
- •2 Жалпы түсініктер
- •3 Жұмыстың мазмұны
- •4 Есеп мазмұны:
- •5 Бақылау сұрақтары:
- •Жалпы мағлұматтар
- •3 Жұмыстың мазмұны
- •4 Есеп мазмұны:
- •5 Бақылау сұрақтары.
- •Жалпы мағлұматтар
- •3 Жұмыстың мазмұны
- •4 Есеп мазмұны:
- •5 Бақылау сұрақтары.
- •Тапсырманы орындауға мысалдар
- •2 Жалпы мағұматтар
- •3 Жұмыстың мазмұны.
- •4 Есеп мазмұны:
- •5 Бақылау сұрақтары.
- •2 Жалпы мағлұматтар
- •3 Жұмыстың мазмұны.
- •4 Есеп мазмұны:
- •5 Бақылау сұрақтары.
- •2 Жалпы мағлұматтар.
- •3 Жұмыстың мазмұны.
- •4 Есеп мазмұны:
- •5 Бақылау сұрақтары.
- •2 Жалпы мағлұматтар
- •3 Жұмыстың мазмұны
- •4 Есеп мазмұны:
- •4 Бақылау сұрақтары.
- •2 Жалпы мағлұматтар
- •3 Жұмыстың мазмұны:
- •4 Есеп мазмұны:
- •5 Бақылау сұрақтары.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
- •Мазмұны
4 Бақылау сұрақтары.
1. Цех ішіндегі ауаны желдетудің қандай жүйесі бар?
2. Бөлме ішіне бу мен газ бөлініп шығу кезінде желдетуге қажетті ауа мөлшерін қалай анықтайды?
3. Бөлме ішінде артық жылулық бөлініп шығу кезінде желдетуге қажетті ауа мөлшерін қалай анықтайды?
4. Бөлме ішіне ылғалдылық бөлініп шығу кезінде желдетуге қажетті ауа мөлшерін қалай анықтайды?
5. Бөлме ішін үрлеуге қажетті ауа мөлшерін қалай анықтайды?
8 - тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы: бас жоспар және көлік
1 Жұмыстың мақсаты. Полиграфиялық кәсіпорындардың бас жоспарын жобалау қағидасымен студенттерді таныстыру.
2 Жалпы мағлұматтар
Бас жоспар деп территорияда, участокта кәсіпорынның барлық ғимараттарының, құрылыстарының және құрылғыларының (қоймалардың, көліктік, энергетикалық, инженерлік, санитарлық = техникалық құрылыстардың) орналасуы және жасыл өсімдіктер мен қоршаулары көрсетілген жоспарды айтады. Ол жоспарда горизонталь сызықтармен вертикаль белгілер көрсетілген участок релефі де берілуі мүмкін. Бас жоспар 1:1500 немесе 1:1000 масштабта сызылуы мүмкін.
Бас жоспарды жобалаудағы ең негізігі ережелердің бірі-оны аудан планировкасымен немесе өнеркәсіп торабымен байланыстыру. Байланыстыру- өндірістік мәселер бойынша жүргізіп қойылмайды, шаруашылық кооперация бойынша да жүргізіледі. Полиграфиялық кәсіпорындар үшін санитарлық қорғау зонасының ені 50 м. Бас жоспар мен көлік сызбаларында мына көрсеткіштер көрсетілуі керек:
1) Кәсіпорын территориясының жалпы ауданы, га, оның ішіндегі:
– зауыт алдындағы алаңша;
– өндірістік қалдықтар мен қоқыстың жататын жері;
– су алатын және тазарту құрылғысы;
2) Кәсіпорынның қоршау ішіндегі территориясы, га.
3) Кәсіпорын территориясындағы құрылыс алаңы, га оның ішінде – ашық қоймалар.
4) Территориядағы құрылыс тығыздығы, %;
5) Автомобиль жолдарындағы төсем алаңшаларының ауданы, га;
6) Теміржол жолдарының ұзындығы, км;
– жақын арадағы;
– территория ішіндегі.
7) Автомобиль жолдарының ұзындығы, км:
– жақын арадағы;
– территория ішіндегі.
8) Транспорттың үзіксіз түрлері, трассаларының ұзындығы, км.
9) Қоршау ұзындығы, км.
10) Территорияның вертикаль планировкасы бойынша жұмыстардың көлемі, мың м³: оның ішінде: үйілетін, алынатын.
11) Кәсіпорынның жалпы жүк айналымы, мың 1-жыл оның ішінде (көлік түріне қарай):
– әкелу;
– әкету;
– завод ішіндегі.
12) Көлік құралдарының саны, бірлік: оның ішінде (көлік түріне қарай).
13) Жұмыскерлер штаты, адам: оның ішіндегі:
– көлік цехы,
– безендіру цехы.
3 Жұмыстың мазмұны:
3.1 Мына полиграфиялық кәсіпорындардың бас жоспарын сызу керек. Олардың техника – экономикалық көрсеткіштерін жазу керек:
– ЖШС «Полиграфкомбинат»;
– РПИК «Дәуір»
– ЖШС «Жедел баспахана», т.б.
3.2 5B072200 – «Полиграфия» мамандығының механика бағыты бойынша оқитын студенттер, кәсіпорынның бас жоспарында инженерлік желілерін, құрылыстарын көрсетеді.
4 Есеп мазмұны:
- жұмыстың атауы және мақсаты;
- ЖШС «Полиграфкомбинат» бас жоспары;
- РПИК «Дәуір» бас жоспары.