Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПКЖ тәжірибе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

2 Жалпы мағлұматтар.

Санитарлық = шаруашылық мұқтажды өтеуге кететін су шығынын есептеу суды тұтыну нормасын 6.1- кестеден алады.

6.1 - кесте. Суды тұтыну нормасы.

Тұтыну түрі

Өлшеу бірлігі

Суды тұтыну нормасы, м³

Сағаттық біркелкілік емес коэффициенті

1 Санитарлық – шаруашылық мұқтаждық

1 кісіге

0,025

3,0

2 Душ

1 сетка

0,500

45

3 Асхана

1 табақ

0,012

1,5

Есептеу. Ауысым ішінде жұмыс істейтін жұмыскерлер санына байланысты душ сеткалары белгіленеді.

Душқа кететін судың жылдық шығыны мына формула мен табылады:

= ; (6.1)

мұндағы – душ сеткаларының саны. Оны ауысым ішіндегі жұмыскерлердің 15- іне 1 сетка кетеді деп есептеледі.

= 0,500 – 1 сеткаға келетін су шығынның нормасы = 256 бір жыл ішіндегі жұмыс күндерінің саны, кәсіпорынның жұмыс істеуінің жылдық фонды:

; (6.2)

мұндағы N – жұмыскерлердің жалпы саны;

m – кәсіпорынның жұмыс істеуінің ауысым саны.

Санитарлық – шараушылық мұқтаждықты өтеуге кететін судың жылдық шығыны мен формула арқылы анықталады:

; (6.3)

мұндағы = 0,025 м²/r – санитарлық – шаруашылық мұқтаждықты өтеуге кететін су шығынының нормасы;

= 3,0 – сағаттық біркелкілік емес коэффициенті.

Асханадағы қажетті судың жылдық шығыны мына формула арқылы анықталады:

; (6.4)

мұндағы = 0,012 м³/б – табақты жуып шаюға кететін су шығынының

нормасы, - табақтар саны. Ол 1 адамға 2 табақ келеді деп есептеледі.

; (6.5)

= 1,5 – сағаттық біркелкілік емес коэффициенті.

Кәсіпорын бойынша судың жылдық шығыны былай табылады:

; (6.6)

Өндірістік мұқтаждықты өтеуге қажетті су шығынын кәсіпорында жұмыс істейтін су тұтынатын жабдықтың сипаттамасына байланысты, оның жұмыс істеу режимін ескере отырып, жабдықтар санына байланысты инженер - технологтар анықтайды.

Асфальт төсемдері мен жасыл шөптерді суаруға кететін су шығыны (канализацияға төгілмейтін су шығыны ) мына формула көмегімен анықталады:

; (6.7)

мұндағы = 5…8 л/м² - асфальтты жууға қажетті су шығынының нормасы;

– асфальт төселген жер ауданы м²;

= 140...240 тәулік – асфальт төселімін суаратын маусым тәулік есебімен;

= 20...25 л/м² - жасыл шөптерді суаруға қажетті су шығынының нормасы;

= 125...160 тәулік – бір жыл ішіндегі жасыл шөпті суару маусымы.

Ішкі өрт сөндіруге қажетті су шығыны былай есептеледі - биіктігі 50 м - ге дейінгі өндірістік ғимарат үшін, әрбір кранға 5 л/с, су жылдамдығы 2,5 мм - ге дейін деп есептеледі.