Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kosymsha.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
108.54 Кб
Скачать

№ 9 Билетке қосымша.

«Азиада ойындары» мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беру.

Азия Ойындары Олимпиада ойындарынан кейінгі аса ірі кешенді жарыстар болып табылады. Дәстүрлі түрде Азия Ойындарын аймақтағы әлдеқайда дамыған елдері өткізеді. Жетекші аймақтық көшбасшылары, былайша айтқанда «азия арыстандары» - Жапония, Корея, Қытай қысқы Азия Ойындарын кезекпен өткізіп отыратын. 7-ші қысқы Азия Ойындары 2011 жылы Қазақстан Республикасында өткізілді. Қазақстан Орталық Азия аймағындағы мойындалған көшбасшы болып табылады. Бұл нарықтық экономикасы бар, байсалды өнеркәсіптік әлеуметті мемлекет болып табылады. Осындай ауқымды шараны дайындау және өткізу Қазақстанның әртүрлі қызмет ету салаларындағы көшбасшылық ұстанымдарын тағы да бір рет дәлелдеп, мемлекет жетістіктерінің көп өлшемдігінің көрнекті растауына айналады. 

Сұрақтар:

  1. Азия ойындарын қандай елдер өткізеді?

  2. «Азия арыстандары» деп қандай елдерді атайды?

  3. 7-ші қысқы Азия ойындары қай мемлекетте өтті?

  4. Қазақстан қандай мемлекет болып табылады?

  5. № 10 билетке қосымша.

«Шоқан Уәліханов» мәтінін оқу, мазмұнын айту.

Шоқан (Мұхаммедханафия) Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған ол кейін Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей географиясы мен тарихы, батыс философиясы, физика негіздері, шетел тілдері оқытылған. Шоқан үздік оқыды.

Шоқанның зерттеушілік қабілеті оқып жүргенде оянған. Жазғы демалыс кездерінде ол ел ішіндегі аңыз, әңгімелерді, халықтық жырларды жазып алумен айналысады.

Шоқан қазақ тарихын зерттеуге ерекше ден қойды. Ол, әсіресе, XV ғасырда қазақ халқының ұйытқысы болған Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ, Керей, Найман руларын жан-жақты зерттеді. Шоқанның тамаша еңбектерінің бірі – «Алты шаһардың (немесе Қытайдың Нанлу (қазіргі Шыңжаң) өлкесінің шығыс жағындағы алты қаласының) жайы туралы» деген шығармасы. Бұл еңбегінде Шоқан Түркістанның ескі заманнан XIX ғасырдың ортасына дейінгі қысқаша тарихын жазған.

№ 11 Билетке қосымша.

«Бәйтерек» мәтіні бойынша диалог құрастыру.

Астана қаласы қазір қазақстандықтардың мақтанышына айналып отыр. Қала төрінде орналасқан алып «Бәйтерек» кешені – тәуелсіздіктің символы. «Бәйтеректің» пішіні ұлы даланың кендігін, еркіндікке ұмтылу идеясын білдіреді.

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы» атты кітабында «Бәйтерек» кешені идеясы қазақ халқының арманын білдіретін аңызға негізделгенін жазады. «Ежелгі аңызда былай дейді: ...көк теңіздін жағалауында өмір ағашы – алып бәйтерек өседі екен. Жыл сайын бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар сол жұмыртқаны жеп қояды екен... Аңыз бойынша, Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады... Разы болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі ағаш туралы аңыз – бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған Қазақстан мақсатының көрінісі».

Сөйтіп, «Бәйтерек» кешені әрбір қазақстандықтың отаншылдық сезімін, ынтымақ пен келісім сезімін білдіріп тұруға бағытталған. Бұл сезім – біздің Отанымызға деген құрмет. Бұл – бәрімізге ортақ қасиет болмақ.

№ 12 билетке қосымша.

«Мұхтар Әуезов» мәтінін оқу, мазмұнын айту.

М. Әуезов-ұлттық мәдениетінің ұлы мақтанышы. Біздің елімізде Абай мен Жамбылдың 150 жылдық мерейтойы болып өтті. Ұлы ақын мен ұлы жыраудың мерейтойлары бүкілхалықтық мереке болды, оған шетелдерден, алыс және жақын елдерден қонақтар қатысты, мереке республика жұртшылығының достығы мен ынтымағының нағыз нышанына айналды. 1997 жылы ЮНЕСКО-ның қолдауымен Әуезов жылы өткізілді. Оның туғанына 100 жыл толды. Ұлы жазушы, энциклопедист-ғалым, ұлттық мәдениеттің ұлы мақтанышы Мұхтар Әуезов әдебиет пен өнерде мәңгі өшпестей із қалдырды.

№13 билетке қосымша.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы» мәтіні бойынша сұрақтар құрастыру.

1995 жылғы тамыздың 30-ында Қазақстан Республикасының Конституция қабылданды. Конституция 98 баптан тұрады. Конституцияда Қазақстан Республикасы демократиялық, демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп аталған.

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республикадағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Мемелекеттік ұйымдарда және жергілікті басқару органдарда орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Қазақстан Республикасында Парламент бар, ол Сенат және Мәжіліс деп аталатын екі Павлатан тұрады. Парламент заң шығару қызметін жүзеге асырады. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің алдында есеп береді.

Республика Үкіметі атқарушыбилікті орындайды. Үкіметті Премьер Министр басқарады.

Ал жеті адамнан тұратын Конституциялық Кеңес заңдардың орындалуын бақылайды.

№14 билетке қосымша.

«К. Байсейітова» мәтіні бойынша сұрақтар құрастыру.

Күләш Жасынқызы Байсейітова (1912-1957)- КСРО халық артисі, “қазақтың бұлбұлы” атанған әйгілі әнші, қоғам қайраткері, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі.

Күләштің шын аты-Гүлбаһрам. Оның қыз күніндегі тегі – Бейісова.

Күләштің әншілік таланты кішкене күнінен-ақ байқалған. Ол 1930 жылы қазақтың тұңғыш драма театрының труппасына қабылданды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]