Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялық кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
493.57 Кб
Скачать

6.1Қр аймақтарының ерекшеліктері

Әкімшілік белгілеген облыс шекараларында Қазақстан аймақтарыныңәлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің өзгешеліктері бірден көзгетүседі. Аса маңызды экономикалық көрсеткіштер және халықтың өмір сүрудеңгейлері мен сапалық көрсеткіштерінің дерліктей барлығында өте үлкеналшақтық бар.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемінің Атырау облысындағы еңжоғары көрсеткіші (581,7 мың теңге) мен Жамбыл облысындағы ең төменгікөрсеткіші (50,2 мың теңге) араларындағы алшақтық 2000 ж. 11,6 есе болған,бір жұмысшының орташа айлық жалақы мөлшері бойынша Атырауоблысындағы ең жоғары шама мен Алматы облысындағы ең төменгі шамаарасында 3,1 есе өзгешелік бар, тіркелген қылмыс саны бойынша (бұлинвестициялық тәуекелдің құраушысы болып табылады) ауытқу – 5,4%.Маңғыстау облысында күнелтудің ең төменгі мөлшері республикалық орташакөрсеткіштің 134,6%, ОңтүстікҚазақстанда –72,0%.

Өндірістік және өндірістік емес бағыттағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,инвестициялық іс-әрекет, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, өндірістік жәнерыноктық инфрақұрылым және т.б. секілді маңызды салалар мен сфералардыңбарлығында мұндай алшақтық елеулі мөлшерге жеткен.

Облыстардың ішінде үлкен, орта, шағын қалалар, аудан орталықтары,салалар, ауылдар араларындағы дамудың сәйкессіздігі бұл ауытқуларды одансайын тереңдете түседі.

Мұндай шашыраңқылық бірқатар объективті және субъективті себептерменбайланысты. Объективті себептерге облыстарда қалыптасқан экономикалықәлеуетті, олардың өндірістік-салалық мамандануы және соңғы тұтынуға дейінөнім шығару сатылары бойынша негізгі салалардың технологиялық дамуқарқыны, орталық пен аймақтар арасында қалыптасқан шаруашылықбайланыстары, экологиялық жағдайлары, реформаларға дейінгі бастапқықаржылық жағдайлары және т.б. жатқызуға болады. Ал субъективті себептерретінде экономистер аймақ экономикасын мемлекеттік реттеудің тиімдімеханизмдерінің жоқтығы, жекешелендіру, институциналдық өзгертулерсаласында ж‰ргізілген сәтсіз іс-шаралар, жасанды рынок құрылымын құружәне т.б. деп санайды.

Қазіргі кезде ҚР аймақтары бірнеше белгілері бойынша топтастыралды.2001ж. қабылданған Қазақстан Республикасының 2002-2006 жылдарғаарналған аймақтық саясат Тұжырымдамасында Жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ)және жан басына есептелген табыс деңгейі көрсеткіштері бойынша Қазақстанаймақтары 6 топқа бөлінеді.

Бірінші топқа ЖАӨ мен жан басына есептелген табыс көрсеткіштеріжоғарылау аймақтар кіреді. Бұл экономикасы әртараптандырылған, дамығанқаржы секторы бар, ғылыми-техникалық көрсеткіштері жоғары Астана жәнеАлматы қалалары.

Екінші топқа көмірсутекті минералды ресурстарға бай облыстар:Маңғыстау, Атырау жатады. Бұл облыстарда Қазақстан халқының 5,2% тұрадыжәне жан басына келетін орташа табыс ең жоғары болып табылады. Олар елдіңөнеркәсіп өнімдерінің 1/3-33,4% өндіреді.

Үшінші топ - табиғи минералды-шикізаттық ресурстарға бай өнеркәсіптікоблыстар: Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды. Оларда жергіліктішикізатты пайдаланатын ірі қазба және қайта өңдеуші кәсіпорындар қызмететеді. Жан басына келетін орташа табыс жеткілікті түрде жоғары және ЖАӨ-ң26,6% береді.

Төртінші топқа табиғи ресурстарға да, ауыл шаруашылығы үшінпайдаланатын жерлерге де бай аймақтар кіреді. Олар: Ақтөбе, Қостанай,Жамбыл, ОңтүстікҚазақстан облыстары. Алғашқы екі облыстың жан басынакелетін орташа табыстары республикалық орташа көрсеткішпен сәйкес келеді,ал қалған екеуінің көрсеткіштері бірталай төмен. Олар ЖАӨ-ң 17,2%, оныңішінде ауыл шаруашылық өнімдерінің 35,2% береді.

Бесінші топтағы Батыс Қазақстан,солтүстікҚазақстан облыстарындамашина жасау, оның ішінде қорғаныстық бағыттағы, өндіріс жақсы дамығанжәне ауыл шаруашылығы үшінқолайлы жерлері де ауқымды. Халқыныңтабыстары республикалық орташа деңгейден төмен. Республикалық ЖАӨ-гі үлес – 8,3%, ауыл шаруашылық өнімдерінде – 16,6%, өнеркәсіптік өндірісте –4,4%.

Алтыншы топ – ауыл шаруашылықты облыстар: Ақмола, Алматы,Қызылорда. Халықтың табыстары төмен, республикалық ЖАӨ-гі үлесі –10,8%, ауыл шаруашылық өнімдерінде – 27,8%.

ҚР ҰҒА экономика институтының ғалымдары Қазақстан аймақтарынтабиғи-ресурстық әлеуеті мен өндірістік мамандану сипатымен байланыстыөндіргіш күштердің даму деңгейі бойынша төрт ірі экономикалық аудандарғабөледі.

Бірінші топтың қатарында ғылыми-өндірістік әлеуеті жоғары, ауырөнеркәсіп саласында мамандануы айқын, жоғары технологиялық өндірісті құруүшінқолайлы жағдайлары жеткілікті аймақтар бар. Олар: Шығыс Қазақстан,Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.

Екінші топтың қатарына стратегиялық маңызды, өте сирек кездесетінминералды ресурстар қорына ие және әлемдік экономикаға жедел бірігуге қабілетті, ғылыми-техникалық әлеуетті интенсивті дамытуға м‰мкіншілігі жоғарыоблыстар: Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда кіреді.

Үшінші топта ҚР азық-түлік қорын қалыптастыруда жетекші аймақтар:Ақмола, Жамбыл, Қостанай, ОңтүстікҚазақстан, Алматы облыстары.

Төртінші топ – бұл ауа райы, топырағы, әлеуметтік-экономикалық жәнетехника-технологиялық жағдайлары нашар, экономиканың тиімсіз құрылымынқолайлы ету мүмкіншіліктерін қатаң шектейтін және өмір сүру ортасы қаттызардап шеккен тоқыраған облыстар: бұрынғы Семей, Қызылорда, Атырау,Маңғыстау, ОңтүстікҚазақстан облыстары.