- •1. Жаттығу тапсырмаларының орындауы бойынша әдiстемелiк нұсқаулар және ұсыныстар
- •1.1 Телефонмен тарату сапасының нормасы мен бағалау әдісі
- •1.2 Электроакустикалық түрлендіргіштер
- •1.3 Телефондардың электрлік сипаттамалары
- •Телефон аппараттары
- •Радиотелефондар
- •5 Және 4 сандар үшін полярлы-санды кодтардың сигналы
- •54544 Нөмірі келесі түрде келтіреміз
- •54544 «Импульсті челнок» әдісімен берілетін комбинациясы
- •Әдебиет
- •Мазмұны
Телефон аппараттары
Кнопкалы электронды импульсті номертергіштер ескі ұрпақтағы АТС-ке қосылған абоненттерге қызмет көрсету үшін дамыған. Бұл АТС-та тек импульсті теру жүйесі ғана бар. Бұндай кең тараған теру жүйесі импульсті де, және жиілікті теру жүйесі бар телефон аппараты пайда болуына түрткі болды.
Импульсті номертергіштер пернені басу арқылы сигналды екілік қайталану кодына түрлендіреді. Кодтар электронды коммутатор жолын (реле және транзистормен) және сөйлесу трактын блоктаушы ауыстырғышты басқарады. Электронды теру жүйесінде сигнал өндірушісі дисклі номер тергішке ұқсас келеді. Бірақ электронды жүйеде буфер жадысы қажет, пернетақтадағы кнопкалар, цифрлардың терілуге кеткеннен де тезірек баслуы мүмкін. Бұл буфер “соңғы терілген номерді қайталау” режимінде оңай жұмыс істей алатындай қарастырылған (“Redial”). Ол бір ғана пернені басу арқылы соңғы терілген номерді өңдейді (“R”немесе”#”). Бұл функция көптеген импульсті номертергіштерде кездеседі. Импульсті номертергіштер жұмысының қателігі шамамен ± 10 % сәйкес келеді.Кейбір импульсті номертергіштердің түрлері тұрақты нақты кварц немесе керамикалық резанаторлары болады.
Шығыс сигналды логикалық импульсті номертергіштердің “стандартталған” аттары болады:
– DP-цифрлы импульсті сигнал, жолды токтық үзушіні басқару;
– DP-инверсті сигнал DP;
– M1-сигнал “Mute”(блокировка). Сөйлесу тракты блокталған жағдайда өндіріледі. Номер теру уақытында активті, цифр аралық үзілісті қоса;
– M1-инверсті M2 сигнал;
– M2-цифрлы блоктаушы сигнал. M1сигналына қарағанда бұл сигнал тек импульсті басқанда және құрған кезінде активті. Цифр аралық үзіліс кезінде активті емес;
– M3-логикалық сигналдар комбинациясында M1 және DP (M3=M1*DP) параллельді жүйеде жұмыс істеуі үшін қажет. Бұл логикалық сигналдар 4.1 суретте көрсетілген.
4.1-сурет. Логикалық сигналдардың “62” номерін теру кезіндегі электронды импульсті номертергіштің өндірілу
Импульстік номерді терудің альтернативті жүйесі Импульстік нөмерді терудің альтернативті жүйесі Норвегияда және Швецияда алғаш рет пайда болды. Бұл жүйенің мәні төмендегі 4.1 -кестеде келтірілген.
4.1 – кесте.
Үзіліс саны |
Жалпы теру жүйесі |
||
Жалпы берілген теру жүйесі |
Норвегия (Осло) |
Швеция |
|
1 |
1 |
9 |
0 |
2 |
2 |
8 |
1 |
3 |
3 |
7 |
2 |
4 |
4 |
6 |
3 |
5 |
5 |
5 |
4 |
6 |
6 |
4 |
5 |
7 |
7 |
3 |
6 |
8 |
8 |
2 |
7 |
9 |
9 |
1 |
8 |
10 |
0 |
0 |
9 |
Бұл ерекшеліктер телефон аппараттары үшін мәселесіз, өйкені импульстік номерді теру режимінде ғана жасалады. Жалпы қабылданған импульстік теру жүйесін іріктеу өте қолайлы. Ол үшін теру кнопкаларының атын өзгерту жеткілікті. Телефон аппараттарының (аналогтік бейімделуді туғызу үшін) егер екі жүйеде (импульстік және жиіліктік) жұмыс істеуі мүмкін емес. Өйткені бұл теру кнопкалары әр түрлі функцияларды атқара-ды. Бұл мәселе арнайы нөмерді терумен шешіледі.
