Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИМО - новая - силлабус.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
195.58 Кб
Скачать

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы

Силлабус

Пәннің атауы: Халықаралық қатынастардың жаңа заман тарихы (1640-1918)

Мамандығы: 5В020200 - Халықаралық қатынастар мамандығы

Курс: 2, Семестр: 3 (күзгі), қ/б., 3 кредит

Өтетін уақыты мен аудиториясы кесте бойынша

Оқытушы туралы мәлімет: Идрышева Жазира Қуанышқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Байланыстық ақпарат: Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы, №8 оқу ғимараты, №505 бөлме, тел.: 3773339 – 1336, _zhazira777@mail.ru

Пререквизиттері: Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы, Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы, Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы, Дипломатиялық және консулдық қызмет .

Постреквизиты: Халықаралық қатынастардың қазіргі заман тарихы, Геосаясат негіздері, Халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесі, Көпжақты дипломатия.

Курстың өзіне дейінгі және өзінен кейінгі пәндермен сабақтастылығы. пәнін оқу барысында студенттер өзімен қатарлас оқылатын "" пәнін толықтыра және өзінен кейін оқылатын "Дипломатиялық және консулдық қызмет", «Халықаралық қатынастар тарихы» пәндеріне негіз бола алады. Сонымен қатар бұл курс материалының игерілуі "Халықаралық ұйымдар", "Мамандану елінің тарихы" сияқты аралас пәндерді табысты меңгеруге мүмкіндік береді.

Мақсаты: студенттерде XVII – XX ғ.басындағы халықаралық қатынастар мен дипломатия тарихы туралы қажетті білім негіздерін қалыптастыру. Курсты оқыту барысында дипломатияның рөліне, оның принциптерінің әлемнің түрлі елдерінде жүргізілген сыртқы саясаттың әдістері мен құралдарына әсер етуіне ерекше назар аударылады.

Міндеттері:

  • Студенттер халықаралық келісім-шарттардың және тарихи оқиғалардың түрлі трактовкаларының қабылдануы саласындағы қажетті білімді алады;

  • Студенттер салыстырмалы дипломатия тұрғысынан жаңа заманның негізгі оқиғаларын оқып-зертейді және жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастардың жетекші мәселелері бойынша жинақталған фактологиялық материалды теориялық тұрғыдан пайымдауға ерекше көңіл қойылады;

  • Студенттер халықаралық келісім-шарттар мен келісімдерді жасау мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық, сонымен қатар жаңа заман кезеңіндегі әлем аймақтарының тарихи-саяси картасын қолдану дағдыларды алады;

  • Студенттер жаңа заман кезеңіндегі отарлық иеліктер үшін күрестегі жетекші еуропалық державалардың саясаты мен құпия дипломатия принциптерімен танысады.

Берілген курс тарихи даму процессіндегі халықаралық дипломатияның орны мен рөлін түсіну үшін негіз құрайды. Оқиғаларды салыстырмалы және сыни талдау арқылы студенттерде халықаралық қатынастар тарихы мәселесіндегі қажетті білім мен дағдының кешенін қалыптастырады.

Студент:

  • дәріс және семинар, СОӨЖ сабақтарына қатысуға

  • сабақ үстіндегі жұмыстарға белсене қатысуға

  • өзіндік жұмыстарды уақытылы өткізуге

  • сабаққа дайындықпен келуге

міндетті.

Рұқсат етілмейді:

  • сабақты босатуға

  • кешігуге

  • тәртіп бұзуға

  • өзіндік жұмыстарды өткізу мерзімін бұзуға

  • емтиханды көрсетілген мерзімінен басқа уақытта тапсыруға болмайды.

Қажетті керек-жарақтар:

Саяси карта атласы

Қалың дәптер

Қаламсап