- •Құрастырушыдан
- •Шешендік арнау сөздер Асанқайғы мен Әз Жәнібек
- •Майқы би мен Алаша хан
- •Байдалы мен Айғаным
- •Жидебай мен Қараменде
- •Үш сыншы
- •Елді бекем билейді, бекемді шешен билейді
- •Бекболат пен бір төре
- •«Шернияз ақын мен Едім»
- •«Біз сізді іздеп келдік Баянас деп»
- •Шернияздың Байсақалға айтқаны
- •Жетпес шешеннің Әбілқайырға айтқаны
- •Ғалымның хаты өлмейді Таймас Жұдас шешен айтты дейтін сөз.
- •Досболдың Әйекеге айтқаны
- •Биікпін деп мақтанба Тобықты Құнанбай айтты деген сөз
- •Жұмырбай ақынның Жәңгір ханға айтқаны
- •Шиырбай жылқышының сөздері
- •Ыбырайдың Есенберліге айтқаны
- •Төле би мен Түлкі бала
- •Сөздің атасы мен анасы
- •Әркім азса, қатарымен азады
- •Жарлының пірі жалтаң ата
- •Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім
- •Үйсінбай шешен мен төре
- •Япырмай, мына тоқты ембеген бе?
- •Бақыт құсы қара шыбынға айналды
- •Кедейліктен жаман жоқ
- •Жолдастың мыңын алма, бірін ал!
- •Білгендерден ғибрат ал
- •Ақтайлақ пен қанай шешен
- •Қатын алма қайын ал
- •«Жар басына үй тікпе!» айтқожа шешен айтты деген сөздер
- •Мен кедейліктен өшімді алдым
- •Қас жақсының белгісі
- •Суда суат жаман екен
- •«Атың жаман болса...» таймас шешен айтты дейтін сөз
- •Ілгері басқан адамға айсерке шешен айтты дейтін сөз
- •Елу ердің жасы
- •Екі жақсы дос болса... Балаби айтты дейтін сөз
- •Шауыпкел шешен айтты дейтін сөз
- •Аққу ұшып көлге кетті
- •Тұяғы бүтін тұлпар жоқ
- •Теңіз бастан былғанды шыңғыс xahfa жыршы айтқан дейтін сөз
- •Ақсақ құлан, жошы хан
- •Сырымның өлімін естірту
- •Қыпшақ ізбасты шешен айтқан дейтін сөз
- •Ауру көңілін kim ашар? байдалы бидің уәли төренің көңілін сұрағаны дейтін сөз
- •¥Лы өлмеген руда жоқ шоқанның өлімін естірту
- •Шорман мен құдайменде
- •Қайғысыз, мұңсыз жан бар ма?
- •Өлімді ер көтереді
- •Уа, ерден!
- •Tұлпар бар ма тұяғы майрылмаған?
- •Сабырлық керек қазаға
- •Шешендік толғау сөздер б¥л дүниеде не жетім?
- •Бүл дүниеде не жаман?
- •Байқасаң, жақсы қандай, жаман қандай!
- •Б и ik тауға жарасқан Алтай Байдалы айтқан деген сөздер
- •Түнді қанша мақтасаң...
- •Тауға біткен қайыңның Беріш Есет батыр айтқан деген сөз
- •Қара жерді жамандама Айдабол Торайғыр айтты деген сөз
- •Шаруаның екі түрі Тобықты Құнанбай айтқан дейтін сөз
- •Барыс, барыс, барыс ойнар арғын алшынбай айтқан деген сөз
- •Б¥л дүниенің баласы
- •Бұлбұл үйрек, бұл үйрек Шекті Мөңке би айтты деген толғау
- •Өнер алды — қызыл тіл
- •Ит асырасаң, сырттан жи
- •Бала болсаң, болғандай бол
- •Өткел өтсең бұрын өт
- •Тау берігінде қонысың болсын
- •Қас жүйріктің белгісі
- •Айдан жақсы нәрсе.Жоқ
- •Әуеде бұлт бар
- •Арғымақ жабы көрінер
- •Еліңде жақсы көп болса
- •Ойнарқы жүйрік ойнақтап... Керей Тоймас шешен айтты деген сөз
- •Барлы, барлы, барлы тау Айдабол Торайғыр айтқан дейтін сөз
- •Бұл заманда не ғаріп
- •Жақсы жігіт белгісі
- •Қонақжайлық белгісі
- •Көкірек таза болмаса...
