Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялық кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
493.57 Кб
Скачать

6.2 Аймақтар дамуының алғышартттары

Аймақтарды нақты белгілеріне байланысты топтастыру аймақтарды дамыту бағыттарын анықтауға, олардың деңгейін арттырумен байланысты іс-шараларды жасауға мүмкіндік береді. Айтар болсақ, бірқатар аймақтардыдамытудың бірінші кезектегі мәселелеріне құрылымдық қайта құру, өндірістікаппаратты жаңарту, ғылымды қажетсінетін өнім шығаруды ұйымдастыру, жаңатехнологияларды қолдану арқылы машиналар мен құрал-жабдықтар өндіружатады.

Көмірсутек пен басқа да шикізат түрлеріне бай кен орындарын интенсивтіигеру қазып өндіруде жаңа технологиялар енгізу және елдің барлықинвестициялық ресурстарын жұмылдыру арқылы шикізатты кешенді қайтаөңдеу қажеттілігін туындатады.

Ауыл шаруашылық-шикізаттық аймақтар үшінжаңа технологиялар менбиотехнология, гендік инженерия және т.б. жетістіктерін пайдалана отырып,ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және сақтау айналысатын шағынөндірістерді құрумен байланысты мамандануды тереңдету саясатын жүргізукерек.

Тоқырауға ұшыраған аймақтарды дамыту үшінаймақты ұтымдымамандандыру, басқа сфераларды кешенді дамыту жан-жақты қарастырылғанмақсатты, кешенді бағдарламалар қажет.

Бұл мәселелерді шешу үшінмемлекет жекелеген салаларды таңдамалықолдау бойынша іс-шараларын қолданады, артта қалған аймақтарды қолдаумен ынталандырудың дәстүрлі механизмдерін қолданады. Мұндаинвестициялар мен аймақтарда қолайлы инвестициялық климатқалыптастыруға, жеңілдетілген несие беру мен бюджеттен тікелейқаржыландыруға басты орын беріледі. Тұйық сипаттағы мәселелер әрбіраймақтың нақты мақсатты бағдарламалары арқылы шешімін табуы тиіс.

Аймақтандыру процесі өндірістік,әлеуметтік,ресурстық, және саяси факторлар жүйелерінің әсерімен қалыптасады. Төменде соның үшеуі айтылған.

1.Аймақты қалыптастыру факторы ретінде өндірістік күштерін ұйымдастыру нысандары мен деңгейіне және оның шаруашылық мамандануына әсер етеді.

2.Аймақты қалыптастурудың маңызды элементінің бірі территориялық еңбек бөлінісі. Оның екі жағы бар,шаруашылық мамандануы және мамандандырылған территориялық арасындағы экономикалық байланыстың даму деңгейі.

3.Аймақты қалыптастыру факторларының тағы бірі ретінде еңбек ресурстарының орналасуын атап өтуге де болады, себебі табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстардың нақты территорияның шаруашылық мамандануының бағытын және өндірістік күштердің даму деңгейін анықтайды.

Қоғамның дамуындағы аймақты қалыптастырушы факторларға талдау жасаудың нәтижесі, олардың тарихи сатыға байланысты өщзгеретінін көрсетеді. Аймақтардың қалыптасуына адам еңбегінің заттануы елеулі әсер етеді. Яғни ,акймақтарды қалыптастыру процесі оны жүргізудің негізгі тәсілдерінің мәнін сақтап отырғанда ғана,динамикалық сипатқа ие болады.

    1. Қр аймақтарының экономикалық проблемалары

Нақты белгілері бойынша біріккен аймақтардың бір-бірінен өзгешеліктері айқын көрініп тұрады. Бұл өзгешеліктер объективті және субъективті факторлармен түсіндіріледі. Объективті факторларға: табиғи-шикізаттық жәнееңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, географиялық орналасуы, ауарайының жағдайлары, халықтың ұлттық құрамы, тарихи қалыптасқан мәденижәне экономикалық байланыстар және т.б. жатады. Субъективті факторларретінде нақты аймақты экономикалық дамыту мәселелері жөнінде басқаруоргандарының шешімдері: инвестициялау, нақты аумақтарды игерудіңқажеттілігімен байланысты өндірістің түрлерін орналастыру, өнеркәсіптіккәсіпорындарды, көлік және инженерлік желілерді және т.б. құру (тарату)туралы. Жалпы алғанда, бұл факторлар нақты аймақтың әртүрлідаму деңгейімен әртүрліәлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтайды. Сондықтанәртүрліелдердің өзін айтпағанда, бір мемлекеттің ішінде де аймақтардыңәркелкі дамуының объективті негізі бар және олар өмір сүрудің маңыздыкөрсеткіштері бойынша жіктелуге әкеледі.

Осымен бірге, бір мемлекет ішіндегі аймақтардың шамадан тыс жіктелуітеріс салдарлы құбылыс болғандықтан, бұл әлеуметтік қайшылықтар менқақтығыстарды өсіреді, ішкі рыноктың және аймақ аралық байланыстардыңдамуын қиындатады, ұлттық бюджетке түсетінсалмақты арттырады және т.б.

Соңғы нәтижеде ұлттық экономиканың тұтастығы мен аумақтық тұтастығынақауіп төнуі мүмкін. Сондықтан елдің шаруашылығын кеңістік бойыншаорналастыруда қамқорлық жасау кез-келген мемлекеттің өзін-өзі сақтаутүріндегі міндетті қызметі болып табылады.

