Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялық кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
493.57 Кб
Скачать

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Аймақтық бағдарламалар түсінігі

  2. Аймақтық бағдарламалардың классификациясы

  3. Аймақтық бағдарламалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері

Ұсынылатын әдебиет:

1.Бильчак В. С. Захаров В. Ф., Региональная экономика - Калининград 2000.

2.Бутов В. И., Игнатов В.Г., Кетова Н.П. Основы региональной экономики.М. 2000.

3.Видяпин В. И., М. В. Степанов. Региональная экономика - М. : ИНФРА 2009

4..Ихданов Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. А.,2010

5..Мамыров Н.К.,Ж.О.Ихданов Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана. Алматы экономика 1998

6...Смагулова Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері. А., 1998

7.Фетисов, Г. Г. Региональная экономика и управление. М. : ИНФРА 2007

11-тақырып. Аймақтық саясаттың құралы ретінде арнайы экономикалық аймақтар

Лекция мақсаты- аймақтар арасында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі айырмашылықты маңызды инвестициялық жобалар арқылы төмендету.

.Лекция сұрақтары:

              1. Аймақтық саясат

              2. Экономикалық аймақтар

              3. Аймақтық саясат құралдары

Аймақтық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды бөлігі.Ол әр түрлі заңдық әкімшілік және экономикалық шаралар кешенін қамтиды.Мемлекеттің аймақтық саясаты бұл елдің кеңістік аймақ аспектісінде экономикалық,әлеуметтік және саяси дамуын басқару бойынша қызмет аясы.

Аймақтық саясат әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық стратегиялық маңызды бөлігі және келесі негізгі бағыттарды қамтиды:

  1. Аймақтық дамудың қозғаушы күштерінің ара қатынасын анықтау және олардың өзара байланысын қамтамасыз ету.(Мыс:экономикалық мемлекеттік және жеке меншік секторлары);

  2. Жалпы мемлекеттік және аймақтық даму аспектісінің ара қатынасы экономиканы басқару орталық және аймақтық деңгейлері;

  3. Артта қалған аумақтың экономикасын көтеру және жаңа аудандардағы ресурстарды игеру;

  4. Ұлттық-экономикалық мәселелер;

  5. Урбанизация.

Аймақтық саясаттың мақсаты:аймақтар арасында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі айырмашылықты маңызды инвестициялық жобалар арқылы төмендету.

Аймақтық саясаттың негізгі қағидалары:

  1. Республикалық мүдделердің аймақтық мүдделер алдындағы басымдылығы;

  2. Аймақтардың аумақтың орналасу ерекшеліктерін есепке ала отырып,табиғи байлықты тиімді пайдалану;

  3. Шаруашылық субьектілердің кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік ынталандыру механизмін жасау арқылы проблемалы аумақтар экономикасын қолдау;

  4. Аймақтық саясат макроэкономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып,әрбір аймақтың экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономикалық тиімділігін көтеруді басты мақсат етіп қояды.

Және осы мақсатқа жету үшін міндеттер қойылады:

  1. Мемлекет пен жекелеген аумақтарды мүдделерге үйлестіру;

  2. Аумақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау;

  3. Аумақтық ресурстың ғылыми еңбек әлеуетін барынша пайдалану.

Аймақтық саясатты нақты қалыптасу үшін мемлекеттің кеңістікті айырмашылық себептерін көрсету қажет.Олар:

  1. Аймақтардың табиғи климаттық жағдайының айырмашылығы;

  2. Аймақтық өнімдік анықталуын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты,саласы және ауқымы;

  3. Аймақтық орналасуының «күрделі» жағдайы.Бұл аймақтық көлік және байланыс қызметінің дұрыс дамымауы,оның экономикалық даму деңгейіне ықпал етуі;

  4. Инновация енгізу жағынан артта қалуы,қалуы өндірістің ескі құрылысы;

  5. Елдің экономикасының даму тенденциясы;

  6. Тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сипаты;

  7. Институционалдық факторлар:жалпы және аумақтық саясаттың нысанды,саяси жағдайы аймақтың даму тарихы;

  8. Орналастырудың физикалық факторы:аэропорт,көлік жүйесі,өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқтығы,байланыстық жүйелермен қамтамасыз етілуі,өндірістік инфрақұрылым;

  9. Әлеуметтік мәдени фактор:урбанизация деңгейі,халықтың білім деңгейі,ғылыми орталықтардың бар болуы т.б.

