Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шешендик соз.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
101.38 Кб
Скачать

Байсерке абыз айтқан сөз.

Ертіс бойында туып -өскен Байсеркенің есімі елге ерте танылып, сөзге шешен жөн білетін болғандықтан абыз атанған. Ел аузындағы әңгімелер мен кейбір деректерге қарағанда, 1779 жылы туып, 1889 жылы дүниеден қайтқан болып шығады. Байсерке абыздың сөзедері ара –тұра газет –журналда жарық көріп келеді. 1967 жылы жарық көрген «Шешендік сөздер» деп аталатын кітапта «Шоң, Торайғыр сенбісін мақтап жүрген» деген сөзді Байдалы би айтыпты делінген. Бұл шындыққа сай келе бермейді. Неге десеңіз, Байдалы би 1829 жылы дүние салған. Ал, бұл сөзді Байсерке абыз Шоң би Баянауыл дуанына аға сұлтан болып бекітілгеннен көп уақыт кейін, яғни, 1838 жылы айтқан. Байсерке абыздың мына бір толғауына көңіл бөлсек:

Ат қадірі желгенде білінеді,

Ер қадірі өлеңде біленеді.

Келіннің жақсысы келгенде білінеді.

Ағайынның жақсысы

Басында іс түскенде білінеді.

Жамандардан би қойсаң,

Алмастырар елінді.

Жүлделі сөзді бара алмай,

Сындырар күнде белінді.

Жақсылардан би қойсаң,

Бәйге атындай сенімді.

Сыйлап- сипап құрметпен

Көркейтер күнде елінді.

Тандап тауып жолдас бол

Айнымайтын жақсы теңінді.

Сабырлықпен шыдаған

Ерлерді айт сенімді.

Ақылды Қыз бен Аңқау жігіттер

Бір елдің ру басы білгір биінің әйелі өледі.Би әйел алу үшін елде басы бос қыз бар ма деп сұрастырады.Жапсарлас елде бір байдың қызы бой жетіп отыр деп есітіп, қызды көріп келуге үш жігіт жібереді.Жігіттер байдың үйіне келсе, үйде бойжеткен қыздан басқа адам жоқ екен.Жайғасып отырған соң қыз шай қайнатып алып келеді, сол уақытта жігіттер сөз тартып, қызды сынамақшы болады.

- Әкең қайда кеткен? – дейді жігіттің біреуі сөз бастап.

- Әкем 50 сомды 10 тиынға айырбастай кетті, - дейді қыз.Жігіттер түсінбей, біріне-бірі қарайды.

- Ал шешеңіз қайда кеткен? – дейді екінші жігіт отырып.

- Өлген адамды тірілтуге кетті, - дейді қыз.

Жігіттер бұл сөзге де түсінбейді.

Бір жігіт байқаусызда ыстық шайды ұрттап алып, аузы күйіп қалады.Қызға білдірмегенсіп, жоғары қарап:

- Мынау қандай жердің ағашы екен? – дейді күлдіреуішті.

-Ол – саздау жердің ағашы, сабырсыз ердің сазасы, - дейді.Осымен жігіттер біраз үндемей шай ішіп отырады.Бір жігіт бауырсақты аузына екі-екіден тастап отырады да, әлден уақытта:

- Бір ат мына маткені нешеуден тартып келді екен? – дейді.

- Жақсы ат бірден, жаман ат екіден тартып келді – дейді қыз.Жігіттер қыздың бірде-бір сөзіне түсінбей қайтып келеді.Келген соң би:

- Иә, барыңдар ма, қыз қандай екен? – дейді жігіттерге.

- Көрдік, не айтып, не қойғанын түсіне алмадық, - дейді жігіттер.

- Иә, сендер не дедіңдер, ол не деді?

- Біз «әкең қайда» деп едік, ол «әкем 50 сомды 10 тиынға айырбастай кетті» деді. «Шешең қайда кетті»деп едік, «өлгенді тірілтуге кетті» деді.Үй төбесінің маткесін «қандай жердің ағашы» деп едік, « саздау жердің ағашы, сабырсыз ердің сазасы» деді. «Бір ат осы маткенің нешеуін тартып келді екен» деп едік, «жақсы ат біреуден,жаман ат екеуден тартып келді» деді.Бір дұрыс жауап естімедік, - деді.

- Онда қыз ақылды екен, сендер ақымақ екенсіңдер, - депті би. - Әкесі қоян аулауға кеткен екен.Қоян қуып жүргенде аты жығылып өлсе, 10 тиындық қоян үшін 50 сомдық атынан айырылмай ма? «Шешем өліні тірілтуге кетті» дегені – шешесі өлген адамға бата қыла кеткен екен.

Асығып ұрттаймын деп біреудің шайға ауыздарыңды күйдіріп алған екенсіңдер, сол үшін «саздау жердің ағашы, сабырсыз – ердің сазасы» деген екен.

Біреулердің шайға салған бауырсақты ауыздарыңа қос-қостан салған екенсіңдер.Сол үшін «жаман ат екіден тартады» - деген екен ғой! - дейді.