
- •5В020700 – «Аударма ісі» мамандығы үшін
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2. Пән туралы мәлімет:
- •1.6 Оқыту нәтижелері
- •1.7. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8. Әдебиеттер тізімі:
- •1.9 Баға туралы ақпараттар
- •2. Пәннің оқу-әдістемелік материалы
- •2.1. Дәрістің тақырыптық жоспары. Кредит саны – 2
- •2.2. Дәрістік сабақтардың тезистері:
- •5. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні
- •4 Дәріс. Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелілік сипаттары
- •5 Дәріс. Фонетика
- •Грамматиканың тілдің басқа аспектілерімен байланысы
- •8 Дәріс. Тілдерді классификациялау принциптері
- •9 Дәріс. Жазу және оның кезеңдері
- •2.3. Семинар сабақтардың жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары (соөж) бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •Курс бойынша жазбаша жұмыстың тақырыптары
- •2.6.2 Курстық жұмыстың тақырыптары
- •2.7. Оқу пәндерін мультимедиялық және бағдарламалық оқыту
- •2.8. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары:
- •5В020700 – «Аударма ісі» мамандығы үшін Түйте Елдос Ерғазыұлы
5 Дәріс. Фонетика
1. Фонетика туралы түсінік
2. Фонетиканың салалары
3. Буын, оның түрлері.
4. Буын және дыбыс үндестігі және оның түрлері
Дәріс тезисі: Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым. Ол – гректің «phonetikos» – дыбыс деген сөзінен алынған термин. Оның негізгі зерттеу объектісі: тіл дыбыстары, олардың құрамы мен жүйесі болып табылады. Сонымен, фонетиканың қарастыратын мєселелеріне: тіл дыбыстарыныњ пайда болуы, олардың іштей жіктелуі және бір-біріне әсері, буын, екпін мәселесі, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың ара қатынасы, орфография, орфоэпия т.б. жатады. Фонетиканың негізгі қарастыратын мәселесі дыбыс болғандықтан, дыбыс сөзінің беретін мағынасын ажыратып алуға тура келеді. Дыбыс сөзінің білдіретін мағынасы өте кең. Табиғаттағы құлаққа естілетін үннің бәрі де дыбыс деп аталады. Мысалы: желдің гуілі, машинаның гүрілі, тақтаға бормен жазсақ та белгілі бір дыбыс шығады т.б.
Дыбыс негізінен екіге бөлінеді: 1. Физикалық дыбыстар. 2. Тіл дыбыстары. Фонетиканың объектісі мен салалары. Адамзат баласының тілі – дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары әрбір тілдің өмір сүруінің кепілі. Әдетте олар сөз ішінде айтылады. Демек, сөз белгілі бір дыбыстардан тұрады. Ол – тіл дыбыстары. Дыбыс – тілдің материалдық көрсеткіші. Яғни сөз құраудың негізгі кірпіші. Мысалы: сан – сән, сыз – сіз немесе бал – тал – қал, қап – қаш дейтін болсақ, дауысты немесе дауыссыз дыбыстың өзгеруіне қарай әр түрлі сөздер туып тұр. Бұл дыбыстың сөз құраушы элементі екенін дәлелдейді. Ал сөз болса ойды жарыққа шығаратын, басқа біреуге жеткізетін құрал болып саналады. Тіл дыбыстарының мәні бірнеше дыбыстың тіркесіп барып белгілі бір заттың, нәрсенің құбылыстың, ұғымның, қимылдың атауын білдіріп, лексикалық мағыналы сөз құрап тұратындығынан көрінеді. Тілдегі буындар дыбыстарға, яғни фонемаларға бөлінеді. Фонема қай тілде болмасын, сөздер мен морфемаларды ажырату үшін жұмсалады. Сөйтіп, фонема сөздерді, тілдегі ұғымдарды мағына жағынан бір-бірінен ажыратуда негізгі қызмет атқарады. Сонымен, тілдің жеке мағыналары сөздерін, сөз бөлшектерін жасауға қажетті артикуляциясы жағынан тұрақталған арнаулы дыбыстық элементтердің жүйесін фонема деп атайды.
Фонема тілдің дыбыстық құрылысының әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кішкене мағыналы бөлшегі болғандықтан, жеке сөздің, қосымшаның бірін, екіншісінен мағына жағынан ажыратып, саралап бөлуге негізгі үлес қосады: той – тор, шаш – шақ, күн – күш, даланы – даланың, үйді – үйдің т.б.
Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары – әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер дыбыстардың өз ара тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатынас құралы да, пікір алу құралы да бола алмас еді. Тілдің дыбыстық жағы оның замандар бойында өмір сүруіне, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік жасайды.
Тілдің дыбыстық жағы – сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып танылады.
«Сөздік пен грамматикалық құрылысы тілдің мазмұнын құрайды да, дыбыстық жағы оның материалдық жамылғышын, оның физмкалық формасын құрайды деп белгілі дәрежеде айтуға болады».
Тіл дыбыстары, әдетте, сөз ішінде айтылады. Бірақ белгілі бір дыбыс арнаулы бір сөздің құрамында қолданылумен шектеліп қоймай, көптеген сөздердің құоамында қолдана береді. Тілдің лексикасын құрастыратын сан мыңдаған сөздер дыбыстық жағынан алғанда, ондаған ғана дыбыстардың әр түрлі комбинацияларынан құрылған. Осы тұрғыдан алғанда, дыбыс белгілі бір сөзге байланып қоймай, одан белгілі дәрежеде оңашаланып, нақтылы сөздерден абстракцияланады. Бұдан тілдегі дыбыстық заңдылықтардың барлық сөздерге бірдей қатысты болып келуі дәлел бола алады. Мысал ретінде түркі тілдерінде сөздердіің алғашқы буынындағы ерін дауыстың әуеніне қарай, екінші буынды да ерін дауыстысының айтылу заңдылығын немесе орыс тілінде барлық сөздерде дауысты дыбыстың ашық буында созылыңқы айтылу заңдылығын және т.б. дыбыстық заңдылықтарды атуға болады.
Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тіңдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық құбылыстармен әрдайым байланыста қарым-қатынаста болады. Лексикалық элементтер болсын, белгілі бір дыбыспен немесе дыбыстардың тіркесімен айтылады, сол арқылы өмір сүреді. Мұнымен бірге тілдің дыбыстық жағының өзіне тән қасеттерімен ерекшеліктері және әр түрлі заңдары болады, сондықтан тіл дыбыстары, дыбыс заңдары тіл білімінің арнаулы бір саласы – фонетикалық зерттеу объектісі болып саналады.
Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды. Тіл дыбыстары, олардың құрамы, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары туралы мәселелер фонетикада, әрине, маңызды орынға ие болады. Алайда, тіл дыбыстары мәселенің фонетикада басты орынға ие болуы фонетиканың басқа да маңызды объектілерінің болуын жоққа шығармайды. Дыбыстарды зерттеу мен дыбыстық тілдің басқада мәселелерін, мысалы, буын, екпін және интонация мәселелерін қарастыру өзара тызыз байланыста болады.
Сонымен, фонетиканың зерттейтіндері – тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетен дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арсындағы байланыстар.
Фонетика лингвистика ғылымның арнаулы бір саласы бола отрып, тілдің лексикасымен де, грамматикасымен де астарласып, байланысып жатады. Бұлай болатындығы фонетикалық құбылыстар мен процестер тілдегі сөздерден тыс емес, қайта әрдайым сөздердің ішінде болады, ал сөздер грамматикамен тығыз байланыста, әрқашан қарым-қатнаста болады. Омонимдерді қоспағанда, тілдегі сөздер бір-бірінен дыбыстық айырмашылықтары арқылы ажыратылады. Әр түрлі тілдердегі сөздердің дыбыстық жағының ұқсас жақтары болуымен бірге, айырым жақтары мен өзне ғана тән ерекшеліктері де болады.
Фонетика грамматиканың морфология саласымен де, синтаксис саласымен де байланысты. Морфология сөздердің өзгеру, түрлену ережелерін белгілей отырып, фонетиканың қағидаларынан аулақ кете алмайды. Дыбыстардың алмасу морфологиялық қызмет атқаруы да мүмкін. Дыбыстардың алмасу құбылысы грамматикалық тәсіл ретінде морфологиялық қызмет атқарған жағдайда ішкі флекцсия деп аталады. Бірсыпыра тілдерде дыбыстардың алмасу құбылысы түгелімен грамматикаға жатқызылуы жайдан-жай емес.
Фонетиканың синтатсиспен байланысы мынадай жайлардан көрінеді: сөйлемдердің әрбір түрі өзіне тән интонациямен айтылады. Сөйлем пауза, фразалық екпін және методика арқылы мүшеленеді.
