
- •Кәсіпорын экономикасы пәнінің
- •Қаржы-экономикалық факультет Экономика кафедрасы
- •Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Курстық жұмыс жазудан әдістемелік нұсқаулар
- •Курстық жұмыстың тақырыптары
- •Осөж орындаудан әдістемелік нұсқаулар
- •Осөж күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Сөж орындаудан әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж күнтізбелік тақырыптық жоспары
- •Сөж материалдары
- •Глоссарий
- •Дәрістер кешені
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары Емтихан сұрақтары
Глоссарий
КӘСІПКЕРЛІК – кәсіпорынның басшылары мен мамандарының шаруашылық қызметінің бір тұтас бөлігі, экономикалық қызметінде ең белсенді нысанының бірі болып табылады.
МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАР – мұнда негізгі құралдар мемлекеттің меншігінде болады, мемлекеттік органдардың қарамағында болатын кәсіпорындарды қазыналық деп атайды.
МЕМЛЕКЕТТІК ХОЛДИНГ-КОМПАНИЯСЫ – Холдинг деп үлкен корпорациялардың ортақ мүдделерінің сақталуына акциялардың бақылау пакеті арқылы бірыңғай бақылау жасасуды атайды.
ЖЕКЕ ДАРА ӨНДІРІС – шығарылатын өнімнің кең номенклатурасын, сол сияқты көмекші операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы, еңбек өнімділігінің төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуын сипаттайды.
СЕРИЯЛЫ ӨНДІРІС – жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдардың номенклатурасын айғақтайды.
ЖАППАЙ ӨНДІРІС – ұзақ уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шеклеулі номенклатуралық бұйымдар немесе материалдардың әрбір жұмыс орнында елеулі мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды.
МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАР – жер немесе шикізат материалдары және капитал.
АДАМ РЕСУРСТАРЫ – еңбек және кәсіпкерлік қызмет.
РЕСУРСТАР – бұл экономикалық игіліктерді өндіруге пайдаланылатын факторлар.
РЕСУРСТАРДЫ САҚТАУ дегеніміз – меншіктің әр түрлі формалары және шаруашылық тетігінің ықпалымен жүзеге асатын нақты және өткен еңбекті үнемдеу.
НЕГІЗГІ КАПИТАЛ – бұл материалдық қ ұндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы.
АМОРТИЗАЦИЯ – бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы.
БАСШЫЛАР – бұл кәсіпорындарда басшы қызмет атқаратын қызметкерлер (директорлар, бас мамандар және т.б.).
ҚЫЗМЕТТІ АТҚАРУ БАҒАСЫ – бұл қызметтердің іс-әрекетінің қорытындысы.
ЖҰМЫС КҮШІ – адамның табиғи және ой қабілеттілігінің жиынтығы, оның еңбекке деген қабілеттілігі.
ШЫҒЫНДАР – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары.
ӨНДІРІС ШЫҒЫНЫ – бұл кәсіпорынның өндіруге және өнімді сатуға кеткен барлық шығындардың сомасы, яғни өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарының жиынтығы.
БАҒА – бұл тауар өлшемінің ақшалай түріндегі құны.
ЕҢБЕКАҚЫ – бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем.
АТАУЛЫ ТАБЫС ЖАЛАҚЫ – бұл қызметкердің белгілі кезеңдегі істеген еңбегі үшін есептелген және берілген жалақысы.
НАҚТЫ ЖАЛАҚЫ – бұл тауарлар мен қызмет көрсетуге ие болуға кететін атаулы табыс жалақысы.
ТАБЫС – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым.
ПАЙДА – бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші.
ӨНІМНІҢ САПАСЫ – бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі.
Дәрістер кешені
1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі ретінде
Жоспар
1. Кәсіпорын – дербес шаруашылық жүргізуші субъект және нарықтық қатынасты негізгі жүргізуші.
2. Меншік нысандары бойынша кәсіпорын түрлері.
3. Кәсіпорын құрылымы.
Негізгі ұғымдар: кәсіпорын, ұйымдық бірлік, өндіріс, өнім, кәсіпорын құрылымы, техника, технология, цех.
1- сұрақ.
Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою болады.Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.
Өндірістік кәсіпорынның ішкі ортасы.
Адамдар
Өндіріс
(қызметкерлер)
қаржысы
Ақша
Ақпарат
Қызмет қорытындысы
Өндіріс
Өнім
Кәсіпорын
құрылымы
негізгі
өндіріс
көмекші
өндіріс бөлімшесі
қызмет
көрсету, жанама және қосалқы бөлімшесі
басқарушылық
қызметі және бөлімшесі
Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:
ұйымдық бірлік: кәсіпорын –бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;
белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық ресурстарды біріктіреді;
мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір мақсатқа жеке пайдаланады;
мүліктік жауапкершілік:кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілдік формасына негізделеді;
шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;
оперативті шаруашылық және экономикалық дербестік:кәсіпорын жеке өзі түрлі мәмілелерді және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі алады немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және өндірісті одан әрі дамытуын жақсартады.
Өндіріс жоспарлы немесе әкімшіл-әміршілдік экономика жағдайында мына тәсілмен жұмыс істейді:
ресурстар
өндіру
өткізім
әкімшіл- әміршілдік экономика
Бұл тәсілде ең негізгісі- ресурстар, атап айтқанда, олар шектеулі өнім шығарылымының көлемі болып саналады. Сонымен, жоспарлы экономика жағдайында кәсіпорындарда өнім шығарылымының көлемі мемлекеттің лоарды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншілігіне байланысты болады.
Қазақстан кәсіпорындарының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бұл жөніндегі жағдай түбірінен өзгерді. Кәсіпорындар бүгінде бүтіндей қарама-қарсы басқа тәсілде жұмыс істеуге мәжбүр болды:
ресурстар
өндіру
өткізім
нарықтық экономика
Бұл тәсілде ең негіздісі – сатып алушылардың сұранысы, яғни өзінің өнімдерін өткізу. Ол үшін нарық жағдайын, сатып алушылардың сұрау салуларын, нарық сиымдылығын, әлеуетті бәсекелес өнімдері сапалылығының және т.б. нарықтық экономика үшін сипатталатын сұрақтарын үйрену қажет.
Өтпелі кезең біздің республика үшін тек жағымсыз салдармен ғана емес, сонымен қатар кейбір оңды мезеттермен сипатталады. Атап айтқанда:
кәсіпорындар бірте-бірте рынокқа бейімделіп, сатып алушылардың мұқтажын қанағаттандыра алатын өнімдерді өндіре бастады;
көптеген кәсіпорындар инфляцияның құлдырауы жағдайында өндіріс шығындарын азайту, өнімдерді өткізу, оның сапасын жақсарту-қаржылық сәттілікті дұрыс шешудің бірдей-бір жолы екенін түсіне бастады;
рыноктар тауарлармен толықтырылып, кейбір экономикалық салаларда бәсеке пайда болды.
2- сұрақ.
Қазақстанда «Меншік туралы» Заңға сәйкес кәсіпорындар мемлекеттік, жеке меншіктік, сол сияқты меншіктің аралас нысаны түрінде құралады және іс істей алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар- мұнда негізгі құралдар мемлекеттің меншігінде болады. Мемлекеттік органдардың қарамындағы болатын кәсіпорындарды қазыналық деп атайды.
Мемлекеттік холдинг-компаниясы – Холдинг деп үлкен корпорациялардың ортақ мүдделерінің сақталуына акциялардың бақылау пакеті арқылы бірыңғай бақылау жасауды айтады. Алғашқы кезеңде Қазақстанда мемлекеттік акционерлік кәсіпорындары құрылғанда халық шаруашылығы салаларында көптеген холдингтер көріне бастады.
Біздің республикада жеке меншік секторы мына төмендегі бөлімшелерден тұрады:
жеке кәсіпкерлік;
толық серіктестік;
коммандиттік (сенімгерлік) серіктестік;
жауапкершілігі шектеулі қоғам;
қосымша жауапкершілік жүктелген қоғам;
ашық акционерлік қоғам;
жабық акционерлік қоғам;
өндірістік кооперативтер.
Жеке кәсіпкерлік – бұл жеке кәсіпкерліктің ең жай нысыны, жеке кәсіпкерлікпен айналысуға әрбір азаматтың құқығы бар.
Толық серіктестік – екі одан да көп тең құқықты адамдардың ұйымдасқан шаруашылық қоғамының бірлестігінің түрі. Олар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін бірігіп, жасасқан шарт негізінде өз мүліктерімен қоғам алдында жауапты болады. Толық серіктестіктің мүлкі оның қатысушылардың үлес (пай) жарнасы негізінде (ақшалай және басқа түрде) қалыптасады.
Коммандиттік (сенімгерлік) серіктестік – шаруашылық қоғамдарының бір түрі. Оған шарт жасасу негізінде екі, одан да көп кісі біріге алады. Алайда олар мүлікке деген жауапкершілігіне қарай екіге бөлінеді. Бірінші топқа жататындар толық үлесшілер (пайшылар) немесе коммандиттік серіктестіктің толық мүшелері деп аталады. Олар қоғамның борышы үшін өз мүліктерімен толық жауап береді. Ал командиттер, сенім бірлестігіндегілер деп аталатын екінші топтағылар қоғамға қосқан жарнасы көлемінде жауапты.
Жауапкершілігі шектеулі қоғам – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін екі, одан да көп адамды біріктіретін қоғамның түрі. Жауапкершілігі шектеулі қоғамның оның мүшелері есебінен жиналған жарғы қоры бар. Жауапкершілігі шектеулі қоғам жабық қоғам, яғни қоғам мүшесі өз үлесін қоғамның басқа мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші кісіге бере алады. Қоғам акциялар шығармайды. Мұның өзі қоғам мүшелеріне сырт жақтан қаржы тарту мүмкіндігін шектейді.
Қосымша жауапкершілік жүктелген қоғам – қатысушылардың жарғылық қорға өздерінің міндетті салымдарымен жауап беретін қоғам, ал бұл қаражаттардың жетіспейтін кезінде – қосымша өздерінің мүліктерімен салған салымдарының үйлесімді мөлшері.
Ашық акционерлік қоғам – бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам. Ол рұқсат ету жолымен құрылады, акцияда бірден үлесі бар, белгілі мөлшерде бір бөлшектенген негізгі капиталы болады. Олардың негізгі капиталы акцияларға бөлінеді. Акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі керек.
Жабық акционерлік қоғам – ашық акционерлік қоғамнан акцияларды таратудың ерекше әдісімен өзгеше. Оның мәні акционерлік қоғамның акциясын сатып алуды акционер басқалармен салыстырғанда артық құқыққа ие болады. Міне, осыдан барып, акционерлік қоғамның өнеркәсіпте, саудада, банк және сақтандыру жүйесінде, экономиканың басқа да салаларында кеңінен дамуына әсер етеді.
Өндірістік кооператив – бұл қоғамның қызметі принципінде табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау. Кооператив кәсіпкерлік нысанына тән жағдай, оның мүшелерінің сол кооперативпен тығыз байланыс орнатуында. Кооператив – ол заңды иегер.
3- сұрақ.
Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады.Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процесс түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет көрсету, басқару және тағы басқа жұмыстарын іске асырады.
Дайын өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген операциялардың рөлі түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің негізінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.
Айтылғандарды есепке алсақ, өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Құрылым кәсіпорынның өндірістік дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс- әрекетін тұлға-ды.
Кәсіпорын құрылымын өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскілердің құрамы мен мөлшері.
Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар:
шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;
өндірістің ауқымы;
кооперациялау деңгейі.
Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәрежеде цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және зауыт аймағыныңшамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады. Шығарылатын өнім көп болса, сонша кәміл технологиясы және ұйымдық әдістері қолданылуы мүмкін. Кооперациялаудың деңгейі де сол сияқты кәсіпорынның құрамына елеулі түрде ықпал етеді: ол қалай жоғары болса, солай ол қарапайым.
Ұйымдық – техникалық факторлардың жетекші тұрғына кәсіпорындардың кейбір бөлімшелерінің және олардың жалпы құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ететін өндіріс үлгілері жұмыс орнының саны мен ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен есептелінетін көрсеткіштері арқылы анықталады.
Кәсіпорындардың ұйымдық құрылымы – бұл құрамы және оның ұйымдық бірлік мөлшері олардың арақатынасы және тұрғызу нысаны ұйымдық бірлік егер де олардың мөлшері көлеміне және межелеген міндетіне сай келесідей болса, тиімді жұмыс істей алады. Әрбір құрылым деңгейлес және сатылы болып бөлінеді, басқаша айтқанда ұйымдық құрылымда еңбек бөлінісінің деңгейлестік және сатылы болып ажыратылады.
Еңбек бөлінісінің деңгейлестік шекарасы басқарушының өз ісінің саласында тиімді басқару мүмкіншілігін анықтайды. Сатылы еңбек бөлінісі басқарушылық шешімін дайындаудағы сатылы бейнесі саласындағы іс-әрекетін құрайды.
Өндірістің ауқымын, технологиялық процестердің ерекшелігі мамандыру деңгейі, бөлімшелердің құрамы мен саны кәсіпорындардың түрлі өндірістік құрылымдарын туғызады. Өнеркәсіп кәсіпорындары бөлімшелерінің негізгі құрылымдары цехтар болып табылады. Алайда кейбір зауыттарды цехтар өндіріспен ауыстырылады. Мұндай өндірістер бірнеше цехтар негізінде құрылады.
Өндіріс немесе цех кәсіпорынның ұйымдық, мүліктік оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Онда дайын өгімнің бір бөлігін дайындайды немесе өндіріс процесін орындайды.
Цех – бұл белгілі бір бейнелерді пайдаланатын кәсіпорынның оқшауланған бөлімшесі.
Кәсіпорындардың цехтар, учаскілер және басқа да буындары арасындағы өзара қарым-қатынасы, атап айтқанда шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар және қызмет көрсетуде цехтар, бөлімдер ережелерімен, сол сияқты кәсіпорынның бекіткен ережесіне сай нормативтік құжаттармен реттеледі.
2-тақырып. Кәсіпорынның негізгі капиталы.
Жоспар
1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
2. Амортизацияны есептеу әдістері.
3. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдаланудың факторлары және жолдары.
Негізгі ұғымдар: негізгі қорлар, ресурстар, материалдық емес активтер және амортизация.
1- сұрақ.
Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмысістеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Кәсіпорынның негізгі қорлары дегеніміз - өз құнын бөлшектеп жоғалтатын ұзақ уақытбойы табиғи формасы ретінде пайдаланатын қоғам еңбегімен өндірілген матриалды заттың құндылықтар жиынтығы.
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіне қатысуына байланысты негізгі қорлар екіге бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес.
Өндірістік негізгі қорлар - өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады, біртндеп тозады және өз құнын өндіріліп жатқан өнімге бөлшектеп аударады. Өндірістік негізгі қорларға жататындар: ғимараттар, құрлыстар машиналар, жабдықтар мен басқа да еңбек құралдар.
Өндірістік емес негізгі қорлар - өндіріске тікелей қатыспайды және өндірістік емес тұтыныға арналған. Өндірістік емес негізгі қорларға тұрғын үй, мектеп, кітапхана, аурухана т.б.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машиналар, жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді. Пассивтік элементтер (ғиматар, құрылыс) өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады. Негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттардың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі қорлардың кез-келген обьектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшілігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа келеді.
Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятының білдіреді. Сондықтан, негізгі қорларды әсіресе,олардың активтік бөлігінен ауыстырып отырудың қажеттілігі туады.. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктіңбасты факторы –сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны – ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жолбермеу (әсіресе, активтік бөлігі), себебі, олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынынң жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.
Негізгі қорларды бастапқы және қалына келтіру құны бойынша бағалау толық және қалдықты болып бөлінеді.
Негізгі қорлардың толық құны осы қорлар арқылы өндірілген өнімге түскен құн бөлігін есептемей анықталады, ал қалдықты құн – осы құн бөлігін есептейді.
Негізгі қорлар екі түрлі тозуға ұшырайды:
Сапалық немесе экономикалық;
Табиғи немесе материалдық.
2- сұрақ.
Негізгі қорлардың табиғи және сапалық тозу олардың құнының экономикалық орнын толтыру амортизациялық аударым түрінде өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады. Сонымен, амортицазия – бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы.
Амортизациялық аударым-бұл негізгі қордың тозу деңгейіне сәйкестендірілген амортизация көлемінің ақшалай көрінісі. Олар өнімнің өзіндік құнына қосылады.
Амортизация мөлшері амортизациялық қорға аударылатын жылдық амортизациялық аударымдар деңгейін анықтайды.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударылымның мөлшері кәсіпорынныңэжкономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан, амортизациялық аударылымның тым жоғарғы деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын пайдасының мөлшері де азаяды. Солсебепті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымда деңгейі қысқарады. Екінші жағынан, амортизациялық аударылымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне осының салдарынан, бәсеге жарамдылығы төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.
Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсірорын ай сайын жасап отырады. өтелім мөлшері мемлекет белгіленген негізгі қорлардың құнын өтеудің жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері-бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент есебіндегі қатынасы.
Амортизациялық аударылымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке алғанда бастапқы (баланстық) негізгі қорлардың құны амортизациялық мөлшерімен анықталады.
Осыған байланысты амортизацияның мөлшері мына формуламен есептеледі.
Ма = Қбқ – Қж / Қбқ х Мқ х 100%, мұнда
Ма -негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері, %
Қбқ -негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны,
Қж -жойылу құны,
Мқ -негізгі қорлардың қызмет мерзімі.
Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті болып есептелінеді. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс анықтау өте қажет:
негізгі қорлардың төзімділігі;
сапалық тозу (бірінші және екінші түрлері);
техникамен қайта жарақтандырудағы келешекке арналған жоспар;
жабдықтау балалы;
жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.
Кәсіпорын негізгі қорлар жөнінде пайдаланатын есептеу техникаларын, жаңа үдемелі материалдар, аспаптар мен жабдықтарды шығаруды ұлғайту үшін тездетілген төлемді қолданылуы мүмкін, ал ескірген техникаларды жалпылама өзгертетін жағдайда өнімдерді экспорттауды кеңейту.
3- сұрақ.
Кәсіпорындарда негізгі қорларды тиімді пайдалануды сипаттайтын басты көрсеткіш-қор қайтарымы болып табылады. Қор қайтарылымның көрсеткіші мына формуламен есептелінеді.
Ққ = V / Қ, мұнда
V- жылішінде өндірілген өнімнің құны, заттай немесе құн есебімен,
Қ- негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.
Бұл формула негізгі өндірістік қорды пайдалану деңгейін талдау үшін пайдаланылады. Ол өндіріспен еңбек қордың жарақтандығының арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор жарақтағанға қарағанда өндірісінің қарқыны өте жоғары өсетін болса, бұл өте оңды нұсқа болып есептелінеді. өйткені, осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарылымының қарсы көрсеткіші-өнімнің қор сиымдылығы.
Бұл өнімнің өлшеміне шаққандағы негізгі қордың құнын сипаттайды (теңге).
Қ = Қө / Өқ, мұнда
Қө -жыл ішінде өндірілген өнімнің тауарлы немесе қалыпты бөлігінің құны, теңге;
Өқ - негізгі өндіріс қордың орташа жылдың құны, теңге.
Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сиымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың жүктеме деңгейлеріне, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны, билікті қызметкерлерді пайдалану қажет.
Негізгі өндірістік қордың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі – жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен қол жетеді.
Қорыта айтқанда, негізгі қордың заттық мазмұны –еңбек құралдары. Олар кәсіполрында ұзақ мерзім қызмет істеп, өндірістік процеске әлденеше рет қатысады, соның өзінде бұрынғы қалпын сақтап қалады, бірақ жұмыс барысында тозу арқылы бұрынғы бағасын кемітеді. Өндіріске қатысуына қарай негізгі қорлар екіге бөлінеді;
а) өндірістік (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары) -өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.
б) өндірістік емес - өндіріске тікелей қатыспайды, өндіріске жанама әсер етеді (тұрғын үй, мектеп, кітапхана, аурухана)
3-тақырып. Кәсіпорынның айналым капиталы
Жоспар
1. Өнеркәсіптің айналым қорлары, олардың құрамы және құрылымы.
2. Айналым қорларының айналымдылығы.
3. Айналым қаржыларына қажеттікті анықтау.
4. Айналым капиталының қалыптасуы және оны пайдалану.
Негізгі ұғымдар: айналым қорлар, өзіндік қорлар, қарыз капиталы, ұдайы өндіріс процесі
1- сұрақ.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт-қолда бар айналым қаражаттарының (айналым капиталы) болуы. Айналым қаражаттары – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Айналым қаражаттарының мәні –ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік прцеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым қаражаттарының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын атайды.
І. Қалыптастыру көздері бойынша кәсіпорынның айналым қаражаттары 2-гебөлінеді: өзіндікжәне қарздық
а) өзіндік қаражаттар –кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығымен және жедел дербестігін қамтамасыз етеді.
б) қарыздық қаражаттар-айналым қаражатындағы қосалқы қажеттілікті толықтырады, бұл кезде несиелеудің негізгі шарттары болып кәсіпорынның қаржылық жағдайының сенімділігі және қаржылық тұрақтылығын бағалау бабылады.
ІІ. Ұдайы өндіріс процесінде айналым қаражаттарының орналасуы бойынша
а) өндірістік айналым қорлар және
б) айналыс қорлары болып бөлінеді.
ІІІ. өндіріс және айналыс принціптерінің ұйымдастырылуы және реттелуі бойынша:
а) нормаланатын және
б) нормаланбайтын болып бөлінеді.
Нормаланатын айналым қаражаттары-бұл экономикалық нормативтері бойынша есептелінетін өзіндік айналым қаражаттары.
Нормаланбайтын айналым қаражаттары-айналыс қорларының элементі болып табылады. Бұл қаражаттарды, айналыс басқару олардың жөнсіз көбеюін тоқтатады, айналыс сферасында олардың айналымын тездетуін қамтамасыз етеді.
Айналым қаражаттарының нормасы дегеніміз тауарлы-материалдық құндылықтардың қорлары минималды экономикалық көлеміне сәйкес қатынасты көрсеткіш күндермен есептеледі.
Айналым қаражаттарының нормасы өндірістегі материалдар шығындарына, құралдардың тозуына, өндіріс циклдың ұзақтығына тәуелді.
Айналым қаражаттарының нормативі –кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін қамтамасыз ететін ақшалай қорлардың минималды соммасы.
Айналым қаражаттардың нормативі негізгі қызмет үшін, толық ремонт үшін қорлардың қажеттілігімен анықталады.
Кәсіпорындарда айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипатымен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, лоарды жеткізу жағдайына және т.б байланысты болады.
Т
үрлі
салаларда айналым қорларының үлес
салмағы кәсіпорындардың өндіріс
қорларының құрамында әртүрлі . мысалы:,
ауыр кәсіпорындарында жеңіл өндірістік
кәсіпорындарына қарағанда ол төмен.
