- •Құрастырушыдан
- •Шешендік арнау сөздер Асанқайғы мен Әз Жәнібек
- •Майқы би мен Алаша хан
- •Байдалы мен Айғаным
- •Жидебай мен Қараменде
- •Үш сыншы
- •Елді бекем билейді, бекемді шешен билейді
- •Бекболат пен бір төре
- •«Шернияз ақын мен Едім»
- •«Біз сізді іздеп келдік Баянас деп»
- •Шернияздың Байсақалға айтқаны
- •Жетпес шешеннің Әбілқайырға айтқаны
- •Ғалымның хаты өлмейді Таймас Жұдас шешен айтты дейтін сөз.
- •Досболдың Әйекеге айтқаны
- •Биікпін деп мақтанба Тобықты Құнанбай айтты деген сөз
- •Жұмырбай ақынның Жәңгір ханға айтқаны
- •Шиырбай жылқышының сөздері
- •Ыбырайдың Есенберліге айтқаны
- •Төле би мен Түлкі бала
- •Сөздің атасы мен анасы
- •Әркім азса, қатарымен азады
- •Жарлының пірі жалтаң ата
- •Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім
- •Үйсінбай шешен мен төре
- •Япырмай, мына тоқты ембеген бе?
- •Бақыт құсы қара шыбынға айналды
- •Кедейліктен жаман жоқ
- •Жолдастың мыңын алма, бірін ал!
- •Білгендерден ғибрат ал
- •Ақтайлақ пен қанай шешен
- •Қатын алма қайын ал
- •«Жар басына үй тікпе!» айтқожа шешен айтты деген сөздер
- •Мен кедейліктен өшімді алдым
- •Қас жақсының белгісі
- •Суда суат жаман екен
- •«Атың жаман болса...» таймас шешен айтты дейтін сөз
- •Ілгері басқан адамға айсерке шешен айтты дейтін сөз
- •Елу ердің жасы
- •Екі жақсы дос болса... Балаби айтты дейтін сөз
- •Шауыпкел шешен айтты дейтін сөз
- •Аққу ұшып көлге кетті
- •Тұяғы бүтін тұлпар жоқ
- •Теңіз бастан былғанды шыңғыс xahfa жыршы айтқан дейтін сөз
- •Ақсақ құлан, жошы хан
- •Сырымның өлімін естірту
- •Қыпшақ ізбасты шешен айтқан дейтін сөз
- •Ауру көңілін kim ашар? байдалы бидің уәли төренің көңілін сұрағаны дейтін сөз
- •¥Лы өлмеген руда жоқ шоқанның өлімін естірту
- •Шорман мен құдайменде
- •Қайғысыз, мұңсыз жан бар ма?
- •Өлімді ер көтереді
- •Уа, ерден!
- •Tұлпар бар ма тұяғы майрылмаған?
- •Сабырлық керек қазаға
- •Шешендік толғау сөздер б¥л дүниеде не жетім?
- •Бүл дүниеде не жаман?
- •Байқасаң, жақсы қандай, жаман қандай!
- •Б и ik тауға жарасқан Алтай Байдалы айтқан деген сөздер
- •Түнді қанша мақтасаң...
- •Тауға біткен қайыңның Беріш Есет батыр айтқан деген сөз
- •Қара жерді жамандама Айдабол Торайғыр айтты деген сөз
- •Шаруаның екі түрі Тобықты Құнанбай айтқан дейтін сөз
- •Барыс, барыс, барыс ойнар арғын алшынбай айтқан деген сөз
- •Б¥л дүниенің баласы
- •Бұлбұл үйрек, бұл үйрек Шекті Мөңке би айтты деген толғау
- •Өнер алды — қызыл тіл
- •Ит асырасаң, сырттан жи
- •Бала болсаң, болғандай бол
- •Өткел өтсең бұрын өт
- •Тау берігінде қонысың болсын
- •Қас жүйріктің белгісі
- •Айдан жақсы нәрсе.Жоқ
- •Әуеде бұлт бар
- •Арғымақ жабы көрінер
- •Еліңде жақсы көп болса
- •Ойнарқы жүйрік ойнақтап... Керей Тоймас шешен айтты деген сөз
- •Барлы, барлы, барлы тау Айдабол Торайғыр айтқан дейтін сөз
- •Бұл заманда не ғаріп
- •Жақсы жігіт белгісі
- •Қонақжайлық белгісі
- •Көкірек таза болмаса...
