Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шешендик соз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
101.38 Кб
Скачать

Жақсыбай шешен

Алтай тауын мекендеген он екі Абақ керей деген ел бар. Осы ХІХ ғасырдың орта кезінде Әжі деген төре билеген екен. Әжінің әкесі Көгедей төре атақты Абылфейіз ханның Тұмар деген әйелінен туған. Көгедей, Әжі -әкелі –балалы екеуінің бейіттері Шығыс Қазақстан облысы,Зайсан ауданында қазірге дейін бар, осы күнгде жер аттары болып аталады. Осы Әжінің Абақ керей елін билеп тұрған кезінде Керейдің Жәнкерей руынан шыққан Жақсыбай деген биі болыпты. Жақсыбай өз заманының әділі аталған шешен адам екен. Сол кезде Жақсыбай қарт адам болса керек. Бүкіл Жантекей ақсақал тұтып, қадір, құрмет көрсететін болғандықтан Әжі төре Жақсыбайдан іштей ығысады екен.

Елде бір үлкен бай өліп асын беріпті. Сол аста бір кедей жігіт анадайда келе жатқан бір топ әйелдерді көріп:

- Ана бір топ қатын келеді, қай үйге түсіреміз? –депті. Мұны төренің жандай –шаптары естіп қалып:

- Сен, төренің ханымын қатын дедің, -деп жігітті өлмеші етіп сабап, есінен тандырыпты. Келе жатқан әйелдің ішінде төренің әйелі бар екен. Жігіт байғұс байқамай «қатын» деп айтып қалыпты. Жігітті сүйреп билердің алдына әкеліпті. –Билер «ханымды қатын деу әдепсіздік» деп,жігітке жеген таяқтың үстіне ат босатқан бір тоғыз айып кесіпті. Жанға да, малға да бірдей келген екі жазаға шыдамаған жігіт бөлек бір үйде жатқан Жақсыбай биге келіп, болған істі мәлімдеп, арашалап алуды өтініпті.

Жақсыбай шешен сөзді түгел ұғынып болған соң жолдастарына:

-Ат ерттеңдер, түгел маған еріп жүріңдер, мына жігіт бірге жүрсін. Мен не айтсам бәрің маған ілесіп менің айтқанымды айтыңдар! –деп бұйырыпты. Ат ерттеліп, 30-40 адам атқа мініп Жақсыбайдың артына еріпті. Асқа тіккен екі –үш жүз үйдің көшесімен аяғынан басына дейін барыпты және жүріп келе жатып: «Әжінің ханымы ханым емес, қатын» деп ұран таратып отырыпты, оны барлық жолдастары бірге айтып қайталап отырыпты. Осымен Жақсыбай өзі жатқан үйге келіп түскен соң, бағанағы билік айтқан билерге кісі жіберіпті:

- Ханымды «қатын» деуші айыпкер жалғыз ғана мына жігіт емес, ақсақалы мен болып 30-40 кісіге жетті. Ал оны естуші төренің екі –үш төлеңгіті ғана емес, бүкіл қазақ жиыны болды. Айыпкер көбейді, биліктерін қайта кесіп, алымын көбейтіп, бір –ақ айтсын да малын менің қолымнан бір –ақ матап алатын болсын.Осынв барып айтып, бұйрығын алып келіңдер! –депті. Барған адамдар Жақсыбайдың сөзін жеткізгенде, Әжі төре орнынан түрегеліп:

-Айыбы жоқ, таяқ жеген жігіт өзін ұрған үш төлеңгіттің атын алсын. Ханымның қатын екені рас, ақсақал әділін айтып көпке ұқтырды! –депті. Осымен жанжал бітіпті.

Әжі төре мен Жақсыбай шешен.

Әжі төренің болып тұрған кезінде, төренің бір ақ төс қара төбеті болыпты. Бұл төбет бірнеше қасқыр алған екен. Ауылға адам келгенде одан қатты қорқып ығысады екен. Бір күні төре ауыл жанындағы төбешікте отырғанда анадай жерде бір жаяу адам келе жатқанын көреді. Итін адамға қосып сынамақ ниетімен итті босалып жіберіңдер деп дауыстайды. Босатылған итін жаяу адамға айтақтайды. Ит тұра ұмтылып әлгі адаммен алыса түседі. Ақыр аяғында әлгі адам итті жанталасып жүріп шабынан жарып жығады да қайта бұрылып кете барады. Төре кісілері ұстаймыз дегенде, төре рұқсат етпейді. Өйткені ол адамды төре таниды екен.Ол Қара Терлікбай деген б ір кедей, ел аралап жан бағатын адам екен. Төренің ойы оны ұстағанмен алары жоқ. Барған жеріне жіберсе, барған жері оған айыпкер болады. Иттің басын адамның күнімен тең етің өндіріп алмақ екен. Сонымен көп жерлері жараланған Терлікбай Жақсыбай биге барып «төре маған ит қосты» деп жылайды. Жақсыбай би «жарайды, жата бер; төренің сөзіне қарай көрерміз» дейді. Артынан төреден кісі келіп « Елге белгілі қара төбетімді Терлікбай өлтіріп кетіпті осының жолын айтып жөнге салсын» деп төре жіберді» -депті.

Cонда Жақсыбай отырып: - Төренің тентегін мен ұстап отырмын. Иттің құны белгілі. Менің төреден сұрайтын жалғыз ауыз сұрағым бар. Соны айтайын жауабын әкеліп, иттің құнын алындар. Сұрағым мынау:

-Өлген ит, өлтірген адам. Ал екеуін таластырып, тамаша көрушінің аты кім болады екен? Осыны сұрап келіндер, -депті. Төренің кісілері бұл сөзді төреге жеткізгенде: - Қап, амал жоқ, бұған дау айта алмаспын, қайтып бармандар, -депті. Сөз осымен тоқтап аяқсыз қалыпты.