Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРНАУ СӨЗДЕР.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Жарлының пірі жалтаң ата

Бір ауысқан малын сұрап, мазалай берген біреуге Досбол былай депті:

Жарлының пірі жалтаң ата,

Ұрының пірі қалтаң ата.

Іскердің пірі тепшім ата,

Кәрінің пірі кекшіл ата.

Көнбеске кемі деген,

Сол кекшіл атаға

Қол беріп жатырмын.

Жаманмен жолдас болсаң,

Жүрегіңді жара алады.

Ұрымен жолдас болсаң,

Көңіліңді қара алады.

Жайды білген тамыр жай кетеді,

Осы жолы тынышымды алмай-ақ,

Шырағым, енді бір оралсаң нең кетеді?!

Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім

Ноғайлының ханы Әз Жәнібек халықты жиып:

— Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады?— депті.

Жиылған халық көп дағдарып: . Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз. Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып,— деп шешіпті.

Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты. Сонда Әз Жәнібек хан:

— Елде келмеген кім қалды?— деп сұрапты.

— Келмеген Қарабас шешен қалды,— депті халық. Әз Жәнібеқ Қарабасты шақыртып алып, әлгі сөздің шешуін сұрапты: Сонда Қарабас:

— Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой!

Оты жоқ жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім.

Елінен ауған ер жетім,

Тыңдаушысыз сөз жетім,

Жоқтаушысыз қыз жетім,—

дейді.

Сонда Әз Жәнібек:

— Сенің атыңды қоюшы адам ақылсыз екен. «Кара-бас» дегенше «Алтынбас» десе болмай ма?— деген екен.

Үйсінбай шешен мен төре

Үйсінбай шешенді Қамбар тере сөз бастауға басшы қылып қасына ертіп жүріпті. Үйсінбайдың туысқандары оған мастанып, елге зорлық қылып, малдарын ұрлап жей беріпті. Қуғыншыға теңдік бермепті, Үйсінбайдың тілін алмапты. Балалардың ісі төреге мәлім болып, төре Үйсін-байды шақыртыпты.

Үйсінбай екі рет шақырғанға келмей, үшінші рет шақырғанда келіпті. Төре бұған ашуланып:

— Ей, сен шаңырақ көз ұры, шақырғанға келмей тасиын дедің бе? Екі рет шақырдым — келмедің,— деп қалш-калш етеді. Сонда Үйсінбай:

Мен келмейін дедім бе?

Есік алды ор болды.

Үйдің арты жар болды,

Бай бетке қонды,

Керей шетке қонды,

Етек-жеңім шолақ болды,

Киюге тоным жоқ-ақ болды.

Кір қолыммен сізге келе алмадым,—

депті.

Сонда төре: «Рас айтады-ау, жорғам!»— деп, ашуын басып, қолын алыпты.

Япырмай, мына тоқты ембеген бе?

Досбол бір үйге келіп отырса, үй иесі бір арық тоқты әкеліп, бата сұрайды. Сонда Досбол шешен:

Япырмай, мына тоқты ембеген бе,

Бой салып енесі оның имеген бе?

Немесе көп қойдан шөп тимеген бе?

Әйтпесе,, қатын сауып қақтаған ба,

Болмаса қойшы оңдап бақпаған ба?

Жаз бойы ажал алмай, арам өлмей,

Досболға әдейі арнап сақтаған ба?—

депті.

Сонда үй иесі, арық тоқтыны қоя беріп, семіз ісек әкелуге мәжбүр болыпты.

Өсіре гөр өрісін,

Үзарта гөр желісін.

Құдайыға айтқан қойыңның

Алып қалма терісін.

Көрдің бе көп жамиғат,

Тоным шықпай жүр еді

Мына құдай берісін!—

депті Досбол сонда.

Бақыт құсы қара шыбынға айналды

Бірі соқыр, бірі таз Байсын, Байжан дейтін екі би бір күні қартайып отырған Досбол биге барыпты. Амандасып қона-түстеніп отырып:

— Уа, қарт! Заманыңызда аузыңызбен құс тістеген жүйрік едіңіз. Енді қарттық жеңді. Бұрынғыдай самғап ұшқан күніңіз жоқ. Кәрі қойдың жасьшдай жасыңыз қалды. Төріңізден көріңіз жақын. Бұл дүниеден «не көрдім» деп барасыз?— депті.

Досбол ақылымен емес, малдың арқасымен атқа мінген әрі парақор Байсын мен Байжанды жек көреді екен. Оның үстіне өктемсіп, орынсыз сөйлеп, «төріңізден көріңіз жақын» деген сезі көңіліне ауыр тиіпті.

— Е, шырақтарым, Байсын мен Байжан! Мен не деп барар дейсің? Баяғы аруақты ерлерге қонатын бақыт құсы енді бір қара шыбынға айналды. Ұшып таздың басына, соқырдың көзіне қонатын болды деп барам-дағы,— депті Досбол.

Екі болыс үндей алмай үйден шыға жөнеліпті.