Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПКЖ тәжірибе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

3 Жұмыстың мазмұны

3.1 Жұмыс орындарын жарықтандыру нормаларына сәйкес, электрлік шам қондырғыларының типін, қуатын анықтау керек. Есеп вариантын, берілген мәліметтерді 1.5 - кестеден алу керек.

1.5 - кесте. Есеп варианттары

Параметры

Вариант

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1 Өндірістік бөлме

Офсеттік цех

Кітапшалау – түптеу цехы

2 Бөлме ауданы S,м²

70

80

90

100

120

140

160

180

200

600

3 Бөлме биіктігі H,м

3,2

3,2

3,2

3,6

3,6

4,2

4,2

4,2

4,2

4,2

4 Есеп мазмұны:

- жұмыстың атауы және мақсаты;

- қысқаша теориялық мағлұмат;

- формула бойынша офсеттік және кітапалау-түптеу цехтарындағы жарықтандыру нормасын есептеу керек.

5 Бақылау сұрақтары:

1. Полиграфиялық кәсіпорынның ғимараттарын жарықтандыру үшін қандай негізгі шамдар қолданылады?

2. Офсеттік және кітапшалау-түптеу цехы ішіндегі жұмыстық орынды жарықтандыру шамасы қандай?

3. Жасанды жарықтандыруды қалай есептейді?

4. Бөлме индексін қай формула көмегімен есептейді?

5. Шамдарды ілу биіктігін қалай анықтайды?

2- тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: өнеркәсіптік ғимараттардың негізгі элементтері.

1 Жұмыстың мақсаты. Қабатаралық жабынға технологиялық жабдықтан түсетін жүктемені есептеу әдістемесін студенттерді таныстыру.

  1. Жалпы мағлұматтар

Қабатаралық жабындар - ғимараттарды биіктік бойымен қабаттарға бөледі. Олар жабдықтың, материалдардың, бұйымдар мен кісілердің жүктемелерін қабылдайды.

Жабындар жүк көтеру бөлігі мен едендерден тұрады. Полиграфиялық кәсіпорындардағы жабындарға көптеген машиналар қойылады. Олардан түсетін жүктеме 2000 – 2500 кг/м² шамасында, кейбір машиналарға одан да ауыр жүктеме түсіреді.

Полиграфиялық кәсіпорындардағы ғимараттардың қабатаралық жабындарын темір – бетоннан, құрастырылатын етіп немесе монолитті балкалы етіп жасайды. Қазір құрастырмалы жабындар кеңінен қолданылады, бірақ жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорындардың көпшілігінде монолитті (тұтас құйылған) жабындар да бар.

Монолитті жабындардың конструктивті элементтеріне плиталар, балкалар ригельдер жатады. Плиткалар балкамен монолитті байланысады, ал балкалар ригельдермен байланысады. Ригельдерді әдетте ғимараттың ені бойымен орналастырады да ригельдері колонналармен монолитті етіп байланыстырылады. Олар қатаң түйінді рамалар түзеп, горизонталь жүктемелерге қарсы ғимараттың көлденең бағыттағы тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Көп қабатты ғимараттардағы колонналар торы 6x6 м құрастырмалы қабатаралық жабындар үшін типті конструкциялар пайданылады. Жабындарды әдетте екі элеметтерден жинайды - төсем мен ригельден. Төсем дегеніміз - ені шамамамен 1,5 м болатын, ал ұзындығы колоналардың адымына тең болатын қабырғалы темір=бетон плита. Ригельдерді колонналар арасына қояды.

Қабатаралық жабындардың екі типі бар: бірінші типі – астау тәріздес төсем, оларды ригель үстіне орнықтырып қояды. Екінші типі – науа тәріздес төсем, оларды тік төртбұрышты ригель үстіне орнықтырып қояды. Астау тәріздес төсемнің төрт жағынан да қабырғасы болса, ал науа тәріздес төсемнің екі=ақ жағында қабырғалары бар. Қабырға биіктігі 400 мм.

Конструкциясы бірінші типті төсемді колонналар торы 6x6 м, жабындарға түсетін пайдалы нормативті жүктеме 500=ден 2500 (интервалы 500 – ден) кг/м² етіп жасайды.

Полиграфиялық кәсіпорын технологиялық жабдықтарды бір=біріне жақындатпай араларын қашықтатып, белгілі бір интервалмен қояды. Ол (интервал) қашықтық машиналарға күтім жасау үшін, жұмыс орнындағы бұйымдарды қоюға қажет. Сондықтан, жабындарға түсетін жүктеме біркелкі болмай, қадалып түседі. Жұмыс істеу кезінде көптеген машиналар статикалық жүктемеге қоса, динамикалық жүктеме де түсіреді.

Полиграфиялық материалдар, жартылай фабрикаттар, дайын өнімдер қосымша жүктеме береді. Қағаздың үйілме меншікті салмағы 600 кг/м³ болғандықтан, материал мен жартылай фабрикаттардан түсетін жүктемені 600 – 800 кг/м2 аралығында алады. Ондай жүктеме, жабдықтар тұрмайтын аудандардың барлық жерінде болады деп есептейді.

Ғимараттардағы қабатаралық жабындарды әдетте, біркелкі үлестірілген жүктемеге есептейді. Кейбір машиналардан қадалып түсетін жүктеме, есептік жүктемеден бірнеше есеп көп болуы мүмкін.

Жабынның көтеру қабілеттілігін есептеуді, басу машиналарының жабын үшін ауыр орналасу жағдайында жүргізу керек.

Жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарда ауыр машиналарды жабынға қою үшін, түсетін жүктемені азайту мақсатында машина табанының астына жалпақ плита қояды. Осы заманғы көп қабатты ғимараттардағы құрылыс құрылмаларын унификациялау мақсатымен барлық қабатаралық жабындарды көтеру қабілеттелігін бірдей етіп жасайды.