
- •Аймақтық экономика және басқару пәні
- •1.2 Аймақтық ұғымы және басқару пәні. Аймақтар типологиясы
- •2.1Аймақтық басқару түсінігі
- •2.3.Аймақтық экономикалық саясаты.
- •3.1 Аймақ – экономикалық шаруашылық жүргізу объектісі ретінде
- •3.1 Аймақ – экономикалық шаруашылық жүргізу объектісі ретінде
- •3.2 Әлеуметтік-экономикалық жүйелер тұрақтылығы
- •3.3 Аймақтық қайта өндіру үрдісі және олардың пропорциялары
- •4.1Аймақтық экономикалық потенциал
- •5.1.Аймақтың макроэкономикалық тұжырымдамасы
- •5.2.Аймақтың даму бағдарламасын жасауда келесі принциптерге сүйену керек:
- •6.1Қр аймақтарының ерекшеліктері
- •6.2 Аймақтар дамуының алғышартттары
- •Қр аймақтарының экономикалық проблемалары
- •7Тақырып.Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1 Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу әдістері
- •7.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерінің жүйесі
- •7.3 Аймақ тиімділігінің деңгейін анықтау
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- •.Жоспарлау мен болжаудың түсінігі және маңызы
- •9.2. Аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері.
- •10.1 Аймақтық бағдарламалар түсінігі
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- •Өзін өзі бақылау сұрақтары:
- •12.1 Аймақтық саясат ерекшеліктері.
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- •Лекция мақсаты: Аймақтық басқару жүйесі және дамыған елдердің тәжірибесі
- •13.2 Ұлыбританияның жергілікті өкімет органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуы
3.1 Аймақ – экономикалық шаруашылық жүргізу объектісі ретінде
3.2 Әлеуметтік-экономикалық жүйелер тұрақтылығы
3.3 Аймақтық қайта өндіру үрдісі және олардың пропорциялары
3.1 Аймақ – экономикалық шаруашылық жүргізу объектісі ретінде
Аймақтық экономиканың зерттеу объектісі, аты айтып тұрғандай – “аймақ” болып табылады. “Аймақ” сөзі әр түрлі мағынада өте жиі пайдаланылады.
Аймақ сөзімен – өнірістік күштерін дамытуға бағытталған және әр келкі немесе біркелкі табиғи жағдайы бар ірі территориялы жер түсіндіріледі.
Экономикалық және географиялық әдебиеттерде аймақ деп әр түрлі территорияларды айтады:
бүкіл әлем елдері – макроаймақ;
бір мемлекеттің аумағы – мезоаймақ;
мемлекет ішіндегі аймақтар – микроаймақ.
Аймақтық экономика бір мемлекеттің аймақтарын, сонымен қатар өндіріс күштерінің орналасуын және басқа елдердің аймақтық саясатын оқытады.
Экономикалық интеграцияның даму үрдісі аймақтық экономиканың халықаралық дәрежеге шығуына жағдай жасайды.
Аймақтық экономикада мынандай мәселелер қарастырылады:
мемлекеттің аймақтық саясаты;
экономикалық және әлеуметтік дамудың аймақтық жоспарларын жасау және жүзеге асыру;
мамандандырылудың тиімділігі және аймақтардың кешенді дамуы;
экономикалық аудандастыру;
аудандық жоспарлау;
және өндірістік күштерді орналастыру мен аймақтардың кешенді дамуына байланысты басқа да сұрақтар.
Аймақтық экономика экономикалық реттеудегі өндірістің орналасу механизмін, аймақтық дамудың экономикалық тиімділігін оқытады. Ең маңыздысы экономикалық факторларға терең талдау жасау болып табылады: еңбек өндірісінің динамикасы, ұлттық табыстың аймақтық бөлінуі, негізгі қорлардың құрылымы және тиімділігі, бағалардың және тарифтердің территориялық дифференциациясы және т.б.
Экономикалық географиядағы сияқты, аймақтық экономиканың бұрыннан келе жатқан әдісі болып, жетістіктерді талдау, экономикалық және әлеуметтік даму тенденциялары, нақты территориядағы өндірістік күштердің орналасуы болып табылады.
Талдау көрсеткеніндей қазіргі экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері аймақтардың территориялық еңбек бөлінісіне қатысуымен, дамудағы кемшіліктері мен диспропорциялары және олардың аймақтағы шаруашылық кешенінің дамуына әсерімен, транспорттық-экономикалық байланыстар күрделілігімен ерекшеленеді.
Экономикалық аймақтардың шаруашылықтарының кешенді дамуы – бұл жалпы мемлекеттік маңызы бар мамандандырылған салалардың үйлесімділігі, халық тұтынуын қанағаттандыраты өндіріс салалары, негізгі салалардың қажеттілігі және инфраструктура салалары. Аймақ шаруашылығының кешенділігі дегеніміз – мамандандырылған салалар арасындағы, салалар арасындағы экономикалық байланыстардың нығаюы, қосымша территориялық кешендер және қызмет көрсету салалары.
Әр экономикалық аймақтардың өзіндік табиғи-ресурстық ерекшеліктері, оның шаруашылық қызметін анықтайтын өзіндік экономикалық және әлеуметтік жағдайлары болады.
Экономикалық аймақтардың кешенді дамуы – қазіргі жағдайдағы шаруашылық салаларындағы өніріс күштерінің оптималды дауы және халықтың еңбек өнімділігін арттыру үшін табиғи және еңбек ресурстарын өте тиімді пайдалану арқылы аймақтар арасындағы өнеркәіптердің байланысы, өнеркәсіптердің және транспорт құралдарының өндірістік қуаттылығы; олардың ғылыми негіздегі мамандандырылған байланыстылығы.