- •Салық жүйесінің мәні мен мазмұны
- •Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері
- •Салық жүйесінің түсінігі мен құрылу принциптері
- •Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері
- •Мемлекеттік баж обьектілері
- •Мемлекеттік баж ставкалары
- •2.3. Мемлекеттік баж төлеуден босату
- •Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі
- •Консулдық алым
- •3.1. Сот шығындары туралы нормативтік қаулыда мемлекеттік баж
- •Мемлекеттік баждың бюджет кірістерінде үлесін көрсету
Консулдық алым
Консулдық алым - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң консулдық iс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергенi үшiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларынан, сондай-ақ шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан, шетелдiк заңды тұлғалардан алатын мемлекеттiк баж түрi.
Өз мүдделерi үшiн консулдық iс-әрекеттер жасалып, заңдық маңызы бар құжаттар берiлетiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар консулдық алым төлеушiлер болып табылады.
Консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары базалық мөлшерлерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi консулдық алымдардың базалық ставкалары шегiнде нақты ставка мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
Консулдық алым мынадай консулдық iс-әрекеттер жасау:
1) қызметтiк паспортты, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу және Қазақстан Республикасының визаларын беру;
2) шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiштерiн ресiмдеу;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөнiндегi құжаттарды ресiмдеу;
4) азаматтық хал актiлерiн тiркеу;
5) құжаттарды талап ету;
6) құжаттарды заңдастыру;
7) нотариаттық iс-әрекеттер жасау;
8) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өзге де iс-әрекеттер үшiн алынады.
Консулдық алым:
1) консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келiсiмдерi бар елдердiң жеке және заңды тұлғаларынан;
2) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің өкiмет орындары мен жекелеген азаматтарының сұрау салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттiк жәрдемақылар мен зейнетақылар, бала асырап алу туралы құжаттар сұратып алдырғаны үшiн;
3) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өзге де жағдайларда алынбайды.
Консулдық алым консулдық iс-әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық iс-әрекеттер төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.
Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық iс-әрекеттер жасалатын елдiң валютасымен немесе кез келген еркiн айналыстағы басқа да валютамен жүргiзіледi.
Ставкасы АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алымды төлеу сәтiне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.
Консулдық алым:
1) Қазақстан Республикасының аумағында - банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен консулдық iс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердiң бюджетiне немесе қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен;
2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменiң арнаулы (транзиттiк) банк шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленедi.
Қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
Консулдық алымдар сомасын бюджетке есептеу тәртiбiн, сондай-ақ шетелде қолма-қол ақшамен төленген консулдық алымдарды дипломатиялық өкiлдiктiң немесе консулдық мекеменiң арнаулы (транзиттiк) банк шотына есепке алу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
Төленген консулдық алымдар сомасы қайтарылуға тиiс емес.
3. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ МӘСЕЛЕЛЕРІ