Кәсіпорныдарда айналым қаржыларын
ұйымдастырушы мыналардан тұрады. Айналым
қорларының қажеттілігін анықтау және
олардың құрамы мен құрылымын,
қалыптастырудың көздерін табу және
оларды реттеу, айналым қаражаттарын
басқару және т.б.
2- сұрақ.
Айналым қорларының үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды.
Бірінші сатыда – кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмссайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс алысынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесінде тікелей өтіп, өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріспроцесі- дайын өнімге ( тауат нысанына) айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлады өндіріс саласынан айналыс саласына, қайтадан ақшалай нысанына келеді.бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңаауыспалы айналымға шығады. Бірақ айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі бір орында болады. Белгілі бір зат сатып алынады, және қайтадан сатып аланады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай - әрбір сатыдағы айналым қаражаттарына тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.
Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамутуда оны айналым қаражаттармен оңтайлы қамтамасыз тудің төтенше маңызы бар.
Айналым қаражаттарының айналымдылығын сыпаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы - айналым қаражатының айналамдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады.
Қақ = Өқ / Оқ, мұнда
Өқ - белгігі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны (өнім өткізуден алынған түсім)
Оқ - сол кездегі айналым қаражатының орташа қалдығы
Егерде өткізуде алынған түсім бір жылға есептегенде, онда айналым қаражатының орташа қалдығы да сол жылға алынады.
3- сұрақ.
Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажетілігін дұрысанықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайды ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көмемі мен пайдасы төмендайді. Осы кезекте айналым қаражатының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.
Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы тұ\үрлерін және белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана еме, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, коммуналдық және т.б. шаруашылықтар және дербес баланса тұрмайтындар да өтелуі қажет.
Қор қайтарымының өсу факторлары:
Техникамен қайта жабдықтаудың, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құру және жаңадан салынатындардың нәтижесінде жақтардың өсімділігін арттыру.
Жабдықтардың маусымдық жұмыстарындағы коэффициенттерінің артуы.
Уақыт пен қуатты пайдалануы жақсарту.
Жаңадан қатарға қосылатын қуаттарды игеруді жеделдету.
Жаңа қосылатын кәсіпорындардың қуат өлшемінің құнын азайту.
Қол еңбегін машинамен алмастыру.
Тауар өткізу қоймадағы дайын өнімдердің қорлануы жөніндегі мәселелерді жеткілікті, терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақта кез-келген жаағдайда алдағы кездемежеленген сату болжамы болуыкерек. Олайә болмаған күнде шығарылған өнімдер қоймада ұзақ жатып қалады және ақшалай қаржыларының едәуір бөлігі айналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның қаржы жағдайының орнықтылығына әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін
4- сұрақ.
Кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады (капитал). Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түсді, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес,сонымен бірге алдағы есеп айырысудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды- орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер, өндірістік бағдарламалардың өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражаттарына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасыболып саналады.
Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс -әрекеті қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.
Орнықты пассивке жататындар
Жалақы жөніндегі ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға, зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыс пен қамтуға жәрдемдесуге қорына аударым жариясы;
ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ жеткізушінің және акцепттелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;
аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;
салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі;
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құралған. Арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:
-өндірістің маусымдылығы;
-тауар-материалдық құндылықтарды жеткізудің әркелкілігі;
-қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы;
Сонымен қорта айтсақ: әрбір кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін оның айналым қоры болуы керек. Ол ақша қаражаты есебінен айналым және айналыс қорларын сатып алуға пайдалынады. Айналым қордың заттық мазмұны-еңбек заттары. Негізгі қордан айырмашылығы сол айналым қор өндіріс процесіне бір ретқана қатысады, солжолы түгелдей пайдаланылып кетеді және өзінің бүкіл құнын пайда болған жаңа өнімге қосады.
4-тақырып. Шикізат, материалдық және отын- энергетикалық ресурстар
Жоспар
1. Кәсіпорынның экономикалық ресурстары.
2. Жер ресурстары.
3. Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері мен талдау әдістері.
Негізгі ұғымдар: ресурстар, өндіріс, отын – энергиясы, кешен,минерал, кен.
1- сұрақ.
Кәсіпорын өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін нақты жинақталған экономикалық ресурстары немесе өндіріс факторлары болуы қажет. Экономикалық ресурстар дегеніміз – тауарларды өндіру және қызмет көрсету үшлін пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар және адамдардың өндіретін ресурстары. Түрліше барлық ресурстарды әр түрлі көзқарастарға сәйкес топтастыруға болады:
Материалдық ресурстар – жер немесе шикізат материалдары және капитал.
Адам ресурстары – еңбек және кәсіпкертлік қызмет.
²Жер² ұғымына жататын барлық табиғи ресурстар,егістік жерлер,орман, пайдалы қазба, кен орындары, су ресурстары.
²Капитал² немесе инвестициялық ресурстар ұғымы – тауар өндіру және қызмет көрсету, оларды түпкілікті тұтынушыларға жеткізуге, пайдалануға арналған барлық өндірістік құралдары (ғимараттар, құрылыс, жабдықтар, тағы басқалары).
Өндіріс процесін және өндіріс құрал- жабдықтарының қорлануын инвестициялау, яғни қаражат жұмсау деп атайды.
²Еңбек² ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл-ой қабілеттілігін көрсетеді.
Барлық экономикалық ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпы бір қасиетке ие: олар сирек немесе өлшеулі мөлшерде болады. Қазіргі деңгейдегі экономикалық дамуда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде ресурстардың әлі де болса кем екендігін білдіреді, егістік жерлердің, пайдалы қазба байлықтардың, өндіріс құралдарының белгілі бір шегі болады.
Бұл қағида бойынша қазіргі деңгейдегі экономикалық дамуда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде ресурстардың әлі де болса кем екендігін білдіреді, егістік жерлердің, пайдалы қазба байлықтардың, өндіріс құралдарының, жұмыс қолдарының белгілі бір шегі болады.
Кез келген кәсіпорынның өндірістік-экономикалық іс-әрекеті өндірістік ресурстарды заттай және ақшалай нысаны түрінде қалыптастырудан басталады. Көрсетілген ресурстар олрады пайдалануда қалай міндет жүктелсе, солай уақытында қарай бір-бірімен айрықшаланады.
2- сұрақ.
Жер ресурстары өндіріс потенциалдарының ең негізгі және маңызды түрлерінің бірі. Жер ауыл шаруашылығында еңбектің пәні ретінде қалыптасты. Фуыл шаруашылығының өндіріс қызмет нәтижелеріне байланысты жердің сапасы зор ықпал етеді. Оның құнарлылығын сақтауға, арттыруға бағытталған. Фуыл шаруашылығында өнімді алу жердің сапасына, оны пайдалану сипаты мен шартына тікелей байланысты. Сонымен қатар жер ресурстары өсімдіктің өсуімен дамуына әсер ете отырып, адамды, топырақтың механикалық, биологиялық, физикалық, химиялық қасиеттерін пайдалану арқылы өсімдікке қажет уақытта әсер етеді. Ең басты ескеретін жағдай жер ауыл шаруашылығында өндірістік құралдардың тиімді құралы болып табылады. Жер – біртекті ауыстырылмайтын өндірістік құрал.
Ауыл шаруашылығында жер ресурстары бірнеше ерекшеліктерден тұрады:
Жердің өндіріс құралдары ретіндегі маңызы.
Жер – табиғаттың азығы ( өнімі).
Жер – территориялық жағынан шектеулі, оның көлемі ұлғаймай қайта жасалмайды.
Жердің басқа өндірістік құралдарымен ауыстырылуы мүмкін емес.
Жердің өзінің учаскесі бойынша сапасы бірдей емес.
Жердің бір жерден екінші жерге ауыстыру мүмкін емес.
Жер - өндірістің мәңгілік құралы және ол тозбайды.
Жерді тиімді пайдалану және оны тұрақты арттыру, жалпы сапалық және сандық есебін жүргізу жер кадастрының негізін жасайды.
Жер кадастры дегеніміз – жердің құқықтық ережелері туралы құжаттар мен мәліметтер, сонымен қатар жерді категеориялары бойынша, жыртылған жердің құны мен сапасына сәйкес жерді иеленушілерге бөліп беру. Мемлекеттік жер кадастры жердің санымен сапасының экономикалық бағасы, сонымен қатар заңды ережелер мен құжаттардың нақты ақпараты болып табылады.Жер учаскелерінің құқықтарының ережелері туралы ақпарат мемлекеттік кадастрлік кітапта көрсетіледі.
3- сұрақ.
Материалдық ресурстар еңбек құралы мен еңбек пәнінің қатынасы. Материалдық- техникалық ресурстар өндіріс процесінің нәтижесінде қалыптасады. Қазіргі уақытта материалдық- техникалық ресурстарды мынандай түрлерге жіктейді.
1). калыптасуына байланысты.
2). өндіріске қатысуына байланысты.
3). пайдалану сипатына байланысты.
4). қайта қалыптастыруға байланысты.
Қалыптасуына байланысты ресурстар екіге бөлінеді:
а) табиғи;
б) экономикалық.
Экономикалық ресурстардың өзі үшке бөлінеді:
а) материалдық ресурстар – еңбек пен еңбек құралының жиынтығы;
б) еңбек ресурстары – еңбек нарығындағы жұмыс істейтін жұмысшылар мен мамандар;
в) қаржылық ресурстар – бұл ақшалай қаражаттар, яғни мемлекеттік ұйымдар мен барлық меншік түріндегі кәсіпорындардың өз меншігінде жұмсалынатын қаржылар.
2. Өндіріске қатысуына байланысты материалдық ресурстар екіге бөлінеді:
а) потенциалдық;
б) қалыптасушы.
Потенциалдық ресурстар дегеніміз – мемлекет немесе кәсіпорынның қоолында бар қаржы, бірақ ол жақын арада белгілі бір өндірістік циклда пайдаланбайды.
Қалыптасушы ресурс дегеніміз – шаруашылықтың өндірістік қызметінде өте белсенді пайдаланылатын ресурстар.
3.Пайдалану сипатына байланысты ресурстар екіге бөлінеді:
а) өндірістік;
б) өндірістік емес.
Өндірістік ресурстар өнімді өндіру процесінде қолданылады.
Өндірістік емес ресурстар әлеуметтік салада пайдаланылады.
4. Қайта қалыптасуына байланысты екіге бөлінеді:
а) қалыптастырылатын;
б) қалыптастырылмайтын.
Қалыптастырылатын ресурстарға материалдық құндылықтар жатады.
Қалыптастырылмайтын ресурстарға өндірістік қызмет процесінде қайта қалыптастырылуы мүмкін емес ресурстар жатады. (пайдалы қазбалар).
Ауыл шаруашылығында ресурстарды пайдаланудың мынандай ерекшеліктері бар:
Ауыл шаруашылығында ресурстарды пайдаланудың маусымдық сипаты.
Ауыл шаруашылығының өндірістік құрылымы және мемлекеттің аймақтық ерекшелігіне байланысты ресурстарды тиімді пайдаланудың көлемі мен құралы.
Материалдық мүліктік үлгідегі ресурстардың табиғи шарттардың әсер етуіне байланысты.
Материалдық ресурстардың кейбір бөліктерінің ауыл шаруашылығының белгілі салаларында пайдаланылуы.
Нарықтық экономика жағдайында қаржыландырудың негізгі көзі ретінде мыналар пайдаланылады:
өнімді өткізуден түскен түсім ;
пайда;
амартизациялық аударымдар;
бюджетті қаржыландыру құралдары;
заңды және жеке тұлғалардың өндірістік процеске мақсатты жарналар төлеу арқылы қатысуы;
банктердің несилері мен өндірістік қызметке басқадай қатысушылардың қарызы.
5-тақырып. Еңбек ресурстары
Жоспар
1. Еңбек нарығы: мәні және қызмет ету механизмі.
2. Еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы.
3. Жұмыс күші факторының мәні жұмыс атқаруының бағалылығы.
Негізгі ұғымдар: еңбек, еңбек ресурстары, еңбек нарығы, жұмыссыздық, кәсіпорын персоналы.
1- сұрақ.
Жұмыс күші болашақ тауар ретінде өзін еңбек рыногына өткізеді, өзінің әлеуметтік-экономикалық қатынастар болып саналатын жолдауға беретін жұмыс күші туралы және жұмыс беруші мен жұмыс күші арасындағы пайдалануы көрсетеді. Рынокте еңбекақы мөлшері және жұмыспен қамтылу жағдайы тіркеледі. Жұмыспен қамтылу – бұл еңбекақы алу (еңбек табысы) негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты адамдардың іс-әрекеттері. Еңбек нарығының мөлшері қалай еңбек ресурстары, солай өндіріс күшінің даму ауқымы арқылы анықталады. Кез келген тауарлы рынок өзіне тән кез келген өзге тауарлы нарыққа қарағандағы өзгешілігінің өзгеше белгісі ол жалдау және жұмыс күшін пайдалану негізінде қалай қызметкерлердің, солай жұмыс беретіндердің еркіндігі, сонымен қатар мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілділікті қамтамасыз ету пайда болады.
Жұмыс күші нарығы инерциялық және қағида бойынша ол өндіріс сияқтанған жылдамдықпен қайта құрылуға қабілетсіз. Кәсіпкерлік құрылымы, сынапташаның деңгейі және еңбек нарығының басқа да сипаттамасы біршама баяу өзгереді,өндірістік қажеттілігінен артта қалады. Осының нәтижесінде институционалдық жұмыссыздықтың ерекше алуан түрлілігі байқалады. Институционалдық бос жұмыс орындары жөнінде жетілдірілмеген ақпараттың болуынан пайда болған жұмыссыздықты айтуға болады.
Еңбек нарқы кез келген тауарлы нарық сияқты сұраныс пен ұсынысқа негізделген. Сұраныс – бұл жағдайда қажеттілік нысаны ретінде бос жұмыс орындары мен жұмыстың орындалуында бой көтереді, ол ұсыныс қамтылмаған жұмыс күшінің немесе жұмыс орнын өзгерту тілектерінің болуы.
Сұраныс пен ұсыныс қызметкерлер арасында осы немесе басқа да жұмыс істейтін жұмыс орындары және жұмыстарды орындау, сол сияқты жұмыс берушілердің арасында керекті жұмыс күштерін жұмылдыру, қалай өзінің сандық, солай сапалық құралы жағынан бәсекелестік күрес арқылы іске асады.
Еңбек нарқының негізгі мақсаты – еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбеккке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі алға қойған саяси-экономикалық және әлеуметтік қатынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезендерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе-теңдік үлесімділігіне жету. Қорыта айтқанда, республикамызда еңбек нарқын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай.
2- сұрақ.
Өнім көлемін ұлғайту мен кеңейтуге әсер ететін негізгі фактор адамның еңбегі болып табылады.
Еңбек процесіне мынандай элементтер жатады:
Адамның белгілі мақсаттағы өзінің еңбегі.
Еңбектің пәні.
Еңбек құралдары.
Еңбектің нәтижесі.
Ауыл шаруашылық өндірісінде еңбек ресурстарының құрамына жұмыс күші жатады – ол адамның физикалық және табиғи қабілеттілігі. Соның нәтижесінде өндірістік процестерге қатыса алатын мүмкіншіліктің тууы. Ауыл шаруашылығында еңбек өзара мамандандыруына байланысты ерекшелікте болады:
Еңбектің тиімділігі оның тиімді ұйымастырылуынан, яғни кәсіпорынның орналасуына және табиғи климатттық жағдайына байланысты.
Еңбек процесі ауыл шаруашылығында нақты маусымдық сипатта болады.Оның нәтижесінде жылдық мерзіміне байланысты жұмыс күшін дұрыс пайдалану, өндіріс процесіндегі еңбек ресурстарын белгілі жұмыс орнымен қамтамасыз ету, сонымен қатар біліктіліктің төмен болуына байланысты мамандарды қайта мамандандыру мен біліктілік деңгейін арттыру мақсатында жұмсалынатын қаржылық ресурстар.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы өндірістік процестердің тұрақты мерзімде болуы.
Еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың жолдарын арттыру үшін мынандай жағдайлар жасалуы қажет:
Ауыл шаруашылығы өндірісінің құрылымын тұрақтандыру және белгілі кәсіпорындар бойынша өндірістің түрін кеңейту.
Әр түрлі тәсілдер арқылы жұмысшыларға экономикалық ынталандыру жүйесін жасауды аяқтау. Мысалы: Акционерлік Қоғамда құрылтайшыларға дивидент төлеу.
Мамандарды дайындау мен қайта мамандандыру жүйесін дамыту.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының көлемінде кәсіпкерлік қызметті дамыту.
Жұмысшылардың жұмыс шартымен тұрмыстық жағдайын жақсарту.
3- сұрақ.
Өндірістің құрылуы әр уақытта кәсіпорындарда қызмет стейтін адамдармен тікелей байланысты. Экономикалық теорияда «Жұмыс күші » ─ бұл адамның дене және ой қабілеттілігінің жиынтығы, оның жұмысқа деген алғырлығы деп түсіндіріледі. Нарықтық қатынастар жағдайында «еңбекке қабілеттілігі » жұмыс күшін тауарға айналдырады. Бірақ, бұл әдеттегі тауар емес. Оның басқа тауарларға қарағандағы айырмашылығы сол, біріншіден, ол өзіне қарағанда құнды көп жасайды, екіншіден, оны қатыстырусыз тарту кез келген өндірісті жүзеге асыруға болмайды, үшіншіден, ол негізгі және айналым өндірістік қорлардың, жалпы алғанда шаруашылық жүргізудің экономикасының тиімділігіне байланысты болады.
Сондықтан, кәсіпорын үшін оның экономикасын жайғасымды жүргізу тұрғысынан қарағанда қалай болса солай қарауға болмайды, себебі, қалай және қандай жағдайда оның жұмыс күшіне деген мұқтажы қанағаттандырылады және тауарлар өндіру, қызмет көрсету процесі қалай пайдаланады.
Әрбір кәсіпорында кадр саясаты әзірленіп, ол іске асырылуы қажет. Сөйтіп, мына төмендегі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталғаны жөн:
жұмысқа қабілетті және кінәратсыз ұжым құру;
кәсіпорынның білікті қызметкерлерінің деңгейін арттыру;
жынысы және жасының құрамына қарай оңтайлы еңбек ұжымын құру;
қолынан іс келетін, өзгеретін мән - жайға оралымды әсер тигізетін, сезінетін, жаңа, алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді өндіріске енгізу және істің есебін білетін жоғары кәсіптік басшылық етуші буынды құру.
Өндірістік процеске қатысуына байланысты кәсіпорынның жеке құрамы екі санатқа бөлінеді: өнеркәсіптік - өндірістік қызметкерлер және бейөнеркәсіптік.
Өнеркәсіптік - өндірістік қызметкерлерге жататындар: тікелей өндіріспен және оған қызмет көрсетушілер.
Бейөнеркәсіптік қызметкерлерге ─ өндіріспен және оған қызмет көрсетуге тікелей айналыспайтындар жатады. Негізінен олар: кәсіпорынның қарамағындағы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықтардың, балалар және дәрігерлік - санитарлық мекемелердің қызметкерлері.
Өз кезегінде өнеркәсіптік - өндірістік қызметкерлер олардың орындайтын бернелеріне байланысты төмндегі санаттарға топтастрылады: жұмысшылар, басшлар, мамандар, қызметкерлер.
Жұмысшыларға жататындар: кәсіпорындарда тікелей материалдық құндылық немесе өндірістік және көлік қызметін көрсетумен айналысатындар. Жұмысшылар, сондай - ақ негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгісіне жататындар: тікелей өнімді шығарумен айналысатын жұмысшылар, көмекші өндіріске қызмет көрсететіндер.
Мам андарға жататындар: бухгалтерлер, экономистер, техниктер, механиктер, психологтар, социологтар, суретшілер, тауар мамандары, технологтар және т.б.
Қызметкерлерге жататындар: жабдықтау агенттері, машинисткалар, кассирлер, іс- қағаздарын жүргізушілер, экспедиторлар, тізімдеушілер және т.б.
Басшылар – бұл кәсіпорындарда басшы қзмет атқаратын қызметкерлдер (директорлар, бас мамандар және т.б.)
Қызметті атқару бағасы – бұл қызметкерлердің іс- әрекетінің қорытындысы. Ол басшының өз қарамағындағы бағынышты қызметкерлерінің ресми және жүйелі түрде бағалануынан байқалады. Қызметті атқаруды бағалаудың көптеген мақсаттары бар, олардың ішінде:
қызметті атқаруды жақсарту;
шешім қабылдау үшін ақпарат жинау;
стандартты бұзбауға мүмкіндік туғызу;
сараланған еңбекақының негізі болуының қажеттілігіне көшу;
қорытынды субъектілігін барынша азайту үшін деректер жинау;
оқыту және қайта дайындау жөніндегі қажеттілікті хабарлау;
қызмет атқарудың алдағы бейнесін жасауға байланысты мәліметтер жинау;
стандарттарды бұзбауға бағытталған кейбір жеке тұлғалар мен жалпы топтарды ынталандыру;
моральдық факторларды күшейту;
жаңа стандарттарды және атқару мақсатын қалыптастырудң негізін қамтамасыз ету.
Атқаруды бағалаудың басты әдістері мыналар болып табылады:
саралау (менеджер өз қарамағындағы қызметкерлердің сіңірген еңбегіне
қарай саралау);
балдық бағалау (бес балдық немесе цифрсыз; жаман, ортадан төмен, орта,
жоғарыдан төмен өте жақсы);
басшының өз қарамағындағы қызметкерлердің жұмыс сапасын көруге мүмкіндік беретін жүйенің күшті және әлсіз жағы;
әңгімелесу, бағынышты қызметкерлер бағалану кезеңінде өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін айтады.
6-тақырып. Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеу
Жоспар
1. Еңбек ақы төлеуінің мәні мен қағидалары.
2. Жұмысшылар жалақысының нысаны және жүйесі.
3. Әлеуметтік салықты есептеу әдістемесі.
Негізгі ұғымдар: еңбекақы, жұмыс күші, салық, әлеуметтік салық, атаулы табыс жалақы, нақты жалақы
1- сұрақ.
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығаруға болмайды.
Еңбекақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Былайша айтуға болады – еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі. Бұлардан басқа еңбекақыны мынадай факторлар анықтайды:
Жұмыс күші, яғни құны. Бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:
жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны;
оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар;
оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттардың құны.
Нақтылы жұмыс күшінің құны қажетті өнім көлемін анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлі және уақыт өткен сайын өзгеріп те отырады.
Жұмыскердің еңбек өнімділігінің өсуі. Ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірақ, оның өзінде еңбек өнімділігінің өсуі еңбекақының өсуіндей шапшаң болады.