Фонетиканың тарихи фонетика деп аталатын саласының тілдердің тарихи даму жолдарын танып білуде, этимология мен тарихи грамматикаға қатысты мәселелерді зерттеп шешуде, тілдердің туыстастығын және олардың ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын айқындауда тигізер көмегі де, атқаратын қызметі де айрықша.
Тіл дыбыстарын және оларға тән заңдылықтарды зерттеудің теориялық мәні, атап айтқанда, мынада: дыбыстық өзгерістерді, олардың заңдылықтарын есепке алмай тұрып, лексикалық құбылыстардың да, грамматикалық құбылыстардың да шығу төркінін, өзгеріп дамуын ашып айқындау, соған орай, лексиканың да, грамматиканынң да, ғылыми тарихын жасау мүмкіндік болмаған болар еді. Демек, тілдің замандар бойындағы тарихи даму барысының түрлі дәуірлеріндегі дыбыстық өзгерістерді, оның заңдылықтарын зерттеу мәселесі тіл білімінде өте-мөте маңызды мәселе болып саналады.
«Тарихи фонетикасыз тарихи-салыстырмалы грамматика, тарихи тіл білімі болмаған болар еді. Фонтиканың арқасында ғана тіл білімі өте-мөте дәлме-дәл қоғамдық ғылымдардың бірі бола алды десек, асыра айтқандық болмайды».
Фонетиканың практикалық жақтан да үлкен мәні бар. Фонетиканың практикалық мәні әр саладан да көрінеді. Мектептерде дұрыс оқытудың да, дұрыс жаздырудың да методикасының көптеген мәселелері фонетикаға негізделеді. Сауаттылыққа үйрету тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланысты бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру – ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарды жете білуді қажет етеді.
Бұрын жазуы болмаған халықтардың алфавиті мен графикасын жасау, сондай-ақ бұрыннан жазуы бар халықтардың тілдерінің орфографиясын өңдеп жетілдіре түсу тәрізді практикалық мәселелер фонетикаға арқа сүйеудің негізінде шешіледі. Радиохабарлары мен көпшілікке арналған лекцияларды оқу тілдің орфоэпиялық нормаларын айқындап белгілеу фонетиканынң практикалық басты мәселелерінің бірі болып саналады.
Фонетиканың техникалық мәселелерді қарастырып шешуге де қатысы бар. Телефон мен радиотехниканынң кейбір мәселелері, мысалы, байланыс жолдары арқылы берілетін сөздің айқындылығы мен түсніктілігін айқындау мәселелері фонетикалық деректерді есепке алуды талап етеді. Соңғы жылдарда әр түрлі техникалық проблемалардың тууымен байланысты фонетикаға жаңа міндеттер жүктеледі. Ол міндеттер, атап айтқанда, сөз арқылы меңгерілетін механизмдердңі жасау, ауызша сұрақтарға жауап беретін информациялық машиналар мен ауызша аударма жасайтын машиналарды конструкциялаумен байланысты. Бұл мәселелерді шешуге фонетистердің де тікелей қатысы бар.
Фонетика ғылым ретінде жалпы фонетика және жеке фонетика болып бөлінеді.
Жалпы фонетика жалпы тіл білімінің бір саласы ретінде адамның сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкіндігі айқындайды, тіл дыбыстары классификациясының принциптерін белгілейді. Жалпы фонетика ғылымының басқа салаларымен, мысалы, акустика, физиология және психологиямен тығыз байланысты болады. Кейбір ғалымдар жалпы фонетиканы сөйлеудің физиологиясымен теңестіріп қарайды. Алайда, академик Л.В.Щербаның айтқанындай, жалпы фонетиканы акустикадан да, физиологиядан да басқаша, лингвистикалық айрықша пән ретінде бөліп қарау және оны тіл дыбыстарының адамдардың тілдік қатынас жасау процесінде атқаратын қызметіне орай әлеуметтік ғылымдардың қатарында қарау керек.
Жеке фонетика белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді.
Сипаттама фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады да, ондағы фонемалар жүйесін және фонемалардың ішкі өзара байланыстарын белгілеп айқындайды. Сипаттама фонетикада дыбыстардың тарихын зерттеудің арнайы мақсаты түрінде емес, қазіргі тілдің фонетикалық жүйесін және оның ары қарай даму мүмкіндіктерін айқындаудың құралы ретінде ғана қаралып, есепке алынады. Фонетиканың бұл түріне қатысты фонология деген термин де қолданылады.
Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат етеді.