- •Талассаң бағаң кетеді
- •Жарысқа түспей бәйге алмас
- •Асаубай мен құлтума
- •Балпық би мен дарабоз бәйбіше
- •Өзі болған жігіттің түп атасын сұрама
- •Түлкі дауы
- •Ұлан тұз сақтайды, ұрғашы ін сақтайды
- •Қанайұлы бекболат шешен
- •Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі
- •Тәбітай мен шорман
- •¥Лы би қалжың болмас
- •Наудың шақша дауы
- •Қу мен момын
- •Абай мен шәкі шешеннің кездесуі
- •Ешкі егіз табады
- •Боран батыр мен жантай дауы
- •Басықара датқа мен мөңке бала
- •Түбінде көріктіден текті озар
- •Ақтайлақ шешен
- •Сырымға қатысты шешендік сөздер сырымға қатысты шешендік сөздер*
- •Бала сырым
- •Отын олжа, су нұрлық
- •Бала сырым мен билер
- •Сырым мен ноқылық
- •Малайсары мен сырым
- •Сырымның сыннан өтуі
- •Қайғысыз хан семіз
- •Ата тұрып ¥л сөйлесе ержеткен болар
- •Шалдың үш түрі бар
- •Бір жігіт бар тек жатады
- •Сырымның екі рет сөзден жеңілуі
- •Бөкен қарттың сырымға бергең батасы
- •Әйелді қорсынбаңдар.
- •Табылдырықтан биік тау жоқ
- •Сырымның мөңкені жеңуі
- •Сырымның әйелге қамқорлығы
- •Бақай қарт пен сырым
- •Ақмоншақ at
- •Балаби мен сырым
- •Мөңкенің сұрағына сырымның жауабы
- •Көпес пен сырым
- •Сырым мен зілғара
- •Сырым батыр мен байсал би
- •Сырым батыр мен ақсуат би
- •Тасып жүргенім жоқ... Сасып жүрмін
- •Сырымның малайсарымен ақылдасуы
- •Нұралы мен сырымның құдалығы
- •Сырым мен нұралының қақтығысуы
- •Сырым батырдың нүралы ханды шапқаны
- •Сырымның ңүралы ханды шабуы
- •Сырым батырдың нұралы ханды шапқаны
- •Сырымның ңүралы ханды шабуы
- •Сырым батырдың ханды шабуы
- •Хан мен сырым
- •Хиуа ханы мен сырымның қағысуы
- •Алдар бидің сұрауына сырымның жауабы
- •Сырымның үргеніш шешенімен айтысы
- •Молда мен сырым
- •Сырым мен ишан
- •Хиуа ханы мен сырым
- •Сырымньщ хиуа ханын сөзден жеңуі
- •Сырым батырдың қайтыс болуы
- •Сырымның өлімін естірту
- •Қазының төрелерге қайтарған жауабы
- •Қазының шектінің шалынан жеңілуі
- •Шоқай meн қазының әзілі
- •Қайырлы би мен мұхтар әкім
Балаби мен сырым
Сырым бір жылы орта жүзге барғанда сол елдің Балаби деген биіне кез келеді. Сьірым мен Балаби екеуі көп әңгі-мелеседі. Балаби Сырымға бірнеше сұраулар қояды, Сырым жауап береді.
Сіз ағайынды нешеу едіңіз?— дейді Балаби.
Мен ағайынды екеумін,— дейді Сырым.
Сізді Даттан ағайынды он бір деп естуші едік.
Сіз түсінбедіңіз, мен Даттан он бір екенім рас, бірақ та олардың маған қанша керегі бар? Менің ағайынды екеумін дегенім — біреуі өзім, екіншісі — халқым.
—- Сөз анасы не,
Су анасы не,
Жол анасы не?— дейді Балаби.
— Сөз анасы — құлақ,
Су анасы—бұлақ.
Жол анасы — тұяқ,— деп жауап береді Сырым.
Өтірік пен шынның арасы қанша жер, неше шақырым болар?-- дейді Балаби.
Өтірік пен шынның арасы төрт елі. Көз бен көргеннің арасы, құлақ пен естігеңнің арасы неше щақырым деп мені алдамаңыз,— дейді Сырым.
•-- Ақылды қаңдай адамға айту керек?
Ақылды ұққанға айту керек.
-- Ат не үшін шабады? ......
Ер не үшін шабады?
.-- Ат шабысына қарай шабады,
Ер камысына қарай шабады.
Бұл дүниеде не тәтті?— дейді Балаби.
Аста түз тәтті,
Адамда дос тәтті,— дейді Сырым.
Мөңкенің сұрағына сырымның жауабы
Мөңке би Сырымға үш сұрақ қойыпты:
— Таудан бйік не бар?-
Судан терең не бар?
Оттан өткір не бар?
Оған Сырым былай деп жауап қайырыпты:
Таудан биік көңіл бар,
Теңізден терең ғылым бар.
Оттан өткір қайғы -зар.
