Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilim+-baseke.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

8.Осы сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз.

4.Мәтінді қайта оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. “Болашақ” халықаралық бағдарламасы не үшін тағайындалды?

  2. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін біздің елімізде қандай не жұмыстар жасалып жатыр?

  3. Не себепті дамыған елдердің ұлттық байлығының 75 пайызын интеллектуалды байлық құрайды?

  4. Интеллектуалды байлықты жасау үшін елімізде не жасалды?

  5. Президенттің пікірінше, адам сенімі неден құралады?

  6. “Болашақтықтардың” бәрі елімізге қызмет етіп жатыр ма?

  7. Ұлттық болмысты сақтау үшін не істеу керек? Сіз Президенттің сөзін қалай түсінесіз?

Грамматика

Есімше

Не істеген?

Болат былтыр “Болашақ” бағдарламасына е болған.

Менің атам темекі шегуді қолдамайтын

Қандай?

“Болашақ” стипендиясына ие болған Болат қазір Ұлыбританияда оқиды.

Темекі шегуді қолдамайтын атам бізге шылым тартуға тыйым салды.

5. Мәтінді оқыңыз, тиісті қосымшаны қойыңыз.

1.Уорвик университетінде оқтын/ оқыған “Болашақ” стипендиаттары қазақ ұлттық киімдерініің көрсетілімін ұйымдастырды.

2. Қазақстанды Борат арқылы білетін /білген ағылшын студенттері шоуға қатты таңданды.

  1. Мектепті былтыр бітірген /бітіретін Айжан мен Әсем Уоурвик университетінде бизнес инжинерингі және өндіріс инжинирингі бойынша білім алып жатыр.

  2. Уоурвик университетінде кампус 1 және 3 – курс оқитындарға \оқығандарға беріледі.

  3. Мичиган мемлекеттік университетінде оқитын/ оқыған қазақстандық студенттер ұлттық мерекелерді атап өтеді.

  4. Сахнадағы барлық көріністі жақсылап ойластырған/ ойластыратын студенттер барлығына өздері жауапты болды.

  5. Мичиганда қазақ студенттерінің қауымдастығы биыл KSA Welkom Party6 Kazakh Picnic кештерін өткізіп,”Көшпенділер” фильмін ағылшын тілінде көрсетті.

Сөйлесім

1. Топтық жұмыс.Тақырып бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз.

«Қазақстанда сауаттылық жоғары, бірақ білікті мамандар жетіспеуінің басты себебі неде?»

Сөздерді пайдаланыңыздар

Қаржы бөлу Мүмкіндік туғызу

өсіріп баптау дамыту

қалыптастыру жетілдіру

жақсарту қамтамасыз ету

көмек көрсету қызықтыру

талап қою басшылыққа алу

жүзеге асыру пайдаға асыру

2.Топта айтылған пікірлерді кестенің сол жағына топтастырыңыз.

Екіжақты күнделік

3. Білікті маманды дайындаудағы қиындықтар туралы айтылған екі мәтінді оқыңыз. Мына тұжырымдар қай мәтінде айтылады?

  • Мектеп кәсіби білім беруі керек. ................

  • Білім деп өмірде пайдалануға болатын іскерлік болуы тиіс .................

  • Нағыз шығармашыл тұлғалардың орнын кездейсоқ адамдар алып жатыр ........

  • Диплом бар, бірақ нағыз маман жоқ ...............

  • Өз мамандығын сүйетіндер ғана жақсы маман болады. ..............

  • Пайдасы жоқ білімді беру зиян. .................

А. САУАТТЫЛЫҚ БАР ДА, БІЛІМ ЖОҚ...

  1. Білім саласындағы парадокстер көп. Мысалы, Қазақстан алдыңғы жылы оқушылардың математикалық білімі жағынан әлемде алдыңғы орынды алса, электронды дайындығы жағынан рейтингте 66-шы орынға, Вьетнам мен Алжирдің ортасына түсіпті.

  2. Бізде бастауыш білім беруден кейін технологиялық білім беруге көшкен жөн. Технология - істің мәнісі. Іскер адам мектепте қалыптасуы тиіс. Егер технологиялық, кәсіби білім берілмесе, біз үнемі артта қалып отырамыз. Екіншіден, қазіргі кезде білім деген ұғым өзгерген.

  3. Бұрынғы білім деп жүргеніміз - ақпарат. Біз - ақпарат тасқыны астындамыз. Осы ақпараттың барлығы керек пе? Олардың қажеттісін қалай сүзіп аламыз? Технологиялық мектеп осымен шұғылдануы тиіс. Ақпараттарды жүйелеп беру мәнісі мектептерде жасалуы керек.

  4. Білім - ақпаратты қабылдап алып, соны іске асырғандағы сапалық көрсеткіш. Бұрынғы ақпараттық жүйені білім деп қабылдауды өзгерту керек. Оқушы ақпаратты алып, оны кәдесіне жаратса, нәтиже шығарса, бұл - білім. Осы тұрғыдан алғанда, сауаттылық деңгейіміз төмен. Сократ: "Егер ізгілікті білім болмаса, ол - зиян" деген. Мәселен, нашар тамақ ағзаға қалай зиян әкелсе, ізгіліксіз білім де рухани әлемді бұзады. Сондықтан қазіргідей ақпарат тасқыны кезеңінде тек ізгілікті білім алғанымыз абзал. Оны мектеп беруі тиіс. Абай: "Таза білімге бақ қонбайды" дейді. Демек, білім ізгілікке жұмыс істемесе, дағдарысқа соқтырады. Ақпараттың көптігі білім сапасын көтерудің орнына оны төмендетеді. Әл-Фараби: "Тәрбиесіз берген білім - залал" дейді.

Ғарифолла Есім

Б. Шетел мамандарына шығындалғанша...

С оңғы жылдары техникалық мамандықтарға көптеп көңiл бөлiнiп, бұл мамандықтарға бөлiнетiн гранттардың саны артты. Десек те, одан сапалы техникалық мамандар саны артқан жоқ. Әлi де елiмiздегi ең үздiк шетелдiк, ұлттық компаниялар мен холдингтерде шетелдiк мамандар қызмет етедi. Неге? Ендi осы сауал төңiрегiнде сөйлессек.

Бiрiншiден, ұлттық бiрыңғай тестiлеу, қысқаша “ҰБТ” енгiзiлген жылдардан берi тың шығармашылыққа деген iзденiс, әсiресе әр саладағы инженерлiк мамандықтарға талдау, iрiктеу мәселесi назардан тыс қалып қойды. Журналистикаға, ән, би, актерлiк мамандықтарына тапсырған түлек­тердiң шығармашылық қабiлетi тексерiледi. Ал сәулет, құрылыс инженерi, техника, электроника т.б. салалардағы инженерлiк мамандықтарға тапсырған үмiткер­лердiң сол мамандыққа бейiм­дiлiгi, қызығушылығы, шығармашылық, жасампаздық қасиет­терiнiң бар-жоғы тексерiлiп, iрiктелмейдi. “ҰБТ”-дан ұтып шыққан, тек тегiн оқуды, грантқа түсудi мақсат тұтқан, кездейсоқ жоғары бал жинаған техникалық мамандыққа ебi жоқ үмiткерлер лек-легiмен оқуға қабылданады. Қызығушылығы болмағаннан кейiн студент әйтеуір жолын тауып оқуын бiтiрiп, дипломын алады. Техникалық салада да, әсiресе инженерлiк мамандықтарға талант, жасампаздық қасиеттiң ауадай қажет екенiн естен шығарып алғанбыз. 

Екiншiден, көптеген жоғары оқу орындарында, оның iшiнде ұлттық унверситеттердiң өзiнде техникалық мамандарды оқытатын оқу құралдары мен оқулықтар жеткiлiксiз. Сапалы маман дайындағымыз келсе осы жағын неге ескермеймiз? Электроника, радиотехника және телекоммуникация сияқты мамандықтар бо­йынша оқулық жоққа тән деп айтуға болады. Оқу базасын толықтырып алмастан бұрын грантты мыңдап берсек те сапалы маман қайдан шықсын?!

Үшiншiден, көптеген жоғары оқу орындарында техникалық мамандарды тек теория жүзiнде ғана дайындайды. Студенттердiң теориялық бiлiмiн iс-тәжiрибемен үйлестiру атымен жоқ. Жоғары оқу орындары өндiрiс, өнеркәсiп орындарымен, компаниялармен жүйелi байланыс жасамайды. Өндiрiс орындары да өз кезегiнде келешегiн ойлап, болашақ мамандарды өздерiне бейiмдеу жағын ескермейдi. Есесiне жаңадан оқу бiтiрiп келген студенттен тәжiрибе, еңбек стажын сұрап, әбiгерге салып, жұмысқа алмайды.

Төртiншiден, мықты техникалық кадрларды дайындау үшiн оларды дайындайтын бiлiктi мамандар қажет. Өкiнiшке қарай, бұл жағдай да мәз емес.

Бесiншiден, шетелден догма түрiнде қондырыла салған кредиттiк технология, яғни тез­детiп оқыту жүйесi iзденiмпаз сту­денттер үшiн жақсы болғанымен, оқытушының жетелеуiмен оқи­­тын студенттер үшiн тиiмсiз. Оны студенттердiң өзi де айтып жүр.

Алтыншыдан, баяғы сол жемқорлық. Әлi күнге дейiн жоғары оқу орындарында студенттер тiзiмде бар да, оқуда жоқ. Сынақ кезiнде бiр жылт етiп жоқ болады. Бiрақ, соңында солар бiлдей бiр техникалық саланың маманы деген табақтай дипломды университеттен арқалып кетедi. Мiне, жоғарыда атал­ған себептердiң салдарынан бiз әлi де болса техникалық саладағы мамандарға зәру болып отырмыз. Бiлiм саласына мил­лиардтап ақша бөлiп, техникалық мамандықтар бойынша гранттарды көбейту арқылы ғана бұл мәселенi шешемiз десек, қатты қателесемiз.

 

Серiк МҰРАТХАНҰЛЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]