Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kosymsha.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
108.54 Кб
Скачать

№ 1 билетке қосымша.

«Киіз үй» мәтінін оқу, мазмұнын айту.

Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп-қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қос қабаттап жауып, қыстап шыға берген. Киіз үй ұйытқып қатты соққан дауылдан жығылмайды, нөсерлеп жауған жаңбырдың суын өткізбейді.

Халқымыз XVIII ғасырдың екінші жартысында ғана балшықтан, шымнан қыстық үй (қыстау) сала бастағанымен, киіз үй осы күнге дейін бірге жасасып келе жатыр.

Қазақтың киіз үйі ішкі қаңқасы (ағашы) мен сыртқы жамылғысына (киізі) қарай 4 қанат, 6 қанат, 8 қанат, 12 қанат болып бөлінеді.

№ 2 билетке қосымша.

«Әбілхан Қастеев» мәтінін оқу, сұрақтар құрастыру.

Әбілхан Қастеев  1904 жылдың 1 қаңтарында Талдықорған облысының Жаркент ауданындағы Шежін ауылында кедей малшының отбасында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол байдың жалшысы болады. Жаркент қаласында, кейіннен Түріксіб теміржол құрылысында жұмыс істейді. Ол сол кездің өзінде үнемі сурет салып, өзінің дарыны мен шеберлігінің арқасында айналасындағыларды таң қалдырады. 1929 жылы ол Алматыға келіп, екі жылдай Н.Г. Хлудовтың  көркемсурет студиясында білім алады. Ә. Қастеев 1930 жылы алғаш рет Мәскеуге сапар шегеді. 1934 ж. ол Алматыдағы көркемөнерпаздар слетіне, Абай портретін жазудан және оның шығармаларына иллюстрациялар жасаудан республикалық жарысқа, Мәскеудегі Мемлекеттік Шығыс халықтары мұражайындағы Қазақстан суретшілері туындыларының бірінші көрмесіне қатысады. Осы уақыттан бастап Әбілхан Қастеев халықаралық, бүкілодақтық, республикалық және қалалық көрмелерге тұрақты түрде қатысып отырады.

№ 3 билетке қосымша.

«Ұлы Жібек жолы» мәтіні бойынша cұрақтар құрастыру.

Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.

№ 4 билетке қосымша.

«Театр» мәтіні бойынша диалог құрастыру.

Театр – өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің алдында актерлер күшімен бейнелейтін көркемөнердің бір түрі. Театрдың тарихи жағынан қалыптасу, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір, тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және орнықты мәдениетімен тығыз байланысты.

Театр – халықты саяси және эстетикалық жағынан тәрбие берудің, адамгершілік пен ізгілікке баулудың аса маңызды құралы.

1926 жылы Қазақ драма театрының ұйымдасып, ашылуы елдің мәдени өмірінде аса зор оқиға болды. Қазақ театр өнерінің алғашқы қалыптасып, даму кезеңінде қойылған М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Қаракөз», Б.Майлиннің «Неке қияр», т.б. спектакльдері ерекше орын алды.

№ 5 билетке қосымша.

«Қазақстанның тұңғыш президенті» мәтіні бойынша диалог құрастыру.

1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.

1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.

1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының Төрағасы.

Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева. Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Президенттің үш қызы бар.

№ 6 билетке қосымша.

«Қазақ елі-ұлан-байтақ» мәтінін оқу, сұрақтарға жауап беру.

Қазақстанның кең-байтақ даласы көрікті.

Бірақ халық бұл кең-байтақ даланы ыждахатты игере білмеді.

Игере білу-бұл дұрыс ойлағандық, қалай пайдалануды, нені игеруді білгендік, себебі Қазақстан жері мыс пен көмір өндіруде бірінші орын алады.

Біздің елімізде мұнай, темір рудасы, алтын және тағы басқа пайдалы қазбалар көп.

Қазақстанға пайда келтіру үшін, мұның бәрін дұрыс пайдалана білу керек.

Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Жоңғар және Іле Алатауы бар. Тау биіктеген сайын , ауа райы салқындайды, ауаның қысымы кемиді, ауа мөлдір, таза болады. Таулардың күнгей жағы салқындау, дымқыл келеді. Сондықтан таудың төменгі жиектері ериді. Таудан мөлдірбұлақтар ағады. Таудың теріскей жағында неше түрлі шөптер өседі.

Шыршалы ормандарда саңырауқұлақтар өседі. Ол витаминді, пайдалы тағам.

Қазақстан тауларының күнгей жақтары жайлау. Онда ауылдың малдары жайылады.

Сүрақтар:

  1. Қазақстанның даласы қандай?

  2. Жерді игере білу дегеніміз не?

  3. Қазақстан жері неге бай?

  4. Қазақстанға пайда келтіру үшін, нені білу керек?

  5. Қазақстанда қандай таулар бар?

  6. Таулар немен керемет?

№ 7 Билетке қосымша.

«Кино өнері» мәтіні бойынша диалог құрастыру.

Кино өнері – көп өнердің бір түрі. Ол – әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Кино шығаруға, яғни фильмді жасауға әр алуан мамандықтың шығармашылық қызметкерлері қатысады. Олар: кинодраматург (сценарий авторы); режиссер (оқиғаның орындалуына жетекшілік етуші), актер (кейіпкер тұлғасын экранда жасаушы), оператор (кадрға түсіруші), суретші, композитор.

Кино өнері – өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар ерекше өнер.

№ 8 билетке қосымша.

«Астана» мәтіні бойынша диалог құрастыру.

Қай елдің болса да, астанасының аты оның мемлекеттік рәмізі сияқты. Мысалы, Мәскеу десе - Ресей, Пекин десе – Қытай, Лондон десе – Англия мемлекеттерін көз алдымызға елестетеміз.

Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір – талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Тарихшылардың айтуы бойынша, өткен ғасырларда осы күнгі Астана тұрған орын ғұндардың батыстағы бір ордасы болған.

Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы суық, жазы ыстық болады.

Астана – болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Ол – әлемдегі көрікті қалалардың бірі.

Астана іскерлік және мәдени орталыққа айналды. Астана қаласы – жаңа Қазақстанның белгісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]