Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корабаева Н.Б.Кәсіпорын экономикасы 2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.21 Mб
Скачать

Курстық жұмыс жазудан әдістемелік нұсқаулар

Курстық жұмыс – нақты бір тақырып бойынша зерттеу жұмысы. Курстық жұмыс жазуда студент ғылыми, арнайы әдебиеттермен жұмыс істеп, сөздіктер, құжаттар, архивтік материалдар, іздеу жұмысымен, ақпаратты талдаумен, пән бойынша алған білімді пайдаланып, жалпы ой-өрісін кеңейтеді, теориялық білім негізінде практикалық мәселені шешеді, шығармашылық ой мен өздік жұмысты арттырады.

Курстық жұмысты қорғауға дайындық.

Курстық жұмыс студентпен оқу жоспарында белгіленген мерзімде орындалады және ғылыми жетекшіге бекіту үшін ұсынылады.

Жетекші өзінің қорытындысында алдын ала бағасын береді. «Жұмыс қорғауға жіберіледі» немесе «Жұмыс қорғауға жіберілмейді». Жұмыстың соңғы бағасы оны комиссия мүшелерінен қорғағаннан кейін қойылады. Егер жұмыс қорғауға жіберілмесе, онда ол ғылыми жетекшінің ескертулеріне сәйкес студентпен толықтырылуы тиіс және қайтадан жетекшіге ұсынылуы керек.

Курстық жұмысты қорғау құрылған комиссия мүшелерімен бекітілген мерзімде топ студенттерінің қатысуымен қабылданады.

Курстық жұмысты студент өз тақырыбы бойынша 5-7 минут ішінде қорғауға міндетті. Қорғау барысында тақырыпты зерттеудің мақсаты, өзектілігі, жұмыста белгіленген міндеттер, жұмыстың қысқаша мазмұны, міндеттерді шешу жолдары және қорытындылар мен ұсыныстар айтылуы керек. Тақырыпты оқып, зерттеу процессіндегі туындаған қиындықтар көрсетілуі талап етіледі.

Студент курстастардың, комиссияның сұрақтарына жуап беруі керек.

Курстық жұмысты қорғау кезінде студенттің міндеті – таңдап алынған тақырыптың сұрақтарын терең зерттеп түсінуді, материалды жақсы игергендігін көрсету. Зерттелген тақырыптың күрделі сұрақтарын талқылау, өзінің көзқарасы мен пікірлерін білдіру студенттің шығармашылық ойлау қабілетін көтереді.

Кусртық жұмысты қорғау және бағалау – бұл студенттің өзіндік жұмысын қорытындылау болып табылады. Студент өзіндік оқу және ғылыми жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті бағыт-бағдар алады, өзінің мүмкіншілігін бағалайды, болашақтағы жаңа оқу курсы бойынша жұмысты жетілдіруге жол беретін кемшіліктерін ескереді, сондай-ақ маман ретінде студентті қалыптастыру деңгейінде мамандығы бойынша дипломдық жұмысты орындауға көмек береді.

Студенттердің үздік курстық жұмыстары студенттік ғылыми конференцияларында, ғылыми үйірмелердің жиналыстарында, сондай-ақ оқу курсына қатысты семинар сабақтарында қолдану үшін, ЖМУ Жаршысына жариялау үшін конкурсқа жіберілуі мүмкін. Жақсы жұмыстың бұл ынталандыру нысаны ризашылық әкеледі және студенттің оқудағы шығармашылық жағдайын жетілдіреді.

«Кәсіпорын экономикасы» курсын кешенді оқу көрсетілген тақырыптардың біреуі бойынша курстық жұмысты жазу мен қорғауды қарастырады. Осындай жұмыстарды орындау нарықтық экономиканың барлық аспектілерін, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру әдістері және нысандарын қолдану аясында және кәсіпкердің қалыпты қызметін қамтамасыз ететін барлық ресурстарды жоспарлаудың ең тиімді варианттарын анықтауға; кәсіпкерлік қызметте оның тиімді дамуы үшін жоспарлау және ұйымдастыруда дұрыс шешімдер қабылдай алуға; жағдайлық талдау және басқару жүйесінің экономикалық әдістерін, белгісіздік және тәуекел жағдайында математикалық талдау және қазіргі кездегі зерттеу әдістерімен экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда студент: оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен, монографиялармен, жинақтармен, ғылыми басылымдармен, заңдармен, статистикалық және басқа да ресми деректермен жұмыс істеуді үйренеді.

Курстық жұмыс – бұл ғылыми жұмыс, онда студент ғылыми жұмыстың этикасын, оқып үйренудің әдісін және әдістемелік негізін меңгергендігін, өзінің жеке қорытынды жасауды меңгеруін және ұсыныс келтіру жағдайын көрсетуі керек. Жұмыс кафедра жиналысында бекітілген оқутышының ғылыми жетекшілік жүргізуімен орындалады.

Курстық жұмыстың көлемі машина жазбалық мәтіннің 25 беттен жоғары, аралық 1, шрифті 14 болуы керек.

Курстық жұмыс жасау тәртібі:

  1. Тақырыпты таңдау.

  2. Тиісті әдебиеттермен танысу.

  3. Жұмыс жоспарын құру.

  4. Жұмыс мәтінін жазу.

  5. Талапқа сай жасау.

  6. Курстық жұмысты қорғау.

Студент тақырыпты өз еркімен таңдайды.

Курстық жұмыстың мазмұнына қойылатын талаптар.

Жұмыстың кіріспесінде келесілер көрсетілуі қажет:

  1. Зерттелетін тақырыптың тәжірибелік маңызы мен өзектілігін анықтау.

  2. Мәселенің ғылыми өңделгендігіне сипаттама беру. Әлемнің ойшылдарынан қандай өкілдерді алды (аталған мәселені бұрын және бүгінгі күні зерттеген шетелдік және отандық ғалымдар).

  3. Тақырыпты зерттеудегі негізгі міндеттері мен мақсатын көрсету.

Курстық жұмыста ҚР қазіргі жағдайында жоғарыда аталған мәселелердің жүзеге асырылу ерекшелігіне көңіл бөлінуі қажет.

Жұмыс мәтінінде оқулықтарға, авторлардың теориялық деректердің ережелеріне, хабарламалық және статистикалық құжаттарға сілтемесін көрсету керек.

Қорытындыда қысқаша тұжырым мен зерттеу қорытындысын пайдалану бойынша нақты нұсқаулар айтылу тиіс.

Пайдаланған әдебиеттердің тізімндеі міндетті оқулықтар, басқа оқу-әдістемелік әдебиеттер, монографиялар, жүйелі басылымдағы ғылыми мақалалар, журналдар, ҚР заңдары, статистикалық және басқа да ресми құжаттар болу керек. Пайдаланған әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіпте құрастырылады. Жұмыс мәтінінде пайдаланылған құжаттарға сілтеме міндетті түрде көрсетілуі қажет.

Курстық жұмыста мүмкіндігінше суреттеулер пайдаланылу қажет: кесте, кескін, схемалар, графиктер және т.б.