Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялық кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
493.57 Кб
Скачать

4.1Аймақтық экономикалық потенциал

Аймақтық экономикалық потенциал – аймақтың экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлігі. Ол өндіріс күштерін орналастыру үрдісін реттеуге бағытталған, орталық және жергілікті органдар жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық іс шараларды қамтиды.

Аймақтық экономикалық потенциал – бұл кеңістік, аймақтық аспектіде елдің саяси дамуы және әлеуметтік экономикалық басқарудағы мемлекетпен аудандар арасындағы қарым-қатнасқа және аудандардың өзара қарым-қатнасына байланысты қызмет саласы. Аймақтық саясат ұлттық әлеуметтік экономикалық даму стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады және келесі негізгі бағыттарды қамтиды:

  1. Аймақтың дамуындағы қозғаушы күштердің байланысын анықтау және олардың бірге қызмет етуін қамтамасыз ету (экономиканың мемлекеттік және жеке секторлары, аймақтың дамуындағы ішкі және сыртқы факторлары және құралдары)

  2. Жалпы мемлекеттік және аймақтық даму аспектілерінің байланысын, экономиканы басқарудағы орталық және аймақтық деңгейінің байланысын;

  3. Артта қалған аймақтардың экономикасын көтеру және аймақтар мен ресурстарды игеру;

  4. Ұлттық экономикалық ортақ шешу мәселелері (көп ұлтты мемлекет жағдайында).

  5. Урбанизация проблемаларын.

Аймақтық саясаттың бағыттарына аймақтың демографиялық аспектісін, аграрлық саясатты және басқада мемлекеттік іс шараларды жатқызуға болады. Мемлекеттік аймақтық саясаттың мазмұнына, аталған бағыттардың әрқайсысына деген мемлекеттің қарым-қатнасы және осыларға жүргізілетін нақты іс шаралар.

Аймақтықэкономикалық потенциалды дамытудың негізгі мақсаты – қызығушылықтанытатын аудандардың барлығына, кәсіпорындардың және азаматтардың нарыққа кіруіне жағдай жасау және олардың мақсаттық қабілеттерінің ашылуы мен дамуына және территориялық мамандануын ескере отырып оларды қабылдауға жағдай жасау.

Мақсаты өзіне үш топтан тұратын кішігірім мақсаттарды қосады:

Әлеуметтікаймақтық экономиканың дамуы мен әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканы жасауға бірлескен жеке меншіктерді аймақтарда құрылымдау; халықты әлеуметтік қорғау және текқана мемлекеттік қаржыға ғана емес сонымен қатар отандық және шетелдік қаржылырға негізделген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамыту.

Экономикалық қаржылық тұрақсыздық жағадайындағы аймақтық шаруашылық кешендердің тұрақты жағдайын қамтамасыз ету мақсатында, әрбір аймаққа қатысты өзінің спецификалық ерекшелігін ескере отырып, екпіндеп жүзеге асырылатын территориялық бағдарланған жекешелендіру; барлық аймақтарда бәсекелік ортаны қалыптастыру; шаруашылықтарды демонополизациялау; шағын және орта кәсіпорындарды дамыту жүйесі базасында, табиғи ресурстарды қолданудың кешенділігін жоғарылату; жеке экономикалық зоналарды дамытуға, шекаралық саудаға, экспорттық әлеуетті жоғарылатуға жәрдемдеу; мемлекетке және оның аймақтарына пайдалы шетелдік капиталды тарту.

Экологиялық жой дамыған аймақтарда экологиялық таза технологияларды тарту негізінде экономико-экологиялық тұрақтылықты қалпына келтіруге жәрдемдеу.

Аймақтық экономикалық потенциал мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар. Макроэкономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саяясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекетпен жекелеген аумақтардың мүдделерін үйлестіру, аумақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады.осы суретте көрініп тұрғандай, аймақтық саясаттың мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру әдістері мемлекеттік реттеудің басқа бағыттары мен өзара тығыз байланыста жүзеге асырылады.

Аймақтық саясатты жүргізудің тікелей және жанама әдістерін бөліп көрсетуге болады. Бірінші жағдайда мемлекет шаруашылықтың территориялық құрылымын жетілдіруге бағытталған капитал салымдарына белсенді қатысады. (өсу орталықтарын ашу, өндірістік парктер ашу, аудандардаға инфрақұрылым және т.б.) Екіншіде – мемлекетмиграциялық ағымдарды басқару үшін немесе сол және басқа да аудандардағы жедел дамуды стимульдеу үшін қаржы (салықтық, кедендік)жүйесі арқылы сәйкес экономикалық климмат қалыптастырады.

Осы әдістерді тереңірек қарастырайық. Аймақтық дамуды реттеудегі мемлекеттің тікелей қатысу әдісінің әкімшілік әдіспен байланысы бар. Бұл әдістердің санына:

  • Жеке құрылымдық құраушы инвестициялық жобалар мен мемлекеттік бюджетпен қаржыландырылатын мемлекеттік аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру;

  • Келісім шарттық жүйесі қаражаты арқылы жалпы мемлекеттік қажетті өнімдерді әкелуге тапсырыстар беру.

Нарықтық экономиканың дамуы әртүрлі аймақтық проблемаларды шешуде қаржылық ресурстармен қамтамасыз етіп отыратын аймақтық даму қорларын құруды көздейтін кең ауқымды экономикалық реттеу әдістерін қарастырады:

  • Қиын әлеуметтік экономикалық және экологиялық жағдайдағы кәсіпорындарға субвенциялық саясатты жүргізу;

  • Аймақтық саясаттың міндеттерін шешуге жеке инвесторларды тарту;

  • Қиын жағдайдағы аудандарға шаруашылақ субъектілері өз кәсіпорындарын орналастырудағы қосымша шығындардың өтемі;

  • Экстремалды жағдайдағы аудандарға өзекті болып тұрған табиғи ресурстар қорының азаюына (жүдеуіне) байланысты «жер қойнауының жүдеуіне» салықтық жеңілдіктер жасау.

  • Территорияның экономикалық құрылымын және салаларын жетілдіруде маңызды орын алатын кәсіпорындар құрылысына қажетті жерлердің жалға берілуінде жеңілдіктер ұсыну;

  • Қиын жағдайлы аудандарда орналасқан кәсіпорындардың жеке жедел аммартизацияларын қаржыландыруға көмек беретін аймақтық дифференциалдық аммартизацияны енгізу;

  • Экологиялық таза өнімдерге көтеріңкі бағаны қолдану;

  • Жағдайы нашар аудандарда қоршаған ортаны ластаған кәсіпорындарға санкциялар енгізу.

Өзін өзі бақылау сұрақтары :

1Аймақтық экономикалық потенциал

2 Аймақтық экономикалық потенциалмақсаттары мен міндеттері

Әдебиеттер:

  1. Смагулова Г.С. Аймақтық экономика басқару мәселелері. Оқу құралы. Алматы. Экономика, 2005

  2. Ихданов Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. Алматы. Экономика, 2010.

  3. Региональная экономика: Основной курс. Учебник под ред. В.И. Видяпина, М.В. Степанова М: Инфра-М, 2010.

  4. Региональная экономика (элект.ресурс)Электронный учебник К.Н. Юсупов, 2009.

  5. Ермошина Г.П. Региональная экономика. Уч. Пособие. М: Инфра-М, 2010.

5- тақырып. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде

Лекция мақсаты- Жасалатын қорытынды аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа тенденцияларын ескере отырып, жергілікті ерекшеліктің жаңа сатыда дамуы жасалады. Тұжырымның негізгісін альтернативті стратегиялар мен олардың бағасын жасау, аймақ дамуының басымды бағыттарын анықтау, дамудың ресурстарын анализдеу, белгілі аймақтың бәсекелестік артықшылығын анықтау

Лекция сұрақтары

    1. Аймақтың макроэкономикалық тұжырымдамасы

    2. Аймақтың даму бағдарламасын жасаудағы принциптері

5.3.Аймақтың макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі.