- •Аймақтық экономика және басқару пәні
- •1.2 Аймақтық ұғымы және басқару пәні. Аймақтар типологиясы
- •2.1Аймақтық басқару түсінігі
- •2.3.Аймақтық экономикалық саясаты.
- •3.1 Аймақ – экономикалық шаруашылық жүргізу объектісі ретінде
- •3.1 Аймақ – экономикалық шаруашылық жүргізу объектісі ретінде
- •3.2 Әлеуметтік-экономикалық жүйелер тұрақтылығы
- •3.3 Аймақтық қайта өндіру үрдісі және олардың пропорциялары
- •4.1Аймақтық экономикалық потенциал
- •5.1.Аймақтың макроэкономикалық тұжырымдамасы
- •5.2.Аймақтың даму бағдарламасын жасауда келесі принциптерге сүйену керек:
- •6.1Қр аймақтарының ерекшеліктері
- •6.2 Аймақтар дамуының алғышартттары
- •Қр аймақтарының экономикалық проблемалары
- •7Тақырып.Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1 Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу әдістері
- •7.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерінің жүйесі
- •7.3 Аймақ тиімділігінің деңгейін анықтау
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- •.Жоспарлау мен болжаудың түсінігі және маңызы
- •9.2. Аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері.
- •10.1 Аймақтық бағдарламалар түсінігі
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- •Өзін өзі бақылау сұрақтары:
- •12.1 Аймақтық саясат ерекшеліктері.
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- •Лекция мақсаты: Аймақтық басқару жүйесі және дамыған елдердің тәжірибесі
- •13.2 Ұлыбританияның жергілікті өкімет органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуы
2.1Аймақтық басқару түсінігі
Аймақтық басқару органдары экологиялық және әлеуметтік проблемаларға жергілікті ресурстарды қолдану арқылы шаруашылық құрылымын жаңашаландыруға негізгі қөзқарасты бөлуі керек.
-көшіп қонған аудандарда жаңа кәсіпорындарды орналастыруға жұмсалатын қаражаттар(құралдар);
- экономикалық дамудағы мемлекеттің қызмет етуінің кеңістіктік тарауы;
- қаржылық көмек көрсету арқылы компания қызметін ынталандыру;
- инфрақұрылымды қалыптастыру;
- дамуды ынталандырудағы «жұмсақ» ісшаралары.
Макроэкономикалық құралдары.
Аймақтық саясатты реттеуде қолданылатын макроэкономикалық және микроэкономикалық құралдар, сол елдің экономикалық құрылымна, саясатына, дәстүріне байланысты қалыптасады.
Аймақтық саясаттың макроэкономикалық құралдарына: аймақтарға әсер етудің дифференцацияын қамтамасыз ететін орталық үкімет деңгейінде қолданылатын немесе аймақтық саясат құралдарын бақылау барысында жеке аймақтарға берілетін манетарлық, сыртқы сауда және фискалдық саясат жатады.
Ұлттық деңгейде дәстүрлі қаржы несиелік саясат анықталады.
Ұлттық экономикалық деңгейде сонымен қатар сыртқы экономикалық реттеу жүргізіледі.
Жекеленген аймақтардың көлемінде және ұлттық деңгейде кең қолданылатын құралдардың бірі фискалдық саясат болып табылады.
Фискалдық саясаттың дифференцациясы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- салық мөлшерінің аймақтық дифференцациясы;
- әлеуметтік трансферттер және мемлекеттік сатып алуларға байланысты мемлекеттік шығындардың аймақтық дифференцациясы.
Салық мөлшерлеріне дифференцация жүргізу сұранысы төмен аймақтарда сұранысты жоғарлатуға және сұраныс жоғары аймақтарда оны төмендетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда жиі қолданылатын аймақтық саясаттың негізгі құардарына келесілерді жатқызуға болады:
- басқару құралы;
- ұйымдастыру құралы;
- қаржы - қаражат арқылы ынталандыру;
- құқықтық бақылау (заңдық нормативтік құқықтық актілер арқылы);
- ақпараттандыру (жергілікті баспасөз және БАҚ арқылы);
- жоспарлау және бақылау (аймақтық бағдарламалар арқылы) жатады.
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың фундаментальді әдістеріне әкімшілік, құқықтық және экономикалық реттеу жатады.
Заманауыи тәжірибеде мемлекеттік аймақтық саясатты құрастырудың екі негізгі әдісі кең тараған: аймақтардың даму деңгейлерін «теңестіру саясаты» және «өсуді ұлғайту теориясы».
«Теңестіру саясаты» – басқа аймақтардың есебінен белгілі бір кезеңде федералдық бюджетті қайта бөлу жолымен жеке аймақтарды жылдам дамыту мақсатында көмек беру. Бұны жүзеге асырудың обьективті негізі болып экологиялық катастрофалар, экономикалық депресиялар, қолайсыз жағдайлар табылады.
«Өсуді ұлғайту теориясы» –территориялық басқару құрылымын қата қалыптастырудың әдістемелік негіздері болып табылады.
Теорияның мақсаты, негізгі өндіріс факторларына (капмтал және жұмысшы күші) күшті әсер ететін «Өсуді ұлғайту» білімі түрінде, әлеуметтік–экономикалық дамудың біркелкі еместігін түсіндіреді.
