
- •Құрастырушыдан
- •Шешендік арнау сөздер Асанқайғы мен Әз Жәнібек
- •Майқы би мен Алаша хан
- •Байдалы мен Айғаным
- •Жидебай мен Қараменде
- •Үш сыншы
- •Елді бекем билейді, бекемді шешен билейді
- •Бекболат пен бір төре
- •«Шернияз ақын мен Едім»
- •«Біз сізді іздеп келдік Баянас деп»
- •Шернияздың Байсақалға айтқаны
- •Жетпес шешеннің Әбілқайырға айтқаны
- •Ғалымның хаты өлмейді Таймас Жұдас шешен айтты дейтін сөз.
- •Досболдың Әйекеге айтқаны
- •Биікпін деп мақтанба Тобықты Құнанбай айтты деген сөз
- •Жұмырбай ақынның Жәңгір ханға айтқаны
- •Шиырбай жылқышының сөздері
- •Ыбырайдың Есенберліге айтқаны
- •Төле би мен Түлкі бала
- •Сөздің атасы мен анасы
- •Әркім азса, қатарымен азады
- •Жарлының пірі жалтаң ата
- •Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім
- •Үйсінбай шешен мен төре
- •Япырмай, мына тоқты ембеген бе?
- •Бақыт құсы қара шыбынға айналды
- •Кедейліктен жаман жоқ
- •Жолдастың мыңын алма, бірін ал!
- •Білгендерден ғибрат ал
- •Ақтайлақ пен қанай шешен
- •Қатын алма қайын ал
- •«Жар басына үй тікпе!» айтқожа шешен айтты деген сөздер
- •Мен кедейліктен өшімді алдым
- •Қас жақсының белгісі
- •Суда суат жаман екен
- •«Атың жаман болса...» таймас шешен айтты дейтін сөз
- •Ілгері басқан адамға айсерке шешен айтты дейтін сөз
- •Елу ердің жасы
- •Екі жақсы дос болса... Балаби айтты дейтін сөз
- •Шауыпкел шешен айтты дейтін сөз
- •Аққу ұшып көлге кетті
- •Тұяғы бүтін тұлпар жоқ
- •Теңіз бастан былғанды шыңғыс xahfa жыршы айтқан дейтін сөз
- •Ақсақ құлан, жошы хан
- •Сырымның өлімін естірту
- •Қыпшақ ізбасты шешен айтқан дейтін сөз
- •Ауру көңілін kim ашар? байдалы бидің уәли төренің көңілін сұрағаны дейтін сөз
- •¥Лы өлмеген руда жоқ шоқанның өлімін естірту
- •Шорман мен құдайменде
- •Қайғысыз, мұңсыз жан бар ма?
- •Өлімді ер көтереді
- •Уа, ерден!
- •Tұлпар бар ма тұяғы майрылмаған?
- •Сабырлық керек қазаға
- •Шешендік толғау сөздер б¥л дүниеде не жетім?
- •Бүл дүниеде не жаман?
- •Байқасаң, жақсы қандай, жаман қандай!
- •Б и ik тауға жарасқан Алтай Байдалы айтқан деген сөздер
- •Түнді қанша мақтасаң...
- •Тауға біткен қайыңның Беріш Есет батыр айтқан деген сөз
- •Қара жерді жамандама Айдабол Торайғыр айтты деген сөз
- •Шаруаның екі түрі Тобықты Құнанбай айтқан дейтін сөз
- •Барыс, барыс, барыс ойнар арғын алшынбай айтқан деген сөз
- •Б¥л дүниенің баласы
- •Бұлбұл үйрек, бұл үйрек Шекті Мөңке би айтты деген толғау
- •Өнер алды — қызыл тіл
- •Ит асырасаң, сырттан жи
- •Бала болсаң, болғандай бол
- •Өткел өтсең бұрын өт
- •Тау берігінде қонысың болсын
- •Қас жүйріктің белгісі
- •Айдан жақсы нәрсе.Жоқ
- •Әуеде бұлт бар
- •Арғымақ жабы көрінер
- •Еліңде жақсы көп болса
- •Ойнарқы жүйрік ойнақтап... Керей Тоймас шешен айтты деген сөз
- •Барлы, барлы, барлы тау Айдабол Торайғыр айтқан дейтін сөз
- •Бұл заманда не ғаріп
- •Жақсы жігіт белгісі
- •Қонақжайлық белгісі
- •Көкірек таза болмаса...
