Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kosymsha.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
108.54 Кб
Скачать

№ 19 Билетке қосымша.

«Шәмші Қалдаяқов» мәтінін оқу, сұрақтарға жауап беру.

Халық ішінде әншілер де, сазгерлер де көп болады. Алайда бір сазгердің әнін бүкіл халық – үлкені де, кішісі де, қарты да, жасы да сүйіп айтуы сирек құбылыс. Ондай ән шығарған сазгер – ұлы сазгер.

Шәмші Қалдаяқов – бүкіл қазақ халқына ән салдырған осындай сазгер болды.

Шәмші Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында туған. Ол жас кезінен-ақ тамаша әндер шығара бастайды. Шәмшінің әндері ерекше жұмсақ, жылы сазымен ел назарын бірден аударды. Оның әндері қазақ эстрада музыкасын байытты. Әлемдік музыкада Штраус, Шопеннің вальстері қандай орын алса, Шәмшінің вальс ырғақтары да сондай әсем.

Данышпан ғалым-жазушы Мұхтар Әуезов Шәмші саздарын Ақан сері, Біржан салдан кейінгі «үздік құбылыс» деп бағалады. Шәмші әндері ойлылығымен, тазалығымен адам жүрегіне қуаныш, өмірге құштарлық, махаббат пен мейірім, туған елін, туған жерін шексіз сүю сезімдерін ұялатады.

Сұрақтар:

  1. Шәмші Қалдаяқов кім?

  2. Ш. Қалдаяқовтың туған жері?

  3. М. Әуезовтің Ш. Қалдаяқовқа берген бағасы?

  4. Шәмші әндері адамға қандай әсер береді?

№ 20 билетке қосымша.

«Қазақстанның мерейін өсірген спорт» мәтінін оқу,

сұрақтарға жауап беру.

Қазір Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған. Көптеген ұлттық спорт ойындары бар. Оның ішінде көбірек өткізілетіні – бәйге, көкпар, қазақша күрес, аударыспақ.

Тәуелсіз Қазақстан 1994 жылы Дүниежүзілік Олимпиада Комитетінің мүшесі болды. Қазақстандық спортшылар әр түрлі жарыстарда өте жақсы көрсеткіштерге жетіп келеді.

Спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшылар аз емес. Мысалы, боксшы Серік Қонақбаевтың шеберлігін дүние жүзі мойындады. Жақсылық Үшкемпіров – күрестен олимпиада чемпионы. Дәулет Тұрлыханов – әлемнің екі дүркін чемпионы, балуан. Е.Ибраимов – Сидней олимпиадасының чемпионы.

Сұрақтар :

  1. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.

  2. Қазақстан қай жылы Дүниежүзілік Олимпиада Комитетінің мүшесі болды?

  3. Еліміздің әлемге танылған спортшылары кімдер?

№ 21 билетке қосымша.

«Нан-қасиетті тағам» мәтіні бойынша сұрақтар құрастыру.

Нан – дастарқан құны. Нан – тоқтық, нан – байлық. Бірақ осы асыл тағамның қасиетін кейбір балалар түсінбейді.

Бірде Сәкен мектептен келе жатыр еді. Сөмкесіндегі қатыңқырап қалған нанды алып, лақтырып тастады.

  • Ай, балам-ай, нанның қадірін білмейсің. Мына біздер, бүкіл ауыл азаматтары, егінжайда астық үшін алпарысып жүрміз. Ал сендер аппақ нанды үзіп – жұлып жеп, қалғанын жерге тастайсыңдар,-деді ренжіп әкесі. Ол үндемей келе жатты да:

  • Кешір, көке! – деп артына қарай жүгіре жөнелді де, жаңағы тастаған нанын алып келді.

№ 22 билетке қосымша.

«Таза бұлақ» мәтінін оқу, мазмұнын өз сөзімен айту.

Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай салқын,шынайы мөлдір өте таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу қойып қорғаныш қылып, тастың су ағар жеріне жазу жазыпты: «Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!» - деп.

Манағы үш жолаушы бұлақтан су ішіп қанған соң, жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:

  • «Сен де, адам, тынбай қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де ,мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін», - деді.

Екінші жолаушы молда екен,ол:

  • Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе деген - депті.

Үшінші жолаушы жас жігіт:

  • Көңіліңді,бойыңды осы бұлақтай таза таза сақта деген - деп жауап беріпті.

№ 23 билетке қосымша.

«Сүйінбай Аронұлы» мәтіні бойынша сұрақтар құрастыру

Сүйінбай Аронұлы Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Оның арғы үлкен атасы-Күсеп Жиенқұлұлы батыр, ақын және шебер қобызшы болған.

Сүйінбай жастық шағынан бастап, өмірінің соңына дейін, туған елінің тағдыры мен болашағы үшін жан аямай күрескен адам. Ол өз елінің ұл-қыздарының намысын қорлайтын басқыншы соғыстарға қарсы болды. Сондай әділетсіз соғыс деп Сүйінбай ХІХ ғасырда Қоқан хандығының қазақ еліне жасаған қанды жорықтарын айтады.

Сүйінбай-әлемдік даңқы бар Жамбылдың ұстазы.

№ 24 билетке қосымша.

«Нұрғиса Тілендиев» мәтіні бойынша диалог құрастыру.

Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев Алматы облысы Іле ауданының Шилікемер деген жерінде дүниеге келген. Ол – қазақ композиторы, дирижер, домбырашы, Қазақстанның халық артисі, Халық қаһарманы.

Н.Тілендиев П.И.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының дирижерлік факультетін бітірген. 1953-1961 жылдары Қазақстанның опера және балет театрында істеді. «Қазақфильм» киностудиясы музыкалық редакциясының бас редакторы болды.

Еркін төгілген әсем әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық пафос пен динамикалық серпін – Нұрғиса Тілендиев шығармаларына тән қасиет. Ол – төрт жүзге тарта ән мен романстардың, «Достық жолымен» балетінің, «Алтын таулар» операсының, «Ата толғауы» поэмасының, т.б. көптеген шығармалардың авторы

№ 25 билетке қосымша.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]