
- •Агротехникалық с.Сейфуллин атындағы Қазақ
- •Кеңесінде қаралып, мақұлданды университеті оәк-нің төрағасы Хаттама № ________________ __________________________
- •Мазмұны
- •1. Силлабус
- •Оқытушы туралы мәлімет
- •Пән туралы мәлімет
- •Оқу уақытын бөлу
- •Курстың пререквезиттері- бұл пәнді игеруде септігін тигізетін пәндер
- •Курстың постреквезиттері- бұл курстан алған білім келесі пәндерді оқып түсінуге мүмкіндік береді:
- •5. Курсқа қысқаша шолу
- •Студент курстың соңында білуі керек
- •6. Курстың мазмұны
- •6.1. Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2.Практикалық-зертханалық сабақтарының тізбесі:
- •Студенттердің өздігінен дайындалатын сұраќтары.
- •7. Студенттің өзіндік жұмысты орындау және тапсыру кестесі.
- •8. Курс саясаты.
- •9. Білімді бағалау туралы мәліметтер
- •10. Бағалар қою саясаты.
- •Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау
- •Білімді бағалау шкаласы
- •2. Глоссарий.
- •3. Қысқаша дәрістер жинағы.
- •1. Микроэкономикаға кіріспе
- •Микроэкономика: пәні, обьектісі, субьектілері.
- •Микроэкономиканың әдістемелік негіздері
- •1.3. Экономикадағы таңдау және өндіріс мүмкіншілігінің шектеуі
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •2. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері.
- •2.1. Сұраныс және оған әсер ететін факторлар. Сұраныс функциясы.
- •2.2. Ұсыныс және оған әсер ететін факторлар.
- •Нарықтық тепе-теңдік, оның үлгілері
- •2.4. Нарықтың салыстырмалы статикасы.
- •2.5. «Өрмекші торы» тәріздес үлгі
- •2.6. Нарықты мемлекеттік реттеу
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •3. Сұраныс және ұсыныс икемділігі
- •3.1. Сұраныстың бағалық икемділігі.
- •3.2. Сұраныстың қиылысқан икемділігі. Сұраныстың табыстық икемділігі
- •3.3. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныс икемділігінің үш уақыт мерзімі.
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •4. Тұтынушы теориясы
- •4.1. Игіліктің пайдалылығы және тұтынушының таңдауы (кардиналистік концепция)
- •4.2. Талғамсыздық қисықтары және бюджет шектеулері (ординалистік концепция)
- •4.3. Тұтынушының тепе-теңдігі (оптимумы).
- •4.4. Баға-тұтыну қисығы. Табыс-тұтыну қисығы. Энгель қисығы.
- •4.5. Ауыстыру әсері және табыс әсері (Хикс бойынша және Слуцкий бойынша).
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •5. Өнд1р1с теориясы
- •5.1. Өндіріс және өндіpic функциясы.
- •5.2 Қысқа мерзім кезеңіндегі өндіріс. Шекті өнімділіктің кему (азаю) заңы
- •5.3. Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндіріс. Изокванталар
- •Өндіріс ауқымының өсу әсері (тиімділігі)
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •6. Өндірістік шығындар
- •6.1. Өндірістік шығындар: мәні, түрлері
- •Ө ндірістік шығындар
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •6.2. Изокосталар және өндірушінің тендігі
- •6.3. Қысқа мерзім кезеңіндегі өндipic шығындары
- •6.4. Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндіріс шығындары
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •7. Жетілген бәсеке нарығы
- •7.1 Жетілген бәсеке нарығына жалпы сипаттама
- •7.2. Қысқа мерзім кезеңіндегі жетілген бәсекеші фирма
- •1. Фирманың пайданы мейілінше арттыру жағдайы.
- •2. Фирманың зиянын мейілінше азайту жағдайы.
- •3. Фирманың қарапайым пайда алу жағдайы.
- •4. Жетілген бәсекеші фирманың қызметін тоқтатуы.
- •7.3 Қысқа мерзім кезеңіндегі бәсекелес фирманың және саланың ұсыныс қисығы
- •7.4 Ұзақ мерзім кезеңіндегі фирма және ұсыныс
- •7.5 Өндірушілер мен тұтынушылардың ұтысы және бәсекелес нарықтың тиімділігі
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •8. Монополия және монополиялық билік.
- •8.1. Монополияға жалпы сипаттама
- •8.2. Монополиялық фирманың өніміне сұраныс, шекті табыс және жалпы табыс.
- •8.3. Монополиялық фирманың қысқа мерзімдегі пайданы өсіруі және монополиялық тепе-теңдік.
- •8.4. Ұзаќ мерзім кезеңіндегі монополия
- •8.5. Монополиялыќ биліктің экономикалыќ және әлеуметтік шығындары
- •8.6. Бағалық алалау (дискриминация)
- •8.7. Монополияны мемлекеттік реттеу
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •9. Монополиялық бәсеке нарығы
- •9.1. Монополиялық бәсеке нарығының болу жағдайлары.
- •9.2. Монополиялық бәсеке жағдайындағы баға және
- •9.3. Монополиялық бәсеке нарығындағы қысқа және ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік
- •9.4. Бағалық емес бәсеке. Жарнама.
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •10. Олигополия нарығы
- •10.1. Олигополия нарығының ерекшеліктері
- •10.2. Олигополиялық фирманың сұраныс қисығы
- •10.3. Курно дуополиясының үлгісі
- •10.4. Ойын теориясы және «тұтқындар дилеммасы»
- •«Тұтқындар дилеммасы» үлгісі
- •10.5. Олигополиялық бәсеке және «баға қақтығысы».
- •10.6. Баға белгілеудегі жетекшілік
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •11. Өндіріс факторлары нарығы.
- •11.1. Ресурстарға сұраныс және өндіріс факторлары нарығының ерекшеліктері
- •Мұндағы mpl –еңбектің шекті өнімі, pl –еңбектің бағасы, mpk – капиталдың шекті өнімі, pk -капиталдың бағасы.
- •11.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы еңбек нарығы
- •11.3 Жетілмеген бәсеке жағдайындағы еңбек нарығы
- •11.4 Капитал және пайыз мөлшерлемесі
- •11.5 Жер нарығы және рента
- •12 . Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •2.1 Жеке және жалпы тепе-теңдік.
- •12.2 Вальрас үлгісі.
- •12.3 Эджуорт қорабы
- •Айырбас тиімділігі
- •12.4 Парето – тиімділік.
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •13. Сыртқы әсерлер теориясы
- •13.1. Сыртқы әсерлердің экономикалық мәні, себептері және түрлері.
- •13.2. Сыртқы әсерлерді реттеу әдістері.
- •13.3. Коуз теоремасы.
- •13.1. Сыртқы әсерлердің экономикалық мәні, себептері және түрлері
- •13. 2 Сыртқы әсерлерді реттеу әдістері.
- •13.3. Коуз теоремасы
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •14. Қоғамдық игіліктер
- •14.1. Қоғамдық игіліктердің ерекшеліктері және олардың түрлері
- •14.2. Таза қоғамдық игіліктерге сұраныс және олардың ұсынысы
- •14.3. «Билетсіздер (қояндар)» проблемасы
- •14.4. Таза қоғамдық игіліктермен қамтамасыз етудегі мемлекет пен нарықтың мүмкіншіліктері
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •4. Семинар сабақтарына арналған тапсырмалар
- •Семинар сабағы
- •- Негізгі нарықтың механизмдерін оқу: бағаның құрылуы және бәсеке.
- •Семинар сабағы
- •Тапсырманың мақсаты:
- •Семинар сабағы.
- •6. Егер тұтынушының табысы өсетін болса, онда:
- •7. Егер бір игіліктің бағаы жоғарылайтын болса, онда:
- •8. Тұтынушы оңтайлы жағдайға төмендегі шарттардың қайсысы орындалғанда жетеді?
- •Семинар сабағы
- •12. Өндірісте капитал мен еңбек 2 есе өсті. Соның нәтижесінде өнім шығару да 2 есе өсті. Ауқым өсуінің қандай тиімділігі байқалады?
- •Тапсырманың мақсаты:
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы.
- •15. Егер түсім 40 мың теңгеге тең болып, ал шығындар 35 мың теңгені құраса, онда фирманың пайдасы қандай болады?
- •17. Баға төмендігі көрсеткіштердің қайсысынан жоғары болғанда фирма шығындармен жұмыс істей алады?
- •Бақылау түрлері:
- •Семинар сабағы
- •9. Табиғи монополияға мысал бола алатын:
- •10. Баға белгілудегі "бас бармақ" тәртібінің мәні неде?
- •11. Монополияны енгізу:
- •15. Монополия нарығында баға мен шекті түсім арасында қандай арақатынас болуы керек?
- •16. Ең жоғары деңгейде пайда табу үшін монополист төмендегі шарттардың қайсысының орындалуына сәйкес келетін өнім көлемін шығару керек?
- •26.Монополиялық билікке болу үшін фирма:
- •27.Тиімді баға дискриминациясын іске асыру үшін төмендегілердің қайсысы қажет емес?
- •28 Нарықта әлеуметтік оңтайлы баға орнатылады дегенді былай түсінеміз:
- •Семинар сабағы. Сабақтың мақсаты:
- •Семинар сабағы.
- •Семинар сабағы
- •Талдау сұрақтары
- •7. Монопсония кезінде еңбектің шекті шығындары еңбекақымен салыстырғанда, одан:
- •8. Ең төменгі деңгейдегі еңбекақы туралы заңды енгізуден ұтатындар:
- •9. Еңбек нарығындағы екі жақты монополия келесімен сипатталады:
- •Бақылау түрлері:
- •Бақылау түрі: қысқаша конспект.
- •6. Ішінара тепе-теңдікті талдаудың жалпы тепе-теңдікті талдаудан айырмашылығы төмендегідей:
- •7. Егер екі тұлға игіліктерді өзара ауыстыратын болса, онда олардың әрқайсысы да ұтады, себебі:
- •8. Егер екі тұтынушы үшін екі игіліктің mrs-і тең болмаса, онда:
- •12 Тақырып . Сыртқы әсерлер және қоғамдық игіліктер. Семинар сабағы.
- •15. Мемлекет өндіретін қоғамдық игіліктер жиналатын салықтармен қаржыландырылады, бұл кезде оларды өндірудегі жоғары тиімділікке жету төмендегінің қайсысының көмегімен жүзеге асырады?
- •16. Бәсекелес нарықтар қандай көлемде таза қолғамдық игіліктер шығарады?
- •17. Шығарып тасталынатын қоғамдық игіліктерді кім өндіре алады?
- •Бақылау түрі: қысқаша конспект.
- •12 Тақырып . Сыртқы әсерлер және қоғамдық игіліктер.
- •6. Курстық жұмыс орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •6.1 Курстық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар
- •6.2 Курстық жұмыстың құрылымы
- •6.3 Курстық жұмысты рәсімдеу
- •6.4 Курстық жұмысты қорғау тәртібі
- •6.5 Курстық жұмыс тақырыптары.
- •Курстық жұмыс «қазақстан республикасында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері»
- •Әдебиет:
- •7. Аралық бақылау сұрақтары
- •8. Емтиханға арналған тестілік тапсырмалар
- •8. ӘдебиеттеР тізімі
Негізгі терминдер мен түсініктер
Микроэкономикалық субьектілер. Экономикалық модель. Экономикалық айнымалылар. Іс-әрекеттің алғышарттары. Функционалдық талдау. Шекті талдау. Шекті ұтыс. Шекті шығындар. Позитивті экономикалық талдау. Нормативті экономикалық талдау. Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы
2. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері.
2.1. Сұраныс және оған әсер ететін факторлар. Сұраныс функциясы
2.2. Ұсыныс және оған әсер ететін факторлар. Ұсыныс функциясы
2.3. Нарықтық тепе-теңдік, оның үлгілері
2.4. Нарықтың салыстырмалы статикасы.
2.5. «Өрмекші торы» тәріздес үлгі
2.6. Нарықты мемлекеттік реттеу
2.1. Сұраныс және оған әсер ететін факторлар. Сұраныс функциясы.
Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс (demand) - бұл ақшалай камтамасыз етілген тұтынушы қажеттілігі немесе төлем қабілеті бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс сатып алынған тауарлардың санын құрайды.