- •Талассаң бағаң кетеді
- •Жарысқа түспей бәйге алмас
- •Асаубай мен құлтума
- •Балпық би мен дарабоз бәйбіше
- •Өзі болған жігіттің түп атасын сұрама
- •Түлкі дауы
- •Ұлан тұз сақтайды, ұрғашы ін сақтайды
- •Қанайұлы бекболат шешен
- •Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі
- •Тәбітай мен шорман
- •¥Лы би қалжың болмас
- •Наудың шақша дауы
- •Қу мен момын
- •Абай мен шәкі шешеннің кездесуі
- •Ешкі егіз табады
- •Боран батыр мен жантай дауы
- •Басықара датқа мен мөңке бала
- •Түбінде көріктіден текті озар
- •Ақтайлақ шешен
- •Сырымға қатысты шешендік сөздер сырымға қатысты шешендік сөздер*
- •Бала сырым
- •Отын олжа, су нұрлық
- •Бала сырым мен билер
- •Сырым мен ноқылық
- •Малайсары мен сырым
- •Сырымның сыннан өтуі
- •Қайғысыз хан семіз
- •Ата тұрып ¥л сөйлесе ержеткен болар
- •Шалдың үш түрі бар
- •Бір жігіт бар тек жатады
- •Сырымның екі рет сөзден жеңілуі
- •Бөкен қарттың сырымға бергең батасы
- •Әйелді қорсынбаңдар.
- •Табылдырықтан биік тау жоқ
- •Сырымның мөңкені жеңуі
- •Сырымның әйелге қамқорлығы
- •Бақай қарт пен сырым
- •Ақмоншақ at
- •Балаби мен сырым
- •Мөңкенің сұрағына сырымның жауабы
- •Көпес пен сырым
- •Сырым мен зілғара
- •Сырым батыр мен байсал би
- •Сырым батыр мен ақсуат би
- •Тасып жүргенім жоқ... Сасып жүрмін
- •Сырымның малайсарымен ақылдасуы
- •Нұралы мен сырымның құдалығы
- •Сырым мен нұралының қақтығысуы
- •Сырым батырдың нүралы ханды шапқаны
- •Сырымның ңүралы ханды шабуы
- •Сырым батырдың нұралы ханды шапқаны
- •Сырымның ңүралы ханды шабуы
- •Сырым батырдың ханды шабуы
- •Хан мен сырым
- •Хиуа ханы мен сырымның қағысуы
- •Алдар бидің сұрауына сырымның жауабы
- •Сырымның үргеніш шешенімен айтысы
- •Молда мен сырым
- •Сырым мен ишан
- •Хиуа ханы мен сырым
- •Сырымньщ хиуа ханын сөзден жеңуі
- •Сырым батырдың қайтыс болуы
- •Сырымның өлімін естірту
- •Қазының төрелерге қайтарған жауабы
- •Қазының шектінің шалынан жеңілуі
- •Шоқай meн қазының әзілі
- •Қайырлы би мен мұхтар әкім
Сырым батыр мен ақсуат би
Байұлының Әлім еліңде жүріп бір кісісі өлген екен. Соның қүнын алуға Байұлынан — Байбура Сырым, Есентемір Бөкен, Қылыш Кестен, Шеркеш Арыстанбай, Амандық Қаракемпір, Шеркеш Асау мен Тұрлан, Беріштен Айтуар бас болып, небәрі 12 кісі болып жүріпті. Құн алатын ауыл Бұйырған деген жайлауда отырады. Оның Ақсуат деген биі бар екен. Ақсуатқа ел тек құн мәселесімен барады екен. Би аулынан екі-үш шақырым жерге жолаушы ат байлайтын ағаш белдемесін жасатып, аулына аттылы кісі келтірмейді екен. Байұлының адамдары белдеме ағашқа келгенде, Сырым батыр:
Бұл ағашқа атты байламайық, екі-үш шақырым жерден жаяу-жалпылап баратын біз Әлімге келіңбіз бе? Неде болса ауылына атпен барып түсейік,— дейді. Ауылға келген соң, Ақсуат би алдарынан шығып:
Елмісіңдер, жаумысыңдар! Алдарында құрулы ағашты көрмей, ауыл үстін тал түсте шаңдатып жүрген не қылған көргенсіз едіңдер?— деп ақырыпты.
Сонда Сырым батыр ат үстінде тұрып:
Ел десең — елміз, жау десең — жаумыз. Айдаладағы ағашқа атын байлап аулыңа жаяулап келетін бізді ұры деп тұрсың ба, не Әлімнің келіні деп тұрсың ба? Би, бізбенен дұрыстап сөйлес,— депті.
Өздерің нешеусіңдер?—депті Ақсуат даусын бәсең-
детіп.
Он екі ағайындымыз,— депті Сырым мен Бөкен
қатарласа беріп.
Ақсуат би сонда ауыл жігіттеріне:
Түсіріңдер, он екі ата Байұлы атқа мінген екен,— депті.
Аттан түсіп жайғасқаннан кейін де би еөз қата қой-маған соң Сырым:
Би, жөн сұраса отырайық!— дейді.
Менің не жөнімді сұрайсың? Өз атым — Ақсуат, жерімнің аты — Бұйырған, Әлімнің қаққан, қазығынан, маған тірелмей іс кетпейді,— депті.
Сонда Сырым:
Би, жөн білсең, суатпын деп мақтанба! Су жаманы "суат, қасынан соқпақ кетпейді. Қазықпын деп мақтанба,
мүлік жаманы қазық, басынан тоқпақ кетпейді. Жерім Бұйырған деп мақтанба! Бұйырған деген шөп болады, жеген жылқы тоқ болады. Тоқ жылқыны сойылдап алар-ман айдаса, жоқ болады,— депті.