Қазақ тілінің өзіне тән ерекшелігінің бірі болып есептелетін 28 фонема бар: а, ә, б, г, ғ, д, е, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ү, ұ, ш, і, ы. Бұлар байырғы төл сөздер мен сөз формаларын жасауда, акустика, артикуляция жағынан қалыптасқан барлық сөздерде қолданылатын фонемалар. Қазақ тілі сөздік құрамының жалпы дыбыс жүйесінде халықаралық сөздерде қолданылатын 8 фонеманы (в, ф, х, э, щ, ч, ц) қоссақ, тілімізде барлығы 36 фонема бар. Дыбыс пен әріп – екеуі екі түрлі ұғымды білдіретін сөздер. Ауызекі сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, есту мүшелері арқылы сезілетін физикалық құбылысты тілде дыбыс деп атайды. Жазу тілінде дыбыстарды таңбалау үшін алынған белгілерді әріп дейді. Әріп – дыбыстың таңбасы.
Адам сөйлеп тұрған кезде ауа қарқыны сөйлеу мүшелері арқылы толқындалып, бірнеше бөлікке түсіп айтылады. Өйткені сөйлеу ырғақ-интонациялық тұрғыдан алғанда, дыбыстардың үздіксіз тізбегінен құралған бірлік немесе сөйлеу толқыны. Ол нақты бөліктерден, сөйлеудің бірліктерінен (фраза – такт – буын – жеке дыбыс) тұрады.
Физиологиялық жасалу тұрғысынан алғанда, буын дауысты дыбыстың ауа толқыны арқылы өзін қоршаған дауыссыз дыбыстардың тобын құрап, бөлшектеніп айтылады. Акустикасы (дыбысталуы) жағынан қарағанда, сөздің әрбір буындалған жеке бөлшектері алды-артындағы өзі сияқты дыбыстар тобынан бөлініп, сараланып естіледі. Сөйлеу толқынында сөздердің осылайша фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір (дауысты дыбыс) немесе бірнеше (дауысты және дауыссыз дыбыстар) дыбыс тобы түгелімен жіктеле айтылатын әрбір бөлшегі буын деп аталады. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Фонетикалық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбиді. Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ.Жұбанов алтыға, Н.Сауранбаев төртке, С.Кеңесбаев үшке бөледі. Соңғы бөліс (ашық, тұйық, бітеу) барлық оқулықта жүр. Ал фонетист С.Мырзабеков: “Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын және тұйық буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді және есте сақтауға ыңғайлы”, – дейді. 1. Ашық буын әр уақытта сөз бастаушы буын болады. Жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталған буынды ашық буын дейді. Мұның дыбыстық құрамы:
А: а, ә, а-на, а-та, ба-ла, а-ќы-лы, ө-ре, ұ-зақ, ү-кі, ы-дыс, і-рі, і-лім т.б.
БА: ба-ла-сы, бі-лі-мі, де, не, же-лі, та, те, да-ла т.б.
2. Тұйық буын дауыстыдан басталып дауыссыз дыбысқа аяқталады. Дыбыстық құрамы:
АБ: ат, ер, ақ, ән-детті, үй, ақ-тар, әл-ден, өр т.б.
АББ: ант, өрт, ұлт, өрт-те, ыңқ-ыңқ, ырс-ырс т.б.
3. Бітеу буын деп дауыссыз дыбыстан басталып дауыссызға аяқталған буынды айтады. Дыбыстық құрамы мынадай болып келеді:
БАБ: құс, тіс, бас-тар, бас-тық, тас-тай, бұл-бұл-дар, тақ-тақ т.б.
БАББ: серт, қарт, төрт, сырт-сырт, жарқ-жарқ қант, бұлт т.б.