Бұл теория, аймақтық экономиканы көтеруге мықты ұйымдастырушылық әсер етеді және аймақтардың әлеуметтік–экономикалық проблемаларды шешудің мүмкін болатын интенсивті жолдарын көрсетеді
Аймақтық экономика
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың әр мемелкеттер үшін маңызы әртүрлі көптеген құралдары бар. Тарихи даму тұрғысынан бұндай құралдардың бес үлккен тобын көрсетуге болады:
Халық тығыз қонысталған қоныстанған аймақтаржа жаңа кәсіпорындарды орналастыруды қолдауға кететін қаражат;
Экономикалық даму саласында мемлекеттің қызметін кеңістіктік бөлу;
Қаржылық қолдау жолымен компания қызметін ынталандыру;
Инфрақұрылымды қалыптастыру;
Дамуды ынталандыру жөніндегі «жұмсақ» шаралар.
Тәжірибеде аймақтық саясаттың мазмұны дамығын елдерде жалпы ортақ сипаттарға ие:
Баяу дамыған территорияларды игеру, өндірістік депрессиялық аудаңдардың экономикасын қайта құрылымдай;
Агломерацияны орталықсыздандыру және өнеркәсіптік өндірістік аудандарды қосу;
Өнеркәсібі бар орталықтар мен байланысы жоқ, қаладан тыс жерлердегі өнеркәсіптік орталықтар құру.
Осындай саясатты жүргізбесе аймақтық және мемлекет масштабындағы диспрапорция өсетін болады.
Аймақтық саясат жақсы дамыған мемлекеттерде маңызды рөл атқарады, ал жай дамығын мемлекеттерде аймақтық проблемалар көп жағдайда қиындап кетеді. Бұл аймақтық саясатты жүргізу маңызды құралдарды қажет етуімен байланысты.
Дамушы елдерде аймақтық саясаттың бағыттары келесі проблемалар шеңберін қамтиды:
Біріңғай ұлттық нарыққа елдің барлық аудандарының интеграциялануы;
Аймақтық диспрапорцияны жеңілдету және ерекше салалық аграрлық аудандардың экономикасын жоғарылату;
Қала мен ауыл арасындағы қарым-қатнасты жеңілдету, урбанизация үрдісін реттеу;
Адам және табиғи ресурстарды толық игеру мүмкіндігі;
Жаңа өндірістік жобаларды жаңаша орналастыру.
Интеграциялынған мемлекеттерде саясат құралдарының құрамы айтарлықтай көлемді болып келеді. Оның себебі аймақтық проблемалардың «терңдігімен» байланысты. Аймақтық саясатты дамытуды ынталандыру үшін құрылымдық және интеграциялық қорлар құрылған. Бұл қорлар тек өндірісті инвестициялауды ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсетуді және бизнестің дамуына жағдай жасауды да көздейді. Интеграциялық қор көлік және қоршаған ортамен тікелей байланыста болатын инфрақұрылымның дамуына қатысты үлкен жобалар мен айналысады.
Скандинавия елдеріне қатысты аймақтық саясаттың «тар» және «кең» астарлары бар. Тар мағынасында мұндай саясат бизнес пен экономиканы дамыту іс–шараларын қамтиды. Аймақтық саясаттың кең астары халық аз қоныстанған аймақтардағы өірсүру деңгейін қолдау мақсатында үкімет тарапынан байланыс, көлік, білім және денсаулық сақтау саласындағы әрекеттер кешенін көздейді. Скандинавия елдерінң негізгі ерекшелігі ЕО–ның басқа мемлекеттерімен салыстырғанда аймақтық саясаттың тар астарының өзінде мазмұны кең болып табылады. Мысалы: проблемалы аудандардың өздеріне тән ерекшелігін, олардың қатаң климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, ЕО–ның басқа мемлекеттерінде қолданылмайтын ұзақ мерзімді қолдаулар бар.
Экономикалық дамудың қағидалары нәтижелі болуы үшін олардың басымдығы болуы қажет. Мысал ретінде тиімділігі төмен компанияларға жұмыс орындарын жаснады түрде сақтау үшін жәрдемақылар беруді атауға болады. Бұл экономикалық ықпал етудің төменгі басымдықтарының бірі.
Бүгінгі күні Еуропаның дамыған елдері мен АҚШ–та аймақтық саясаттың негізгі тенденциясы болып табылатындар:
Билік пен экономиканы орталықсыздандыру, аймақтарға өзіндік дербестік беру;
Елдің және аймақтың экономикалық даму стратегиясын өзінің жеке табиғи ресурстық әлеуетін пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, бірігіп әзірлеу;
Аймақтардың экономикалық деңгейлерін теңестіру.
Сондай–ақ әлемдік тәжірибеде аумақтарды дамытудың үш мүмкін нұсқасы белгілі, олардың мәні:
Алдыңғы қатарлы, бай аудандарды дамыту және қалдау керек, ал қалғандары бай аудандар есебінен дамиды (АҚШ тәжірибесінде).
Салық салу, жұмыспен қамту, өмір сүру деңгейін реттей отырып, барлық аудандарда өмір сүрудің шамамен тең жағдайларын қамтамасыз ету (Германия тәжірибесінде).
Кей аудандарды ғана қолдау қажет, ал бай аудандар өздігінен дами алады (скандинавия елдерінің тәжірибесінде).
Сонымен шет мемлекеттердің аймақтық сасатты жүзеге асыру барысын, оны іске асырудағы бірқатар тәжірибелерді ескере отырып, оларды өз ерекшеліктерімізге сай бейімдеуді қамтамасыз етуге болады.
