Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық шешендік сөздер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
29.67 Кб
Скачать

13) Досбол би

Досбол би бір сөзінде:

- Дүниедегі жанды-жансыз заттардың пірсізі болмайды, бәрінің де өз пірлері болады. Солардың ішінде:

Жарлы пірі – қалтаң ата,

Ұрының пірі – жалтаң ата.

Күншілдің пірі – күңкіл ата.

Кеселдің пірі – ыңқыл ата, -

деген екен. Көп ішінде отырған жарлы- жабықай, ұры-қары, өсекші-күншілдер өз міндерін біліп, «қой бұл жерде отыра бермейік, көп отырсақ тағы бір нғрсемізді тауып айтып, жұртқа масқара қылар» - деп, біртіндеп сытылып сыртқа шыға беріпті.

Досбол Кіші жүзге дауға барғанда, олардың топ ішінде отырған бірі Досболдан:

Ханда қандай мін бар?

Биде қандай мін бар?

Байда қандай мін бар?

Жүйрікте қандай мін бар?

Жорғада қандай мін бар? – деп сұрапты.

Сонда Досбол:

Хандарда бір мін бар –

Қарашасын жақсы көрмейді.

Билерде бір мін бар –

Әділ сөйлеп халыққа,

Төресін дұрыс бермейді.

Байларда бір мін бар –

Екісін киген нашарға

Қолынан қайыр бермейді

Әйелдерде бір мін бар –

Ажары сұлу болғанмен

Ақылы сәйкес келмейді.

Жүйрікте бір мін бар –

Қатарласып жорғамен,

Табандасып желмейді.

Жорғада бір мін бар –

Жал құйрығын түйіп салсаң да

Бәйгеден сірә келмейді. – деп, термелей жөнелген екен дейді ел.

************

14) Бөлтірік шешен

Төменгі Талас бойының Едіге деген биі мен Бөлтірік көңілі жарасқан дос-жар кісілер екен. Қартайып, бойдан қуат кеткен соң, бидің бір-бірімен кездесіп, сұхбаттасуы сирей бастайды. Едіге би ұзақ жолға шығуға мұршасы болмасын сезеді де, баласын Бөлтірікке сғлем беріп келуге жұмсайды. Баласы ғке сөзін құп алады. Атақты шешен, ділмғр сөздің көсемі, ғрі батыр, ғрі би атағы алты алашқа түгел тараған кісіге сғлем берудің де өзіне үлкен сын екенін Едігенің баласы іштей біліп, ұғып жолға шығады. Бөлтірікке сғлем беріп, ғке сғлемін жеткізіп, қарт шешенді риза еткен жас қонақ үй иесінің бір қанатты сөзін естімек оймен оған былай дейді:

Жер деген не?

Ел деген не?

Жер сәні деген немене?

Ел сәні деген немене?

Жерді кім көтереді?

Елді кім көтереді?

Жердің құты қайда болады?

Елді құты қайда болады?

Ердің құты қайда болады?

Қонағының сөз жөнін білетін ойлы жас екеніне көзін жеткізген Бөлтірік шешен сонда құрдасының ұлына ризалығын білдіріп, батасын беріп тұрып, мыаны айтқан екен:

Жер деген – байлық.

Ер деген - халық.

Жер сәні – мыңырған мал, ағылған аң, аққан су, жайқалған ну.

Ел сәні - атаға қарап өскен ұл.

Анаға қарап өскен қыз.

Жерді су көтереді.

Елді ер көтереді.

Жердің құты күйінде болады.

Ердің құты үйінде болады.

Елдің құты биінде болады.

************

15) XV ғасырда өмір сүрген Асан қайғының толғауы

Еділ бол да, Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа,

Жолдасыңа жау тисе,

Жаныңды аяп тұрыспа.

Ердің құны болса да,

Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң,

Аса кеш те қоя бер,

Бұрынғыны қуыспа.

Ақың болса біреуде,

Айыбын тап та ала бер,

Ерегесіп ұрыспа.

Сенікі жөн болса да,

Атың шықпас дұрысқа.

Мінезі жаман адамға

Енді қайтіп жуыспа.

Тәуір көрер кісіңмен

Жалған айтып суыспа.

Өлетұғын тай үшін,

Көшетұғын сай үшін,

Желке терің құрысып,

Әркімменен ұрыспа.

Ашу – дұспан, артынан

Түсіп кетсең қайтесің

Түбі терең қуысқа!..

8