Жиілік номер теру жүйесі
1970ж. жаңа нөмерді теру жүйесі ойлап шығарылды. Бұл жүйенің мақсаты –теру процессін жылдамдату. Бұл жүйеде цифрлардың біреуі 2 жиілікпен беріледі. Оған (DUAL-TONE MULTI-freguency) атауы берілген. Бұл жүйені жиіліктік теру жүйесі деп атау өте қолайлы. Жиіліктік теру жүйесінің қабылдануы сөздік сигналдардың гармоникалық ақаусыздығын болдыртпау үшін туындап отыр.
DTMF жүйесінде 8 жиілік қолданылады. 4-уі төменгі жиіліктік топта (697…941) және 4-ші жоғарыда (1209...1633Гц). Дұрыс цифра жиіліктік топтың жоғарыдағымен және бір төмендегі біреуімен анықталады. Барлығы 16 комбинациядан тұрады. Көп қолданылатын цифрлар 0,1...9 кейбір жүйелерде ,,*,, және ,,#,, пернелері, арнайы функциялар үшін 16 комбинациялардың барлығы қолданылады. Телефон аппараттарындағы номерді терудегі жиіліктік сызбасына сәйкес 4.2-кестеде келтірілген.
4.2 – кесте.
Төменгі жиіліктік топ, Гц |
Жоғарғы жиіліктік топ, Гц |
|||
1209 |
1336 |
1477 |
1633 |
|
697 |
1 |
2 |
3 |
А |
770 |
4 |
5 |
6 |
В |
852 |
7 |
8 |
9 |
С |
941 |
* |
0 |
# |
D |
Жиіліктік теру жүйесіндегі нөмерді терудің максималдық жылдамдығы 1сек 7 цифрды құрайды. Импульстік теру жүйесімен салыстырғанда 1сек 0,8 цифрды құрайды (жиілігі 10 Гц). DTMF жүйесінің жетістігі нөмерді 10 есе жылдамдықпен теру. Телефон желісіндегі DTMF сигналының түрі 4.2-суретте көрсетілген.
Номерді теру функциясынан басқа, жиіліктік теру жүйесі төменгі жылдамдықпен берілген мәліметті тасымалдайды. Үйден банктік операция-ларды дистанционды түрде басқаруға болады. Басқа операциялармен айыр-бастау мүмкін.
4.2 –сурет. Телефон желісіндегі сигналдың
жиіліктік теру уақытының графигі
Жиіліктік сигналдарды генерациялау. Жиіліктік теруді генерациялау үшін екі қайта құру генераторы қолданылады. Олардың біреуі төменгі жиілікті топ (697…945Гц) үшін, екіншісі жоғарғы жиілікті (1209,1633Гц) топ үшін. Тұрақты генерациялау жиілігіне өте қатаң қойылатын талап (әдетте 1,5% диапазоны). Сондықтан бірінші LC-генераторына өте қымбат катушкаларды қамтиды.
Екі абоненттерді әртүрлі абоненттік нөмірлерімен АТС–тің бір байланыс жолына қосылса – осындай ТА қосылысы қосақтау қосу дейді. Ереже ретінде, абоненттерді нөмірінің айырмашылығы тек қана соңғы немесе соң алдындағы нөмірлерімен. Сондай қосылыстын ерекшектілігі, абоненттердің біреуі сөйлескен кезде екіншісінің аппараты автоматты түрде ажырайды. АТС жақтан шақыру тек қана, қай телефон аппаратының нөмірі терілген, соған келіп түседі.
Телефон аппараттарының қосақтау қосылуі АТС-те телефондарды қосарласуға станциондық құрылғылар қолданылады, ал абоненттерде розетканың орнына цептерді диодты бөлуге арналған приставкалар орнатылады.
Телефон аппараттарының қосақтау қосу аппаратурасының жұмыс істеу принципы 4.3 -суретте берілген.
