Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilim+-baseke.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

3. Мына сұрақтар бойынша 4 адамнан топ құрап, пікірлесіңіз.

  1. “Болашақ” бағдарламасы қашан ашылды?

  2. “Болашақ” стипендиясы қандай мамандықтар бойынша беріледі?

  3. “Болашақ стипендиясына қалай тапсырады?

  4. “Болашақ” стипендиясын алған таныстарыңыз бар ма?

Оқылым

1. Мәтінді оқыңыз.Мәтінде 5 абзац бар. Төменде 7 тақырып берілген.Әр абзацқа сәйкес келетін тақырыпты табыңыз.

  1. Адам капиталын дамыту

  2. Ұлттық мақтаныш

  3. Жаманыңды жасыр, жақсыңды асыр

  4. Қазіргі бәсеке-білім бәсекесі

  5. Жаңа қазақстандықтар

  6. Отанды сүюдің үлгісі

  7. Рухы бай ұрпақты қалыптастыру

«Болашақ» бағдарламасы туралы

Қазастан егемендігін алған соң, өз экономикасын дамыта бастады. Бірақ елімізге білікті мамандар жетпеді. Жаңа, әлемдік деңгейде білім алған, жаңаша ойлайтын адамдар керек болды. Сол себепті 1993 жылы Президент Н.Ә.Назарбаев әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білікті де білімді мамандары дайындау үшін « Болашақ» халықаралық бағдарламасын тағайындады. “Болашақ “бағдарламасына 16 жыл болды. Осы жыл ішінде 26 ұлттың өкілінен 3850 талапкерге стипендия берілді. Олар әлемнің 32 елінде 63 жоғары оқу орнында білімдерін жетілдірді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада 2008 жылдың 30 қаңтарында «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының алдында сөйлеген сөзінен.

Бәсекенің басы - білім

1.Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін индустрия саласын, қайта өңдеу саласын және адам ресурстарын дамытуымыз керек. Бүгінгі мемлекет өзінің интеллектуалды ресурстарымен бәсекеге түседі. Дамыған елдердің ұлттық байлығының 75 пайызын осы интеллектуалдық байлық құрайды. Бәсекенің бастысы- білім бәсекесі.

2.Мұнай –газды, басқа да ресурстарды мәңгілік пайдалана алмаймыз. Біздің мақсатымыз мынадай басымдықтарға ие. Ең алдымен , басқарудың тиімді тетігін білетін патриот жастарды қалыптастыру. Олар жаңа идеяларға бастамашы болуы керек, менеджменттің қыры-сырын білуі керек. Менің әкімшілігімде қазір он шақты «болашақтықтар» жұмыс істеп жүр.

3. Елді адам капиталы арқылы бәсекеге қабілетті ету керек.. Бұл үшін, біріншіден, білім жүйесінің инновациялық дамуына жол ашу керек. Бізде әр жеті-сегіз жыл сайын өз ісінің шеберлері көбейіп келе жатыр. Сөйте тұра, осыны қанағат тұтпау керек. Жастарды тез жаңарып жатқан ақпарат тасқынынан өзіне қажеттісін іріктеп алатын жасампаздыққа шыңдау қажет. Бұл үшін жаңаша оқыта алатын ұстаздар керек. Бұл- Үкімет пен Білім және ғылым министрлігі айналысатын шаруа. Екіншіден, электрондық қызмет көрсетуді жаңа заманға сәйкестендіру керек..

4.Үшіншіден, жастардың рухани тәрбиесіне айрықша көңіл бөлу қажет. Біз өз ұлттық құндылықтарымызды, мәдениетімізді жаһандануға қарсы тұра алатындай деңгейде шыңдауымыз керек. Жастар өз ұлтының алдындағы перзенттік парызды біліп, адамгершілікке тәрбиеленсе, сенімге ие болады. Ал сенімге ие болу адам баласын бақытты етеді.

5.Америка туралы бір мысал айтып берейін. Олар өз ішінде кемшіліктерін айтып, бір-бірін өлтіре сынайды, басқа елдерге барғанда ,отаны туралы бір ауыз жаман сөз айтпайды. Өз ұлтын сынау, жамандау - нигилизм болып табылады.. Мұндай әдетпен ешкім ұзаққа бара алмайды. Біреудің сеніміне кіру тіпті қиын. Мен кейбір болашақтықтардың шетелге оқуға барып, өз ұлттық болмысын жоғалтып алып жататынын естіп жүрмін. Біз бәріміз жабылып ондай жағдайға жол бермеуіміз керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]