Қазақ тілінде дауыстылардың үндесуі сөз ішінде жуан дауысты дыбысы бар буыннан кейін, оған сәйкес жуан дауыстының келуі (ағаш-тар-ға, қобыз-дың), жіңішке дауысты дыбысы бар буыннан кейін соған орай жіңішке дауыстының келуі (еңбек-ке, өзен-дер) түрінде болады. Ал түбір сөздің соңындағы қатаң дауыссыздан кейін қосымшаның да қатаң дауыссыздан басталуы (тамақ-қа, сүт-тің) немесе ұяң дауыссыздан кейін қосымшаның да ұяң дауыссыздан басталуы (күз-ге, қаз-дар) дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесуі болып табылады. Дауыстылардың бір-бірімен өзара үндесуі сингармонизм деп, ал дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өзара үндесуі ассимиляция деп аталады. Сөз құрамында немесе сөздердің аралығында көршілес келген дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі ассимиляция деп аталады. Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрде көрінеді: а) ілгерінді ықпал; ә) кейінді ықпал; б) тоғыспалы ықпал. а) Ілгерінді ықпал деп сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын айтады. Бұл, әсіресе сөз бен қосымшаның аралығында жақсы сақталады, яғни ќосымшаның басқы дыбысы түбірдің соңғы дыбысына толық тәуелді болып тұрады. Ілгерінді ықпал мынадай түрде болады: 1) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, не үнді, не ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады. Мысалы: қала-ға, білім-ді, күз-гі, бүгін-гі т.б. 2) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады: жент-ті, ат-қа, бас-пен т.б. ә) Кейінгі ықпал деп сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін айтады. Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяңданады, кейде п дыбысы у-ға айналады: жүрек – жүрегі, білек – білегі, парақ – парағы, қабақ – қабағы, жап – жауып, жаба бастады, теп – теуіп, тебе т.б. б) Тоғыспалы ықпал. Қосымшалар аралығында қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа акустикалық жақтан, ал кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінің де алмасуға ұшырауын тоғыспалы ықпал дейді. Мысалы: он күндік – оңгүндік, қайран қалды – қайраңғалды, айдын көл – айдыңгөл, тас жол – ташшол, Досжан – Дошшан, Есжан – Ешшан т.б. Тілдің ауызша айтылуын орфоэпия, ал жазбаша түрін орфография қарастырады. Орфоэпия – сөздер мен сөз тіркестерінің бірізді дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы дегенді білдіреді.
Сөздердің бірізді, бірыңғай айтылуы (жазылуы) тілдік қатынастарды жеңілдетеді. Ал, керісінше, белгілі бір мағынада қолданылатын сөздің дыбыстық құрамының әр түрлі болуы түсінікті ауырлатып, көңілді алаңдатады: қоңған – қонған, көссүз – көзсіз, башшы – басшы, ағешкі – ақ ешкі т.б. Орфоэпия ережелері тілдегі сөздер мен сөз тіркестерін әдеби тіл нормасына сай неғұрлым бірізді, дұрыс айтуды қамтиды. Бұл жеке дыбыстың, дыбыстар тіркестерінің айтылу ерекшеліктерімен, дыбыстардың үндестігімен тығыз байланысты. Орфоэпиялық норманы дұрыс меңгеру үшін тілдегі әрбір дыбыстың акустикалық-артикуляциялық белгі қасиеттерін қолданылуындағы (айтылу, жазылуындағы) ерекшеліктерді жақсы білу керек. Орфоэпия ережелері тілдегі сөздер мен бунақтарды (сөз тіркестерін) әдеби тіл нормасына сай неғұрлым бірізді, дұрыс айтуды қамтиды. Мұның өзі айналып келгенде жеке дыбыстардың, дыбыстар тіркесінің айтылу ерекшеліктерімен, дыбыстардың үндестігімен тікелей байланысты. Қысқасы, орфоэпиялық норманы дұрыс меңгеру үшін тілдегі әрбір дыбыстың акустикалық-артикуляциялық белгі-қасиеттерін, қолданылуындағы (айтылу, жазылуындағы) ерекшеліктерді, яғни фонетика ғылымын жақсы білу керек болады. Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі және біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын, зерттейтін тіл білімінің саласы. Орфография тілдің белгілі бір даму кезеңіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайды.
Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 5, 18, 19, 22, 41.
Қосымша әдебиет: 6, 12, 13, 20, 21,
6-дәріс. Лексикология
1. Лексикологияның нысаны – сөз
2. Лексикологияның салалары
Дәріс тезисі: Лексикология грек сөзі – сөз, сөзге қатысты ілім деген мағынаны білдіреді, тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Лексикология – сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілеттілігін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы экспрессивті-стилистикалық мәні мен сипатын, тарихи арналары мен қат-қабаттарын, толығу жолдарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Лексикология жекелеген сөздердің тобын емес, тілдің қалыптасқан лексикалық жүйесін қарастырады. Тілдің қаншалықты жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздер санымен ғана емес, мағынасымен де өлшенеді. Сөз - дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес единица. Сөз жеке затты немесе құбылысты атайды, ұғымды білдіреді, сөзде белгілі бір мағына болады. Кейде сөздің мағынасы мен білдіретін ұғымы бірдей болмайды.
