Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПКЖ тәжірибе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ж.Ә. Бүркітбаев атындағы Металлургия және полиграфия институты

Полиграфия өндірісінің машиналары мен технологиясы кафедрасы

О. Ғ. Ғазизов, А. А. Булатова

ПОЛИГРАФИЯ КӘСІПОРЫНДАРЫН ЖОБАЛАУ

пәні бойынша тәжірбиелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау (5B072200 - Полиграфия мамандығы студенттері үшін)

Алматы 2011

ЖОК 621. 753 (075)

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ғазизов О. Ғ., Булатова А. А.. Полиграфия кәсіпорындарын жобалау. Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау (5В072200 - «Полиграфия» мамандығы студенттері үшін). – Алматы: ҚазҰТУ, 2011. 1-31 б.

Әдістемелік нұсқау Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, біліктілік сипаттамасына, «Полиграфия кәсіпорындарын жобалау» пәнінің типтік оқу бадарламасына сай құрастырылған.

Әдістемелік нұсқау маманның квалификациялық сипаттамасы талабына («5В072200-Полиграфия») және тәжірибелік жұмыс жасауды ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық негіздеріне сай құрастырылған.

Әдебиеттер тізімі – 9 атау.

Пікір жазған:

И.И.Тураев – «AZ PRINT CENTRE» ЖШС бас директоры, профессор.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы Типтік оқу бағдарламасына сай басылды

© ҚазҰТУ, 2011

Кіріспе

Ғылыми-техникалық революция жетістіктері полиграфия кәсіпорнының техникасына, технологиясы мен басқару саласына көптеген өзгерістер енгізеді.

Полиграфия кәсіпорындарының қуатын өсіруге байланысты, технологиялық процестерді жетілдіруге байланысты сонымен қатар, кәсіпорын шығаратын өнім сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар алдын ала жасалған жобалық құжаттамалар бойынша жүргізіледі. Сондықтан, полиграфия кәсіпорындарын жобалау негізін білу, инженерлер үшін өте қажет.

Жобалау – бұл шығармашылық процесс. Ол, маманнан көп білімді талап етеді. Жобалаушы техника мен технологияның осы заманғы жағдайын, олардың даму бағытын білу керек. Одан өндірістік процесті инженерлік техникалық қамтамасыз етуді кешенді қарастыруды да талап етеді.

Әдістемелік нұсқауға енгізілген тәжірибелік жұмыстардың тақырыптары мынандай:

  • өндірістік санитария.

  • өнеркәсіптік ғимараттардың негізгі элементтері.

  • әкімшілік – тұрмыстық корпус.

  • электр энергиясымен қамтамасыз ету.

  • жылу энергиясымен қамтамасыз ету.

  • сумен қамтамасыз ету және канализация.

  • желдету және ауаны кондиционерлеу.

Әрбір тәжірибелік жұмыстың тақырыбы, мақсаты, жалпы теориялық мағлұматы, нормативтік техникалық мәліметтері, тапсырмасы немесе есебі көрсетілген.

Есеп вариантын студент үлгерім кітапшасының нөмірінің соңғы цифрына сәйкестендіріп алады. Есепті шешуге жеткіліксіз мәліметтерді студент, өз қалауы бойынша алады. Тәжірибелік жұмысты студент кәсіпорындық стандарт СТ РГП 38944979-09-2009 талаптарына сай рәсімдеуі керек.

1- тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: өндірістік санитария.

1 Жұмыстың мақсаты. Жалпы біркелкі жарықтануды есептеу әдісімен студенттерді таныстыру.

2 Жалпы түсініктер

Полиграфия кәсіпорындарын жобалау - санитарлық нормаға (СН), құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНиП) сәйкес жүргізіледі.

Офсеттік цехтардағы жұмыс орындарын (таза еден деңгейінен 800 мм биіктікте) жарықтандыру нормасы 300 лк, ал кітапшалау – түптеу цехында ол норма – 200 лк.

Полиграфия кәсіпорындарын жарықтандыру үшін негізінен, люминесцентті шамдар пайдаланылады. Оларды ұзынынан цех бойымен қояды. Шамдарды 4...5 м биіктіктен аспайтын жерге іліп қояды. Люминесценттік шамдардың жарық беру қабілеті өте жоғары - 75 лм/Вт дейін, төзімділігі 10 000 сағатқа дейін, қуаты 20 – 150 Вт аралығында.

Жасанды жарықтануды есептеудің 3 әдісі бар: пайдалану коэффициенті әдісі, меншікті қуат әдісі және нүктелік әдіс (тексеру үшін).

Пайдалану коэффициенті әдісі - шамдардың ара қашықтығы мен оларды ілу биіктігінің арасындағы қатынас ұсынылатын аралықта (ауытқу 1,5...20%-дан аспау керек) жатқан жағдайда қолданылады.

