жатыр мойнының жағдайын анықтандар:
Жетілген
Жетіліп келе жатқан
Толық пісіп жетілмеген
Жетілмеген жатыр мойны
Босанудағы жатыр мойны
Леопольд-Левицкий әдісінің біріншісі нені анықтайды?
Ұрықтың позициясын
Ұрықтың орналасуын
Жатыр түбінің биіктігін және орналасқан бөлігін
Ұрықтың келген бөлігін
Ұрық басының орналасу деңгейін
Жамбастың қалыпты өлшемін табыңыз:
25-28-31-20 см
25-26-31-17 см
23-26-29-18 см
25-28-31-18 см
23-25-27-20 см
Диагональды конъюгата дегеніміз:
Симфиздің жоғарғы ортаңғы шегінен сегізкөз мүйісіне дейінгі арақашықтық
Симфиздің жоғарғы ортаңғы шегінен Михаэлис ромбысының жоғарғы бұрышына дейінгі арақашықтық
Сегізкөз мүйісінен симфиздің төмеңгі шегіне дейінгі арақашықтық
Шонданай төмпешіктерінің арасындағы арақашықтық
Шонданай сүйектерінің арасындағы арақашықтық
Скульский формуласы нені анықтайды?
Ұрықтың жатыр қуысындағы ұзындығын
Жатыр қабырғасының қалыңдығын
Ұрық басының маңдай шүйделік өлшемін
Жүктілік мерзімін
Босану мерзімін
Франк индексі дегеніміз?
Білезік буының айналым өлшемі
Қасаға сүйектерінің жоғарғы тармақтары арасынлағы бұрыш
Ұрықтың ұзына бойлы орналасуында жүрек соғысын тыңдайтын фокусты анықтау
Михаэлис ромбысының вертикальды өлшемі
incisura jugularis пен VII мойын омыртқасы арасындағы арақашықтық
Жүктіліктің 36 аптасында жатыр түбінің биіктігі ?
Қасаға сүйегі мен кіндік ортасында
Семсер тәрізді өсінді мен кіндік ортасында
Семсер тәрізді өсінді деңгейінде
Семсер тәрізді өсіндіден екі саусаққа төмен
Семсер тәрізді өсіндіден үш саусаққа төмен
Көрсетілген суретте қандай зерртеу әдісі жүргізілуде?
Леопольдтың бірінші әдісі
Ұрықтың түрі мен позициясын анықтау
Іш пальпациясы
Ұрықтың қозғалыс белсенділігін анықтау
Босану қызметін анықтау
Көрсетілген суретте дәрігер жүргізуде
ұрық басының өлшемдерін анықтау
ұрықтың келген бөлігін анықтау
ұрықтың келген бөлігінің орналасу деңгейін анықтау
жүктілік мерзімін анықтау
шат сүйегі қосылуының жағдайын анықтау
Суретте дәрігермен көрсетілген әдіс нені дәлелдейді?
Ұрық басы кіші жамбас үстінде екендігін
Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне тірелеген
Ұрық басы кіші сегментімен кіші жамбас кіреберісіне келіп тірелген
Ұрық басы үлкен сегментімен кіші жамбас кіреберісіне келіп тірелген
Ұрық басы кіші жамбас қуысында
Көрсетілген суретте дәрігер келесі зерттеуді жүргізуде
Леопоьлдтың 4-ші әдісі
Ұрық басын қарау
Вастен белгісін қарауда
Леопольдтың 1-ші әдісі
Леопольдтың3-ші әдісі
Ақпарат блогы: жүкті әелді немес босанушыны зерттеу кезінде жалпы немесе арнайы анамнезді қолданады, жалпы объективті және арнайы акушерлік қарау, лабораторлы және қосымша зерттеу әдістерін қолданады. Соңғысына гематологиялық, иммунологиялық, (серологиялық және т.б.), бактериологиялық, биохимиялық, гистологиялық, цитологиялық зерттеулер және эндокринологиялық, жүрек қызметін зерттеу, жүктілікті асқындыратын және ұрықтың даму бұзылыстарын анықтайтын математикалық зерттеу әдістрі жатады. Қажетті көрсеткіштерде рентгеноскопия және рентгенография, амниоцентез, УДЗ және т.б. қазіргі уақыттағы жаңа зерттеу әдістері қолданады.