Тілдегі сөздік қор – сөздік құрылымның негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы, шығу арналарының ең маңызды бөлігі. Сөздік құрамға қарағанда сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады. Өйткені оған кез келген сөз кіре бермейді. Қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сөздер ғана кіреді.
Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын лексикасын зеттейді. Сөз лексикалогияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалық единицалардың (сөздердің) жиынтығынан тілдің сөздік құрамындағы сөздер қаншама көп және алуан түрлі болғанымен, олар бір-бірімен байланысты, өз ара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдік сөздік құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады.
Қатынас құралы ретіндегі тілдің сөздік құрамына және лексикалық единица ретіндегі сөздің табиғатына қатысты жалпы лингвистикалық проблемалар бар. Олардың қатарына тілдің лексика-симатикалық жүйесі туралы мәселе, тілдік единицалардың ішінде сөздің алатын орны, сөзге тән басты белгілер, сөз бен ұғымның ара қатысы, сөздің лексикалық мағыналарының ара қатысы мен байланысы және т.б. мәселелер енеді. Бұлар лексикалогия теориясын жалпы проблемалары ретінде лексикологияда қарастырылады. Жалпы лексикология мен жалқы лексикология бір-бірімен байланыста болады. Мысалы, қоғам дамуының барысында жаңа сөздердің жасалып, тілдің сөздік құрамының толығуы, дамуы, кейбір ескірген сөздердің одан шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге арналған – тіл атаулыға тән заңдылық. Қатынас құралы, қоғамдық құбылыс ретіндегі тіл атаулыға тән жалпы құбылыстар мен заңдылықтар дүние жүзіндегі тілдердің әрқайсысында (нақты, жеке тілдерде) түрліше көрінуі мүмкін. Мысалы, дүние жүзіндегі тілдердің барінде де туынды сөздер тудыратын белгілі бір тәсілдері бойынша жасалады. Сөз тудырудың біріктіру тәсілі әртүрлі тілдерде түрліше дәрежеде көрінуі мүмкін. Осыған орай, неміс тілінде біріккен сөзден өте жиі ұшырасалы. Сөздердің қосарлану тәсілі түрлі тілдерде бар, әсіресе ол түркі тілдерінде кездеседі. Омонимдер және олардың фонетикалық өзгерістерінің нәтижесінде, түбірге омонимдес аффикстердің жалғануы немесе сөздің симатикалық дамуы нәтижесінде жасалуы түрлі тілдерде кездеседі. Аталған омонимдердің жасалуы әсіресе орыс тіліне тән болып саналады. Орыс тілінде, осыған орай түбір омонимдерге қарағанда, туынды омонимдер анағұрлым жиі ұшырасады.
Жалпы қатынас құралы ретіндегі тіл атаулының лексикалық жағынан тән құбылыстар мен жалпылама заңдылықтар, ұғымдар жалпы лексикологияда қарастырылса, лексикалық құбылыстар мен жалпы заңдылықтардың жеке, нақты тілдердің лексикасына икемделіп, көрініс табуы және әрбір тілдің сөздік құрамы мен оның дамуы, өзіндік ерекшеліктері жалқы лексикологияда қарастырылады. Әрбір тілдің лексикологиясы жалпы лексикологияның жалпы теориялық қағидаларына негізделеді де, нақты бір тілдің лексикасын зерттейді.
Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі, мысалы, қазіргі дәуірдегі жалпы тұрғысынан қарауы мүмкін. Тарихи лексикологиядан тілдің сөздік құрамы замандар бойында қалыптасуы және дамуы, лексиканың құрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттелінеді. Ал, сипаттама немесе синхрониялық лексикологияда, мысалы, (қазіргі орыс тілі), (қазіргі ағылшын тілі), атты пәндердің лексикология бөлімдерінде аталған тілдердің лексикасының осы заманғы қалпы, сөздің мағыналық құрылымы, лексиканы құрастырушы арналар мен қат-қабаттар, сөздердің активті және пассивті топтары, сөздік құрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалық жақтан дифференциялануы, сөздердің қолданылу аясы, мағыналардың қарым-қатынасына қарай сөздердің топтасуы және т.б. мәселелері қарастырылады. Қазіргі тілдің сөздік құрамы бір-бірімен байланысты өз ара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және уақыт бойында толығу, даму күйінде болады. Демек, синхрониялық лексикологияда тілдің сөздік құрамы өз ара байланысты элементтердің лексикалық жүйесі тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге дамуы бар.
