Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilim+-baseke.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Білім және бәсеке

1. Мына сөз тіркестерін салыстырып көріңіз. Олардың өзара қандай айырмашылығы бар ма?

Білімді маман - білікті маман

Сұранысы жоғары маман - бәсекеге қабілетті маман

Білікті маман – құзыретті маман

2. Сөз тіркестері арасындағы өзара байланысты сатылы түрінде анықтаңыз.

3.Мына сөздерді білесіз бе?

Тағдыр анықтау

алдын ала сәтті

белсенді өмір салты сәттілік

қажырлылық болашақ

көшбасшы шешім

өсу жеке даму

баспалдақ мансап

ұжым шәкіртақы

зерттеулік жұмыс жетістік

4.Сөздер мен олардың мағынасын сәйкестендіріңіз.

Көшбасшы

Қайрат, күш

Белсенді өмір салты

Адамдарды шақырады, бастайды

Сәтті

Демалу, жұмыс істеу, табиғатқа бару, спортпен айналысу

ұжым

Диссертация, диплом жұмысы, жоба

қажырлылық

Бір жолды табу

Зерттеушілік жұмыс

Жолы болу

шешім

Бір компания, топтың адамдары

Болашақ

әр адам дамиды

Жеке даму

келешек

Грамматика

Болып табылады - является

Мәтінді оқыңыз.Тапсырмаларды орындаңыз.

«Менің ҚМЭБИ-ім»,- деді Кембридж университеті Ph.D. грантының иегері Диана Құдайбергенова

Диана Құдайбергенова Қазақстандағы «американдық арманның» түрі болып келеді. Оның жасы 24-те, және ол жуырда Кембриджге кетеді, ол жерде Ph.D. дәрежесі үшін өзінің зерттеулік жұмысын бастайды. Ол Қазақстандағы ең үздік оқу орны ҚМЭБИ-ді сәтті аяқтады, бұл оның тағдырын алдын-ала анықтады. Бұған қоса, Диана Америка мен Испанияда оқыды, белсенді өмір салтын жүргізеді және үлкен жетістікке жетуді армандайды. «Бай ата-ананың қызы ма?», - деп сұрайсыз сіз. Олай емес. «Тәулік бойы оқу және бір минутта ойын-сауықсыз?» Бұл да олай емес. Бұл сәттілік пен қажырлық. Ал енді бәрін ретімен айтайық.

Диана, өзіңіздің шетелдегі бірінші сапарыңыз туралы айтып беріңізші.

Бірінші сапарым Flex мектеп бағдарламасы бойынша Лос-Анджелеске болды. Менің мектебімдегі оқушылардың көбісі осы бағдарламаға түсуді армандады және мен құжаттарымды тапсыру үшін 16 жасқа толуымды асыға күттім. Мен Flex-ті адамның болашағына қажет нағыз бағдарлама деп есептеймін. Flex бағдарламасы бойынша оқыған менің барлық достарым шетелдегі өте жақсы университеттерінің магистрлері және өз саласында көшбасшы болды.

Менің шешмімді көпшілігі бұны ақылсыз әрекет деп ойлады.

Лос-Анджелес аэропортының жолында әйгілі көшелерді, пальмаларды алғаш рет көрдім.

Мен әрдайым Кеңес Одағында туылдым, Қазақстанда өстім, бірақ жеке тұлға ретінде тек сол Америкада қалыптастым деп ойлаймын. Мен көп нәрсені үйрендім және бұл менің мансабымды алдын-ала болжады. Дәл сол жерде мен испан тілін үйрендім, бұл Испанияда магистратураға түсуге мүмкіндік берді, сондай-ақ журналистикамен шындап айналыстым. Мен үшін әлем ашылды, мен мүлдем басқаша ойлайтын болдым. Flex - бұл менің жеке дамуымның бірінші баспалдағы. Мен бұл бағдарламаға ризашылығымды білдіремін. Ағылшын тілі ол мен алған нәрселердің тек бөлігі ғана, ең бастысы - өте көп достарым, өз көзқарасым мен өмірдегі мақсатым пайда болды. Жоғары мақсаттар қою керек, оған жету керек және армандаудан қорықпау керек. Мен қайтып оралғанда менің жанұям мен достарым. «Сен басқа адам болып кеттің деді» ,-айтты. Содан кейін ҚМЭБИ – де жаңа кезең басталды.

Сіз ҚМЭБИ-ге қалай бірінші рет келдіңіз?

Мен он төрт жаста едім, мен мектеп оқушысы болдым және ҚМЭБИ-ге дебат турниріне қатыстым. Маған оның жағдайы ұнады, бірақ ол кезде түсу туралы ойламадым. Барселонада оқу арманым болды, бірақ сол кезде менде испан тілінің жақсы білмедім. АҚШ-тан оралған кезде, мен ағылшын тілін ұмытпау керек, мағанхалықаралық деңгейде білім алу керек деп ойладым. Мамандықты мен ерте таңдадым және тек журналистика кафедрасына түсу керек деп ойладым. Мен кафедраға келіп оқытушылармен таныстым. Бұл жоғарғы оқу орны маған ұмытылмас әсер қалдырды. Бұл 2004 жыл болды, сол кездері ҚМЭБИ-дегі журналистика кафедрасы жаңадан ашылды және мен бірінші студенттердің құрамында болдым.

