
- •Құрастырушыдан
- •Шешендік арнау сөздер Асанқайғы мен Әз Жәнібек
- •Майқы би мен Алаша хан
- •Байдалы мен Айғаным
- •Жидебай мен Қараменде
- •Үш сыншы
- •Елді бекем билейді, бекемді шешен билейді
- •Бекболат пен бір төре
- •«Шернияз ақын мен Едім»
- •«Біз сізді іздеп келдік Баянас деп»
- •Шернияздың Байсақалға айтқаны
- •Жетпес шешеннің Әбілқайырға айтқаны
- •Ғалымның хаты өлмейді Таймас Жұдас шешен айтты дейтін сөз.
- •Досболдың Әйекеге айтқаны
- •Биікпін деп мақтанба Тобықты Құнанбай айтты деген сөз
- •Жұмырбай ақынның Жәңгір ханға айтқаны
- •Шиырбай жылқышының сөздері
- •Ыбырайдың Есенберліге айтқаны
- •Төле би мен Түлкі бала
- •Сөздің атасы мен анасы
- •Әркім азса, қатарымен азады
- •Жарлының пірі жалтаң ата
- •Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім
- •Үйсінбай шешен мен төре
- •Япырмай, мына тоқты ембеген бе?
- •Бақыт құсы қара шыбынға айналды
- •Кедейліктен жаман жоқ
- •Жолдастың мыңын алма, бірін ал!
- •Білгендерден ғибрат ал
- •Ақтайлақ пен қанай шешен
- •Қатын алма қайын ал
- •«Жар басына үй тікпе!» айтқожа шешен айтты деген сөздер
- •Мен кедейліктен өшімді алдым
- •Қас жақсының белгісі
- •Суда суат жаман екен
- •«Атың жаман болса...» таймас шешен айтты дейтін сөз
- •Ілгері басқан адамға айсерке шешен айтты дейтін сөз
- •Елу ердің жасы
- •Екі жақсы дос болса... Балаби айтты дейтін сөз
- •Шауыпкел шешен айтты дейтін сөз
- •Аққу ұшып көлге кетті
- •Тұяғы бүтін тұлпар жоқ
- •Теңіз бастан былғанды шыңғыс xahfa жыршы айтқан дейтін сөз
- •Ақсақ құлан, жошы хан
- •Сырымның өлімін естірту
- •Қыпшақ ізбасты шешен айтқан дейтін сөз
- •Ауру көңілін kim ашар? байдалы бидің уәли төренің көңілін сұрағаны дейтін сөз
- •¥Лы өлмеген руда жоқ шоқанның өлімін естірту
- •Шорман мен құдайменде
- •Қайғысыз, мұңсыз жан бар ма?
- •Өлімді ер көтереді
- •Уа, ерден!
- •Tұлпар бар ма тұяғы майрылмаған?
- •Сабырлық керек қазаға
- •Шешендік толғау сөздер б¥л дүниеде не жетім?
- •Бүл дүниеде не жаман?
- •Байқасаң, жақсы қандай, жаман қандай!
- •Б и ik тауға жарасқан Алтай Байдалы айтқан деген сөздер
- •Түнді қанша мақтасаң...
- •Тауға біткен қайыңның Беріш Есет батыр айтқан деген сөз
- •Қара жерді жамандама Айдабол Торайғыр айтты деген сөз
- •Шаруаның екі түрі Тобықты Құнанбай айтқан дейтін сөз
- •Барыс, барыс, барыс ойнар арғын алшынбай айтқан деген сөз
- •Б¥л дүниенің баласы
- •Бұлбұл үйрек, бұл үйрек Шекті Мөңке би айтты деген толғау
- •Өнер алды — қызыл тіл
- •Ит асырасаң, сырттан жи
- •Бала болсаң, болғандай бол
- •Өткел өтсең бұрын өт
- •Тау берігінде қонысың болсын
- •Қас жүйріктің белгісі
- •Айдан жақсы нәрсе.Жоқ
- •Әуеде бұлт бар
- •Арғымақ жабы көрінер
- •Еліңде жақсы көп болса
- •Ойнарқы жүйрік ойнақтап... Керей Тоймас шешен айтты деген сөз
- •Барлы, барлы, барлы тау Айдабол Торайғыр айтқан дейтін сөз
- •Бұл заманда не ғаріп
- •Жақсы жігіт белгісі
- •Қонақжайлық белгісі
- •Көкірек таза болмаса...
