Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

1.3. Экономикадағы таңдау және өндіріс мүмкіншілігінің шектеуі

Экономикалық шешім қабылдау проблемасы экономикалық іс-әрекеттердің бірнеше баламалы нұсқаларының ішінен біреуін таңдау проблемасы.

Жоғарыда айтылғандай, әрбір экономикалық іс-әрекет белгілі бір өзіне сай қажеттілікті анықтаудан басталады. Әрине, қажеттілікте шек болмайды. Белгілі бір уақыт аралығындағы қажеттілігімізді уақытша қанағаттандырғанда, ол басқа жаңа қажеттіліктер туғызып, күрделене, тереңдей түсетіні сөзсіз. Сондықтан бұл мәселелер көбінесе тұрақты болады. Ал екінші жағынан, біздің қажеттілігімізді қанағаттандыратын ресурстар мен технологиялар әрқашан шектеулі болады. Біріншіден,бұл табиғатта кездесетін игіліктердің әр түрлі мөлшерде болуы, мысалы, кейбір игіліктер басқаларына қарағанда өте аз болады. Екіншіден, адамзат қолымен жасайтын игіліктер де шектеулі. Бұл тек белгілі уақыт аралығындағы белгілі игілік түрінің қор мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар оны толықтырып отыру мүмкіндігіне де байланысты. Қорларын толықтыру мүмкіндіктеріне байланысты игіліктер төмендегідей түрлерге бөлінеді: қайта өндірілетін және қайта өндірілмейтін. Сонымен, әр түрлі игіліктердің көлемдері мен қорларын толықтыру деңгейі олардың бір-бірімен салыстырмалы шектеулілігін көрсетеді және оны игіліктердің сиректігі деп атайды.

Кез келген тұтынушының қолындағы игілік қоры оның қажеттілігін толықтай қанағаттандыруға жетпеуі мүмкін және өмірде бұл өте жиі кездеседі. Қажеттілікке байланысты игіліктердің жетіспеуін, шектеулі болуын игілік тапшылығы категориясы арқылы түсіндіреді.

Осы айтқандарды қорыта келсек, тапшылық пен сиректік игіліктердің шектеулілігін сипаттайды. Ал игіліктердің шектеулілігі (соның ішінде ресурстар мен технологияның) адамдардың экономикалық қызметтерінде қолданатын барлық игіліктерге тән қасиет.

Үнемдеу проблемасы - берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді ойластырып және шектеп жұмсауы, соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізуін айтамыз.

Ресурстардың шектеулі болуына байланысты экономистер оларды үнемдеу мен тиімді орналастырудың ең жақсы тәсілдерін іздестіру барысында төмендегідей негізгі үш іргелі мәселені қарастырады:

1. «Не өндіру керек?»- Қандай тауарлар мен қызметтерді өндіреміз және қандай көлемде ?

2. «Қалай өндіру керек?»- Қандай шектеулі ресурстар мен өндірістік технологияны пайдаланамыз?

3. «Кім үшін өндіру керек?»

Осы айтылған проблемаларды өндіріс мүмкіншіліктерінің қисығы арқылы көрсетуге болады (1-сурет). Бұл қисық – екі секторлы экономикалық модель.

Ү

А

D

C

E F

В Х

Экономикада екі ғана тауар өндіріледі: Х және У

  • А - барлық ресурстар У- тауарын өндіруге бағытталған

  • В - Х тауарын өндіруге,

  • С және Ғ – ресурстарды тиімді пайдалану

  • Е - ресурстарды толық пайдаланбау

  • D - осы берілген технологияның даму деңгейінде мүмкіншілігі жоқ өндіріс.

1-сурет. Өндіріс мүмкіншіліктерінің қисығы

Өндіріс мүмкіншіліктері – қоғамның өз қолындағы ресурстарының бәрін түгелімен белгілі деңгейдегі технология бойынша толық, әрі тиімді пайдаланып, экономикалық игіліктер өндірудегі мүмкіншіліктері. MN сызығы - өндіріс мүмкіншілігінің қисығы, ресурстарды толықтай пайдаланғандағы балама нұсқаларды көрсетеді.

Экономикалық таңдау кезінде балама шығындарды есептеу – микроэкономикалық талдаудың маңызды принциптерінің бірі болып есептелінеді. Балама шығындар – пайдаланылмаған мүмкіндіктер, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес.