
- •Астана – 2012
- •І. Пән сипаттамасы
- •2. Курсты оқыту мақсаты:
- •3. Оқыту мәндеттері:
- •4. Оқу тәртібінің мазмұны
- •Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
- •Іі. Пәннің тақырыптық жоспары
- •Аралық бақылау тақырыптары Бірінші аралық бақылау
- •Екінші аралық бақылау
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі
- •Реферат
- •2. Сыни көзқарастың қажеттілігі.
- •Реферат тақырыптары
- •Емтихан сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •6. Әдебиеттер тізімі:
- •6.1. Негізгі әдебиеттер:
- •6.2. Қосымша әдебиеттер:
- •Глоссарий
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТ
Педагогика кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Проректор ____________ Ахметов Қ.Ә.
«_____» ________________ 2012ж.
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(СИЛЛАБУС)
«ФИЛОСОФИЯ» пәні бойынша
Барлық мамандықтарға арналған
Оқыту нысаны: күндізгі Дәрістер – 30 сағат
Курс – 1 Практикалық
сабақтар – 15 сағат
Семестр – 1 ОСӨЖ – 45 сағат
Кредиттер – 3 СӨЖ – 45 сағат
Жалпы сағат саны – 135 Емтихан – 1 семестр
Астана – 2012
Силлабус Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандартының негізінде (ҚР білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген 25.12.2005г. № 779) және типтік оқу бағдарламасы негізінде («философия»№ Алматы, КазҰУ, 2006) құрастырылған.
Силлабусты дайындаған - аға оқытушы Абылханова Бақыт Қырғызғали қызы
Силлабус Педагогика кафедрасының отырысында талқыланды.
Хаттама №1 «3» қыркүйек 2012ж.
Институттың ғылыми-әдістемелік кеңесімен бекітілді.
Хаттама № 82 «4» шілде 2012ж.
.
Кафедра меңгерушісі
П.ғ.д., профессор Сәрсекеев Б.С.
Курс оқытушысы: Абылханова Бақыт Қырғызғалиевна
Ғылыми қызығушылықтары: Әлеуметтік философия және қазіргі ғылыми бағыттардың ерекшеліктері, олардың қоғамда алатын орыны.
Ғылыми мектебі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, философия мамандығы.
Байланыс телефондар: 87013451652, 87051252969
кафедра: 56-23-32
Philosophi_2010@mail.ru
І. Пән сипаттамасы
Пәннің аты, коды және кредиттер саны
Пәннің аты: «Философия»
Коды: Fil 1102
Кредиттер саны: 3
Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны (сабақ кестесіне сәйкес)
Пәннің өтетін уақыты: 1 семестр
1. Оқу тәртібінің бағыты.
Философия - ойлау туралы ғылым болғандықтан, бұл пән кезкелген мамандықтарға міндетті пәндердің бірі болып табылады. Мұнда дүниетанымның ерекшеліктері мен даму тарихына терең көз жүгіртіле отырып, жалпы студенттердің дүниеге деген көзқарастарын қалыптастыру және қалыптасқан көзқкарастарды жүйелеу үшін көмектеседі. Пәннің негізгі бағыты танымдық деңгейді тереңдетуге бағытталған сондай-ақ, ежелден қалыптасқан пікірлер мен қазіргі тұжырымдарды салыстыра отырып, әлемнің ғылыми кескінін бейнелеп көрсету мен түсіндіру.
2. Курсты оқыту мақсаты:
Дүниені, өмірді тануға, өзінің бар адами қасиетін түсінуге, филсоофиялық білімнің қажеттілігін түсіндіре отырып, творчестволық мүмкіндігінің ашылуына, ғылыми-теориялық ақыл-ойының қабілетін дамытуға үйрету. Сөйтіп студенттердің философиялық дүниетанымының негізін қалыптастыру.
Жалпы алғанда адам құндылығының орынан айқындау.Қоғамдық сананладың ерекшелігін түсіндіру, дүниені философиялық тұрғыда түсінуге талпындыру. .
3. Оқыту мәндеттері:
Дүниетанымның мифологиялық, діни және философиялық бастамаларын айқындау.
Философиясының негізгі идеяларымен студенттерді таныстыру.
Діни дүниетанымның ерекшелігін және оның теологиямен байланысын көрсету.
Философиялық талқылаудың әдістерін көрсету.
Әлемдік тарихта қалыптасып, қоғамдық принципке айналған саяси идеялармен таныстыру.
Студенттерді өзіндік позицияларын қалыптастыруға, философиялық концепцияларды сыни тұрғыдан талдауға үйрету.
Қоршаған ортадағы шындыққа сыни-рефлексивті қатынасқалыптастыру
4. Оқу тәртібінің мазмұны
Әлемдік философиялық көзқарастар тарихының ерекшеліктеріне тереңірек үңіле отырып, сол кездегі дүниетанымның ұқсастықтары мен айырмашылықтарының сипатына көңіл бөлінеді. Қоғамдық пікір мен идеологиялық ұстанымдарға тоқтала кетіп, діннің, өнердің, саясаттың және мәдениеттің феноменологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді. Өнер, таным, ғылыми шығармашылық және сөйлеу өнерінің философиялық байланысы жігімен ашылып, олардың осы күнге дейінгі құндылықтарына сипаттама беріледі.
5. Оқу пәнінің пререквизиттері: «Дүниежүзілік тарих», «Қоғамтану негіздері», «Қазақстан тарихы», «Дүниетану».
6. Оқу пәнінің постреквезиттері: «Мәдениеттану», «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Психология», «Дінтану», «Адам дамуы».
7. Курсты өткеннен кейін студент:
Дүниетанымдық және құндылықтық бағдарларды дамыта білу керек;
Әлеуметтік және жеке белсенділіктің мақсаты мен мәнін түсініп, өз әрекеттеріне саналы түрде есеп бере білуі керек;
Қоршаған шындыққа сыни-рефлексивті қарым-қатынас қалыптастыруы қажет.
Білімді бақылау және бағалау
Пәнді игеру кезінде бақылаудың мынадай түрлері қарастыраылған: аралық, ағымдық, қорытынды сондайақ бақаладың белгілі бір шаралары қарастырылған. Студенттер сабақтан қалмай, топтық талқылауларда өзін белсенді көрсетуі тиіс.
Оқытушы өз тарапынан дәрістерде айтылған ақпараттар бойынша немесе берілген тапсырмалар бойынша бақылау түрлерін жүргізе алады (тестік немесе карточкалар арқылы т.б.) Олардың бағалары жалпы мәліметті игеруіне қарай қорытынды бағаларға қосылады. Курсты сапалы меңгеру үшін аптасына оған өзіне берілген әдебиеттің шамамен 30-50 бетін оқып шығуы тиіс.
Студент ергер көрсетілген тапсырмалар бойынша орындалған жұмыстар
сапалы болса, жоғарғы балл ала алады. Мезгілінде тапсырылмаған жұмыстарды оқытушы қабылдауғы міндетті емес.
Бағалау жүйесі:
Ағымдық бақылау – 20%
Аралық тест – 20%
СӨЖ и СОӨЖ – 20%
Емтихан – 40%
Барлығы – 10