Әртүрліелдердегі аймақтық дамуды реттеудің қазіргі жүйесі1930жылдардағы әлемдік дағдарыстан кейін қалыптаса бастады (әсіресе АҚШ-та);екінші дүниежүзілік соғыстан кейін (әсіресе Батыс Еуропада) бұл реттеу жаңанысанда дамып, соңғы он жылдықта көптеген реформалауға ұшырады. Аймақтық мәселелерді шешпейінше, ұлттық мақсаттарға: толықжұмысбастылық, тұрақты экономикалық өсу, табыстарды әділетті бөлу жәнет.б., жоғары деңгейде жету мүмкін еместігін түсінгендіктен, бұл сферадағымемлекеттің белсенді іс-әрекеті күннен-күнге өсуде.

Бұл экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінде аймақтың саясат депаталатын арнайы аймақтарға бағытталған іс-әрекетке ерекше мән берудің қажетекендігін айқындайды. Белгілі кеңестік аймақтанушы Э.Б. Алаевтың пікірінше,“Мемлекеттің аймақтық саясаты – елдің экономикалық, әлеуметтік және саясидамуын кеңістікте, аймақ деңгейінде, яғни аудандар мен аудан аралық деңгейдебасқару бойынша іс-әрекет сферасы. Аймақтық саясаттыңқажетті құраушылары болып айқындалған мақсаттар, объектілер менсубъектілер және оны жүзеге асыру қаражаттары мен құралдары табылады.

Жалпы алғанда, аймақтық экономикалық саясат мақсаттарының әр елдеәртүрліболуына қарамастан экономикалық тиімділік пен әлеуметтікәділеттілік арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз етуге арналуы тиіс.Олар тоқырауғаұшыраған аймақтардың өндірісін жандандырудан, еркінэкономикалық аймақтар мен өсу н‰ктесін қалыптастырудан, аймақтықөндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттырудан, аймақаралық бірігудікүшейтуден және т.б. тұруы тиіс. Әлеуметтік мақсаттардың ішіндегі еңбастылары – жұмысбастылықты өсіру, табыстарды арттыру, артта қалғанаймақтардың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту, қоғамдық игіліктерге қолжеткізу мүмкіншіліктерін ұлғайту және т.б. Аймақтық деңгейдегі әлеуметтікәділеттілік қағидасы бір елдің азаматтары мен әлеуметтік топтары тұрғылықтымекен-жайына қарамастан қоғамдық игіліктер мен табыстарды алуда бірдеймүмкіншіліктерге ие болғанда жүзеге асады. Бұл қағиданы жүзеге асыружұмысбастылық, табыс, өмір сүру сапасы, даму деңгейлеріндегі аймақтықалшақтықты жою үшінтабысты аймақтардан нашар аймақтарға қаржылықресурстарды қайта бөлуді қажет етеді.

Осыған байланысты, аймақтық саясаттың мәні елдің тұтас әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін, әлеуметтік тұрақсыздықтытуындататын теңсіздікті мүмкіндігінше төмендету болып табылады.

Шетелдік аймақтанушылардың еңбектерінде аймақтық теңсіздіктіңсебептеріне келесілер жатқызылады:

• өмір сүрудің және кәсіпкерліктің табиғи ахуал жағдайларындағы

шамадан тыс алшақтық;

• аймақтардың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстардың көлемі,

сапасы және пайдалану бағыттары;

• аймақтардың қашық орналасуы, нәтижеде шығындар, көлік шығындары

өседі және өткізу рыногы тарылады;

• өндіріс құрылымының ескіруі, инновацияны енгізудегі кешігулер;

• бірігудің нәтижесіндегі артықшылықтар (аймақтың салааралықбайланыстардың тоғысында орналасуы және дамыған инфрақұрылымныңболуы) нәтижесінің кемшіліктері;

• халықтың шамадан тыс тығыз орналасуы;

• белгілі бір өндірістік және өндірісітік-технологиялық тәртіптіңбасмыдылығын сипаттайтын технологиялық даму сатысы;

• демографиялық айрымашылықтар (халықтың құрылымы, ұдайы өсуқарқыны, ұлттың діни сенімдеріндегі өзгешеліктер);

• кәсіпкерлік ортағы өзгешеліктер (салық, фирмаларды әкімшілік бақылау

деңгейі);

• саяси және институционалдық факторлар (дербестік деңгейі);

• әлеуметтік-мәдени факторлар (қалалардың өсу деңгейі, халықтың

сауаттылығы, мәдени және ғылыми орталықтардың болуы және т.б.).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының аймақтық астарлары.

  2. Алматы аймағы экономикасының қалыптасуы мен дамуы.

  3. Ел экономикасындағы Оңтүстік Қазақстан аймағының рөлі мен орны.

  4. Атырау аймағы шаруашылығының негізгі салаларының құрылымы мен қазіргі жағдайы.

  5. Экономиканы қайта қалыптастырудың аймақтық ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет

1.БильчакВ. С. ЗахаровВ. Ф., Региональная экономика - Калининград 2000.

2.БутовВ. И., ИгнатовВ.Г., Кетова Н.П.Основы региональной экономики.М. 2000.

3.ВидяпинВ. И., М. В. Степанов. Региональная экономика - М. : ИНФРА 2009

4.Ихданов Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. А.,2010

5.Мамыров Н.К.,Ж.О.Ихданов Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана. Алматы экономика 1998

6.Смагулова Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері. А., 1998

7.Фетисов, Г. Г.Региональная экономика и управление. М. : ИНФРА 2007