- •Талассаң бағаң кетеді
- •Жарысқа түспей бәйге алмас
- •Асаубай мен құлтума
- •Балпық би мен дарабоз бәйбіше
- •Өзі болған жігіттің түп атасын сұрама
- •Түлкі дауы
- •Ұлан тұз сақтайды, ұрғашы ін сақтайды
- •Қанайұлы бекболат шешен
- •Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі
- •Тәбітай мен шорман
- •¥Лы би қалжың болмас
- •Наудың шақша дауы
- •Қу мен момын
- •Абай мен шәкі шешеннің кездесуі
- •Ешкі егіз табады
- •Боран батыр мен жантай дауы
- •Басықара датқа мен мөңке бала
- •Түбінде көріктіден текті озар
- •Ақтайлақ шешен
- •Сырымға қатысты шешендік сөздер сырымға қатысты шешендік сөздер*
- •Бала сырым
- •Отын олжа, су нұрлық
- •Бала сырым мен билер
- •Сырым мен ноқылық
- •Малайсары мен сырым
- •Сырымның сыннан өтуі
- •Қайғысыз хан семіз
- •Ата тұрып ¥л сөйлесе ержеткен болар
- •Шалдың үш түрі бар
- •Бір жігіт бар тек жатады
- •Сырымның екі рет сөзден жеңілуі
- •Бөкен қарттың сырымға бергең батасы
- •Әйелді қорсынбаңдар.
- •Табылдырықтан биік тау жоқ
- •Сырымның мөңкені жеңуі
- •Сырымның әйелге қамқорлығы
- •Бақай қарт пен сырым
- •Ақмоншақ at
- •Балаби мен сырым
- •Мөңкенің сұрағына сырымның жауабы
- •Көпес пен сырым
- •Сырым мен зілғара
- •Сырым батыр мен байсал би
- •Сырым батыр мен ақсуат би
- •Тасып жүргенім жоқ... Сасып жүрмін
- •Сырымның малайсарымен ақылдасуы
- •Нұралы мен сырымның құдалығы
- •Сырым мен нұралының қақтығысуы
- •Сырым батырдың нүралы ханды шапқаны
- •Сырымның ңүралы ханды шабуы
- •Сырым батырдың нұралы ханды шапқаны
- •Сырымның ңүралы ханды шабуы
- •Сырым батырдың ханды шабуы
- •Хан мен сырым
- •Хиуа ханы мен сырымның қағысуы
- •Алдар бидің сұрауына сырымның жауабы
- •Сырымның үргеніш шешенімен айтысы
- •Молда мен сырым
- •Сырым мен ишан
- •Хиуа ханы мен сырым
- •Сырымньщ хиуа ханын сөзден жеңуі
- •Сырым батырдың қайтыс болуы
- •Сырымның өлімін естірту
- •Қазының төрелерге қайтарған жауабы
- •Қазының шектінің шалынан жеңілуі
- •Шоқай meн қазының әзілі
- •Қайырлы би мен мұхтар әкім
Балпық би мен дарабоз бәйбіше
Жалайырдың Суаннан мал үрлауға барған екі адамы суға кетіп өліпті. Бұл өлімге Жалайыр елі құн сұраса, Суан Қожамбет би теңдік бермепті. Сол дауға Балпық би бармақшы болып, Жалайырдың атақты әйелі Дарабоз бәйбішемен ақылдасыпты.
