
- •Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- •4 Курс
- •Акушерство және гинекология кафедрасының жетекшісі _____________ Тусупкалиев а.Б. М.Ғ.К., доцент
- •Тақырып: Жүктілік физиологиясы. Жүктілерді зерттеу әдістері.
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау: Тесттер:
- •Жүктілік мерзімі мен босану мерзімін анықтау.
- •Босану кезіндегі ұрық басының орналасуын анықтау.
Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
Мамандығы: жалпы медицина
Пәні: акушерство және гинекология
Кафедра: акушерство және гинекология
4 Курс
№3 блок: Жүктілік физиологиясы мен патологиясы
№1 тақырыбы: Жүктілік физиологиясы. Жүктілерді зерттеу әдістері.
Құрастырушы:
доцент к.а., м.ғ.к. ________ Кәрімова Б.Ж.
Ақтөбе 2010 ж.
Кафедра отырысында талқыланды
«_____»_________________ 2010 ж.
Кафедра отырысында бекітілген
«____»________________ 2010 ж.
№ ____ хаттамасы
Акушерство және гинекология кафедрасының жетекшісі _____________ Тусупкалиев а.Б. М.Ғ.К., доцент
Тақырып: Жүктілік физиологиясы. Жүктілерді зерттеу әдістері.
2. Мақсаты: студенттерге жүктілерді зерттеу әдістерін үйрету.
3. Оқытудың міндеттері:
Студент білуі керек: жүктіліктің белгілерін (күмәнді, күмәнсіз, шынайы); жүктіліктің мерзіміне байланысты жатыр түбі биіктігінің өзгеруі; үлкен жамбас өлшемдерін өлшеу, сыртқы акушерлік зерттеу әдісінің төрт тәсілін қолдану, ұрықтын орналасуын, позициясын, түрін, келіп тұрған бөлігін анықтау, ұрықтын жүрек соғысын тыңдау; перинатологиядағы қосымша зерттеу әдістері: хориональды гонадотропинды анықтау, кардиотокография, ультрадыбыстық диагностика.
Студент істей білу тиіс: перзентханаға түскен жүктілерден анамнезді сұрастыру, жалпы және арнайы зерттеуді жүргізу, іш айналымын, жатыр түбі биіктігін, үлкен жамбас өлшемдерін өлшеу, сыртқы акушерлік зерттеу әдісінің төрт тәсілін қолдану, ұрықтын орналасуын, позициясын, түрін, келіп тұрған бөлігін анықтау, ұрықтын жүрек соғысын тыңдау, жүктіліктің мерзімін, босанудын болжам мерзімін анықтау.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
жүктілік кезінде әйел ағзасының өзгеруі.
Жамбастың сыртқы өлшемдері.
Сыртқы конъюгата, оны өлшеу және сол арқылы ішкі конъюгатаны анықтау.
Диагональды конъюгата, оны өлшеу және сол арқылы ішкі конъюгатаны анықтау.
Жамбастың иілу бұрыштары.
Сыртқы акшерлік зерттеудің бірінші әдісі, оның мақсаты және орындау техникасы.
Сыртқы акшерлік зерттеудің екінші әдісі, оның мақсаты және орындау техникасы
Сыртқы акшерлік зерттеудің үшінші әдісі, оның мақсаты және орындау техникасы
Сыртқы акшерлік зерттеудің төртінші әдісі, оның мақсаты және орындау техникасы
Жатыр түбінің биіктігін және іш айналымын өлшеу.
Білезік сүйегінің айналымын өлшеу (Соловьев индексі) оны акушерстводағы маңызы?
Бел сегізкөз ромб (Михаэлис ромбысы) дегеніміз не?
Ұрықтың жүрек соғысын тыңдау.
Жүктілік мерзімін анықтау әдістері.
Босану мерзімін анықтау әдістері.
5. Сабақ беру және оқыту әдістері: сабақтын басында ассистент топты тексереді (егер студент болмаса, себебін анықтайды) және сұрастыру арқылы сабақтын тақырыбын анықтайды. Бастапқы білім деңгейін тест арқылы тексереді (15 мин), тесттерді тексеріп – 5 минут, қорытындысын айтып, қателерін талқылайды – 15 минут.
Содан кейін ассистент жүктіліктің белгілерін (күмәнді, күмәнсіз, шынайы); жүктіліктің мерзіміне байланысты жатыр түбі биіктігінің өзгеруі; үлкен жамбас өлшемдерін өлшеу, сыртқы акушерлік зерттеу әдісінің төрт тәсілін қолдану, ұрықтын орналасуын, позициясын, түрін, келіп тұрған бөлігін анықтау, ұрықтын жүрек соғысын тыңдау; перинатологиядағы қосымша зерттеу әдістері: хориональды гонадотропинды анықтау, кардиотокография, ультрадыбыстық диагностика талқылайды (60 мин).
Фантомда арнайы акушерлік зерттеу әдістерін көрсетеді: іш айналымын, жатыр түбі биіктігін, үлкен жамбас өлшемдерін өлшеу, сыртқы акушерлік зерттеу әдісінің төрт тәсілін қолдану, ұрықтын орналасуын, позициясын, түрін, келіп тұрған бөлігін анықтау, ұрықтын жүрек соғысын тыңдау, жүктіліктің мерзімін, босанудын болжам мерзімін анықтау, акушерлік терминологияны талқылайды; жүктілер патологиясы бөлімшесінде жүктілерді курациялайды – 162 минут.
Оқу бөлмесінде тақырыпты бекіту үшін қорытынды білім деңгейін интерактивті оқыту әдісі арқылы «Үстел отрасындағы қалам» қадағалайды. Топтың барлығына тапсырма беріледі (мысалға жүктілілік және босану мерзімін анықтау), әр студент сұраққа өз жауабын жазып келесі қасындағы адамға парағын береді, ал қаламын үстел ортасын қояды. Берілген уақыт ішінде 10-15минут, топ максимальды түрде сүраққа әр түрлі варианта жауап беруі керек. Парақта жазылған тапсырма бір студенттен екіншісіне беріле береді. Жауап жазған студент парқты келесіге беріп, қаламын үстел ортасын қояды, ал жауап бере алмаған студент парақты келесі адамға береді, бірақ қаламы өз қолында қалады. Бірдей жауапты жазуға болмайды, яғни қайталанбауы тиіс. Тапсырма орындалады. Жауаптары бар парақ мұғалімге беріледі. Ол әр жауапты оқып, талқылап шығады (30 минут).
Сабақтын соңында жалпы білім деңгейін қорытындылайды (6 минут) және келесі сабақтын тақырыбымен, әдістемелік нұсқаумен таныстырады (6 минут).