Көпес пен сырым
Бір көпес Сырымнан: «Қазақ бай ма, орыс бай ма?»— деп сұрапты. Сырым: «Қазақ бай» депті. Сонда көпес: «Қазақ қайдан бай болады, бүтін қазақтың малы бір менің малыма жетпейді?»—депті. Сырым: «Ой, сенің байлығын бар болсын, сен бір каладан бір қалаға күндік жерге шықсаң арқаңнан қабың, қалтаңнан наның қалмайды. Қазақ айшылық жолға азықсыз шығады»— депті. Көпес ойланып қалыпты.
Сырым мен зілғара
(/ -нұсқа)
Сырым аулының бір жігіті Зілғара ауылынан қыз айттырады да, қалыңдық ойнап жүріп алатын жылы айниды. Қыз, үйде жүкті болып қалады. Зілғара мен Сырым айтысып, ұлы жүздің бір биіне жүгінеді.
Сонда Сырым:
Құда болдым даңқымен,
Сыйласуға халқымен.
Екі-қара нар бердім,
Қос жорғаны пар бердім,
Үш жиырма мал бердім.
Күміс деп айттырып едім, мыс шықты, Алтын деп айттырып едім, таты шықты, Айтуға болмайтын аты шықты.
Сол себепті төреге барып, төбеге шығып, мұның қызын алмай жүрмін;— дейді,
Сонда Зілғара: -
Рас, құда болды даңқыменен,
Сыйласуға халқыменен.
Екі қара нар берді.
Қос жорғаны пар берді.,
Үш жиырма мал берді.
Құлындай байлады,
Тайдай жайлады.
Алты жыл қалыңдық ойнады,
Алмаймын дегенді биыл ойлады,—
дейді. Төреші Сырымға екінші рет сөз бермей: «келініңді ал!» деп кесім айтыпты.
Сырым батыр мен байсал би
(2-нұсқа)
Сырым батыр шеркеш Байсал бимен құда болысады. Сырым батыр Байсалдың баласына қыз бермек болып, бес жиырма мал алады, балалар ер жетіп, аларына келісіп, күйеу бала малын әкеліп беріп, есік ашып, ұрын келіп жүреді. Сөйтіп жүріп екі жастың ынтымағы жараспай қалады. Байсалдың баласы:
Әке, мен Сырымның қызын алмайтын болып келдім, енді Сырымның босағасын аттамаймын, малыңды қайтып ал,— дейді.
Шырағым балам, Сырым бізге мал қайырмайды, тентек болып, айрылыспалық,— дейді Байсал баласына.
Жоқ, әке, айтқан антым бар, айтқаным айтқан. Мал солай кетсе де, алмаймын дедім, алмаймын,— дейді баласы. Шара жоқ, Байсал Сырымға адам жібереді.
Құдаңыз сәлем айтты, өз көңілімде ещ нәрсе жоқ, балалардың дәм-тұзы жараспай қалыпты, малымды беріп жіберсін деді құдаңыз,— дейді Сырымға барғаң адам.
Өй, атаңа нәлет! Мен Байсалдың малын бағып беруге алып па екем?— деп адамдарын Сырым қуып жібереді.
Бірер аптадан кейін Байсал құданың өзі келеді. Сырым баяғыша қонақ етеді.
Ал, Байсал, сенің жұмысың маған белгілі ғой, ал бұл туралы ханға барып жүгінелік, диуан саған тисе, малыңды қайырамын,—дейді, Байсал «жарайды» деп екеуі жолдастасып жүріп отырады.
Сырым хан аулына жақындап қалғанда: ,— Ей, Байсал, екеуіміз балалар жаста құда болып, су мен сүттей араластық. Енді хан аулына барып айтысып жатсақ, ұят болмай ма? Ордада келімді-кетімді кісі де көп болар. Онан да басқа біреуге жүгінейік,— дейді. Бұны Байсал да мақұл көреді. Екеуі жолдан бұрылып, Адай-Атақозы биге жүгініске келеді.
— Сендердің араларыңда арғы-бергі сөз көп болар, оның бәрі маған керек емес, сендер бес ауыздан тақпақ сөзбен, арыздарыңды айта қойыңдар. Байсал, сен талап иесі ең ғой: Сөз алдымен саған беріледі, әуелі сен айт,— дейді Атақрзы. Сонда Байеал:
Сырымға құда болдым даңқыменен,
Араласып сыйласуға халқыменен;
Бес жиырма мал бердім бұрынғы ата-бабаның салтыменен.
Қара нарға қалы кілем жауып бердім,
Арғымақ жылқының асылын тауып бердім.
Күндердің күнінде
Алтын дегенім мыс болды,
Мыс дегенім жез болды,
Сондықтан малымды іздеп келген талапкермін,— дейді. ,
Байсалдың құда болғаны рас даңқымменен,
Араласып сыйласқаны да рас халқымменен.
