Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
memlekettik_byudzhettin_kalyptasuyndagy_memleke...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
387.58 Кб
Скачать
    1. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі

Мемлекеттiк баж қолма-қол ақшамен, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленедi.

Мемлекеттiк баж:

1) сот қарайтын iстер бойынша - тиiстi арыздар (шағымдар) немесе апелляциялық шағымдар, сот бұйрығын шығару туралы өтініш бергенге дейiн, сондай-ақ сот құжаттардың көшiрмелерiн берген кезде;

2) нотариаттық iс-әрекеттердi орындағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың көшiрмелерiн, дубликаттарын бергенi үшiн - жасалған нотариалдық іс-әрекетті тіркеген кезде;

3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн, тиiстi арыздар берген кезде азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына түзетулер мен өзгерістер енгiзгенi үшiн, сондай-ақ куәлiктер мен анықтамаларды қайтадан бергенi үшiн - оларды берген кезде;

4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi бұзуды мемлекеттiк тiркегенi үшiн - актiлердi тiркеген кезде;

5) азаматтардың тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін тиісті құжаттарды бергенге дейін;

6-1) жүргізуші куәлiктерін, тракторшы-машинист куәлiктерiн, механикалық көлік құралдарының мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктерiн, мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбаларын бергені үшін тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбаларын бергенге дейін;

7) аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

7-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

8) қаруды және оның патрондарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

9) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

10) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша - тиiстi құжаттарды алғанға дейiн;

11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль қою үшін апостиль қойғанға дейін;

12) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның алдын ала патенттер, патенттер, куәліктер, сертификаттар беруге, шарттарды тіркеуге, патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауға және тіркеуге байланысты заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.

Мемлекеттiк баж соған уәкiлеттік берілген мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жері бойынша есепке алынады.

Төленген мемлекеттiк баж:

1) баж талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде енгiзiлген;

2) арыздар (шағымдар) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттi адамдар нотариаттық iс-әрекеттердi жасаудан бас тартқан;

3) iс жүргiзу тоқтатылған немесе, егер iс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы iстер санаты үшiн белгiленген дауды алдын ала шешудiң тәртiбiн сақтамаған не талап қоюды әрекетке қабiлетсiз адам табыс еткен жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;

4) мемлекеттiк бажды төлеген адамдар заңдық маңызы бар iс-әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық маңызы бар iс-әрекеттердiң жасаған органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқан;

5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтарылуға тиiс.

Салық органы мемлекеттiк бажды қайтару үшiн негiз болып табылатын тиiстi органның құжатын, сондай-ақ мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжатты салық төлеушiден алғаннан кейiн, егер аталған құжаттар салық органына мемлекеттiк баж сомасы бюджетке есептелген күннен бастап бiр жылдық мерзiм өткенге дейiн табыс етiлген болса, төленген мемлекеттiк бажды қайтару туралы өтiнiштi қарайды.

Қайтару салық төлеушiнiң банк шотына жүргiзiледi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]