Жұмыс күшін біліктілеу және еңбектің түрі. Мысалы, күрделі, қиын жұмыстардың ақысы неғұрлым жоғары болады. Ал сирек және қауіпті мамандық немесе ерекше талантты адамдардың шығармашылық еңбектері және т.б. жоғары бағаланады.
Қажетті өнімнің әлеуметтік дәрежесі. Қазіргі қоғамда қажетті өнімнің барлығы жұмыскерге жеке еңбекақы түнрінде берілмейді. Қажетті өнімнің бір бөлігі әлеуметтенеді (қоғамданады) және әр түрлі салық, есептеғп беру арқылы мемлекетке қоғамдық тұтыну қорына кетеді (денсаулық сақтау, білім беру, зейнетақы қорларын қамтамасыз ету және т.б.).
Жалақы – атаулы және нақты жалақы болып бөлінеді.
Атаулы табыс жалақы – бұл қызметкердің белгілі кезеңдегі істеген еңбегі үшін есептелген және бенрілген жалақысы.
Нақты жалақы – бұл тауарлар мен қызмет көрсетуге ие болуға кететін атаулы табыс жалақысы; нақты жалақы – бұл атаулы табыс жалақының «сатып алуға жарамдылығы».
Кәсіпорында жалақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда жалақының мына төмендегі принциптерін еске алу керек:
әділдігі, яғни тек еңбекке, тең жалақы;
істелмеген жұмыс есебінің қиындлығы және еңбек біліктілігінің деңгейі;
зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегінің есебі;
еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының адалдығы үшін ынталандыру;
ақаулық жібергені және өзінің міндетіне жауапсыздықпен қарағандығынан жағымсыз жағдайлар болғаны үшін материалдық жазалау;
еңбек өнімділігінің өрлеу қарқыны орта жалақының өрлеу қарқынына қарағанда озық жүруі;
инфляцияның деңгейіне сай жалақыны индекстеу;
өндірістің қажеттілігін ең үлкен деңгейде қамтамасыз ету үшін үдемелі нысананы және жалақы жүйесін қолдану.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарындағы жалақылардың айырмашылықтары мынадан тұрады:
мемлекеттік иелігіндегі кәсіпорындарда жалақы үкімет актілерімен реттеледі, ал жеке кәсіпорындарында кәсіпорын әкімшілігі шешімімен (бірақ, ең аз жалақы жөніндегі белгіленген заңнан кем болмауы керек);
мемлекеттік кәсіпорындарда жалақы тіркеледі, яғни тұрақты болады (арту индекстеу есебінен тұрады);
мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс орны мен жалақы кепілді, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда олар оның экономикалық жағдайына қарай анықталады.
2-сұрақ.
Әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда еңбекақының көп тараған екі нысаны: кесімді және мерзімдік.
Жалақының кесімді нысаны қызметтің көлемдік, сандық көрсеткіштерін жақсартуды ынталандырады. Ол өндіріс учаскелерінде қол еңбегінің немесе машиналы- қол еңбегінің басымдылығы жағдайында қолданылады; дәл осы жағдайда өндірілген өнімнің көлемін және оның сапасын арттыру және еңбек мөлшерін белгілеудің негізділігін ескеру қажет.
Еңбекақының
пішіндері
Мерзімдік Кесімді
Жай мерзімдік тікелей кесімді кесімді көтеріңкі
келісімді сыйлық дамушы
Еңбекақының жүйелері
Кесімді нысаны мына жағдайларда қолданылады:
тікелей жұмысшының немесе олардың бригадасының жұмыстарының сандық көрсеткіштерінің бар болуы:
жұмысшының өндірімін немесе орындалған жұмыстың көлемін арттыру мүмкіншілігі;
осы учаскеде жұмысшыларды өнім өндірімінің немесе орындалған жұмыстың көлемін онан әрі арттыруды ынталандыру қажеттілшігі;
орындалатын жұмыс көлемінің дәлме- дәл есептеу мүмкіншілігі;
техникалық негізделген еңбек мөлшерін қолдану.
Еңбекақының кесімді нысаны мына төмендегі жағдайларда пайдалануды
ұсынуға болмайды, егер де:
өнімнің сапасы нашарласа;
техникалық тәртіптемелер бұзылса;
жабдықтардың қызмет көрсетулері
шикізаттар және материалдар артық жұмсалса.
Еңбекақының мерзімдік нысанында қызметкерлерге еңбекақы белгіленген тарифтік мөлшерлемеге немесе өндірісте нақты жұмыс істеген уақытындағы қызмет ақысына қарай белгіленеді.
Еңбекақының мерзімдік нысаны жұмыс істеушілердің біліктілігін көтеру және еңбек тәртібін нығайтуды ынталандырады.
Еңбек мерзімдік ақы төлеу нысанын қолдану жағдайы:
егер де жұмысшы машиналар немесе агрегаттардың өнімділігін арттыру есебінен өнім шығаруды молайтуға ықпалын тигізе алмаса;
егер де қажетті келісімді бағалауды белгілеу үшін өндірімнің сандық көрсеткіштерінің жоқ болуы;
ақы төлеудің мөлщері дұрыс қолданған жағдайда.
Еңбекке мерзімдік ақы төлеу нысанын қолдану шарттары:
учаскелерде жұмыс орындарында жұмыстың бас көрсеткіші болып табылатын өнімнің және жұмыстың жоғары сапалылығын қамтамасыз ету;
жабдықтарға қызмет көрсетудегі орындалған жұмыстар, сол сияқты конвейерлік желістегі реттелмеген ырғақтар;
жұмыстарда көп қажет ететін шығындарды есептеу және еңбекті мөлшерлеу, экономикалық мақсатқа сәйкес, сол сияқты қызметкерлердің еңбегі толық мөлшерлеуге келмейді;
жұмыстарда нысандық мөлшерлеудің болуы және олардың нәтижелерін ескеру, алайда бұл жұмыстардың өндірілімінің орындалуы негізгі көрсеткішке жатпайды.
Еңбекақының мерзімдік нысаны үшін негізгі екі жалақы жүйесі тән: жай мерзімдік және мерзімдік сыйлықақы.
Қызметкерлердің еңбекақысының мерзімдік жүйесінде уақыттың бір бөлігінде анықталуы мүмкін:
ЕА =М × Т,
Мұнда М – жұмысшының тиісті разрядының сағаттық (күндік) тарифтік
мөлшерлемесі,
Т ─ өндірісте нақты орындалған жұмыстың уақыты, сағаты
(күндері).
Қызметкерлерлердің еңбекақысының мерзімдік сыйлықақы жүйесінде мына формула арқылы анықталуы мүмкін:
ЕА =М × Т ( 1 + М + К + П ) / 100.
Мұнда М – белгіленген көрсеткіштерді тарифтік мөлшерлеуге және
сыйлықақы шартына сай орындалған сыйлқ мөлшері (%).
К – белгіленген көрсеткіштердің артығымен орындалғаны және
сыйлықақы шартына сай проценттік сыйлық мөлшері (%).
П – белгіленген көрсеткіштердің артығымен орындалғаны және
сыйлықақы шартының проценті.
Өндіруші қызметкерлер үшін еңбек ақыны реттеу ұжымдық шарт арқылы жүзеге асады, ал басқару мен инженерлік- техникалық қызмет жұмыскерлердің еңбегін төлеу жағдайын өзара шарт арқылы көрсетеді. Ол белгілі бір кезеңгежұмыскер мен әкімшілік арасында жасалады.
Еңбек нормалары (жұмыс істеу, уақыт, қызмет көрсету нормалары ) еңбек шығынының өлшемі болып табылады және қызметкер үшін техниканың, технологияның, еңбек өндірісін ұйымдастырудың қол жеткен деңгейіне сәйкес белгіленеді.
Еңбек нормаларын енгізуді ауыстыруды және қайта қарауды жұмыс беруші жүргізеді.Қызметкерлердің жұмыс істеу нормаларын орындауы үшін жұмыс беріші қалыпты еңбек жадайларын қамтамасыз етуге міндетті.
Нарықтық экономика жағдайында жалақы жүйесін дұрыс қолдану принциптерін түсіну үшін мына жағдайларды білген жөн: осы жүйеге негізделгн күнкөрістің ең төмен деңгейі «ең төмен жалақы » ─ тұтыну игілігі және қызметінен тұрады. Жалақының ең төменгі мөлшері қабылданған заңмен анықталады және дүркін- дүркін баға индексінің өзгеруіне байланысты үйлестіріп, қайта есептелінеді. Бұдан шығатын қорытынды кез келген жалдамалы қызметкердің ақшалай сыйақысы ең төменгі жалақыдан кем болмауы керек.
тиімділіктің
шығынның
өсуі
төмендеуі
сатып алуға
жалақының
жарамдылықтың өсуі бағаның
өсуі төмендеуі
пайданың
сатудың
өсуі өсуі
3-сұрақ.
Әлеуметтік салықты есептеу әлеуметтік салық салу объектісіне Салық қодексінің 317- бапта белгіленген ставканы қолдану арқылы ай сайын жүргізіліп отырады. Арнаулы салық режимдерін қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 374- 390-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, әлеуметтік салықты төлеу салық төлеушінің тіркеу есебіне алынған жері бойынша есепті айдан кейінгі айдың 15- інен кешіктірілмей жүргізіледі.Құрылымдық бөлімшелері бар әлеуметтік салық төлеушілер осы Кодекстің 321- бабнда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. Арнаулы салық режимдерін қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер әлеуметтік салық төлеуді осы Кодекстің 374- 390- баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептелген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жүктілігі мен босануына, жұмысқа уақытша жарамсыздығына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақылар, ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге ) төленген әлеуметтік жәрдемақылар сомасына кемітіледі. Осы баптың 1- тармағында аталған әлеуметтік жәрдемақылардың төленген сомасы есепті айда есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома келесі айға ауыстырылады.
Құрылымдық бөлімшелер бойынша төленуге тиіс әлеуметтік салық сомасы осы құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің табыстары бойынша есептелген әлеуметтік салық негізге алына отырып есептеледі. Төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттерге әлеуметтік салық төлеуді жүзеге асырады.
7-тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық қызметі
Жоспар
1. Инвестицияның мәні мен түрлері.
2. Қаржылық инвестициялар.
3. Инновация ұғымы. Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты.
Негізгі ұғымдар: Инвестиция, нақыт инвестиция, қаржы инвестиция, жанама инвестициялар, инвестициялық жоба, акция, бағалы қағаздар, инновация, инновациялық қызмет.
1-сұрақ.
Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтнің және нәтижесінде пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлерін, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы. Инвестициялар «нақты инвест» және «қаржы инвестициялары» болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрлысқа және т.б. жұмсалымы.
Қаржы инвестициялар – мемлекеттен, кәсіпорындардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда инвестор өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайту. Екінші жағдайы инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. ҚР-ғы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» Заңы бойынша тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік кепіліне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестициялар.
Жанама инвестициялар – қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік заттар.
Инвестициялық жоба – капиталдары ұлғайту мақсаты мен экономикалық әртүрлі салалары мен сфераларына қоюға бағыталған, жоспарланған және орындалатын шараларының жиынтығы. Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынандай кезеңдерден тұрады:
инвестициялық ұғымды қалыптастыру;
инвестициялық мүмкіншіліктерді зерттеу;
жобаны техникалық-экономикалық негіздеу;
жер учаскісін алу немесе жалға алу;
келісім құжаттарын дайындау;
құрлыс монтаж жұмыстарын жүргізіп іске асыру;
объектіні қолдану, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.
2-сұрақ.
Қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарын алуға кеткен шығындары, кәсіпорындағы үлестік қатысулар, басқа кәсіпорындарға вексельдік қарыз беру және басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.