Сонда Дарабоз бәйбіше айтыпты:
Қайным, барам десең жолың болсын, бірақ Суанның Қожамбеті алдыра қоймас, сонда да барып қағысып көр, ақылы бар адам ғой, осы істі өзің бітір дер, сонда алынып қалма!—депті.
Балпық Суанға он адам ертіп барыпты. Балпықтың келгенін есітіп Қожамбет үй тіктіріп күтіпті. Үш күннен соң Қржамбет:
«Жолың болсын» депті. Балпық істің мәнін айтыпты. Қожамбет: «Бұл істің құнын өзің кес!»—депті.
— Біздің елден кеткен екі саяқ,
басына тиіп еді бұрын таяқ.
Ер састы, етегін басты,
Мен білсем осыған ел де, су да ортақ,—
депті Балпық.
Қожамбет дұрыс көріп, бір адамның құнын беріп, «жо-лыңа» деп бір нар түйе, бір жақсы ат беріпті. Балпық елге келген соң, Дарабрз бәйбіше: «Қайныма айт, олжасы-нан берсін»,— деп сәлем' айтып жіберіпті. Балпық «өзім жолығайын» деп Дарабоз бәйбішеге келіп: «Жол сұрағаның рас гіа?»—депті. Дарабоз бәйбіше:
«Әйел жолға шықпайды, жорада құр қалмайды» деген бар емес пе еді? Қайным, білетін жолыңа білместік етесің-ау!— депті. Балпық сөзден тосылып:
Әкелгенім мынау, қайсысын аласың?—деп олжасын алдына салыпты. Дарабоз бәйбіше:
Ағаң ұяң адам ғой, әдейі қайным әкеп берген олжа деп дүниеліғімді артып жүрейін, ақ атанды бер!— деп атын өзіне қалдырып, атанды алыпты.
Өзі болған жігіттің түп атасын сұрама
Орта жүздің бір адамының құны Кіші жүзден көптен тимей жүреді. Кейінгі уақытта Жайық бойындағы Кіші жүзден Арғынғазы деген хан шығыпты,, «өзі қара қылдьі қақ жарған әділ дейді» деген лақап тарайды. Соны естіп, неше жылдан бері қарай тимей жүрген құнын сұра-маққа Торғай уезіндегі Арғындардан сол уақыттағы ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен билерден бес-алты адам Арғынғазыға баруға атқа мінеді. Кіші жүзге бара жатқан-да билер:
Ханға қалай танып көрісеміз, ханның өзі де, қасын-дағы билері де бір түсті ақ киім кшп отырады дейді,— деп өзара» кеңеседі. Сонда Жауғашар Меңдібай шешен ханды танып көрісуді өз мойнына алады. _
Ханның ордасына рұқсат сүрап түсіп, есіктен сәлем беріп кірісімең, Мендібай шешен орда толы отырған шаршы топқа қарап:
Хан, еенің атаң хан болып үлкен болғанмен, зуіенің атам Жәнібекке күйеу еді. Сен жиеннен туған жиеншар едің. Қасыңдағы қарашың отырып көріссе де, сен маған тұрып көрісуге міндеттісің!—дейді.
Сонда Арғынғазы отырған орнынан ұшып түрегеп, қол-дарын алып көріседі. Сөйтіп ханды басқаларынан айырып танып алып, амандасьіп, тамақ ішіп жайланғаннан кейін Сексенбай би ханға келген жүмыстарының мәнісін айтып:
Біздің келген жұмысымыз туралы сөзді кім бастай-ды? Кәне, қолға ала отырайық,— дейді.
Арғынғазы ханның қасында отырған Арық би:
Төрде отырған ханнан басталсын, болмаса төрт боса-
ғаның бірінен басталсын,— дейді. Сонда Сексенбай отырып
Арық биге қарап:
Босаға төртеу емес, сегіз еді ғой!—дейді.
