
- •Аймақтық экономика және басқару пәні
- •1.2 Аймақтық ұғымы және басқару пәні. Аймақтар типологиясы
- •2.1Аймақтық басқару түсінігі
- •2.3.Аймақтық экономикалық саясаты.
- •3.1 Аймақ – экономикалық шаруашылық жүргізу объектісі ретінде
- •3.1 Аймақ – экономикалық шаруашылық жүргізу объектісі ретінде
- •3.2 Әлеуметтік-экономикалық жүйелер тұрақтылығы
- •3.3 Аймақтық қайта өндіру үрдісі және олардың пропорциялары
- •4.1Аймақтық экономикалық потенциал
- •5.1.Аймақтың макроэкономикалық тұжырымдамасы
- •5.2.Аймақтың даму бағдарламасын жасауда келесі принциптерге сүйену керек:
- •6.1Қр аймақтарының ерекшеліктері
- •6.2 Аймақтар дамуының алғышартттары
- •Қр аймақтарының экономикалық проблемалары
- •7Тақырып.Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1 Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу әдістері
- •7.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерінің жүйесі
- •7.3 Аймақ тиімділігінің деңгейін анықтау
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- •.Жоспарлау мен болжаудың түсінігі және маңызы
- •9.2. Аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері.
- •10.1 Аймақтық бағдарламалар түсінігі
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- •Өзін өзі бақылау сұрақтары:
- •12.1 Аймақтық саясат ерекшеліктері.
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- •Лекция мақсаты: Аймақтық басқару жүйесі және дамыған елдердің тәжірибесі
- •13.2 Ұлыбританияның жергілікті өкімет органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуы
10.1 Аймақтық бағдарламалар түсінігі
Қазақстан аймақтарының даму мәселелерінің өршуінің алдын алу, ең алдымен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы теңсіздікті жою, табиғи ресурстарды игеру қажеттігі, экологиялық тепе-теңдікті сақтау, шаруашылық құрылымдарының аумақтық жетілдірілуі, халықты жұмыспен қамту және т.б. мәселелерді іске асырумен тікелей байланысты. Бұл жағдайда экономика әсер етудің жаңа әрі тиімді әдістерін қолдану қажет. Мұндай әдістердің қатарына мамандандырылған және сенімді, шектелген уақыт аралығында мемлекеттің бірыңғай аймақтық саясат арқылы жекелеген аймақтардың стратегиялық даму мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін бағдарламалық-мақсаттық жоспарлар, болжамдар, яғни аймақтық бағдарламалар жатады. Ең алдымен мемлекеттік бағдарлама түсінігіне тоқталып өтсек:
мемлекеттiк бағдарлама - салааралық сипаты бар, әлеуметтiк-экономикалық дамудың стратегиялық және неғұрлым маңызды мiндеттерiн шешуге және мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, құқық тәртiбiн, заңдылық пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi әзiрлейтiн және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн бағдарлама;
аймақтық бағдарлама - мәслихаттар бекiтетiн, өңірді (аумақты) әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық мiндеттерiн шешуге бағытталған бағдарлама1.
Аймақтық бағдарламаларды әзірлеу – бұл әртүрлі деңгейдегі аймақтардың барлық мүмкіндіктерін мобилизациялаудағы мақсатты бағытталған үрдіс.
Аймақтық бағдарламалар мақсаттық кешенді бағдарламалардың әртүрлілігін білдіреді және аймақтардың экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму стратегияларын, шаруашылық әрекеттердің нысанын басқарудың және реттеудің құралы және алдыңғы қатарлы, кейінге қалдырылмайтын мәселелерді шешу үшін ресурстарды басым бағыттары бойынша пайдалану тәсілдерінің бірі болып табылады.
Аймақтық бағдарламалардың спецификасы оның жалпымемлекеттік және аймақтық мүдделерді қамтитын респубикалық, аймақтық, аудандық, республикалық маңызы бар қалалар негізінде қалыптасады және әзірленеді. Бағдарламалық іс-шаралар аймақтың шектелген географиялық шекарсында және Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық бөліну бірлігіне (республика, облыс, аудан, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар) сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарламаларды жоспарлауды және жүзеге асыруды басқару аймақтық атқарушы билік құрылымдарымен жүзеге асырылады. Бағдарламаларды қаржыландыру кейбір жағдайларда мемлекеттік субсидиялардың көмегімен жүзеге асырылады, көп жағдайда, аймақтық деңгейде шешілуі мүмкін емес республикалық маңызы бар бағдарламалар. Сонымен қатар басқа да қаржыландыру көздері қолданылады (шетелдік инвестициялар, жеке капитал салымдары және т.б.)
Салыстырмалы түрде алғанда аймақтық бағдарламалар мемлекеттік бағдарламалардан бірқатар ерекшеліктері бар, атап айтсақ, атқарылатын жұмыс көлемі, ресурстық шығындары жағынан және нақты әрі қатаң мақсатқа бағытталуымен, нақты адрестік сипатта болуымен, уақыт интервалының нақты шектелгендігімен ерекшеленеді, сондай-ақ, аймақтық дамудың жалпымемлекеттік тұжырымдамасы мен ҚР аймақтық саясатына сәйкес жүргізіледі.
Бір аймаққа арналған бағдарламаның жүйесі көрші аймақтардың сәйкес бағдарламалар жүйесімен келісе отырып жасалады.
Бағдарламаларды жүзеге асыру механизімі аймақтардың нарықтық-шаруашылық кешеніне және жалпы қазақстандық нарық жүйесінде кіреді.
Аймақтық бағдарламалардың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар. Аймақтық бағдарламалар әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді,әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық мiндеттерiн шешуді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт.
Аймақтық бағдарламалардың негізгі міндеттері келесідей:
аймақтар арасындағы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму көрсеткіштері бойынша айырмашылықтарды теңестіру;
экономиканың оңтайлы территориялық және салалық құрылымдарын қалыптастыру;
нарық жағдайында тапшылықсыз, балансталған аймақтық шаруашылықты құру;
аймақтардың табиғи, материалдық және еңбек ресурстарын толық және тиімді пайдалану;
мелекеттік құрылымдық саясатқа сәйкес өндірісті және салаларды дамыту;
қоршаған ортаны қорғау;
соңғы табиғи апаттар мен техногенді ахаулардың алдын алу;
басқару органдары мен шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақпараттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
аймақтардың рухани дамуын, олардың тарихи мұраларын сақтау және мәдени әлеуетін күшейту, қоғамдық-саяси және құқықтық жағдайды тұрақтандыру.
Аймақтық бағдарламаның мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру әдістері мемлекеттік реттеудің басқа бағыттарымен өзара тығыз байланыста жүзеге асырылады.
Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен-өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың даму барысына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктерін де ескеруі тиіс. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше бола түседі. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама жасап, сол бойынша аймақтар өзінің даму бағытын жүзеге асырады.
Бағдарламаның аймақтық аспектісі келесіні қарастырады:
әлеуметтік-экономикалық дамудың қалыптасуы, сондай-ақ табиғатты пайдалану және қоршаған ортаға деген антропогендік әсерді бақылайтын аймақтық шаруашылық механизмінің қалыптасуы;
табиғатты қорғау шараларын жүргізу;
халықтың денсаулығын сақтау, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, санитарлы-эпидемологиялық жағдайды қалыптастыру шараларын орнату;
жергілікті жағдайларға бейімделген экологиялық прогрессивті агротехнология негізінде ауыл шаруашылығын дамыту;
жергілікті экожүйенің шаруашылық сиымдылығы негізінде аймақтық кәсіпорынды қайта құру.