Жүктілер мен босанушыларды сұрастыру белгілі жоспарға сәйкес жүргізіледі. Сұрастыру жалпы және арнайы бөлімдерден тұрады. Барлық анықталған мәліметтер жүкті картасына немесе босану тарихына жазылады.
Жалпы анамнез
Паспорттық мәліметтер: фамилиясы, аты,тегі,жасы,жұмыс орны және мамандығы, туған жері мен қазіргі мекен жайы жазылады.
Әйелді медициналық көмекке қажет еткізген себептері (шағымдары)
Еңбек және тұрмыс жағдайы.
Тұқым қуалаушы және басынан кешірген аурулары. Тұқым қуалаушы аурулары (туберкулез, сифилис, психикалық және онкологиялық аурулар, көп ұрықты жүктіліктер және т.б.) көп көңіл аударады, өйткені интоксикация сияқты әсіресе ата анасында алкоголизм және накомания болса, бұл ұрықтың дамуына қолайсыз жағдайлар әкеледі. Бала кезінде, жыныстық жетілу және жетілген кезеңде басынан кешірген жұқпалы немесе жұқпалы емес аурулар және операциялар, олардың өту ағымы мен емдеу әдістері мен мерзімдері туралы мәліметтерді алу өте маңызды. Аллергоанамнез. Болған гемотрансфузиялар.
Арнайы анамнез.
Етеккір қызметі: менархе уақыты және етеккірінің тұрақтану етеккір типі мен түрі (3- немесе 4-апталық цикл, ұзақтығы, жоғалтқан қан көлемі, ауырсынудың болуы және т.б.); етеккірінің жыныс қатынасы, босану, аборттан кейін өзгеруі болды ма? Соңғы қалыпты етеккірінің келу уақыты.
Секреторлы қызметі: қынап бөліністерінің түрі, көлемі, түсі, иісі.
Жыныстық қызметі: қай жасынан жыныс қатынасына түскендігін, нешінші некесі, некесінің ұзақтығы, жыныстық қатынасының басталу уақыты мен алғашқы жүктілік арасындағы уақыт, соңғы жыныс қатынасына түскен уақыты.
Жолдасының жасы және денсаулыгы.
Босану қызметі (генеративті). Анамнез жинаудың бұл түрінде хронологиялық кезекпен алдыңғы жүктіліктер жайлы мәліметтер және қазіргі жүктілігінің саны, алдыңғы жүктілігінің ағымы (токсикоз, гестоз, жүрек қан тамыр, бүйрек, бауыр және т.б. жүйелер бойынша аурулар), олардың асқынулары мен аяқталуы. Бұрын болған жоғарыда көрсетілген аурулар осы жүктілікке үлкен көңілмен қарауды талап етеді. Алдында болған аборттар, босанулар (босану ұзақтығы, оперативті араласулар, ұрықтың жынысы, салмағы, бойы, оның босану кезіндегі жағдайы, босану үйінде қанша уақыт болғаны), және босанғаннан кейінгі кезең, оның асқынулары туралы толық мәлімет алу өте маңызды.
Басынан өткізген гинекологилық аурулар: аурудың пайда болу уақыты, ұзақтығы, емі және ақыры.
Осы жүктіліктің ағымы (триместр бойынша):
ші триместр (12-аптаға дейін) – жалпы аурулар, жүктіліктің асқынулары (токсикоздар, жүктіліктің үзілу қаупі және т.б.), әйелдер кеңесіне алғаш рет келу кезінде анықталған алғаш келу күні мен жүктілік мерзімі.
Ші триместр (13-28 апта аралығы) – жүктілік ағымындағы жалпы аурулар және олардың асқынулары, салмақ қосу, артериалық қан қысымының өлшемдері, анализ нәтижелері, ұрықтың алғаш қозғалу күні.
Ші триместр (29-40 апта аралығы) – жүктілік кезіндегі жалпы салмақ қосу, оның тепе теңдігі, жалпы қан және зәр анализдері мен артериалық қан қысымының өлшеу нәтижелері, жүктілік кезіндегі аурулар мен оларыдң асқынулары. Госпитализациялау себебі.