Мемлекеттік аймақтық саясатының жүзеге асыру жолдары

Мемлекеттің басқару мәні ресми құжаттарда көрсетілген.ҚР-ның Үкіметтік қаулысымен 1996 жылы 9 қыркүйекте, «ҚР-ның аймақтық саясатының тұжырымдамасы» мақұлданған.

Өңірлік саясаттың тұжырымдамасы оны үш кезеңде карастыруды көздейді:

Ι-кезең1998-2000 ж.ж жататын:

  • өңірлік біршама тәуелсіздігін қамтамасыз ететін саяси,экономикалық,экологиялық және құқықтық саладағы шаралар кешенін әзірлеу;

  • экономикалық тоқырау жағдайын және артта қалған өңірлердің әлеуметтік аясын дамытуды жеңуге бағытталған мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жалпы стратегиялық жағдайларға сәйкес аумақтарға бөлу;

  • елдің барлық аумағындағы экономиканы мемлекеттік ынталандырумен кейбір өңірлерді іріктеулерді қолдану ұштастырылған.

ΙΙ-кезең 2001-2010 ж.ж.

  1. Еңбек және капиталдық институционалдық және нарықтық инфрақұрылымның өңірлік және жалпы мемлекеттік дамуы мен нысаны;

  2. Шағын және орта қалалардағы шаруашылықты қолдау,олардың экономикасын дағдарыстан шығару проблемаларын және әлеуметтік-экономикалық дамуын бірінші шешу;

  3. Артта қалған аудандар мен салалардың өркендеуі үшін материалдық негіздердің құрылуы.

ΙΙΙ-кезең 2011-2030.

  1. Экономикалық өңірлік кеңістікті құрылымын қалыптастыру,оның аумақтық ұжымын жетілдіру,аймақтық шаруашылықтың сала аралық және ішкі салалық үйлесімсіздігін бірте-бірте жұмсарту өңір аралық инфра құрылымдар құру;

  2. Өндіріс кешенінің өркендеу шикізатының теңдесуін қамтамасыз ету,экологиялық және экономикалық теңдестікті сақтау әлеуметтік және экономикалық және аумақтық табиғи ресурстарын тиімді пайдалану;

  3. Өңірлер бойынша өмір сүру деңгейі мен сапасының айырмашылығын теңестіру,экономикалық тоқырау жағдайын жеңу және әлсіз дамыған аймақтардағы әлеуметтік саланы игеру.

Федеративті және унитарлық мемлекет құрылымында тиімді мемлекеттік аймақтық саясат қалыптастыру үшін ең алдымен қажет:

  1. Аймақтың экономикалық қабілетін бағалау;

  2. Еңбек бөлінісіндегі нақты аймақтың орнын және ұлттық экономикадағы оның рөлін анықтау;

  3. Әр түрлі факторлардың әсерінен туындайтын аймақтық теңсіздіктердің негізгі себептерін талдау;

  4. Жалпы елдің және нақты аймақтың дамуының нақты әрі ғылыми тұжырымдалған мақсаттарын қалыптастыру;

  5. Қойылған мақсаттарға жетудің макроэкономикалық және микроэкономикалық құралдарын анықтау;

  6. Ұлттық деңгейде жүзеге асырылатын саяси,әлеуметтік және экономикалық қайта құруларға нақты аймақтардың белсенділік қабілетін анықтау.

Кез-келген елдің аймақтық экономикалық саясаты – бұл мемлекеттің аймақтық процестерге әсер етуінің ғылыми негізделген іс-шараларының кешені және бұл саясат бұл жалпы ұлттың өзіндік аймақтық және жергілікті мүдделердің сақталуын ескере отырып,елдің белгілі бір әлеуметтік-экономикалық тепе-теңдігіне жету үшін жүзеге асырылады.

