Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялық кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
493.57 Кб
Скачать

2.3.Аймақтық экономикалық саясаты.

Аймақтардың спецификалық алуандығын, әртүрлі бастау алатын мүмкіндіктері мен рыноктық жағдайларға кіру шарттарын есепке ала отырып, мемлекеттің аймақтық саясатын жүргізу барысында олардың дамуы және басымдылығы анақталады.

Әр түрлі климаттық ерекшелігі, үлкен территориясы, сондайақ аймақтар әлеуетінің экономикалық деңгейдегі терең ұмтылысы бар Қазақстан үшін бүтін жиынтыққа әкелді. Нәтижесінде, төмендегідей аймақтардың төрт бөлігін бөліп көрсетуге болады:

Бірінші топ – стратегиялық көрсеткіші бар минералды ресурстарға бай аймақтар, жоғары темппен Республиканың экономикасын әлемдік шаруашылыққа интеграциялауға алып бара алатын ғылымиөндірістік әлеуетінің интенсивті дамудағы жоғары импульсті көрсеткіштері бар аймақтар, бірақ шаруашылықтың рационалды емес құрылымы бар аймақтар, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік жағдайлары төмен деңгейлі ауыл мен селолар, критикалық бұзылған тіршілік ететін аймақтар (бұларға Батыс Қазақстан облысы және Қызылорда облысын жатқызуға болады) .

Екінші топ ғылыми өндірістік әлеуеті жоғары аймақтар, негізінен өзін-өзі ресурстармен қаржыландыратын, ауыр индустрия саласындағы жоғары технологиялық өндірісті құруға ыңғайлы жағымды экономикалық жағдайлары бар аймақтар. Бұл аймақтар Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облысы, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары жатады.

Үшінші топ – республиканың сату қорының қалыптастыруда алда келе жатқан деп танылған агроөндірістік кешендері бар облыстар (Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары)

Төртінші топ – экономикалық маневрларды қатаң шектейтін әлеуметтік-экономикалық және технико-технологиялық жағдайлары бар, экстремалды құбылмалы климатты депрессивті аймақтар.

Бұл аймақтарда ауылшаруашылық байланыстың бұзылуынан әлеуметтік және экономикалық дағдарыс ең төменгі деңгейге жеткендіктен, олар өздігінен бұдан шыға алмай отыр. Сондықтан мемлекет тарапынан реттеудің нақты іс-шаралары ұйымдастырылуы қажет. Бұл аймақтарға: (Қызылорда, бүрынғы Семей облысы, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының селолық аймақтары жатады).

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай аймақтық саясатта аймақаралық диспропорцияларды жақындастыру мақсатында қаржылық-бюджеттік құралдарды қолданумен қатар, артта қалған аймақтардың ішкі әлеуетін ынталандыру қажеттілігін көрсетіп отыр. Аймақтардың ішкі әлеуетін ынталандыру өндірістік қуаттарды инвентаризациялау, алдыңғы қатарлы кәсіпорындарды паспортизациялау, аймақтың технологиялық картасын құру, аймақтық және аймақаралық кластерлерді қалыптастыру, инвестициялық ресурстарды тартуға жағдай жасау, көлеңкелі экономика саласын шектеу, товарлы рыноктарды қалыптастрыу негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен­­-өзі дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың дамуына зианын тигізбес үшін оның ерекшеліктеріде ескерілуі керек. Сондықтанда экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама дайындап, сол бойнша әрбір аймақ өзінің даму бағытын жүзеге асырады. Мемлекет аймақтық саясатты қалыптастыру үшін еліміздің территориясы бойынша себептерді көрсету қажет. Оларға төмендегі нәрселерді жатқызуға болады:

  • Еліміз аймақтарының табиғи климаттық жағдайының айырмашылығы;

  • Аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл тек ауылшаруашылық, пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруғада да әсер етеді;

  • Аймақтың орналасуының «күрделі» жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсуі байқалады. Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық дамуына ықпал етеді;

  • Инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;

  • Елдің экономикалық даму тенденциясв;

  • Тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық сатысы;

  • Институционалдық факторлар:жалпы және аймақтақ саясаттың нысандары,саяси жағдайы, аймақтың даму тарихы т.б.;

  • Орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфрақұрылым;

  • Әдеуметтік мәдени факторлар. Урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б.;

  • Орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;

  • Орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдіснің толықтай аяқталмауы.

Сонымен қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік аймақтық саясаты ең алдымен шектен тыс аумақтық теңсіздіктерге жол бермеу және оларды «тегістеу» саясаты болып табылады. Бұл жағдайда орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тепе-теңдігі қажет. Осыған орай аймақтық дамудың шешілуін әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени, демографиялық және т.б. шаралар жүйесін талап ететін санқырлы проблема ретінде қарастыруға болады.

Экономикалық саясат, еліміздің және оның жекелеген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге және қойылған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталған. Ал, аймақтық саясаттың мәні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды басқару болып табылады.

Қазіргі кездегі амақтық саясаттың ерекшеліктері

Елдің әлеуметтік экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік экономикалық және т.б. аумақтық факторларды толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.

Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.

Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу еліміздің және оның жекеленген аймақтарының экономикалық қамтамасыз етуге қойылған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталса. Ал, аймақтық саясаттың мәні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды тиімді басқару болып табылады.

Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады:

  1. Әрбір аймақтағы халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін теңестіру.

  2. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру. Бірінші мақсаттан айырмашылығын теңестіру саясаты жалпы барлық мемлекет үшін жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру тек ірі, жалпы мемлекеттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда аталмыш міндетті орындау үшін қажет ресурстардың жетіспеушілігі болады. Мемлекеттің негізгі функциясы, артта қалған аумақтарды даму деңгейі жоғары аймақтардың қатарына жеткізу, бірақ мұндай жағдайлар халыққа өз зардабын тигізбеуі тиіс.

  3. Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру.

  4. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Әдебиеттер

  1. Смагулова Г.С. Аймақтық экономика басқару мәселелері. Оқу құралы. Алматы. Экономика, 2005

  2. Ихданов Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. Алматы. Экономика, 2010.

  3. Региональная экономика: Основной курс. Учебник под ред. В.И. Видяпина, М.В. Степанова М: Инфра-М, 2010.

  4. Региональная экономика (элект.ресурс)Электронный учебник К.Н. Юсупов, 2009.

  5. Ермошина Г.П. Региональная экономика. Уч. Пособие. М: Инфра-М, 2010.

3-тақырып. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде

Лекция мақсаты: - мемлекеттің аймақтық саясатының өалыптасуы және оларды жүзеге асыру жолдарымен таныстыру.

Түйінді сөз : аймақтық саясат, механизмдер.

Лекция сұрақтары: