Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялық кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
493.57 Кб
Скачать

5.1.Аймақтың макроэкономикалық тұжырымдамасы

5.2.Аймақтың даму бағдарламасын жасауда келесі принциптерге сүйену керек:

  • Адамның дамуына қатысты барлық құрылымдарды қайта бағдарламалау және адамның өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеру, оны жақсы жағдайға өзгерту;

  • Мақсаттарды анықтау мен міндеттерді негіздеу;

  • Адам дамуының көрсеткіштерін таңдау және сапалы өмір сүру үшін жағдайды жақсарту;

  • Мақсаттарға жету үшін потенциал мен ресурстарды анықтау;

  • Негізгі бағыттарды мен мақсатқа жетуде негізгі әрекеттерді таңдау;

  • Стратегиялық жоспарларды , даму бағдарламаларын жасау;

  • Тиімді басқару әдістерін қолдану (маркетинг, стратегиялық жоспарлау, мониторинг, нәтижелерді басқару)

Бағдарламаның іске асу механизмі жалпы құрылымдық жүйесі келесі блоктарды қамтиды:

  1. Ақпараттық

  2. Нормативті-құқықтық реттеу

  3. Ұйымдастырушылық-жарғылық

  4. Қаржы-экономикалық

  5. Ресурстық

  6. Бағалаушы

Әлеуметтік-экономикалық жобаларды жасауда белгілі аймақтың мәселесін шешу барысында аймақтағы нақты жағдайы мен басқа аймақтарда жинақталған тәжірибесі ескеріліп жасалады.

Барлық елдердің тәжиребелері көрсетіп отырғандай, елдің дамуы , оның ғылыми түрде дұрыс жасалған стратегиялық жоспарларға әсіресе олардың мезгілімен орындалуына байланысты болады. Стратегиялар мына тараулардан тұрады. 1.Әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талдау; 2.Әлеуметтік–экономикалық дамудың тұжырымдамасы ; 3.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер; 4. Ұлттық бағдарламалар; Әлеуметтік экономикалық жағдайды талдау өндіріс қуатының жағдайы, экономика дамуының ішкі және сыртқы тенденциялары, мемлекеттік реттеушілер жүйесі жұмысының нәтижелігі мен әрекеттілігін, өндіргіш күштердің сапалылығы мен оның дамуы сонымен бірге осыларға әсер етуші процесттерді айқындап оның әлемдік экономиканың дамуымен салыстыра көрсету қажет. Әлеуметтік - экономикалық дамудың тұжырымдамасы әлеуметтік - экономикалық саясаттың стратегиялық мақсаты мен міндеттерін, басым бағыттырын, сондай-ақ оларға жету жолындағы ұлттық бағдарламалар тізбесін анықтайды. Шаруашылықты дамытудың ұзақ мерзімді басым бағыттарын таңдау экономикалық саясаттың басты және айқын кезеңі болып табылады. Дамыған елдер тәжірибесі көрсетіп отырғандай артықшылықпен пайдаланатын бағыттыр экономиканың дағдарысқа ұшырау кезеңінде шектелуі болуы тиіс.  Макроэкономиканың негізгі көрсеткіштері арқылы экономикалық өсудің қарқыны, қоғамдық өндірістің құрлымы, халық шаруашылығының негізгі тепе теңдіктері, мемлекеттің, кәсіпорынның және халықтық қаржылығы бағаланып , болжанады. Стратегиялық жоспар ағымдағы әлеуметтік – экономикалық жағдайларды талдауға, жобалау есептері мен мен сараптау бағаларына  (даму тенденцияларынан тұратын) негізделеді, ол мыналарды анықтайды : - дамудың мақсаты және перспективі (болашақ) мүдделерінің жүйесі; - халық шаруашылығының басты, басым бағыттары және оны жүзеге асыру кезеңдері; - экономикалық өсудің мүмкін болатын қарқыны және макроэкономикалық үйлесімдіктер; - экономикадағы құрылымдық өзгерістер; - ресурс потенциалы, оны қолдану бағыттары мен тиімділігі; - ішкі және сыртқы экономикалық саясаттың негізгі бағыттары; - шаруашылық жүйесіндегі негізгі институттық қайта құрулар. Ұсынылып отырған әлеуметтік – экономикалық даму стратегиясының негізінде халық шаруашылығының басым бағыттары бойынша арнайы мемлекеттік инвестициялық және ұлттық даму бағдарламалары жүзеге асырылады.  Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік - экономикалық стратегияны және оның дамуын жүзеге асыруды мемлекеттік реттеуді ұлттық мақсат пен міндеттерге сәйкес жүргізуге көмектеседі. Директивті және индикативті әдістің қосындысы ретінде ұлттық бағдарламалар кешенді шаралар жүргізетін жоспарлы құжат болып табылады. Онда ресурстар, орындаушылар және орындалу мерзімі, түрлі салалар мен қожалық етуші субъектілер меншіктің түріне қарай бір біріне сәйкестендіріліп байланыста қарастырылады. Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік- экономикалық, ғылыми – техникалық, экологиялық және басқа да көкейтесті проблемаларды шешу арқылы тиімділігі жоғары ұлттық экономиканы қалыптастыруға бағытталады. Олар алға қойған мақсатқа толық жетуге қажетті мерзімді қамтиды. 

5.3.Аймақтың макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі.

Ғалымдардың зерттеулерін қорыту және талдау негізінде, нарықтық экономикалық жүйеде мемлекеттің және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін негізгі факторлар:

Group 84

Сурет 1 – Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін басты факторлар

Бірінші фактор, бәсекелестік – ол әлеуметтік-экономикалық жағдайды, оның ішінде халықтың өмір сүру сапасына, екінші фактордың өндіріс өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықта бәсекелігін арттырған жағдайда дамиды, үшінші фактор нарықта өнімдердің тиімділігін айқындау негізінде жоғарылайды. Бұл факторлар мемлекеттің және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуының ойдағыдай болуының шарттары, индикаторлары болып табылады. Сондай-ақ территорияға кәсіпорындарды орналастыру, инвестиция тарту үшін қосымша мүмкіндіктер жасау, еңбекпен қамтуды арттыру және басқа да өзекті мәселелерін шешу үшін қолайлы (Сурет 1).

Экономика – аймақтың өндірістік әлеуеті, оның табиғи ресурстарын біліп, ескермей дамыту мүмкін емес. Демографияда, еңбек ресурстарында, әлемдік шаруашылықта Қазақстанның алатын орны, еліміздің аймақтарындағы экономикалық даму қарқыны, ерекшеліктері – бәрі ескеріліп, талдау жасалынып, дұрыс шешімдер қабылдануына үлкен әсерін тигізеді. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдарының рөлі арта түсуі тиіс.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын, өнеркәсіп кәсіпорындарының жағдайын анықтау мақсатында негізгі бірнеше көрсеткіштерді ұстанғанымыз тиімді болып табылады (Сурет 2)

Group 99

Сурет 2 – Әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін тигізетін көрсеткіштер

Қазіргі кезде экономиканың жалпы жұрт таныған «өлшемдері» :

  • Әлеуметтік – ең төменгікүнкөріс деңгейі, ең төменгі тұтыну бюджеті, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жалақы, жұмыссыздық шегі;

  • Макроэкономикалық – бюджет тапшылығының деңгейі, ақша эмиссиясының жалпы массасы, жалпы ұлттық өсімінің қарқыны, капитал тиімділігінің шекті нормасы;

  • Микроэкономикалық – кәсіпорындар кірістілігі мен рентабельділігінің деңгейі, өндіріс банкроттығы мен залалдығы өлшемдерінін себептерді ашып көрсетудің жүйесі;

  • Аймақтық – аумақтардың қаржы-ақша ресурстарымен, тұрғын үй-коммуналдық объектілерімен, көлікпен, ағарту және денсаулық сақтау объектілерімен қамтамасыз етілуі;

Аймақты саясатты жүзеге асырудың маңызды құралдары деп мыналар белгіленді:

  • Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын кешенді бастау;

  • Жалпы мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейлердегі индикативті жоспарлау жүйесі;

  • Аймақтарды дамытудың ең өткңр проблемаларын шешудңғ мақсатты бағдарламалары;

  • Тиісті аймақтың дамытылуын жеделдету мақсатында әлеуметтік-экономикалық аймақтар құру;

Аймақтық экономикалық стратегиялық бірқатар принциптерді келтіруге болады:

  • Жүйелілік - нақты экономикалық жағдай параметрлеріне сан салалы баға беру, экономиканың функциялық құрамдас бөліктері, жаңғыртуды мақсат ету;

  • Ұзақ мерзімділік – тұрақтандырушы шаралар кешенінің ұзақ әсер етуі, терең экономикалық өсім;

  • Мемлекеттік экономикалық стратегиясымен үйлесімділігі;

  • Орталықсыздандыру –экономикалыө бағыт-бағдарламалардың бірыңғай орталықтан белгіленетін ережелері негізінде аймақ экономикасын басқаруды және оның құрылымын қайта ұйымдастыруды шешімдер қабылдануын орталықсыздандыру;

  • Инварианттық – экономикалық басқару функциялары бүлдіретін саяси шараларын және үдемелі өндіріс тетіктеріне қарсы қимыл жасау;

6-тақырып. ҚР аймақтары экономикасының тарихи географиялық сипаттамасы

Лекция мақсаты-ҚР аймақтарының ерекшеліктерін, олардың дамуының алғышарттарын анықтау.

Түйінді сөздер: аймақтық даму,салалық құрылым,өндірістік құрылым.

Лекция сұрақтары:

1.ҚР аймақтарының ерекшеліктері

2.Аймақтар дамуының алғышартттары

3.ҚР аймақтарының экономикалық проблемалары