Бұл мемлекеттің аймақтық саясатының көп деңгейлі екенін сипаттайды және кеш дегенде 3 деңгейде ұлттық аймақтық және жергілікті деңгейде қалыптасып,жүзеге асады.

Аймақтық экономикалық саясат өзіне келесілерді қосады:

  1. Бюджет және салық саясаты;

  2. Аймақтағы болжау және жоспарлау;

  3. Бағдарламаларды жасау және іске асыру;

  4. Табиғи ресурстарды пайдалану:

  5. Өндірістік күштерді орналастыру;

  6. Аймақтық кешендерді дамыту саясаты;

  7. Бақылау аналитикалық қызмет;

  8. Ақпараттық қызмет ету.

Аймақтық –экономикалық саясатты макроэкономикалық деңгейде мемлекет пен оның басқарушы органдары,заң шығарушы және билік тармақтары жүзеге асады.

Жоғарғы макроэкономикалық деңгейдегі мемлекеттің реттеуші күштері мына бағытта тоғысады:

  1. Ұйымдастырушы-басқарушылық;

  2. Заңдық-құқықтық;

  3. Қаржы-экономикалық.

  • Ұйымдастырушы басқарушылық бағытта негізінен аймақтық-экономикалық саясатты дайындау мен жүзеге асыру жауапкершілігі жүктелген.Аймақтық дамуды реттеудің институттары мен органдары қалыптастырылады.Қойылған мақсаттарға жетуде әрбір ұйымдық құрылымның рөлі мен өклеттігі анықталады.

Бұл бағыттағы басты міндеттер:

  1. Меншік нысандарына қаралатын сол аумақта өндірістік барлық кәсіпорынның талапқа сай бағытталған және іс-әрекеттер арқылы аймақтың дамуына меншіктің ықпалын күшейту.

  2. Аймақтық инфрақұрылымды жетілдіру жобаларын жүзеге асыру әлеуметтік және экономикалық ортаны сауықтыру.

  3. Инвесторларды тарту инновациялық іс-әрекеттерді ынталандыру үшін және кәсіпкерлерге қаржылық құқықтық,ақпараттық және тағы басқа көмектер көрсету.

Аймақтық дамуда заңдық-құқықтық реттеу елдің конституциясы мен басқа да көптеген заңдармен бекітілген.Оларда орталық аймақтық,мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару араларындағы өкілеттер ерекше экономикалық аймақтық құқықтық жағдайы анық көрсетілген.

Аймақтық дамуды қаржылық-экономикалық реттеуге жоспарлау және болжау қаржы несиелік және бюджет салықтық жүйелер жатады.

Аймақтық саясаттың мәні – елдің тұтас әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін әлеуметтік тұрақсыздықты туындататын теңсіздікті мүмкіндігінше төмендету.

Аймақтық теңсіздіктің себептері:

  1. Өмір сүрудің және кәсіпкеліктің табиғи ахуал жағдайларындағы шамадан тыс алшақтық.

  2. Аймақтың өсімділігін анықтайтын табиғи ресурстардың көлемі,сапасы және пайдалану бағыттары.

  3. Аймақтың қашық орналасуы.Нәтижесінде көлік ағымдары өседі және өткізу рыногы тарылады.

  4. Өндіріс құрылымының ескіруі,инновацияны енгізудегі кешігулер.

  5. Бірігудің нәтижесіндегі артықшылықтар нәтижесіндегі кемшіліктер.

  6. Халықтың шамадан тыс тығыз орналасуы.

  7. Демографиялық айырмашылықтар.

  8. Кәсіпкерлік ортадағы өзгешеліктер.(салық,фирмаларды әкімшілк барлау деңгейі)

  9. Әлеуметтік-мәдени факторлар.(халықтың сауаттылығы,мәдени және ғылыми орталықтардың болуы және т.б.)