Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРНАУ СӨЗДЕР.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Сырым батырдың қайтыс болуы

Сырым батыр Малайсары биден бата сұрап барыпты. Малайсары батасын былай деп беріпті.

— Менің батам жеті атаңа жететін болсын, үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін, құлағыңнан сыбыр кетпесін. Одан соң мына үш сиыққа зияның тимесін, бұл үш сиықта үш қасиетті адам бар. Соларға жолай көрме! Олар: бірінші — тана Қоске би, екінші — Әлім Көсеу би, үшінші — Есен-темір Бөкен би.

Сырым өзіне өзі жетіп болған соң: «Малайсары маған осыларға барма деді, басқадан бұлардың несін бөліп алды, неде болса барайын»—деп ойлайды. Сөйтіп, Қоске биге келеді. Сонда Қоске би айтады:

— Ай, Сырым, атаң сенің Дат еді,

Дат деген бір қоя салған ат еді.

Саған жолбасшылық еткен бір бата еді,

Бата беру де бір қате еді.

Әлім Көсеу биге барады. Көсеудің ұлы жоқ, екі қызы бар екен. Қыздары батырды әбдең сыйлайды. Жатарда далаға төсек салып:

— Қонақтар, тысқа жатыңдар. Сырым үйге жатсын,— дейді. Сырым үйге келсе, қьіздар кереуетке төсек салып қойыпты. Қыздар «мұнда жатыңыз» дейді. Сырым барып жатқан соң, қыздар жанына барып, бірге жатып:

— Ақылы бар адал кісі тек жатады,

Ақылы жоқ арам кісі бір нәрсе деп жатады.

Деп жатқанда таң атады.

Соның мырза қайсысын аласың?—

Сырым ұялып тек жатуды алады. Сырым ішінен «Көсеудің қызы мұндай, өзі қаңдай білгір екен?» деп аттаныпты.

Сырым Бөкен биге барыпты.

  • Үш сиықтың баласы көше ауғанда, Хиуада ақтылы жылқы, аяқты малы көп қальш еді, соған барайын деп шықтым,— дейді Сырым. Оған Бөқен би разы болмапты.

  • Хиуа хандығы қастандық қылар, барма,—дейді Бөкен.

  • Жоқ, бет алып қалдым, барып қайтамын,— деп Сырым жүріп кетеді.

Есқара батырды жолдастыққа алады. Барған соң Хиуаның ханы Сырымды алдап:

  • Оның дұрыс, бір жылға мұрсат бер, еліммен сөйлесейін,"келер жылы кел,— деп қайырып, аттанарда үзең-гісіне у жағып жібереді. Шыға бере Сырьшның аяғы іседі.

  • Есқара, аяғымды кес,— дейді Сырым батыр.

  • Жоқ, аяғынды кеспеймін, Бөкеннің тілін алмадың,— дейді Есқара. Ақыры Сырым содан қайтыс болыпты.

Сырымның өлімін естірту

Сырым Хиуада жүріп қайтыс болады. Ел жиналып бала-шағасына естірту үшін Жетірудың шетінен ¥рышта деген биді алдырады. Ұрышта келген соң халық қабарды айтып, Сізді Сырымның өлімін қатын-баласына естірту үшін алдырдық. Енді солай баралық, барып естіртелік, сөзді сіз бастаңыз,— дейді.

Сырымнаң аулына барып, бір-екі күн қонақ болғасын Ұрышта би:

— Шырағым, Қазыжан!

Қарт атаң сенің Дат еді-ау.

Есіміне жесімі лайық емес,

Тек бір қоя салған ат еді-ау!

Өз есімің Қазы еді-ау,

Қысың да сенің жаз еді-ау!

Әкең сенің Сырымды,

Кебеже қарын, кең құрсақ

Іші толған білімді.

Бір ғана қазақ жұрты емес,

Билегендей ер еді-ау,

Қытай менен Қырымды.

Әкең Сырым аман келсе,

Сүйіншіге берер ме едің

Олжатай мен Сүгірді.

Сол секілді Сырекемнің

Арғымақ аты сүрінді,—

деген екен.

ХАН МЕН ҚАЗЫ

Бір хан Сырым батырдың Қазы деген баласын тұт-қынға алып: «бес сұрақ беремін, соған жауап берсең боса-тамын:

  • Қатын деген не?

Бала деген не?

Қыз деген не?

Мал деген не?

Инабат деген не?—

дейді.

Сонда Қазы былай деп жауап қайырған екен:

  • Қатын — тұрақ емес пе?

  • Бала — шырақ емес пе,

  • Қыз — өріс емес пе,

  • Мал — керіс емес пе?

  • Инабат ердің азығы емес пе,

  • Инабатты ер — елдің қазығы емес пе?

Хан Қазыны осы сөзінен кейін тұтқыннан босатыпты.