Бес жиырма мал алғаным да рас бұрынғы ата-баба салтыменен.
Бұның баласы үш жылдай қалыңдық ойнады,
Құлындай байлап, тайдай жайлады.
Өз мақсаты біткен соң алмаймын дегенді енді ойлады.
Мен онысына көнбедім,
Төре биді іздедім.
Төресін әділ берер деп,
Алдыңызға келгенім,—
дейді Сырым.
Ал, шырағым Байсал, балаң үш жылдай қалыңдық ойнаған болса, малың қайтқан екен, енді саған мал тимейді. Алсаң жесіріңді аласың, алмасаң үйіңе барасың,— дейді Атақозы.
СЫРЫМ МЕН БАЙСАЛ
(3-нұсқа)
Байбақты Сырымның қызын Алаша Байсал би көп мал беріп баласына айттырады. Бұлар бірнеше жыл өткеннен соң Байсалдың баласы Сырымның қызын алмайтын болады. Байсал Сырымға кісі жібереді.
Балам қызыңды алмаймын дейді, менің берген ма-лымды қайтарып берсеңіз екен,— деп.
Мен Байсалдың малын бағып беруге алғаным жоқ, алса қызымды берем, алмаса өзі білсін,— дейді Сырым.
Сонан кейін екеуі хан алдына барып айтыспақ болады. Екеуі жолда келе-жатып кеңеседі:
Ханның. аулында жақсы да, жаман да жиналған, ел көп болу керек, екеуміз барып ханға жүгінуіміз жараспас, біз Атақозы биге барып соның үкіміне риза болсақ қайтеді,— деседі.
Бұл байлауға риза болысып, аттарын бұрып, Атақозы-ның ауылына келеді. Атақозыға жай-мәністерін айтқаннан кейін, Атақозы айтады:
Сіз екеуіңіз белгілі Сырым менен Байсалсыздар ғой, сіздер ұзақ дау айтпай-ақ, екі-үш ауыз сөзбенен қыбқаша жұмыстарыңызды айтыңыз,— депті. Сонда талап иесі Байсал мына сөзді айтыпты:
Қозеке мен Сырымға құда болып едім даңқымен,
Араласып сыйласуға халқымен.
Бес жиырма мал бердім,
Бұрынғы ата-бабамның салтымен.
Қалы кілем қара нарға жауып бердім,
Арғымақ жылқының асылын тауып бердім,
Алтын дегенім мыс шығып,
Күміс дегенім жез шығып,
Сондықтан малымды іздеп келген талапкермін.
Сонан соң Сырым айтады:
Байсалдың менімен құда болғаны рас, даңқыммен,
Араласып сыйласты да халқыммен.
Бес жиырма мал бергені рас,
бұрынғы ата-баба салтымен.
Мұның баласы үш жыл қалыңдық ойнады,
Құлындай байлады, тайдай жайлады.
Бар мақсаты біткен соң,
енді алмаймын деген қиял ойлады.
Мен бнысына көнбедім,
Сіздей әділ биді іздедім.
Төресін әділ берер деп,
Осы еді алдыңызға келгенім,
Атақозы диуанды Сырымға беріпті.
Мұнан кейін «Сырым мен Байсал Атақозыға жүгініп, Атақозы диуан беріпті» деген сөзді хан естіпті. Хан бұ-ларға ашуланып, Сырым мен Байсалға еш нәрсе айта алмай, Атақозыны шақыртады. Атақозы ханның аулына келсе^ хан үйінің алдында жүр екен. Атақозы келіп аттан түсіп, «бас тақсыр» деп, ханның қолын алады.
Сонда хан қолын ұстап тұрьш, «ойда орысты, қырда қазақты олжалап жүрсең де, шыр бітпеген бір қасқа екенсің ғой»—депті де, «үйге жүріңіз» деп жүре беріпті. Сонда:
— Тақсыр, тұра тұрыңыз, үйге әлгі сөзіңіздің жауабын беріп кірейін депті де, ханның етегінен ұстай алып, мына сөзді айтыпты:
— Өлеңді жерде өгіз семіреді,
Өлімді жерде молда семіреді.
Қаралысының алдында қатын семіреді,
Халқының қамын ойламаған хан семіреді.
Сіздің семіз болуыңыз халық қамын ойламағаныңыздан болар. Мен қайтсем топтан торғай шалдырмаймын деп, қазақтың жалғыз тайын қалмаққа алдырмаймын деп, бір түнде тоғыз оянамын, тоқсан толғанамын, маған қайдан шыр бітсін,— депті.
Хан жұмған аузын аша алмай үйіне кіргізіп, қонақ етіп, сыйлап шығарып салыпты.