Семасиология сөздердің мағыналарын және мағыналардың өзгеру жолдарын, сематикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады. Семасиология – лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін мәселесі – мағынаны әрбір сөздің «жаны» десе болады. Семасиологияның лексикографикалық жұмыста да (сөздік жасау жұмысы) маңызы айрықша.Семасологиялық зеттеулердің топшылаулары мен қорытындылары сөздік жасау жұмысын ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмектесіп,бағыт-бағдар сілтиді.
Лексикалогияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы ономосиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналарын, семантикалық заңдарды зерттесе, ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының себебі неліктен екендәгән қарастырады. Анығырақ айтқанда, сөз семасиологиялық тұрғыдан қарастырылғанда, ұғымның сөзбен аталу, белгілену жағына назар аударылады. Сонымен, ономосиология заттар мен құбылыстардың аталуы, белгіленуі туралы ілім дегенді білдіреді.
Ономосиологияның диалектологияға да қатысы бар. Ономосиологияның диалектологияға қатысы әсіресе лингвистикалық географиядан айқын аңғарылады. Әр түрлі тілдердің диалектологиялық атластарының лексикалогиялық картасы ономосиологиялық негізге сүйеніп жасалады да, бір заттың немесе құбылыстың диалектілердегі әр түрлі атауларының таралу шегі көрсетіледі.
Лексикалогия сөздерді тілдің сөздік құрамын құрастыратын единицалар, яғни лексикалық единицалар, ретінде қарастырылады. Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстар жеке сөздермен ғана емес, тұрақты сөз тіркестерімен де аталады. Сипаттама лексикология тарихи лексикалогияны, әрине, ауыстыра алмайды және бұлай болуға тиісті де емес. Бұл жерде әңгіме сипаттама лексикалогияда тілдің сөздік құрамының қазіргі қалпын және даму сипатын ғылыми тұрғыдан ашып айқындауда қажетінше тарихи деректерге сүйенудің маңызы жайында болып отыр.
Тарихи лексикалогияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этималогиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білудің маңызы өте күшті.
Тілдің тарихы мен ондағы сөздердің тарихы халықтың тарихымен тығыз байланысты болады. Осыған орай, сөздердің шығу төркіні жайындағы этимологиялық зерттеулер тарихи және этногенетикалық мәселелерді қарастырып шешуде де айрықша маңызға ие болады. Сөздер бір тілден басқа бір тілге ауысып енуге икем келеді. Этимологиялық зерттеулер белгілі бір тілдін лексикасына ерте заманда енген кірме сөздердің ену тарихы мен оның жолдарын да қарастырады. Көне замандарда бір тілден екінші тілге еніп, әбден қалыстасып кеткен кірме сөздер бойынша ір түрлі халықтардынң ерте дәуірлерінде бір-бірімен жасаған қарым-қатынастарының түрлерін айқындауға болады. Сөздердің тарихы, олардың шығу мен даму құбылысы еш нәрсені аңғартпайтын, өзімен-өзі қалып қоятын құбылыс емес. Сөздердің өзгеріп даму тарихынан, әсіресе олардың мағыналық жақтандаму тарихынан, адам ойлауының табиғат құбылыстары мен қоғам құбылыстарын ғасырлар бойында танып білуге ұмытылып күш салуының тарихы көрнеді. Осыдан этимологиялық зерттеулердің екі түрләі проблемаға қатысы келіп туады: оның бірі – тіл мен тарих проблемасы, екіншісі – тіл мен ойлау проблемасы.
Лексикалық енді бір саласы – салыстырмалы лексикологиялық туыстас тілдердің сөздік құрамын, ондағы сан алуан сөздерді бір-бірімен салыстыры отырып зерттейді. Салыстырмалы лексикологиялық туыстас тілдердің лексикасын салыстырып қана қоймайды, олардың тарихи даму, өзгеру тұрғысынан қарастырады. Сондықтан ол, әдетте, салыстырмалы-тарихи лексикологиялық маңызы мынада: тілдің ерте кездегі шағын сөздік қры талай замандар бойында, біріншіден, талай өзгерістерге ұшыраса, екіншіден, өрбіп, өсіп, сан мыңдаған сөздер қосылып, бұл күнде оның аумағы да, арнасы ба кеңіді. Салыстырмалы-тарихи зерттеусіз ғылыми зерттеудің де, ғылыми – теориялық топтаушылардың да болуы, әрине, мүмкін емес. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, салыстырмалы-тарихи лексикологияның туыстас тілдердің сөздік құрамының тарихына қатысты жалқы, нақтылы мәселелерді де танып білуде және оларды айқындауда маңызы айрықша зор. Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына байланыста, қарым – қатнаста болуы ол салалардың дербестігін жоққа шығармайды. Тіл білімінің әр түрлі салалары бір-бірімен байланыста бола отырып, өздерінің дербестігін, даралық қасиетін сақтайды. Олардың әрқайсысының өзінің зерттеу объектісі бар. Лексикологиялық ең басты зерттеу объектісі – сөз. Сөз грамматикада да қарастырылып зерттеледі. Бірақ лексикология мен грамматиканың арқайсысы сөзді әр басқа тұрғыдан алып қарастырады, түрліше талдау жасайды.
