Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялық кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
493.57 Кб
Скачать

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Экономика және басқару » факультеті

«Экономиканы мемлекеттік реттеу » кафедрасы

ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН

АЕ«Аймақтық экономика және басқару » пәні

«5В051000» - Мемлекеттік және жергілікті басқару

мамандығы

Алматы, 2012ж.

Пәнді оқып үйренуге арналған әдістемелік ұсыныстар

Осы курсты барынша тиімді оқып үйрену үшін төмендегілер іске асырылуы тиіс:

1. Лекция сабағы студенттердің қатысуын, тыңдауын, негізгі тұжырымдамаларды жазып, белсенділігін қажет етеді. Күнделікті лекцияға өткен материалды игеріп және жаңа материалмен танысып келуі керек. Сонда ғана лекция өз дәрежесінде мақсатына жетеді. Сондықтан студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында лекция материалына сәйкес баға беріледі.

2.Дәрістік материалды тыңдау, әр лекция тақырыбының негізгі сұрақтары бойынша маңызды материалды көрсететін конспект жасалуы тиіс, түсініксіз жерлерін конспектіні жасау барысында айқыдалуы тиіс.

3. Межелік бақылау екі кезеңмен өткізіледі. Жоғарыдағы кесте бойынша бағалары 8-ші және 15-ші аптада қорытылып қойылады. Теориялық сұрақтар лекция кезінде және басқа сабақтар кезінде, тапсырмалар орындау және қабылдау кездерінде сұрап отырылады.

4.Сабақ басталар алдында бар болған жағдайында күмән туғызатын мәселелерді талқылау керек.

5.Басқа студенттермен бірге тақырып бойынша пікір алмасып, тапсырма бойынша қойылған мәселелерді тұтастай игергендігін көрсете алуы тиіс.

6.Зерттеу мәселесі бойынша қосымша мәліметтерді іздестіру.

7.Қойылған сұрақтардың жауабы нақты және толық берілуі тиіс, кейстер мен іскерлік ойындарды жүргізу кезінде белсеңділік пен бастамашылықты көрсету қажет, жат мінез-құлықтарға жол бермеу керек, өзге студенттер мен оқытушыларға құрметпен қарап, сөзін бөлмеуге тырысу керек.

1-тақырып. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы

Лекция мақсаты-пәнніңзерттеу заты және міндеттерін анықтау,курстың құрылымына сипаттама беру және «Аймақтар экономикасы және басқару» пәнінің басқа экономикалық курстар жүйесіндегі орнын анықтау болып табылады.

Түйінді сөздер: аймақ,әдістер,міндеттер.

Лекция сұрақтары:

1.1.Аймақтық экономика және басқару пәні

1.2.Аймақтық ұғымы және басқару пәні

1.3.Аймақтар ұғымы және типологиясы

    1. Аймақтық экономика және басқару пәні

Аймақтық экономика – экономика ғылымының өндіріс салалары мен кәсіпорындарды ел аумағының жекелеген өңірлерінде ұтымды орналастырады.Өнімді өткізу аймақтарын қалыптастыруды көздейтін бөлім.Ол материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдаланады,шаруашылықты дамытуды,саларалық маманданған шаруашылық түрлерін өрістетуге жағдай жасауды, аймақтардағы өндірістік салаларды жетілдіруді зерттеуде.

Аймақтық экономика өндіргіш күштерді дамыту мен орналастырудың кең ауқымды мәселелерін қарастырады.Әрі өндірістік кешендерді құруға жол ашады. Ол үшін аймақтықэкономикалық,минералды шикізат,материалдық-техникалық базасы зерттеледі.

Өндіргіш күштердің дамуына табиғи ортаның экологиялық бұзылмауы негізге алынады.

Қазақстан аймақтарындағы мол табиғи ресурстарды ұтымды игеру өнеркәсіптік шикізат пен отын базасын дұрыс орналастыру еліміздің экономикалық қуатын арттырады.

Халық шаруашылық шикізат және отын ресурстарын пайдаланудың арта түсуі шикізат базасының үлкен торабын жасауды талап етеді.