- •Талассаң бағаң кетеді
- •Жарысқа түспей бәйге алмас
- •Асаубай мен құлтума
- •Балпық би мен дарабоз бәйбіше
- •Өзі болған жігіттің түп атасын сұрама
- •Түлкі дауы
- •Ұлан тұз сақтайды, ұрғашы ін сақтайды
- •Қанайұлы бекболат шешен
- •Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі
- •Тәбітай мен шорман
- •¥Лы би қалжың болмас
- •Наудың шақша дауы
- •Қу мен момын
- •Абай мен шәкі шешеннің кездесуі
- •Ешкі егіз табады
- •Боран батыр мен жантай дауы
- •Басықара датқа мен мөңке бала
- •Түбінде көріктіден текті озар
- •Ақтайлақ шешен
- •Сырымға қатысты шешендік сөздер сырымға қатысты шешендік сөздер*
- •Бала сырым
- •Отын олжа, су нұрлық
- •Бала сырым мен билер
- •Сырым мен ноқылық
- •Малайсары мен сырым
- •Сырымның сыннан өтуі
- •Қайғысыз хан семіз
- •Ата тұрып ¥л сөйлесе ержеткен болар
- •Шалдың үш түрі бар
- •Бір жігіт бар тек жатады
- •Сырымның екі рет сөзден жеңілуі
- •Бөкен қарттың сырымға бергең батасы
- •Әйелді қорсынбаңдар.
- •Табылдырықтан биік тау жоқ
- •Сырымның мөңкені жеңуі
- •Сырымның әйелге қамқорлығы
- •Бақай қарт пен сырым
- •Ақмоншақ at
- •Балаби мен сырым
- •Мөңкенің сұрағына сырымның жауабы
- •Көпес пен сырым
- •Сырым мен зілғара
- •Сырым батыр мен байсал би
- •Сырым батыр мен ақсуат би
- •Тасып жүргенім жоқ... Сасып жүрмін
- •Сырымның малайсарымен ақылдасуы
- •Нұралы мен сырымның құдалығы
- •Сырым мен нұралының қақтығысуы
- •Сырым батырдың нүралы ханды шапқаны
- •Сырымның ңүралы ханды шабуы
- •Сырым батырдың нұралы ханды шапқаны
- •Сырымның ңүралы ханды шабуы
- •Сырым батырдың ханды шабуы
- •Хан мен сырым
- •Хиуа ханы мен сырымның қағысуы
- •Алдар бидің сұрауына сырымның жауабы
- •Сырымның үргеніш шешенімен айтысы
- •Молда мен сырым
- •Сырым мен ишан
- •Хиуа ханы мен сырым
- •Сырымньщ хиуа ханын сөзден жеңуі
- •Сырым батырдың қайтыс болуы
- •Сырымның өлімін естірту
- •Қазының төрелерге қайтарған жауабы
- •Қазының шектінің шалынан жеңілуі
- •Шоқай meн қазының әзілі
- •Қайырлы би мен мұхтар әкім
Бала сырым
Сырым кішкене бала күнінде далада бір қарт кездесіп, оған сәлем беріпті. Сонда қарт:
Балам, аман ба? Кімнің баласысың?— депті.
Сенің балаңмын,--депті Сырым. Тағы сұрапты, Сырым әлгі сөзін тағы қайталапты. Үшке дейін сұрапты, Сырым сол жауабын үшке дейін қайталапты. Содан соң қарт:
Here менің балам боласың?— депті.
Е, неге сенің балаң болмаймын, өзің «балам, аман ба?» дедің ғой!»-- деппі Сырым сонда.
Отын олжа, су нұрлық
Сырым 15 жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралу ханның аулының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрған хан баланы шақырып алып:
— Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетеді, Ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, есің неден кетіпеді?— дейді.
—- Тақсыр, даланың оты олжа, суы нұрлық, елдін, малы мен акысын жеу ұрлық,—- деп, Сырым жөніне жүре береді.
Бала сырым мен билер
Шеркеш руының бір үйір жылқысын Есентемірдің жігіттері барымталап кетеді. Соньшен екі ру араздасып, шеркеш тұрған би мен Есентемір Бөкен би хан алдында айтысуға кетіп бара жатып, жолда мал суарып жатқан балаға кездеседі. Аттарын суарып тұрьш билердің бірі:
Қатты жерге қақ тұрады деген не, Қатты адамға мал тұрады деген не?— дейді.