Капиталды берудің формасы мен табысты бөлудің әдісіне қарай бағалы қағаздар «борыштық» және «борыштық емес» болып бөлінеді. Борыштық бағалы қағаздар – заттай емес активтерге берілген салым ретінде, пайыз түрінде табыс табуға құқық алу үшін айырбасқа қарызға берілген қаражат болып есептеленеді. Әдетте инвестиорлар компанияның капиталына қатысу үшін бағалы қағаздарды – акцияларды сатып алады.
Акция – акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, банктер шығаратын осы қоғамдарды және т.б. дамыту мақсатымен акция иесінің қаржы қосқандығын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаздардың түрі. Акция шығару арқылы акционерлік қоғамдар ірі инвестициялық жобаларды атқарады. Акциялар эмиссиясы дегеніміз – акционерлік қоғамдарды құру, мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу компанияның жарғы капиталын көбейту.
Қарыздық міндеттемелер – инвестор мен қарыз алушының арасындағы қарым-қатынасты сақтайды. Оған: облигация, мемлекеттік заемдар, банклердің депозиті, вексель жатады.
Туынды бағалы қағаздар – иелерінің акцияларды және қарыздық міндеттемелерді сатып алуға және сатуға құқығы бекітеді.
Инвесторлардың негізгі мақсаттарына жататындар:
салымдардың қауіпсіздігі;
салымдардың табыстылығы;
салымдардың өсуі;
салымдардың өтімділігі.
3-сұрақ.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі.
Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
өнімділік;
үдерістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады.
Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.
Процесстік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің туы нұсқалы болып табылады.
Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:
жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;
жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау жасау, сынақтан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
қажетті ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
лицензиялау, потенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу;
инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.
Инновацияның қаржылық базасы кәсіпкердің жеке меншігіндегі қаржысынан және қарыз қаражатынан құралады.
Инновацияны анықтайтын фактор – ол өнертапқыштық, оңтайландыру, ірі жаңалықтарды жарыққа шығару болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңінде – жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін дәстүрлі қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тиімділігі.
Техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру қажет.
Жобалауды әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең – бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау.
Екінші кезең – бқл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау.
Үшінші кезең – бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау.
Төртінші кезең – бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.
Әлеуметтік нәтижелілік – бұл халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және тихниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету, т.б.
Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми-техникалық прогрессті жеделдетуге толық жағдай жасалса.
8-тақырып. Өндіріс және өнімді өткізу шығындары
Жоспар
Шығын түсінігі, құрамы және түрлері, тұрақты және өзгермелі (құбылмалы) шығындар.
Өнімнің өзіндік құнының құрамы және оның өнеркәсіптің әр түрлі салаларындағы ерекшелігі.
Кезең шығындарына және өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын кәсіпорын шығындары.
Негізгі ұғымдар: шығындар, ауыспалы шығындар, өнімнің өзіндік құны
1-сұрақ.
Шығындар – бұл кәсіпорынның өінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процессіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
- өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
- өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жана немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары.
- өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.
Практикалық маңызы болтын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.
Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі ауқытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.
Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар деп кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін атайды. Олар екі түрден тұрады: ішкі және сыртқы. Сыртқы шығындар – бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері; шикізаттар төлемдері, материалдар, отын еңбекақы, тозуды есептеу және т.б. бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары күңгірт, өзінен өзі түсінікті сипаттамада болады. Олар кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т.б. үшін кәсіпорын ресми төлемейді.
2-сұрақ.
Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатуға ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы – бұл шығындардың басты статьялары.
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және пайдалылығының деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады.
Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.
Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.
Өзіндік құнының негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.
Шаруашылықта белгілі қызметті жүргізбестен бұрын, оның деңгейлерінің бағасын, шығындарын, рентабельділіктің нормасы алдын ала жоспарланады. Нарықтық жағдайында бұл шаруашылықтың барлығы кәсіпорында өз еріктері бойынша қалыптасады. Нарықтық жағдайда баға өндірісті тұрақты реттеумен қатар, пайданың деңгейіне тікелей ықпал жасайды.
Құн өндірілген өнімнің бағасы ретінде кәсіпорынмен, яғни өнім өндірушілермен тұтынушы арасындағы келісілген баға болып табылады.
Келісілген құнның үш түрі бар:
Кқұн = өзіндік құн + пайда;
Кқұн = сұраныс – ұсыныс;
бәсекелестік бағаны ескеру.
1-түрі:
келісілген құн кәсіпорынның көлеміне байланысты және өндіріс шаруашылықтарына қатысты белгіленеді. Бірақта нарықтық экономика жағдайында бұл құн тиімсіз. Себебі нарықта өндіруші біреу ғана емес.
2-түрі:
мұнда баға белгіленбестен бұрын өндірілетін өнімге сұранымды және оған кететін шығын, яғни өзіндік құнның қанша болатынын болжау. Мұнда кәсіпорынның мақсаты белгілі тауар бірлігінің бағасын алдын ала анықтап белгілеу. Сонымен қатар, тауады қандай көлемде өндіріп, өткізген жағдайда нақты табысқа қол жеткізуін анықтау.
3-түрі:
мұнда нарықтағы бәсекелестіктің деңгейі ескеріледі, әрі әрдайым жақсы нәтижеге қол жеткізіледі. Тауар өндіруші бәсекелестіктің өнімінің бағасының динамикасын зерттеп, анықтап сол бәсекелестің өнімінің бағасының қанша болатынын анықтайды. Бұл тәсіл шығынды аз жұмсай отырып, үлкен табысқа қол жеткізу мақсатында жасалынады.
Осы аталған 3 түрлі бағаны белгілеу нәтижесінде нарықтық экономика жағдайында баға өнімдердің бәсекелестік қабілетін анықтайтын фактор болып табылады.
Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген көзқарасты төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзіндік құнның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларды территориялық қашықтықты, шикізатқа баға деңгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия және көлік тарифтері және т.б.
3-сұрақ.
Өнімнің өзіндің құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:
шығындардың бастапқы элементтерімен;
пайда болу және міндет жүктеу сипатымен.
Экономикалық элементтердің шығыстарын топтатыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың мәні - әрбір шығынның элементі өнімнің өзіндік құнының жиынтығына қосылады. Сонымен, мына төмендегі шығын элементтері бөлінеді:
материалдық шығындар;
еңбекақыға жұмсалған шығындар;
әлеуметтік сақтандыруға аударым;
зейнетақы қорына аударым;
жұмыспен қамтылу қорына аударым;
амортизация;
басқа да шығындар.
Өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндің құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
өндірістің техникалық деңгейін көтеру;
өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;
басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, т.б.
9-тақырып. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
Жоспар
1. Маркетинг және стратегиялық жоспарлау.
2. Нарық жағдайында кәсіпорында өнім шығаруды жоспарлауды ұйымдастыру.
3. Кәсіпорынның мүмкіншіліктерін зерделеу.
Негізгі ұғымдар: маркетинг, маркетингтік тәсіл, маркетингтік жоспарлау, маркетингтік стратегия, бизнес-жоспар, сатушы рыногы
1-сұрақ.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг кәсіпорынының рыноктық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудың басты бермесі ретінде қаралады. Осы жағдайға байланысты ол нақты тұтынушылардың, нақты зерттеу мен болжау негізінде мол табыс табуға, сыртқы өнім шығарушы кәсіпорынның ішкі және сыртқы рыноктың қазіргі жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады. Сонымен бірге, кәсіпорынның маркетинг қызметіне бәсекелесті зерттеу, баға саясатын қамтамасыз ету, өнімді өткізу мен жарнамалауды ынталандыру, тауарларды өткізуді тиімді ұйымдастыруды жолға қою, тағы басқа да шаралар жатады.
Маркетингтің негізі болып табылатыны – бұл бірін – бірі толықтыратын тәсілдеме. Бұл дегеніміз рынокты жан – жақты және нақтылы зерделеу, сол сияқты рынокқа белсенді ықпал ету, қажеттілікті және тұтынушының артықшылығын қалыптастыру. Дайындаушы мен тұтынушыны байланыстыру және олардың бірін–бірі табуға жәрдем беру – кез–келген маркетинг қызметінің басты мақсатына жатады.
Елімізде болып жатқан нарықтық қатынастардың ықпалы мен үнемі қозғалыста болатын маркетинг қызметі рыноктың шарттары мен талаптарына толық бағынышты .
Маркетинг – бұл шын мәнінде, кәсіпорынның кез–келген шаруашылық қызметінің басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылыды. Маркетинг – бұл рынокты талдау, кәсіпорындар қызметінің әр қилы түрлерінің өзара іс– қимылдарын қамтитын өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізудегі кешенді жүйе: жоспарлау, баға құрамы сату (сатып алу), шикізаттарды жеткізу, өнім (тауарлар) және қызмет көрсету.
Маркетингтің негізгі мақсаты - сатып алу, сату процесінде ең жоғарғы мөлшерде пайда табуды, сонымен бірге оның міндеті кәсіпорын қызметінің тұрақтылығын барынша қалыптастыру және стратегиялық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету.
Маркетинг қызметі жүйесінде , сол сияқты кәсіпорынның басқа да және міндеттері шешіледі:
Рынок, тауарлар, тұтынушылар және бәсекелестер жөнінде сенімді және шынайы жарнамалармен қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның тауар өндірудегі мүмкіншілігі.
Тұтынушыларға ықпал ететін сұраныс, рынок, бәсекелестер.
Маркетингтің экономикалық мәні мына төмендегі нәтижелікті тұжырымдайды:
тауарлардың бәсекеге жарамдылығын жасау;
тауарларды жылжытуды жеделдету;
сатып алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру;
өндірістің тиімділігі және тауарларды сату.
Маркетинг қызметі жағдайында рынок екі түрге ажырайды:
сатушы нарығы;
сатып алушы нарығы.
Сатушы рыногы – бұл шын мәнінде, тапшылық рыногы, онда сатушылар үлкен билікке ие болады. Сатып алушы рыногы – бұл шын мәнінде толықтырылған рынок, мұнда сатып алушылар билікке ие.
2-сұрақ.
Маркетингтің негізгі принципі – тұтынушылардың қалаулар мен нақтылы талаптарына сай өндірістің түпкілікті нәтижелеріне бағдарлануы. Маркетингтің принциптік әдіснамасына сәйкес кезкелген процестерге тән басқару және өткізудің рыноқтық тұжырымдамасының бернесін анықтайды .
Маркетингтің негізгі бернелері .
Берне |
Қызмет түрлері |
Талдамалық |
Маркетингтік ортаны талдау, тұтынушылар, тауар құрылымы, жабдықтау көздері, кәсіпорынның ішкі ортасы, бәсекелестер, нарық сұранымын анықтау және зерделеу, жарнама саласы. |
Өндірістік |
Талдаманы ұйымдастыру және жаңа тауарлар өндіру, сатып алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру, олардың ерекшелігі, баға пайдалану сапасы. |
Өткізушілік |
Тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру, өткізу орталарын таңдау, жинақтау, сұранысты қалыптастыру, өндірісті ынталандыру және баға саясаты. |
Басқару және бақылау |
Маркетинг жоспарларын әзірлеу (бағдарламалар), маркетингті ақпаратпен қамтамасыз ету, кадр саясаты, кәсіпорынның ұсынған мақсатының жетістігі, тәуелділікті бағалау т.б. |
Маркетингтің тандамалы бернесінің нәтижесі оның өндірістік бернесін және қосалқы бернесін іске асырудағы негізі болып табылады .