Минералды шикізат ресурстары экономикалық құрылымдық тұрғыдан қайта құруға қажетті қаржыны жинауға мүмкіндік береді.

Аймақтық экономика ғылымымен ҚР экономикасы дамуының аумақтық аспектісі зерттеледі.

Аймақтық экономиканы зерттеу пәніне аудандардың дамуымен өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары мен ерекшеліктері, сонымен қатар аймақтық дамуымен орналасу факторлары жатады.Ол тек аумақтардың экономикалық мәселелерін зерттеп қоймай экология,әлеуметтік мәселелер және т.б. қамтиды.

Аймақтық экономиканың зерттеу факторы болып аймақтар табылады.

Әдебиетте аймақтар деп – белгілі бір жалпы сипаттамалармен қойылған әр түрлі аумақтарды айтады.

Аймақтық экономика бір елдің аймақтарын зерттейді.Сонымен бірге өндіргіш күштердің орналасу мәселелері және шет елдегі аймақтық сипатты да қосады.

Аймақтық экономика саласында келесідей мәселелер қарастырылады:

  1. Мемлекеттің аймақтық саясаты;

  2. Экономикалық және әлеуметтік дамудың аймақтық бағдарламаларын жолдау және жүзеге асыру;

  3. Аймақтық кешенді дамуымен мамандандырылуының тиімділігі;

  4. Аудандық жоспарлау.

Аймақтық экономика өнеркәсіпті орналастыруды экономикалық реттеу механизмін аймақтық дамудың экономикалық тиімділігін анықтауды зерттейді.

Аймақтық ғылым терминін американдық ғалым Уолтер Изард енгізді.

1.2 Аймақтық ұғымы және басқару пәні. Аймақтар типологиясы

Аймақтық даму мемлекеттік аймақтық жүйелер әлеуметтік-экономикалық немесе аумақтық әкімшілік ретінде сипатталуы мүмкін.

Аймақтық жүйе болып табылатын аумақтық-экономикалық бірлестіктір ретінде келесілер кіреді:

  1. Өнеркәсіптік орталықтар;

  2. Ірі экономикалық аудандар;

  3. Орта деңгейлі аудандар;

  4. Еркін экономикалық зоналар;

  5. Іріленген аудандар(макроаймақтар);

  6. Аймақтар.

  • Өнеркәсіптік орталықтар әдетте үлкен аумақтарды алады.Оларға экономикалық ресурстардың ауқымды бөлігі шоғырланған.Олар арқылы басқа аумақтық бірлестіктердің өзара байланысы іске асырылады;

  • Ірі экономикалық аудандар – аумақтық бірлестік болып табылады.Олардың белгілі өндірістік мамандандырылуы болады.

  • Орта деңгейлі аудандар- аймақаралық еңбек бөлініс жүйесінде белгілі орын алады,бірақ кіші аймақтық жүйе болып табылады.Сонымен қатар оларға ірі экономикалық аудандардың пораметрлері тән.

  • Еркін экономикалық зоналар бірқатар жеңілдіктері бар.Белгілі бір дәрежеде елден бөлек аумақтық бірлестіктер.Олардың мақсаттары – тиімді өндірісті ұйымдастыру үшін шетел инвестицияларын тарту.

  • Іріленген аудандар(макроаймақтар)- бұл өзіндік ерекшеліктері бар экономикалық зоналарды құрайтын бірлестіктер.Олар табиғи,еңбек,өндіріс потенциалдардың жалпылығына негізделген.Оларға шаруашылықтың белгілі бір түрінің мамандандырылуы сипат.

  • Экономикалық зоналарды іріленген аудандар құрайды.Мұндай зоналар өндірістік ресурстарды бөлуде болмау үшін әлеуметтік – экономтикалық және басқа процестерді ұйымдастырудың тиімді жолдарын жасау үшін қажет.

Аймақ – елдің әлеуметтік-экономикалық бірлігі ретінде жұмыс істейтін экономикалық шекаралармен бөлінген аумақтық бірлестік.