4.3- сурет. Телефон аппараттарының қосақтау қосылуі
Телефондарды қосақтасуы станциялық құрылғылар абоненттерден қашанда сұраныс жұргізеді, байланыс жолының қарама– қаршылығын (полярность) 0,5 - 1,0 Гц жиілігінде өзгертіп отырады ( әр ТА сұраныс уақыты 0,5 - 1,0 с болады).
Диодты бөлуге арналған приставканың жұмысы ТА қоректенумен қамтамасыз етуге негізделген, абоненттік жолын алған және басқа ТА қоректену жолын одақтасуымен блокиратор арқылы параллельді қосылғаның. Бұл жетілдіреді, аппараттын жолына блокираторлық диодты қосу арқылы, бір телефон аппаратының диодтары екінші телефон аппаратындағы диодтарға қарама-қарсы орналасу керек. Сондықтан кернеу әр телефон аппаратына кезек бойынша беріледі. Қай абонент бірінші трубканы алса сол сөйлеседі.
Тапсырма:
- нөмір терген кезіндегі уақытты есептеңіз, егер межсериялық интервал 300 мс, импульстық беру жылдамдығы 11 имп/с. Диаграммасын сызыңыз.
Импульстық коэффициентін есептеңіз, егер импульстің беру жылдамдығы 11 имп/с, импульстың ажыратылу уақыты 65 мс.
Берілген мәндер 4.3- кестеде келттірілген.
Берілген мәндер
4.3- кесте.
Берілген мәндер
варианттың№ |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Терілген нөмір |
275776 |
423458 |
547243 |
499957 |
643829 |
888566 |
995564 |
357126 |
341658 |
265974 |
Мысалы:
Станцияға кіретің (Б станциясы) абоненттің нөмірін беру әдісі көптеген уақыт импульсті тету әдісі болды. Цифрлар шлейфтің ажырау кезінде берілетің. Осы кезде станцияға импульстар беріледі, берілетің цифрдың мәніне тең. Импульстардың уақыттық параметрлеріне келесі талаптар қойылады:
-беру жылдамдығы – 10 имп/с, бір импульсқа кететің тұйықталу және ажырау уақыты, 100 мс тең;
- тұйықталу және ажырау уақытының арасындағы ара қатынас, кәдімгі нөміртергіштер үшін құрайтың 1,5с (ажырау үшін 60 мс және тұйықталу үшін 40 мс), импульсті коэффициент k деп айтылады.
.
Алдында берілген мәліметтер үшін k=1,5, межсериялық интервал – екі цифрді терген кезідегі арасындағы уақыт - 200 мс кем болмау керек. Өте оңды нөміртергіштер болмайды, сондықтан сондықтан уақытша параметрлердегi шашылулары болуы мүмкiн.
Қазіргі станциялар дискілердің жылдамдығын 7-ден 12-ге дейін имп/с дискілерді қолдануға мүмкіндік береді; импульсті коэффициенттердің шашылулары 1,1<k<2.1. Бұл шашылулар көп, нөміртергіштерге берілетің нормаларға берілетін.
Сонымен қатар, ең аз тұйықталу уақыты тең:
.
Бұл формула шығады, егер tинт келесіге тең болғанда:
.
Бұл тең:
.
Осыдан тұйықталу уақыты:
.
Ең үлкен ажырау уақыты тең:
.
Төменде диаграмма берілген, екі саннан тұратын -22 нөмірі терілген. (4.4- сурет)
1-бастапқы орны; 2 – импульс (ажырау, тұйықталу);
3-межсериялық уақыт; 4- жайғасушылық
4.4- сурет. Импульсты нөміртергіштер көмегімен нөмірді теру диаграммасы
Бақылау сұрақтар:
1. Телефон аппараттарының қосақтау қосылу сұлбасын келтіріңіз?
2. ТА ақпараттын беру жылдамдығы неге тең?
3. Нөміртергіштер қандай түрлерге бөлінеді?
4. Кнопкалы нөміртергіштерімен телефондар нөмір теру әдісі бойынша қалай бөлінеді?
5. Телефон желісіндегі сигналдың жиіліктік теру уақытының графигін келтіріңіз?
6. Телефон аппараттарына берілетің қосымша қызметтерінің түрлерін келтіріңіз?
7. Қазіргі кездегі телефон аппараттары қандай талаптармен қамтамасыз етілу керек?
8. Телефон аппараттарының негізгі элементері не үшін арналған?