Шығарылған тауарлар, өндірілген өнімдер рынокқа келіп түседі. Мұндағы маркетингтің негізгі міндеті тиімді өткізу, оны тұтынушыларға жеткізу. Өткізім тұжырымының тәсілі және маркетингтің төмендігі келесі бейнемен көрсетіледі:
Өткізу тұжырымдамасы.
Тауарлар ------ өткізім және сатуды ынталандыру ----------- сату көлемі
Маркетинг тұжырымдамасы.
Қажетсіну ---- Біріктірілген маркетинг---- Сатып алушылардың қажет тілігін қанағаттандыру есебінен алынған пайда.
Маркетингтегі бастысы – мақсатты бағдарлану және кәсіпкерлік, шаруашылық, өндірістік және өткізу қызметтерінің қосылуы.
Маркетингтің мақсаты - өндірістің жоғары тиімділігін және өндірістік тауарларды сатуды қамтамасыз ету.
Кешенділік – маркетингті қолдауды іске асыру нәтижелікке жеткізуді көрсетеді, егер де жүйе ретінде пайдаланылса, ол маркетингтің жекелеген әрекеттері шын мәнінде, оң нәтижелікке жеткізбейді.
3-сұрақ.
Кәсіпорынның мүмкіндігін зерделеу оның әлеуеттік қызметінің күшті және әлсіз жақтарын ашуға бағытталады. Кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын зерделеу, оның қол жеткен табыстары және нарық көрсеткіштерін жақсартудың мұқтаждығына байланысты кәсіпорын қызметі мен бернелерін анықтауды болжайды. Кәсіпорынның әлеуеттілігін зерделеу мына төмендегі мақсатқа сай бөлімдерден жүргізіледі:
Өндіріс.
Өнімді бөлу және өткізу.
Ұйымдық құрылым және менеджмент.
Маркетинг.
Қаржылар.
Кәсіпорынның мүмкіндігіне іріленген талдау кәсіпорын үшін үлкен мүддеге сенім білдіретін қосымша нақтылы бағытта болуы тиіс.
Өнімдер бойынша – қандай бұйымдар ең көп немесе ең аз айналым береді, қандай бұйымдарды сату ең көп немесе ең аз табыс әкеледі.
Рыноктар бойынша – қандай рыноктар кәсіпорын өнімі үшін ең көп немесе ең аз басымдылықта болады.
Салалар бойынша – қандай салаларда кәсіпопынның өнімдері сатылады, бұл салаларда рыноктың қандай үлесі кәсіпорында орын алады.
Тұтынушылар бойынша – кәсіпорынның өнімдерін тұрақты тұтынушылар кімдер, кәсіпорын өнімдері олар үшін несімен қызықтырады, жаңа тұтынушыларды жұмылдыру үшін не істеу керек.
Қорыта айтқанда, нарықтық қатынастар жағдайында маркетинг өндіруде, тауар өткізуде кәсіпорын қызметіндегі ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Оның қызметіндегі негізінен принциптер – сатылатынды өндіру, ал өндірілетінді сатпау. Осының нәтижесінде өнімді өндіруде кәсіпорын оған деген сұранысқа сәйкес қайта құрады.
Егер де кәсіпорын нарықты, сұранысты тұтынушылардың талғымы мен қалауларын, сұранысты қанағаттандыратын тауар шығаратындарды, рынокқа ықпал ететін және өздерінің мүдделерінің сұранысын зерделейтін жағдайда болса, нарықта қол жетуге болады.
Өнеркәсіп өндірісі ғылыми талдамаларды заттандырады, материалдық және өмірлік игілікті ұдайы өндірумен айналысады. Оның міндеті – адамдардың мұқтаждарын және жалпы қоғамды жоғары сапалы құралдармен, еңбек заттармен толық қанағаттандыру болып табылады.
Өндірістің тиімді жұмыс істеуі өндірістің жоғары техникалық деңгейін, өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды, кадрларды орналастыру, тәрбиелеу және қызметкерлердің жоғары өндірістік, еңбек және атқарушылық тәртібін қамтамасыз етеді.
Өндірістің тиімді жұмыс істеуіне ақпараттық ресурстар елеулі орын алады. Ғылыми деректерді, техникалық ақпараттарды және болжауды өз уақытысында пайдалану өндірісте шығарылатын бұйымдардың технологиялық конструкциясын әзірлеуге және отандық, халықаралық рыноктарда өткізуді ұйымдастыруға көмектеседі.
10-тақырып. Өнімнің бәсекелік қабілеттілігін қамтамасыз ету
Жоспар
Өнім сапасын басқарудың жаңа стратегиясы.
Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіші және оның деңгейін өсіру жолдары.
Өнімді стандарттау.
Негізгі ұғымдар: бәсекеге қабілеттілік, сапа, өнімнің сапасы, стандарт, өнімнің сапасын басқару, сертификаттау, сапа, бәсекелестік, тариф саясаты.
1-сұрақ.
Өнімнің сапасын басқару – бұл белгілеу, қамтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кезіндегі жүргізілетін іс-әрекет.
Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалық деңгейге бағытталады. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін тексеру, өндірістік процесстердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және себептерін белгілеу кіреді.
Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар, олар:
өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;
тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;
өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерін күшейту.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты табу;
жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.
Сонымен, өнімнің сапасын басқару әрбір кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асқан жөн.
2-сұрақ.
Сапа – бұл өнімді өзінің белгілі талабына сай тұтынушыларды қанағаттандыру мақсатында өндірілетін өнімнің құрылымы.
Өндірілетін өнімнің сапасы – бұл қазіргі жағдайда кәсіпорындардың эконмоикалық өзіндік белгісі. Сапаны арттыру үшін кәсіпорында жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуге үлкен талап қойылады.
Өнімнің сапасы – сапаның нәтижесі еңбек, еңбек заттары, еңбек құралдары, технологияларды басқару жалпы өндірістік ортада соңғы жылдары әлемнің көптеген фирмаларында өнімнің сапасын жақсарту мақсатында басқарудың жаңа стратегиясы қолданылуда.
Сапаны қамтамасыз ету – техникалық функция емес, ол жүйелі түрде жүретін процесс.
Сапаға – кәсіпорынды ұйымдастырудың құрылымына сәйкес келуі қажет.
Сапаны арттыру – маңызды мәселе, бірақ оны өндіретін циклда ғана емес, оны өңдеу процесінде маркетингтік және сату қызметін ескеру қажет.
Сапа – тұтынушылардың сұранымын қанағаттандыру мақсатында жасалуы қажет.
Сапаны арттыру мақсатында - өндірісте жаңа технологияларды, жобарларды, автоматтандырылған сапаны тексеру үрдісінде автоматтарды қолдану.
Үлкен көлемде өнімнің сапасын арттыру, тек қана барлық жұмысшылардың мақсаты қызығушылығы нәтижесінде ғана қол жеткіземіз.
Жалпы жасалынған жаңа өнімнің сапасы келесі шарттардан өтуі керек:
сапа өнімді өндіру кезеңінен бастап барлық техникалық жаңалықтарға сәйкес болуы қажет;
ғылыми-ізденістік және тәжірибелік жұмыстар жаңа сапалы өнімдерді өндіру мақсатында шектеулі жобаның негізінде жоспарланады;
өнімдерді өндіруді жылдамдату - өндіру жүйесінің тиімді, негізгі критериясы болып табылады.
3-сұрақ.
Стандарт – бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісушілік негізінде әзірленетін және танылған органдардың бекітетін нормативтік құжаты. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады.
Республикада қолданылып жүрген стандарттық жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді. Бірінші заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеду. Екіншіден, өндірісті әзірдеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді. Үшіншіден, стандарттық жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді.
Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірі алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді.
Стандарттау – бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соң, стандарттық үлгілерді, нұсқауларды, өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қофды. Стандарттаудың басты міндеті – халық шарушылығының, халықтың, еліміздің қорғанысының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар:
ҚР мемлекетінің стандарттары (Гост);
Салалық стандарттар (ССТ);
Техникалық жағдайлар (ТЖ);
Кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;
Ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.
11-тақырып. Кәсіпорын қаржысы
Сұрақтар
1. Кәсіпорын қаржысы түсінігі және кәсіпорын қаржылық ресурстары.
2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы.
3. Кәсіпорынның қаржылық қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидалары.
Негізгі ұғымдар: кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, кәсіпорынның қаржылық қызметі, инвестициялық кажеттілік, қаржылық стратегия
1-сұрақ.
Кәсіпорынның бірден-бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды.
Негізгі қаржылық коэффициенттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:
өтімділік (төлем қабілеттілігі);
пайдалылық (табыстылық);
активтерді басқару тиімділігі.
Қаржы ресурстарныың құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы - кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.
Қаржы ресурстарының құрамы
К
әсіпорынның
қаржы ресурстары
Ішкі көздері Сыртқы көздері
Меншікті қаржылар Оларға теңестірілген
есебі құрылатын қаржылардың есебінен құрылатын
Қаржы рыногында жұмылдырады
Қайта бөлудегі түсетін
негізгі қызметтен түсетін пайда;
ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындағаннан түсетін пайда және басқадай мақсатта табыс;
қаржы операцияларынан түсетін пайда;
шаруашылық тәсілімен орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарынан түсетін пайда;
өткізуден тыс табыс.
Амортизациялық аударым;
істен шыққан мүлікті өткізуден түскен ақша;
орнықты пассивтер;
қайта бөлінбеген пайданың қорлануы;
мақсатты түсу;
сақтық қор;
еңбек ұжымы мүшелерінің үлестік және басқа да жарналары;
меншікті құнды қағаздарды (акциялар, облигациялар, т.б.) сатудан түскен қаражаттар;
несиелік инвестициялар.
Тәуекелдік бойынша сақтандыру өтемі;
сақтандыру полисін және кепілдік күәлігін өткізу;
үлестік жарна негізінде қалыптасатын қаржы ресурстары (ағымдар және инвестициялық қызметке үлескерлікпен қатысу);
дивидендтер, басқадай ақша шығарушылардың құнды қағаздары бойынша проценті;
одақтардан, қауымдастардан түсетін қаржылық ресурстар;
бюджеттік қаржы бөлу, субсидиялар, субвенция.
Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса.
2-сұрақ.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – ол жалпы тұрақтылықтың негізгі бөлігі болып табылады. Бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М.Радионова және М.А.Федотова келесідей түрлерге жүктейді:
пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан, өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясы мен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса ол өзін соншалықты жайлы сезіне алады. Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен бірге оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
3-сұрақ.
Кәсіпорынның қаржылық қызметі – қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдалануына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы ара қатынастың рационалдылығына, сондай ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді.
Қорытындлай келгенде кәсіпорынның шаруашылық қызметі тиімділігінің бағалылығы және кәсіпкершілік шешімдерінің қажетті шарттары болып саналады. Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне талдау жасаудың негізгі көздерінің бірі – бухгалтерлік баланс. Онда кәсіпорынның мүлігі мен қаржы жағдайын, оның шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігінің жыл ішіндегі деректері көрсетіледі. Кәсіпорынның және өндіріс қаржы жағдайының тиімділігіне талдау жасау үшін түрлі әдістер мен көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен ресурстарды тиімді пайдалануды және олардың қайтарымын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, пайдалылық көрсеткіштер, кәсіпорынның рыноктағы кәсіпкерлігінің белсенділігін қамтитын көрсеткіштер, кәсіпорынның рыноктағы кәсіпкерлігінің белсенділігін қамтитын көрсеткіштер, кәсіпорынның қаржы орнықтылығы және төлем қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі жатады. Нарықтық жағдайда әрбір кәсіпорын эконмоикалық дербес тауар өндіруші ретінде мемлекеттік шеңберде бекітілген салық аударымы және әлеуметтік шектеу меншікті өндірісті дамыту тиімділігінің кез келген бағалылығын пайдалануға еркіті. Өндірістің тиімділігін анықтау тиімділіктің өлшемін белгілеуден басталады. Ол кәсіпорынның қойған даму мақсатына сай қол жететін нәтижелілікті барынша көбйету немесе өндірістік шығындарды барынша азайту қажеттілігінен шығады. Кәсіпорынның қаржы жағдайы төлем қабілеттілігі, пайдалылығы, активтерді пайдалану тиімділігі, және меншікті капиталы, өтемпаздығымен сипатталады.