Ал, жігіттер, жайларыңа түсіндім, енді жұмыстарың-ды айта отырыңдар,— депті сонда Ақсуат би.
Сырым тақпақтап:
— Тірі малдың өзі қайтсын, Өлі адамның құны қайтсын. Өткен өрелі болсын, Қалған салауат болсын!—
депті.
Сонда Ақсуат:
Айтуыңыз рас, Байұлының бір кісісі бізден өлуі рас. Ердің құны мың қой, үлесе келсе үй басына бір қой, не қысырақ. Адамның құны 40 қысырақ, айыбы қалы кілем жапқан қара нар болсын,— депті. Байұлы осыған келісіп, бітісіп қайтыпты.
Тасып жүргенім жоқ... Сасып жүрмін
Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны теңгере алма-дың, біреу біреуді шауып жеп жатыр, оны басқара ал-мадың»— депті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым аман-даспай жүре береді.
Сонда Нұралы:
Батыр, бұрылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау!—депті.
Сонда Сырым:
Хан, тасып жүргенім жоқ, қара қазақ баласының басьш қоса алмай сасып жүрмін,— депті.
Сырымның малайсарымен ақылдасуы
Кіші жүздегі он екі ата Байұлының Байбақты деген руына басшы болған Бұлан деген кісі қартайған кезінде бір жиында жұртқа: «Мен қартайып жасым жетті, мына алдымдағы піскен қойдың басын біреуің келіп ұстап, Байбақтыға бас болып, елді бастаңдар»—депті. Сонда жұрт қаңтарылып кідірген соң, аяқ жақтан Сырым шығып:
Бәлі аға, би де, басқарушы да, бастаушы да болам,— деп Бұланның алдына келіп отырыпты.
Сырым сонда 20 жастағы уыздай жігіт екен. Хаған қарт батасын беріп, содан бастап Сырым Байбақтыға би болыпты.
Сырым содан кейін елдің қарияларынан ақыл алу үшін атқа мініпті. Қараман, Тана, Малайсарьі биден ақыл, бата алуға жолға шығыпты.
Малайсарының аулы төменгі Тоиайды қаласының аузында екен. Малайсарының шаруасы шағын болса керек. Ауылына келгенде қарт азғантай қойының алдында тұр екен. Сырым сәлем беріп:
—Аға, кім болдыңыз!— деп сұрапты,
Малайсары:
Шырағым, кім болайық, осы жердегі аз үй Танамыздағы,— депті. Сонда Сырым:
Тананың қайсысысың. Жеті үй — Жиембетпісің? Бес үй — Бессарымысың? Тышқан құлақ — Асанбысың? Төлеуден алған — Құнанбысың?— дегенде, Малайсары:
Шырағым, Тананың пәленімін деп неғылайын. Танысаң танырсың! Мен де сені танып тұрмын. Даттың аузына шайтан түкірген бір баласы желігіп атқа мінді деп естіп едім. Сен, сірә, сол бала боларсың!—депті.
Сонда Сырым:
Бәлі аға, сол бала боламын. Ауылдан шыққанда Сізді сөзден ұтсам, Тананың алжыған бір шалы ғой деп күлкі қылайын, ұтылсам, ат мінгізіп, шапан жауып, батаңызды алайын деп аттанып ем, ұтылдым, батаңызды беріңіз, атыңыз — мына астымдағы ат, шапаным мынау!— деп үстіндегі шапанын шешіп беріпті. Малайсары екеуін де алмай, былай депті:
Шырағым, үш сөз бар, соны ұмытпай жүрсең халқың соңыңнан қалмас, ұмытсаң артыңа ермес. Ол үш сөз: ұят, борыш, обал! Одан кейінгі бір ақылым: «Жақынды жаралама, Алысты қаралама!»
ТҰЯҚҚА Т¥ЯҚ
Орта жүз бекг кіші жүздің арасында бір барымта дауы болып, орта жүз адамдары неіііе рет келіп малын ала алмайды. Соңғы рет келе жатқанда жолаушыларға Сырым жолығып, жөн сұрапты.
Уа, ағайындар, жол болсын! Билеріңде тыным жоқ, биелеріңде құлын жоқ, неткен жолаушыларсыңдар?— дейді Сырым.
Жолаушылар жай-мәнісін айтады. Сырым қосыла жүреді. Кіші жүздің ханына келіп, елдің дауын айтады, бірақ екі елдің арасы бітімге келе алмайды. Сонда Сырым екі ел арасының бітімін көздеп ханға:
Бір дауды шеше алмасаң, несіне хан болып отырсың, құлаққа құлақ тұяққа тұяқ емес пе?—дейді.
Хан сөзден тосылып, малдың тұяғына тұяқ, басына бас беріп, орта жүзді разы ғып қайырыпты.