ҚМЭБИ-де оқу қалай болды?

Журналистика кафедрасында әрине қызықты болды. Біз отыз адамбыз, ал басқа мамандықтарда - шамамен үш жүз адамдай болды. Сондықтан біздің ұжымымыз ұйымшыл болды және біз әлі де араласып тұрамыз. Оқытушылар өздерінің студенттеріне тікелей айтқанда "ғашық болды" және біз де оларға солай жауап қайтардық. Ортамызда достық қарым-қатынаста болды. Бұл «шығармашылық клубқа» ұқсады, алайда, бағдарлама өте күшті болды және бізге босаңсып кетуге жол берілмеді.

Оқу жылы тез өтіп кетті, әсіресе менің Институтты үш жылда бітіру мүмкіндігім болды, өйткені мен әр жаз семестірінде оқыдым. Магистратураға түсуді ойладым.Үш жыл тез өте шықты, мен ҚМЭБИ-дегі оқуды ең бақытты уақыт деп есептеймін.

Магистратура бағдарламасын да сіз ҚМЭБИ-де өттіңіз бе?

Иә. Бірақ ҚМЭБИ магистратурасында мен тек бір семестр ғана оқыдым. Бір күні ақпарат тақтасының қасынан өтіп бара жатып «Эразмус Мундус» бағдарламасының шәкіртақылары туралы жарнаманы көріп қалдым. Мектептік арманымды ұмытпадым және мен әлі де Испаниядағы университетке түскім келді. ҚМЭБИ-дегі үш жыл бойы мен испан тілін кешкі мектепте оқыдым, әрдайым өз бетімше үйрендім, оқыдым, испан музыкасын тыңдадым. Магистратураны Испанияда жалғастыруды ойладым. Мені оқуға қабылдады. Мен тегін оқыдым. Солайша мен магистратураны Испанияда аяқтадым.

Испан университеті сізге шәкіртақы берді. Сонда сіз оқуға ақша төлемедіңіз бе?

Мен ешқашан оқуға ақша төлемедім. ҚМЭБИ бакалавриатында Нұрсұлтан Назарбаев шәкіртақысымен оқыдым, сосын Бэнг атындағы шәкіртақыны алдым. «Эразмус Мундус» бағдарламасы бойынша Испаниядағы университет мені қабылдады, өзі маған грант пен шәкіртақы берді.

Осы уақытта арасында жұмыс істедіңіз бе?

Ия, әрине, істей алдым. Мен сақтандыру компаниясында бренд-менеджер болып жұмыс дім. Сосын «Тайный Советник» PR агенттігіне көштім. Сол уақытта мен ҚМЭБИ магистратурасында оқып жүрдім. Сондай-ақ еркін жұмыскер ретінде журнал мен газеттерде қатар жұмыс істеп жүрдім.

Ал енді кішкене Испания туралы сөйлесейік. Европалық білім несімен сізге әсер қалдырды?

ҚМЭБИ-мен салыстырайын. Осы жерде мысалы, барлығы анық көрсетілген, әсіресе бакалавриат бағдарламасында. Бірінші жылы сен жалпы білім беретін пәндерді өтесің, екінші жылы сен мамандық бойынша негізгі пәндерге өтесің, ал соңғы жылдары уақытты көп бөлігі мамандандыруды терең зерттеуге бөлінеді. Бұл жерде практикалық білім берді, мәтіндерді жазу, талдау дағдыларын, тұсаукесер дағдыларын және т.б. дамытуға көп көңіл бөлінді. Испанияда бәрі басқаша болды. Оқу аналитикалық ойлауды дамытуға бағытталды, философия, ақыл-ойдың дамуына көп көңіл бөлінді. Басында маған кішкене қиынырақ болды. ҚМЭБИ-де барлық сабақтар аптаның белгілі күндеріне жазылған. Испанияда дүйсенбі, мысалы, Гарвард университетінің профессоры келіп, әдебиет бойынша дәріс оқиды, сейсенбі күні басқа профессор Европадағы этникалық азшылықтар туралы дәріс береді, келесі күні саған халықаралық құқық туралы айтып береді. Менің ойымша, Европалық білім өз бетінше жұмысқа көп көңіл бөлумен, ал дәрістерінде көп нәрсені қамтуға тырысуымен ерекшеленеді. Бірақ бұл негізінен магистратура бағдарламаларын сипаттайды деп ойлаймын. Оқу студенттерді келешекте зерттеушілік жұмысқа дайындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]