Мысалы,жүрегі тас төбесіне шығу (қорқу), қаспен көздін арасында, қас қаққанша, ауызды ашып жұмғанша (лезде), қаны қайнау (ашулану), мойны жар бермеу (еріну), тайға танба басқандай (ашық - айқын), он саусағынан өнері тамған немесе ағаштан түйін түйген (өте шебер).
Тілдің әр түрлі жақтары бір-бірімен өз ара қарым-қатынаста, байланыста болатын сияқты, олады зерттейтін тіл білімінің әр түрлі салалары бір-бірімен өз ара әр дайым байланыста болады. Дыбыс тіркестері сөздің сыртқы жамылғышы да, сөздің мағынасы оның болып саналады. Грамматикалық құбылыстардын лексикалық құблыстарға ауысып олармен қабаттасып жатуы мынадай жайлардан да көрінеді: грамматикалық мағынаны білдірі үшін қолданылған форма бара-бара бұл қызметінен ажырайды да, сөздің бойында жаңа лексикалық мағынаның тууына, осының нәтижесінде жаңа лексикалық единицаның жасалуына себепші болады.
Мысалы, ағылшын тілінде төмендегі есімдер көптік форманың негізінде жаңа лексикалық мағынаға ие болып, туынды сөзге айналған:art – «қол», arms – «қару» (оружие).т.б.
Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір үстеулердің құрамындағы аффикстер шығу тегі жағынан алғанда, алғашында жалғауымен болғанымен, қазірде олар сөздің түбінен ажыратып алуға келмитін дәрежеге жеткенде, түбірге сіңісіп кеткен; құбылыстық нәтежесінде туынды үстеулер жасалған. Мысалы, зорға, босқа, текке, бекерге жатқан, бірге, кешке деген үстеулер барыс септік жалғауының көнеленіп лексикалануынан жасалса, кейде жаңада, әлгіде, күнде деген үстеулер жатыс септік жалғауының көнеленіп лексикалануынан жасалса, кейде, күнде, қапыта, лезде деген үстеулер жатыс септік жалғауының көнеленіп лексикалануынан жасалған. Шығыс септік жалғауымен көмектес септік жалғауының грамматикалық қызметтерінен айырылып,олардың лексикалануынан мынадай үстеу сөздер пайда болған: 1) жүресінен, шалқасынан, төтеден, кенінен, қырынан, ежелден, әуелден, кенеттен т.б. 2) шынымен, жайымен, ретімен т.б.
Сонымен, тілдің даму барысында лексикалық құбылыстарымен грамматикалық құбылыстар өз ара қарым-қатынаста болып, бір-біріне әсерін тигізеді, бірі екіншісіне іліктеп, өз ара астарласып жатады осыған сай тіл білімінің лексикология мен грамматика салаларыда өз ара байланыста болады.
Қорыта айтқанда, тіл білімінің лексикология саласы сөзді, біріншіден – мағынасы жағынан, екіншіден – шығу тегі жағынан, үшіншіден қарым-қатынас жасауда қолданылу аясы мен шеңбері жағынан, төртіншіден – экспресивті-стильдік сипаты мен қызметі жағынан қарастырып зерттейді. Демек, лексикология сөзді тілдің лексикалық единицасы ретінде қарастыра отырып, оны жан-жақты қамтиды. Сонымен,лексикология тілдегі сөздер және барлық сөздердің жиынтығы – сөздік құрам туралы, оның жасалып қалыптасуы және дамуы туралы ғылым болып саналады.
Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 5, 6, 9, 16, 20, 23, 25, 26, 27, 41.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 11, 16, 17, 18, 19.
7-дәріс. Грамматика және оның салалары