
- •2 Жалпы түсініктер
- •3 Жұмыстың мазмұны
- •4 Есеп мазмұны:
- •5 Бақылау сұрақтары:
- •Жалпы мағлұматтар
- •3 Жұмыстың мазмұны
- •4 Есеп мазмұны:
- •5 Бақылау сұрақтары.
- •Жалпы мағлұматтар
- •3 Жұмыстың мазмұны
- •4 Есеп мазмұны:
- •5 Бақылау сұрақтары.
- •Тапсырманы орындауға мысалдар
- •2 Жалпы мағұматтар
- •3 Жұмыстың мазмұны.
- •4 Есеп мазмұны:
- •5 Бақылау сұрақтары.
- •2 Жалпы мағлұматтар
- •3 Жұмыстың мазмұны.
- •4 Есеп мазмұны:
- •5 Бақылау сұрақтары.
- •2 Жалпы мағлұматтар.
- •3 Жұмыстың мазмұны.
- •4 Есеп мазмұны:
- •5 Бақылау сұрақтары.
- •2 Жалпы мағлұматтар
- •3 Жұмыстың мазмұны
- •4 Есеп мазмұны:
- •4 Бақылау сұрақтары.
- •2 Жалпы мағлұматтар
- •3 Жұмыстың мазмұны:
- •4 Есеп мазмұны:
- •5 Бақылау сұрақтары.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
- •Мазмұны
3 Жұмыстың мазмұны
3.1 Қабатаралық жабынды есептеу керек.
Есеп шығаруға қажетті мәліметтерді 2.1 = кестеден алу керек.
4 Есеп мазмұны:
- жұмыстың атауы және мақсаты;
- қысқаша теориялық мағлұмат;
- қабатаралық жабынның есептері.
1.6- кесте. Есепті шығаруға қажетті мәліметтер
Параметр |
Вариант |
|||||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1 Колонналар адымы, м |
6,0 |
12,0 |
6,0 |
|||||||
2 Қабатаралық жабын типі |
Монолитті |
Астау тәріздес |
Науа тәріздес |
|||||||
3 Қабатаралық жабынның ені, м |
1,5 |
2,0 |
2,0 |
|||||||
4 Қабатаралық жабынға түсетін біркелкі үлестірілген жүктеме, кH/м² |
20 |
10 |
5,6 |
|||||||
5 Қабатаралық жабынның ортасына қадалып түсетін жүктеме кH |
120 |
60 |
40 |
5 Бақылау сұрақтары.
1. Іргетас дегеніміз не?
2. Қабатаралық жабындар дегеніміз не? Олардың типтері қандай?
3. Тұтасымен құйылған қабатаралық жабынның конструктивтік элементтері.
4. Өндірістік ғимарат еденіне қандай технологиялық талаптар қойылады?
5. Полиграфия кәсіпорындарында пайдаланатын еден типтері қандай?
3- тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы: әкімшілік – тұрмыстық корпус.
1 Жұмыстың мақсаты. Тұрмыстық бөлмелердің аудандарын есептеу әдісі және оны жобалау әдістемесімен студенттерді таныстыру.
Жалпы мағлұматтар
Әкімшілік – тұрмыстық ғимараттардың типтік секциялары мынандай: секция ұзындығы 36, 48, 60 м.; ені 12 немесе 18 м, колонналар адымы 6 х 6 м, қабат биіктігі 3,3 м (бірінші қабат еденнен бастап, келесі қабат еденіне дейінгі биіктік). Бұл унификацияланған секциялардан 2, 3 және 4 қабатты ғимараттар салынуы немесе ондай әкімшілік – тұрмыстық ғимараттар жеке орналасуы мүмкін.
Гардеробты (киім ілгіштер) жобалау кезінде:
– киім ілгіш ұзындығын әрбір метрге 5 ілгек келетіндей етіп алады, ілгек астынан еденге дейінгі биіктікті 1,55 м етіп алады;
Шкаф өлшемдері мынандай: үй немесе жұмыс киімдерін сақтауға арналған шкаф тереңдігі – 500 мм, ені 250 мм, биіктігі 1,65 м, жеңіл жұмыстық киіміне (халат, комбинезон, т.б) арналған жеке шкаф өлшемдері: 250 х 330 х 235 мм (әрбір ярус өлшемдері); қосарланған (екі бөлімшесі бар), әр түрлі жұмыстық киімдерді сақтауға арналған шкаф өлшемдері тереңдігі 500 мм, жалпы ені 330 мм, биіктігі 1650 мм;
Бір-бірімен қатар орналасқан киім ілгіштердің немесе шкафтардың алдыңғы жақтарының ара қашықтығы күтім көрсету кезінде 0,6 м; өздігінен күтім көрсету кезінде және өту жолының ұзындығы 9 м-ге дейін болғанда – 1,0 м-ден кем емес; өту жолының ұзындығы 9 м-ден, ұзын болғанда – 1,5 м-ден кем емес; бөлме қабырғасы мен киім ілгіш барьерінің арасындағы өту жолының ені 2 м-ден кем емес, киім ілгіштер бір жағынан орналасқанда, барьерге ара қашықтық 3 м-ден кем емес.
Гардеробта шкафтар екі қатар, бөлменің бойлық осіне перпендикуляр және терезесі бар қабырғаға перпендикуляр орналасады. Бұл табиғи жарық беруді жақсартады.