Аймақтың белгілі бір экономикалық мамандандырылуы болады және өндірістік билік құрылымымен сипатталады.

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының қағидалары:

  1. Республикалықеңбек бөлінісінде аймақтың орнын оның экономикалық мамандандырылын анықтау;

  2. Ұдайы өндірістің қарқыны мен үйлесімін аймақтың шаруашылық кешенінің салалық және аумақтық құрылымындағы қзгеруін негіздеу;

  3. Аймақтарда аумақтық-өндірістік кешендердің кластерлердің және тағы басқа өндіріс формаларының жоспарлы қалыптасуы және дамуы;

  4. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыру аясында халықтың өмір сүру деңгейіндегі аймақтық айырмашылықты бағалау;

  5. Аймақтағы экономикалық және әлеуметтік процестерді аумақтық басқару жүйесін жетілдіру.

Аймақ шекараларының кешенді дамуы ресурстық немесе өндірістік потенциалды тиімді пайдалану негізінде өндіріс және әлеуметтік инфрақұрылым салаларының үйлесімді дамуын білдіреді.

Аймақтық шаруашылық кешенінің тиімді жұмыс істеуі инфрақұрылымның дамуына байланысты.

Барлық инфрақұрылымдар 4 негізгі топқа бөлінеді:

  1. Өндірістік;

  2. Экологиялық;

  3. Әлеуметтік:

  4. Институционалдық.

  • Өндірістік – белгілі бір аумақтағы өндірістік-ауыл шаруашылық және өндірістердің тиімді жұмыс істеуімен орналасуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін инженерлі – техникалық обьектілер мен ғимараттар кешені.

  • Экологиялық – адам өмір-қауіпсіздігі мақсатында қоршаған ортаны қорғауға қатысатын материалдық өндіріс элементтерін қалпына келтіруге арналған элементтер мен құрылғылар кешені (ауа-бассейн тазалау бойынша құрылғылар тұрмыс қалдықтарын қайтару бойынша құрылғылар қоршаған ортаны қорғай обьектілері).

  • Әлеуметтік – халықтың қалыпты тұрмыс салтынқамтамасыз ету бойынша салалар кешені.Ол тұрғын комуналды – тұрмыстық,мәдени-ағарту,медициналық,спорт,туристік және обьектілер жатады.

  • Институционалды – аймақ аумағындағы басқару міндеттерін жүзеге асыратын обьектілер мен мекемелер жиынтығы.Бұған (қаржы-несие,әкімшілік-шаруашылық ұйымдар,ақпараттық орталықтар,ғылыми зерттеу орталықтары мен мекемелері)кіреді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

        1. Аймақ дегеніміз не

        2. Аймақтық экономика нені зерттейді

        3. Аймақтық экономика саласында қандай мәселелер қарастырылады

        4. Аймақтық жүйе болып табылатын аумақтық-экономикалық бірлестіктіргене кіреді

        5. Аймақтық даму дегеніміз не

Әдебиеттер:

  1. Региональная экономика: Учебник под ред. Т.Г. Морозова, Москва: Юнити-Дана,2010.

  2. Региональная экономика: Основной курс. Учебник под ред. В.И. Видяпина, М.В. Степанова М: Инфра-М, 2010.

  3. Региональная экономика (элект.ресурс)Электронный учебник К.Н. Юсупов, 2009.

  4. Ермошина Г.П. Региональная экономика. Уч. Пособие. М: Инфра-М,2010.

  5. Ихданов Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. Алматы. Экономика, 2010.

  6. Смагулова Г.С. Аймақтық экономика басқару мәселелері. Оқу құралы. Алматы. Экономика, 2005.

2-тақырып. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері

Лекция мақсаты – студенттерге аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуының концепциясы негізгі қағидалары жөнінде жан жақтылы түсінік беру.

Түйінді сөздер: әлеуметтік экономикалық дамуының концепциясы,негізгі қағидалары.

Лекция сұрақтары:

    1. Аймақтық басқару түсінігі

    2. Аймақтық экономика

    3. Аймақтық экономикалық саясат.