Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kosymsha.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
108.54 Кб
Скачать

1933 Жылы жаңа ашылған музыкалық студияға қабылданған халық өнерпаздарының бірі Күләш еді. Оның табиғи дарыны осы студияда бар қырынан көрінді.

Қазақ музыкалық театрының шымылдығы алғаш 1934 жылы он үшінші қаңтарда “Айман-Шолпан” музыкалық комедиясымен ашылды. Күләш мұнда басты рөлде ойнап, Айманның образын үлкен шеберлікпен орындап шықты.

№ 15 билетке қосымша.

«Абай» операсы» мәтінін оқу, сұрақтарға жауап бер.

Абай операсын атақты композиторлар: Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди жазған. Либреттосы-әлемге әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтікі.

Опера алғаш рет 1944 жылдың 24 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қойылды.

“Абай” операсы-қазақтың кәсіби музыка мәдениетіндегі елеулі уақиға. Авторлар операда ұлы гуманист ақынның тұлғасын жасады. Операда Абай әндері де пайдаланылған.

Операда Абайдың музыкалық тұлғасы жан-жақты суреттеледі. Абай образы мелодиялық өрісі кең, тынысы мол ойлы, кейде мұңды ариялар мен әндер арқылы беріледі.

  1. «Абай» операсын қандай композиторлардың туындысы?

  2. Опера алғашқы рет қай жылы қойылды?

  3. Операда кімнің әндері пайдаланған?

  4. Операда Абай образы қалай берілді?

№ 16 билетке қосымша.

«Өз сөзіңмен сөйлес» мәтінін оқу, сұрақтарға жауап беру.

Сендер өз сөзіммен сөйлесем, онша сұлу шықпай жүрер деп қорқатын шығарсыңдар. Қателесесіңдер. Өз сөзіңмен сөйлесең, жұрт ынталы тыңдайды және анағұрлым түсінікті де болады... Әркім өз тілімен сөйлеуге, ана тілінде сөйлесуге тырысуы керек. Ең жақсы тіл-ана тілі, оның солай екендігіне маған сеніңдер. Бірінші талап ететін нәрсе-әркімнің өзіне тән, анасынан туа бойына сіңген сөйлеу стилі болуы. Сөзің дұрыс болуы үшін грамматиканы үйрен, бірақ қалыпты жатық тілмен сөйле...

Дайын тұрған сөз құрылысынан қашу керек, ондайда адам миымен қорытпайды, ойында тұрғанды айта салады. Халықпен сөйлескенде, тілің түсінікті болсын, өз сөзіңмен сөйле, табиғи сөйле. Егер де стилің жасанды болса, жұртты өзіне тарта алмайсың... Біздің тіліміз өте бай және сендер оны бұрмалап, бүлдірмендер.

Сұрақтар:

  1. Жастар өз сөзімен сөйлеуге неге қорқады?

  2. Әркім қай тілде сөйлесуге тырысуы керек?

  3. Сөз дұрыс болу үшін нені білу керек?

№ 17 билетке қосымша.

«Құлын, қозы, лақ» мәтінін оқу, мазмұнын айту.

Жаз кезі еді. Өрісте лақ, құлын, қозы кездесе кетті. Іші пысқан олар бірігіп ойнамақ болды. Сөзді ақ лақ бастады.

  • Ойынның қызығы – тауға шығу, тастан-тасқа секіру. Әрі қан тарайды, әрі етті боласың.

Қошақан айтты:

  • Секіріп, атылып ойнау – ойын емес. Ойынның ең қызығы сарт – сұрт сүзісу. Соның арқасында күшің толады,бұлшық етің қатаяды.

  • Сендердің ойындарың көңілге қонбайды. Ойнаған соң шапқылап, жарысайық. Тұра қалып төбелесейік, - деді құлын .

Үшеуі біраз дауласты. Ақыры ешнәрсеге келісе алмай, әрқайсысы өз жөніне кетті.

№18 билетке қосымша.

«Спорт және әлем» мәтіні бойынша сұрақтар құрастыру.

Біздің өмірімізде спорттың маңызы өте зор. Ол адамдардың сана-сезіміне пайдалы әсер етеді. Өмірге деген көзқарасын, ойын қалыптастырады.

Спортпен айналысатын кісілердің денсаулығы мықты, өздері әдемі, епті болып келеді. Спортпен айналысатын адамдар жарыстарда көп адамдармен танысады, бір-бірімен достасады.

Мысалы, әлемдік ойындарға қатысқан спортшы әлемдегі ең мықтылармен сайысқа түседі, өз күшін, шеберлігін сынайды әрі өз елін спорт арқылы басқа ұлт адамидарының алдында танытады.

Осы мысалға сүйене отырып “спорт” деген не? Деген сұраққа жауап ретінде былай дер едім: спорт-тек қана дене шынықтыру емес, спорт-адамдардың бір-бірімен танысу, достасу құралы. Спорт-адамдарды біріктіретін әлем елшісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]