Арық Сексенбайдың аяқтан шалғанын ұнатпаған пішін-мен:
«Өзенді жер тұрғанда,
Өзге жерге қонған ит.
Өзі болған жігіттің
Түп атасын сорған1 ит»—
деген-ау! Мына Сексенбайдың қылып ртырғанын қарашы,— депті. Сексенбай: «Бұл сөз екеу емес, төртеу еді ғой»— дейді... Арғынғазы хан сөзді осы арадан пьщіақ кеекендей тоқтатып:
Ой, Сексенбай би мен АрЫқ би, тоқтай тұрыңдаршы! Мына Сексенбай бидің бір-екі ауыз сөзі шешілмей кетіп барады. Бір ретте «босаға төртеу емес, сегіз еді ғой» деді. Екінші ретте «бұл сөз екеу емес, төртеу еді ғой» деді. Соны сұрайық деп, т\рықты тоқтатып Сексенбайдан сөз сұрагіты.
—- Уа, босағаны сегіз деуімнің мәнісі: кеше Үш жүздің баласы ақтабан шүбырынды болып, әр жаққа тарап қоныс аударғанда, Үш жүздің арасынан кісі өлімі болса, құны пәлен болсын деп, Үш жүзден сегіз кісі шығып билік айтып, қазақтан хан болған адам құн туралы осы билікті қолдансын,— деп тапсырып кетіп еді. Ол билік айтқан сегіз кісі: Тама Есет батыр, Табын Серке, Қаракесек Қазыбек, Бөгенбай, Қошқарұлы Жәнібек, Малай сары, Қанжығалы Қаракерей Қабанбай деген адамдар еді. Мына бір құн туралы хан алдында сөйлесіп отырмыз, сөз хан-нан да, төрт босағадан да басталмай, сол Үш жүзден шығып билік айтқан сегіз адамның жолы бойыніыа жүрейік, хан туралы көп сөз болмасын дегенім еді.
Екінші—жаңа Арық би сөзін маған тигізіп:
«Өзенді жер тұрғанда,
Өзге жерге қонған ит.
Өзі болған жігіттің,
Түп атасын сорған ит»—
деді. Оның қалған екеуі:
«Батпан бұлың жоқ болса,
Базарлы жерге барған ит.
Жебелі ерің жоқ болса,
Жертесесін сорған ит»—
деген сөз еді.
Арықтың бұл маған тигізіп отырған еөздері, «Өзенді жер тұрғанда, өзге жерге қонған ит» дегені: өзі Үш жүзден шығып билік айтқан сегіз адамды білмей, қасында өзен сияқты хан отырғанда сөзді кімнен басталады деп сұрады дегені еді. «Өзі болған жігіттің түп атасын сорған ит»,— дегені: менің атам құл еді, ханның жолын білмей нәсілсіз-дігіне барып отыр деп мені ит дегені еді. Арық би хан қасында отырып, Үш жүздің ығай мен сығайы тастаған қасқа жолды білмей отырса не шара бар?
Менің «Батпан бұлың жоқ болса, базарлы жерге бар-ған ит»— дегенім: еш нәрсені, ескі қазақтың жолын білмей отырған Арықты бас би етіп саудаға салып отырған Арғын-ғазы хан ит дегенім еді. «Жебелі ерің жоқ болса, жер тесесін сорған ит» дегенім: еш нәрсенің өрісіне, ақырына қарамай Арық би менің атамның құлдығын қазды; шынында ханның қасындағы би алысқа ббйлап ұзай алмайтын жебе-сіз болса, кісінің өзійе қарамай нәсіліне қараған, мына жер төсімді (атамды) қазған би сен ит дегенім еді депті,
Арғынғазы Сеқсенбайдың сөздерінен жығылып, Арыққа ұрысыпты. Үш жүзден шығып билік айтқан жоғарғы адам-дардың билігі бойынша орта жүзге құн беріп қайырыпты.