Сұраныстың өзгерісіне бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді:
1. Зерттеп отырған тауардың бағасы (Р)
2. Басқа ауыстырушы және толықтырушы тауарлардың бағасы (субституттар мен комплементтер) (Рs,Рс)
3. Тұтынушылардың ағымдағы табыстары (I)
4. Тұтынушылардың талғамы мен қалаулары (Z)
5. Тұтынудың объективті (сыртқы) жағдайлары (N)
6. Тұтынушылардың болашақты күтуі (E)
Сұраныстың осы көрсетілген факторларға тәуелділігі – сұраныс функциясы (demand function) деп аталады:
Qd = f (P, Psl … Psn, Pcl …Pcm, I,Z,N,E),
Мұндағы Qd – сұраныс көлемі.
Сұраныстың бағалық функциясы: Qd = f (P)
Тауардың бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы тәуелділікті график арқылы көрсетуге де болады (2-сурет). 2 – сурет. Сұраныс қисығы.
Р
D
Q
Сұраныс қисығы – қарастырылып отырған тауардың нарықтық бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
Сұраныс заңы – сұраныс көлемінің баға деңгейіне тәуелділігінің заңы: тауардың бағасы неғұрлым төмен болған сайын, оны сатып алу көлемі соғұрлым көп болады және керсінше.
Сұраныс қисығының бойымен қозғалу – сұраныс көлемінің өзгерісі деп аталады. Ол бағаның өзгеруіне байланысты сатып алынатын тауар көлемінің өзгеруін анықтайды (3-сурет).
Бағалық емес факторлар өзгергенде қарастырылып отырған затқа сұраныс қисығы түгелімен не оңға, не солға жылжиды, оны сұраныстың өзгеруі деп атаймыз
2.2. Ұсыныс және оған әсер ететін факторлар.
Ұсыныс функциясы
Ұсыныс (sypply) –сатушылардың берілген уақытта белгілі бір бағамен сатқысы келетін немесе сатуға дайын тауарларының саны.
Ұсыныс көлемінің қалыптасуы кезіндегі жағдайларды ұсыныс факторлары деп атайды. Ұсыныс факторлары: 1.Қарастырып отырған тауардың бағасы (P). 2. Ресурстардың бағасы. 3. Басқа ауыстырушы және толықтырушы тауарлардың бағасы (субституттар мен комплементтер) (Рs,Рс). 4. Өндіріс шығындары мен технология деңгейі (С). 5. Салықтар мен субсидиялар (Т). 6. Өндірістің объективті (сыртқы) жағдайлары (N). 7. Өндірушілердің болашақты күтуі (Е).
Ұсыныс функциясы - ұсыныс көлемінің оны анықтайтын факторларға тәуелділігін көрсетеді:
Qs=f(P, P1s ... Psn, .Pc...Pcm ..., С,N,E,T). мұндағы Qs –ұсыныс көлемі.
Ұсыныстың бағалық функциясы: Qs=f(P)
Ұсыныс қисығы (supply curve) –тауардың бағасы мен оның нарықтағы ұсыныс көлемінің арасындағы тәуелділіктің графиктік түрдегі көрінісі (3-сурет).
P S
Q
3-сурет. Ұсыныс қисығы
Ұсыныс заңы – тауардың бағасы неғұрлым жоғары болған сайын, оны ұсыну көлемі де соғұрлым көп болады.
1) өндіріс саласындағы фирмалар баға жоғарылаған кезде резервтегі және тез іске қосылатын жаңа өндіріс қуаттарын пайдаланады, ал бұл өз кезегінде ұсынысты жоғарылатады.
2) бағаның тұрақты түрде жоғарылауы байқалса, онда басқа өндірушілер осы өндіріс саласына кіруге ұмтылады, ал бұл жағдай тауар өндірісін және оның ұсынысын одан сайын жоғарылатады.
Ұсыныстың өзгеруі – бағалық емес фактордың әсерінен ұсыныс қисығының не жоғары солға, не төмен оңға жылжуын білдіреді.
Ұсыныс қисығының бойымен жылжу – баға өзгергендегі ұсыныс көлемінің өзгерісін білдіреді.