Қарсы би оған жауап бере алмай ойланып қалады. Сонда қауға тартып тұрған бала:
Қатты жерге кақ тұрса,
Шөп шықпайіын тақырдағы.
Қатты адамға мал тұрса,
Ақыреттен бейхабар пақырдағы,—
дейді.
Билер бір-біріне қарап, жүрейін деп жатқанда бала:
Уай, ағалар, жолдарыңыз болсын! Үйімде қартым бар. Кешке барғанда, кім көрдің, қандай жұмыспен жүр екен?— деп сұрайды. Сонда сіздер туралы не деймін?— дейді. Жолаушылар жөнін айтып жүріп кетеді. Жолаушы-лар құдықтан жүз қадамдай шыға бергенде, арттарынан бала жүгіріп келіп:
Уай, ағалар, мен сіздерден ақыл сұрай келдім. Бір тоқтым өлді, соны қайтсем сасытпай қажетке жаратамын,— дейді.
Тұз сеуіп, қақтап ал!—дейді билердің бірі.
Ет сасыса тұз себейін, тұз сасыса не себейін?— дейді бала.
Билер баланың бетіне бажырая бір қарап, жауап бер-местен желе жөнеледі.
Құдықтан көз көрім жер ұзап шыққан соң, Бөкен би атын бөгеп:
Тұрлан, мен ауылға қайтамын. Ақымды бермесең, саған ас болсын, әлгі баланың сөзі өңменімнен өтіп кетті. 30 тай үшін екі ел айтысып ханға барғанымыз ұят-ты,— деп бұрылып кетіпті. Артынан сұрастырса, әлгі бала Сырым екен.
Арада бір жыл өткен соң Тұрлан Бөкенге сәлемдесіп:
— Бөке, тәуірсің бе?— дейді.
Отыз байталдың еті сенде, дерті менде болғанмен шүкір, жаман емеспін,—депті Бөкен. Тұрлан үш күннен кейін жылқыларын айдатып әкеп беріпті.
Сырым мен ноқылық
Кешке таман ауылға айдауға түйесін жинай алмай әбігер болып жүрген Сырымға бір шал кездесіп:
— Менің атым Қарабалық — ноқылық,
Әй, бала, мына атты ұстай тұршы,
Екінді намаз оқылық!—
дейді.
— Менің түйе жинайтын кісім жоқ,
Сенің намаздан басқа ісің жоқ,---
деп бала түйесін айдап жүріп кетіпті.
Малайсары мен сырым
Сырым он үш, он төрт жасвшда балалармен ойнап жүрсе, қасынан Қараман Тана Малайсары деген Нұралы ханның биі атпен өтіп бара жатыр екен.
Аға, қай русың?— дейді Сырым сәлем беріп.
Қай руды білетін едің сен? Танамын,— дейді Ма-лайсары баланың сұрауына таңданып.
Тана болсаң: жеті үй Жиембетпісің, бес үй Бессары-мысың, алты үй Асанбысың, қарғыс алған ҚараманбысыҢ, қаңғып өскен Қарақұнанбысың, алғыс алған Қалқаман-бысың, Тананың қайсысың?— дейді Сырым.
Қаршадайынан қақсап тұрған мынау қандай бала?!— деп Малайсары жүріп кетіпті.
* * *
«Қадір би кісі ғой, Қадір жақсы ғой» деп әркімдер мақтай берген соң Сырым' Қадірді іздербарыптьь Үй сыр-тында, төбенің басында бір жапырайған қарт отыр екен. Соған сәлем беріп, көрісіп болған соң, қарт:
Кім баласысың?— дейді.
Дат баласымын, - дейді Сырым.
«Бір арба отыннан бір мүсіндік ағаш» деген осы екен-ау,— депті қарт сонда.
Өзіңді қазыналы шал деп келсем, қазымыр шал екенсін ғой,— деп Сырым бұрылып жүре беріпті.
Сонда қарт:
Ей, бала, тұра тұр,— деп шақырып алып,— мені қазынасыз десең халқымнан сұра, қазымыр десең қатынымнан сұра,— деп, Сырымға батасын беріпті.