12-тақырып. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері.
Сұрақтар
1. Табыс - кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жиынтық көрсеткіші ретінде.
2. Кәсіпорын табысын қалыптастыру және бөлу тәртібі.
Негізгі ұғымдар: табыс, кәсіпорын табысы, жиынтық табыс, өнім, өндіріс, табыстылық, пайда.
1-сұрақ.
Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.
Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте (ұлтық табыс); кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.
Жиі қолданылатын «таза табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасныдағы айырмашылығы болып аналады.
Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты – бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:
Жалпы табыс (ЖТ) – бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.
Орта табыс (ОТ) – жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің мөлшеріне бөлу (К)
ОТ = ЖТ / К.
Шекті табыс (ШТ) – бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі
ШТ= ЖТ / К.
Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді.
2-сұрақ.
Фирма – бір немесе бірнесе кәсіпорындары бар және пайда алу мақсатында тауар және қызмет өндіру үшін ресурстарды пайдаланатын ұйым.
Пайда экономикалық теорияда ең күрделі және қарама – қайшы мәселелердің бірі болып табылады. Орыс сөзі “пайда” В.Дальдің “түсіндірме сөздігінде”, “өсім”, “көбею” деп түсіндіріледі. Бұл үстеме тауар өндірілгенде емес, сонымен бірге сатылғанда да көрінеді. Сондықтан пайданы тікелей коммерциялық қызметтегі табыспен байланыстырады. Осыған байланысты заңды сұрақтар туындайды: пайда қандай ортада құрылады, кім оны өндіреді, ненің есебінен пайда болады.
Әр түрлі мектептер бұл сұраққа түрліше жауап береді. Пайда категориясының анықтамасы қазіргі батыс экономистері бойынша түрлі варианттардың келісімді бірігуі болып табылады, оның ішіндегі негізгілері:
пайда – бұл барлық өндіріс факторлардан алынған табыс, яғни рента, процент, жалақы;
пайда – бұл кәсіпкерлік қызмет үшін марапаттау және техникалық жетістіктерді енгізуге төлем;
пайда – бұл тәуекел және белгісіздік үшін төлем.
Қазіргі кездегі пайда туралы түсінік үш негізгі бағытта жасалынады: кейнсиандық, институтционалдық - әлеуметтік және неоклассикалық.
Кейнсиандықтар пайданың жиынтақ тұжырымдамасын макроэкономика деңгейінде ұсынады .
Институционалды - әлеуметтік ілімде пайда әлеуметтік , сыртқы экономикалық факторлар жағынан түсіндіріледі : қоғамның барлық мүшелерінің игілігіне және т.б. қамқорлық жасау .
Неоклассикалық ілімде пайданы неғұрлым толық зерттеудің негізгі мақсаты пайданы максималды ету және жетілген және жетілмеген бәсекелестік жағдайында әрекет ететін жеке фирмалар деңгейінде жүргізіледі.
Фирма жалпы, орташа және шектік табысты есептейді.
Жалпы табыс барлық сатылған өнімнің түсіміне тең.
Орташа табыс сатылған өнім бірлігіне есптеледі.
Шектік табыс қосымша бірлігін сатқандағы жалпы табыстың өсуі.
Шығындар құрамына не енетініне байланысты экономистер бухгалтерлік және экономикалық пайдаларды айырады.
Бухгалтерлік пайда – бұл табыс пен өндірістегі бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма.
Экономикалық пайда – бұл жалпы табыс пен экономикалық шығындар арасындағы айырма.
Егер, фирманың жалпы табыстары оның шығындарына тең болса, онда экономикалық пайда нөлге тең немесе қалыпты болады.
Қалыпты пайда – бұл фирманы істе ұстауы үшін оның сондай үлкен табысы.
Егер фирма рынокта монополиялық жағдайды иеленсе (газ, мұнай, теміржол және т.б.), онда ол пайдалы табиғи жағдайларда сирек кездесетін пайдалы қазбалар жерінде, қолайлы климат және т.б. пайда болатын монополиялық пайда алады.
Фирма үшін үлкен табыстың қайнар көзінің маңыздылығы – ашық жазылу бойынша акцияны сатқаннан алынған шамамен кәсіпорынға салынған нақты капитал арасындағы айырмашылық – құрылтайшылар пайдасы болып табылады. Оны берілген акционерлік қоғамның құрылтайшылары меншіктенеді.
Фирмаға қатысты табыс көлемі қалыпты пайда көзі болып сипатталады.
Пайда нормасы – бұл процентте өрнектелген, пайданың өндіріс шығындарына қатынасы.
13-тақырып. Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі
Жоспар
1. Өндіріс тиімділігін арттырудың факторлары.
2. Өндірістік процесстерді ұйымдастырудың негізгі принциптері.
Негізгі ұғымдар: қоғамдық өндіріс, экономикалық тиімділік, еңбек өнімділігі, өнімнің еңбек сыйымдылығы.
1- сұрақ.
Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлуетті мүмкіндіктері олардың өндірістік қуаттарын тұлғалайды. Кәсіпорындардың қабілеттілігі олардың бөлімшелерінің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды, олардың жарақтандырылуы тікелей сапасына, жетілдіру және еңбек құралдарының іс-әрекетке қабілеттілігінен тұрады. Еңбек құралдары ең алдымен актив бөлігі еңбек құралын кәсіпорынның негізгі факторы деп есептеуге болады.
Алайда, бұдан өндірістік қуатты еңбек құралдарының өндіретін техникалық параметрлер негізінде кәсіпорынның осы уақыт аралығындағы нақтылы жағдайын есепке алмай-ақ анықтауға болады деген қорытындыға келісуге болады.
С онымен, өндірістік қуат экономикалық санаты ретінде ең көп өнімді шығару мақсатында еңбек құралдарының активті түрлері – машиналар мен және жабдықтардың ұйымдасқан жиынтықтарын пайдаланудағы өндірістік қатынастарын қамтиды. Өндірістік қуаттың мәні толық ашылады, егер де оны еңбек құралдарының ұйымдасқан жиынтығының бейнесі ретінде құралатын болса.
Барлық жағдайлары бірдей кәсіпорындарда өндірістік қуатты пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі жолдары мыналар:
нақты жағдайларда ең жоғары экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін машиналар, техникалар және жабдықтарды таңдап алу;
қажетті құрал жабдықтардың қолайлы құрамын табу.
Қазіргі кезде қандай да болмачсын жұмыстардың өнімділігі жоғары техникалық жаңа түрлерін қолданбайынша сапалы орындауға болмайды. Сондықтан белгіленген жұмыс бағдарламасын әрі сапалы, әрі өз уақытысында орындалуын қамтамасыз еткен жөн.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттарын пайдалануды ұйымдастыру және қалыптастыру процестері күрделі және көптеген факторларға тәуелді.
Өнірістің өсу ауқымы және оның тиімділігінің артуы резервтердің көбейту және қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын пайдалануды, жақсартуды жетілдіру, іздестіру міндетін қояды.
Сондықтан да, қолданыстағы кәсіпорынның өндірістік қуатын және оны пайдаланудың мөлшер деңгейін анықтауға негіз болатын факторлар шеңберін анықтауды қажет етеді. Бұл шарттасқан екі фактор ықпал ететін біріңғай объект – кәсіпорынның өндірістік қуаты (бөлімшелері). Бұлардың арасындағы айырмашылық – факторлардың бір бөлігі өндірістік қуаттың өсу резервін, ал екінші бөлігі – оны пайдалануды жақсарту резервін анықтайды.
Төменде кәсіпорынның өндірістік қуатын пайдалануға ықпал ететін факторлар сыныптамасы келтіріледі.
Өндірістік қуаттың мөлшеріне ықпал ететін факторлар:
- машиналар саны(жұмыс орны) және олардың техникалық жағдайы;
- өндіріс алаңдарының мөлшері;
- машиналар топтары арасындағы өткізу мүмкіндігінің үйлесімдік деңгейі;
- үйлесімді технология,
- механикаландыру және автоматтандыру;
- материалдардың сапалылығы, бұйымдарды жетілдірудің конструкциясы, стандарттау және сәйкестендіру дәрежесін арттыру;
- жұмысшылардың техникаларды игеру дәрежесі.
Өндірістік қуатты пайдалануға ықпал ететін факторлар:
өнімді қажетсіну;
кәсіпорынды материалдық-техникалық жабдықтау;
кәсіпорынның жұмысшылармен қамтамасыз етілуі;
жаңа қуаттарды кешенді түрде іске асыру;
энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілуі;
жабдық жиынтығының құрылымы;
жабдықтардың жжөндеуде тұрғандағы нормативпен тыс, бос тұруы;
жабдықтардың ауысымдық жұмысының артуы;
өндірістиік қызмет етуді ұйымдастыру;
өндірісті және жабдықтарды жүктемелеуді, жоспарлауды жетілдіру;
еңбекті ұйымдастыру және оны ынталандыру.
Өндіріс бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда – бұл абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпыламалы мағынаны білдіреді, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс бұл мезгілде тұтыну пргоцесінде бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді пайдалана отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндірісті жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді.
Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың – адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары өзара іс- әрекеті арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Біріншісі, жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі - өндіріс процесінің заттық факторы ретінде жүзеге асады.
Өндіріс процесінде адамдар бір-бірімен қатынаста болады.
2- сұрақ.
Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: технологияға сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен, өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үйлестілігі болу керек.
Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістің, бөлімшелердің, ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет.
өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;
кейбір бөлісулердің өндіріс учаскелері қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі;
өндірістің барлық бөлісу қызметінің ең жоғарғы қосарластығы;
өңделетін материалдар мен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол;
өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.
Өндірісті ұйымдастырудың негізгі үлгілері: жеке дара, сериалық және жаппай өндіріс болып табылады.
Жеке өндіріс – шығарылатын өнімнің кең номенклатурасын, сол сияқты көмекші операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы, еңбек өнімділігінің төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуын сипаттайды.
Сериалық өндіріс – жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдардың номенклатурасын айғақтайды.Өнімді шығарудың көлеміне және номенклатуралық айырымына байланысты сериалы, орта сериалы және ірі сериалы өндіріс болып бөлінеді.
Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт ішінде үздіксіз шығаратын шектеулі номенклатуралық бұйымдар немесе материалдардың әрбір жұмыс орнында елеулі мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды.
Жаппай өндірістің экономикалық артықшылығы мына төмендегілердей.
Маманданған жоғары өнімді жабдықтардың және өндірістік процестерді кешенді түрде механикаландыру және автоматтандыруды қолдану.
Жабдықтарды қайта құру және оларды жетілдіруге байланысты уақыт ысырабының жоқтығы.
Өндіріс процесінің ұзақтылығын қысқарту, еңбек өнімділігін және оның сапасын арттыру.
Өндірістік қуаттарды едәуір тиімді пайдалану және оның өзіндік құнын елеулі кеміту.