ТАЛАССАҢ ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ ТАЛАРСЫҢ
Тіленші мен Кеңгірбай Қаракесек Тобықтының тұстас билері болған екен. Тіленші қалың Қаракесектің биі, сондықтан көңіліңде өзін аға тұтқан ірілік болады. Бұл мінезді Кеңгірбай сезеді. Сондықтан екі би іштей арбасып жүреді. Осындай халмен жүргенде, Тіленші Тобықтымен көрші Буралардың жұмыеына билік айта келеді. Сонда Буралар Тобықтыдан көретін мазасыздығын айтқанда, Тіленші өзі бармай қасындағы бір жолдасын жіберін, Тобықтыға тыю айтады. Бұл іс Кеңгірбайға ауыр тиеді. Сондықтан жігіт-терін жиып, «Тіленші мен барлық жолдастарының атын алып, жаяу тастап келіңдер!»— деп аттандырып жібереді. Бірақ жіберген жортуылшылары Тіленші жатқан ауылға келгенде, билер кетіп қалып, артыңда екі-үш жолдастары ғана қалған еқен. Солар ауылдан аттанып былай шыққанда Тобықты жігіттері үшеуінің^атын, тонын алып, жаяу тастагі кетеді. Түн суық, қыстың күні екен. Ел таба алмай жаяулап қалған, бір жағынан киімі жоқ жолаувдылардың біреуі үсіп өледі. Қісінің өлімі Кеңгірбайдан болғанын естіген соң, жаз шыға Тіленші екі жүз қаралы кісімен Тобық-тыға аттанып, Кеңгірбайдың аулына келе жатады. Тобық-тының басты кісілері қалың Қаракесектің Тіленшідей биі-нен ығысып, Кеңгірбайға Қаракесектің келе жатқанын хабарлап айтып, ақыл сұрай келеді. Сонда Кеңгірбай жарьі-тып жауап бермейді: «Әлгі бір өлеңші неме бар емес пе еді?» дейді. Ел кісілері бұл сөзді ұғып алыпу Алтыбай, ақынды келе жатқан Тіленшінің алдынан жібереді. Алды-нан Алтыбай келгенде, ашумен түгі сыртына теуіп ісініп келе жатқан
Тіленші сәлемін алмай: «Мына біреу кім?» деп сұрайды. Сонда Алтыбай ақын:
— Мен Алтыбай ақын өлеңші,
Сен Бекболат ұлы Тіленші.
Сенің ата-тегің жақсы еді-ау,
Ана тегің болмаса,
Ел бүлдірген өренші.
Алдыда келгеңде,
Әділдіктен бұзылдың.
Ата-анасы мен бе едім,
Терісінен соққан қызылдың?
Сен бұл барғаннан барарсың,
Бес-алты тай аларсың,
Елге бүлік саларсың.
Адалыңды арам қып,
Бір пәлеге қаларсың.
Үры кетер түн асып,
Ақ бұлды адал құн кетер,
Барымтаға ұласып.
Талассаң — талас жарқыным,
Өзіңді — өзің таларсың!—
депті.
Бұл сөзге Тіленші жауап бермейді. Бірақ Алтыбай айтқан сөзден маңыйдағы жұрт әрбір жайды түсінеді. Бұл сөздің арты ұлғайса ешкімге пайдалы брлмайды, ұрлық пен барымта күшейеді, шығындап шашылатын да, рәсуаланатын да Арғынның баласы болады деген сөзді ұғады. Сондықтан Қаракесек Тобықты ортасына келіп түскенде, екі жағы да бұрынғыдай емес, бітімге бейімделіп сөз сөйлейді. Сонда Кеңгірбай бітімнің межесін көрсетіп қо-лындағы жүзігін беріп жібереді. Бұнысы: «кісі өлген ел өлтірушіден қыз алып, құда болып бітсін» деген сөз екен. Қаракесек те ол сөзге тоқтап, құн белгісіне бота ішік бастатып жеті жылқы алып, құда болып қайтыпты.