Қол жуғыштар ерлер мен әйелдер үшін жеке-жеке бөлмеде немесе гардероб ішінде орналасуы мүмкін. Қол жуғыш бөлімесінде электрлік қол кептіргіштер қою керек.
Қол жуғыш бөлімесіндегі крандар саны - өндірістік процесс тобына байланысты, әрбір кранға келетін кісі санына қарай анықталады. Мысалы, 1б тобы үшін әрбір кранға 20 кісі келеді деп есептейді, 1в және 2б тобы үшін әрбір кранға 15 кісі келеді деп есептейді:
Крандар арасындағы ара қашықтық 0.6 м =ден кем емес; екі қатар орналасқан қол жуғыштар арасындағы ара қашықтық (өту жолының ені) 1,6 м – ден кем емес; қол жуғыштар мен оларға қарсы жатқан қабырға арасындағы өту жолының ені 1.1 м-ден кем емес. Жеке қол жуғыштардың өлшемдері мынадай: ұзындығы 600 мм, ені 400 мм бірінеше кісіге арналған дөңгелек қол жуғыштың өлшемі мынадай: диаметрі 900 мм, 5 орын.
Душ оқшау бөлмелерде, гардеробқа жақын орналасады. Душ санын өндіріс процесінің тобына байланысты, бір сеткаға келетін кісілер санына қарай анықтайды. Мысалы, 1б топтағы өндіріс үшін – 7 адам, 2б тобы үшін – 5 адам келеді.
Душ кабинасының өлшемдері мынадай: 900х900 мм, кабиналар қатарларының арасындағы өту жолының ені 1500 мм-ден кем емес, кабина мен қабырға (немесе бөлу қабырғасы) арасындағы ара қашықтық 900 мм =ден кем емес. Душ кабинасына кірер жерінде киімді ауыстырып киетін бөлме болу керек. Онда орындықтар қойылып, орындық арқасында ілгіштер болу керек; орындық ені 300 мм, ұзындығы 400 мм. Орындық саны әрбір душ сеткасына 3 орын етіп алады. Орындық қатарларының арасындағы өту жолы 1 м – ден кем емес. Душ бөлмесінде сору және желдету вентиляциясы болу керек. Душтың есептік жұмыс істеу уақытын әрбір ауысымнан кейін 45 минутқа тең етіп алады.
Әжетхана жұмыс орнынан 100 м =ден аспайтын қашықтықта орналасу керек. Көп қабатты ғимаратарда еркек және әйелдер үшін әжетхананы әрбір қабатта жеке = жеке орналастыру керек. Әжетхана ғимараттың сырт жағында орналасқан жағдайда, жұмыс орнынан 200 м =ден аспайтын жерде болу керек.
Әжетханадағы унитаз санын ішіндегі адамдар санына байланысты алады. (3.1 - кесте).
3.1 - кесте. Унитаздар санын таңдау
Бір ауысым ішінде жұмыс істейтінін кісілер саны |
Унитаздар саны |
|
Еркектер үшін |
Әйелдер үшін |
|
40 - қа дейін
|
2
|
2
|
55 - ке дейін
|
3
|
3
|
100 -ге дейін
|
5
|
6
|
200 -ге дейін
|
7
|
10
|
300 -ге дейін
|
9
|
14
|
400 - ге дейін
|
11
|
18
|
500 - ге дейін |
13 |
22 |
Еркектерге арналған әжетханада писсуар болуы керек. Оның санын душтың санына тең етіп алады. Писсуарларды кабиналарға қарсы орналастырғанда, олардың арасындағы өту жолдарының ені 2 м - ден кем болмау керек.
Әжетханаға кіре берістегі шлюзде қол жуғыш орналасу керек. Онда қолжуғыш орналасу керек. Ондағы қол жуғыш саны, әрбір төрт унитазға бір қол жуғыш етіп қойылады, бірақ әрбір әжетханада бір қол жуғыш болу керек.
Әйелдердің жеке гигиенасы үшін керекті бөлме көп қабатты ғимараттарда әрбір қабатта болуы керек. Егер бір ауысым ішінде жұмыс істейтін әйелдер саны 50 -ден көп болса. Бұл бөлмелер басқа бөлмелерден оқшауланады. Ол бөлмеге кірер жерінде тамбур болады. Ол бөлме денсаулық сақтау нүктелеріне жақын орналасу керек. Ал бөлме ішінде қабылдау орны болу керек, оның ауданы 10 м² - ден кем емес; әжетхана мен қол жуғыштар, болуы тиіс, процедуралық жеке кабинеттер болу керек. Оның ауданы 1.5 м² -1ден кем емес, процедуралық жеке кабинет ішінде гигиеналық фонтанда душ болу керек (2 бидэ бір ауысымдағы әйелдер саны 300 – ге дейін болғанда және 300 -ден көп әрбір 200 адам сайын бір бидэден қосылып отырады), демалу бөлмесі болу керек, онда диван болған да жөн.
Жоғарыда келітірілген нормативтік мәліметтер негізінде, жеке тұрмыстық бөлмелердің ішкі жобаламалары жеке олардың жалпы жиынтығы жасалынады. Тұрмыстық ғимараттың ені 12 немесе 18 м, колонналар торы 6х6 м. Жобалау кезінде жеке бөлмелердің тиімді орналасуы үшін жеке бөлме ауданын оңтайлы пайдалану керек. Қарама – қарсы өтетін кісілер ағымы - бөлмелер ішінде, де бөлмелер сыртында да болмауы керек.