Бұл жағдайда шамдардан берілетін жарық, мына формула арқылы табылады

; (1.1)

мұндағы Е – жарықтану, лк;

F – бір шамның жарық ағыны, лм;

η – жарық құрылғысын пайдалану коэффиценті;

N – жарық құрылғысының саны;

z – түзету коэффиценті (минималь жарықтықтың орта жарыққа қатынасы), люминесцентті шам үшін z = 1,1;

S – бөлме ауданы м²;

k – қор коэффициенті, k = 1,5...1,8;

n – жарық құрылғысындағы шамдар саны.

Бөлме индексі мына формула көмегімен табылады:

, (1.2)

мұндағы s – бөлме ауданы, м²; h – есептік биіктік (шамнан жұмыстық бетке дейінгі ара қашықтық), м; А және В – бөлменің екі сипаттық өлшемдері, м; Шамды ілу биіктігін бөлме ауданына байланысты алады (1.1- кесте).

1.1 - кесте. Шамдарды ілу биіктігіне байланысты алынатын бөлме ауданы, м²

Бөлме

индексі

Шамды іліудің есептік биіктігі һ, м

2,5

2,7

3,0

3,4

4,0

4,3

4,6

5,2

5,7

0,6

0,7

0,8

0,9

11,8

15,6

20,1

25

13,5

18

23,2

29

17,7

23,5

30

37,7

22,6

30

38,5

48

30,6

40

52

65

35

46,5

60

75

45

60

76

96

52

70

90

111

62

83

106

132

1,0

1,1

1,25

1,5

1,75

30

37

52

73

97

35,2

44

61

85

112

46

58

80

110

147

58

73

101

142

188

80

100

137

191

253

91

114

157

219

291

117

147

203

282

351

136

170

233

327

433

162

203

280

390

515

2

2,25

2,5

3

125

156

210

295

144

180

244

340

189

236

317

440

241

301

406

560

325

407

545

760

370

460

630

870

480

600

810

1130

555

700

930

1300

660

830

1120

1560

Бөлме төбесінің қабырғыларының, едендерінің және жұмыстық беттерінің шағылысу қабілетін былай бағалайды:

  • әктелген қабырғалар, терезелері ашық, әктелген төбелер, ылғалды бөлме, сонымен қатар таза бетон төбе – 50%.

  • әктелген төбе, әктелген қабырғалар, ақ перделермен жабылған терезелер – 70%.

Жарық құрылғысын пайдалану коэффицентін, шам типіне байланысты, төбенің шағылысу коэффициентік η, % мен қабырғалардың шағылысу коэффициентіне, сонымен қатар индексіне байланысты таңдап алады (1.2 - кесте).

1.2 - кесте. Жарық құрылғысын пайдалану коэффиценті

Шам

ЛСП – 01

ПВЛ

,% ,%

70

50

70

50

0,5

0,6

0,7

0,8

0,9

1,0

1,5

2

37

37

42

45

48

49

56

60

18

23

27

29

32

34

42

46

3

4

5

66

68

70

52

54

57

Бөлме индексі i

η,%

η,%

1.3 - кестеде люминесцентті шамның жарықтық және электрлік параметрлері көрсетілген

1.3 - кесте. Люминесцентті шамдар

Тип

Жарық ағыны F, лм

Жарықтың түсуі лм/Вт

ЛДЦ20

ЛБ20

ЛД30

ЛДЦ40

ЛБ40

ЛД20

ЛДЦ30

ЛБ30

ЛД40

820

920

1180

1450

1640

2100

2100

2340

3120

41

46

59

48,2

54,5

70

52,5

58,5

78

ЛДЦ80

3740

4070

46,8

50,8

65,3

ЛД80

ЛБ80

5220

Шамның нүктелік әдісі мына формулаға негізделеді:

; (1.3)

мұндағы - жұмыс бетінің белгілі бір нүктесіне бағытталған жарық күші, кд.

- жарық ағынының бағыты мен жұмыс бетінің нормалі арасындағы бұрыш.

Бірнеше шамның бір нүктедегі жарықталуын есептеу үшін, алдымен әрбір шамның жарықталуын есептеп, табылған мәндерін бір-біріне қосады. Меншікті қуат әдісі, бөлме ішінде нормаланған жарық беру үшін әрбір шамның қуатын анықтауға мүмкіндік береді.

= pS/n; (1.4)

мұндағы P – меншікті қуат, Вт/м².

Біркелкі орналасқан шамдардың меншікті қуатының жуық мәндері 1.4 – кестеде келтірілген. Мұнда қор коэффициенті к = 1, 5, төбенің шағылысу коэффициенті = 50%, қабырғалардың шағылысу коэффиценті = 30%.

1.4 - кесте. ЛБ30 және ЛБ 40 люминесцентті шамының меншікті қуаты

Есептік биіктігі һ, м.

Аудан S, м²

Жарықтану Е, лк

200

300

2...3

10...15

15...20

25...50

50...150

15...300

300

17,4

14,6

12

10

8,8

8,2

26

22

18

15

13,2

12,4

3...4

10...12

15...20

20...30

30...50

50...120

120..300

300

22,5

19,2

17

14,6

11,6

9,8

9

33

29

25,5

22

17,4

14,8

13,6