
- •Агротехникалық с.Сейфуллин атындағы Қазақ
- •Кеңесінде қаралып, мақұлданды университеті оәк-нің төрағасы Хаттама № ________________ __________________________
- •Мазмұны
- •1. Силлабус
- •Оқытушы туралы мәлімет
- •Пән туралы мәлімет
- •Оқу уақытын бөлу
- •Курстың пререквезиттері- бұл пәнді игеруде септігін тигізетін пәндер
- •Курстың постреквезиттері- бұл курстан алған білім келесі пәндерді оқып түсінуге мүмкіндік береді:
- •5. Курсқа қысқаша шолу
- •Студент курстың соңында білуі керек
- •6. Курстың мазмұны
- •6.1. Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2.Практикалық-зертханалық сабақтарының тізбесі:
- •Студенттердің өздігінен дайындалатын сұраќтары.
- •7. Студенттің өзіндік жұмысты орындау және тапсыру кестесі.
- •8. Курс саясаты.
- •9. Білімді бағалау туралы мәліметтер
- •10. Бағалар қою саясаты.
- •Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау
- •Білімді бағалау шкаласы
- •2. Глоссарий.
- •3. Қысқаша дәрістер жинағы.
- •1. Микроэкономикаға кіріспе
- •Микроэкономика: пәні, обьектісі, субьектілері.
- •Микроэкономиканың әдістемелік негіздері
- •1.3. Экономикадағы таңдау және өндіріс мүмкіншілігінің шектеуі
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •2. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері.
- •2.1. Сұраныс және оған әсер ететін факторлар. Сұраныс функциясы.
- •2.2. Ұсыныс және оған әсер ететін факторлар.
- •Нарықтық тепе-теңдік, оның үлгілері
- •2.4. Нарықтың салыстырмалы статикасы.
- •2.5. «Өрмекші торы» тәріздес үлгі
- •2.6. Нарықты мемлекеттік реттеу
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •3. Сұраныс және ұсыныс икемділігі
- •3.1. Сұраныстың бағалық икемділігі.
- •3.2. Сұраныстың қиылысқан икемділігі. Сұраныстың табыстық икемділігі
- •3.3. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныс икемділігінің үш уақыт мерзімі.
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •4. Тұтынушы теориясы
- •4.1. Игіліктің пайдалылығы және тұтынушының таңдауы (кардиналистік концепция)
- •4.2. Талғамсыздық қисықтары және бюджет шектеулері (ординалистік концепция)
- •4.3. Тұтынушының тепе-теңдігі (оптимумы).
- •4.4. Баға-тұтыну қисығы. Табыс-тұтыну қисығы. Энгель қисығы.
- •4.5. Ауыстыру әсері және табыс әсері (Хикс бойынша және Слуцкий бойынша).
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •5. Өнд1р1с теориясы
- •5.1. Өндіріс және өндіpic функциясы.
- •5.2 Қысқа мерзім кезеңіндегі өндіріс. Шекті өнімділіктің кему (азаю) заңы
- •5.3. Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндіріс. Изокванталар
- •Өндіріс ауқымының өсу әсері (тиімділігі)
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •6. Өндірістік шығындар
- •6.1. Өндірістік шығындар: мәні, түрлері
- •Ө ндірістік шығындар
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •6.2. Изокосталар және өндірушінің тендігі
- •6.3. Қысқа мерзім кезеңіндегі өндipic шығындары
- •6.4. Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндіріс шығындары
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •7. Жетілген бәсеке нарығы
- •7.1 Жетілген бәсеке нарығына жалпы сипаттама
- •7.2. Қысқа мерзім кезеңіндегі жетілген бәсекеші фирма
- •1. Фирманың пайданы мейілінше арттыру жағдайы.
- •2. Фирманың зиянын мейілінше азайту жағдайы.
- •3. Фирманың қарапайым пайда алу жағдайы.
- •4. Жетілген бәсекеші фирманың қызметін тоқтатуы.
- •7.3 Қысқа мерзім кезеңіндегі бәсекелес фирманың және саланың ұсыныс қисығы
- •7.4 Ұзақ мерзім кезеңіндегі фирма және ұсыныс
- •7.5 Өндірушілер мен тұтынушылардың ұтысы және бәсекелес нарықтың тиімділігі
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •8. Монополия және монополиялық билік.
- •8.1. Монополияға жалпы сипаттама
- •8.2. Монополиялық фирманың өніміне сұраныс, шекті табыс және жалпы табыс.
- •8.3. Монополиялық фирманың қысқа мерзімдегі пайданы өсіруі және монополиялық тепе-теңдік.
- •8.4. Ұзаќ мерзім кезеңіндегі монополия
- •8.5. Монополиялыќ биліктің экономикалыќ және әлеуметтік шығындары
- •8.6. Бағалық алалау (дискриминация)
- •8.7. Монополияны мемлекеттік реттеу
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •9. Монополиялық бәсеке нарығы
- •9.1. Монополиялық бәсеке нарығының болу жағдайлары.
- •9.2. Монополиялық бәсеке жағдайындағы баға және
- •9.3. Монополиялық бәсеке нарығындағы қысқа және ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік
- •9.4. Бағалық емес бәсеке. Жарнама.
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •10. Олигополия нарығы
- •10.1. Олигополия нарығының ерекшеліктері
- •10.2. Олигополиялық фирманың сұраныс қисығы
- •10.3. Курно дуополиясының үлгісі
- •10.4. Ойын теориясы және «тұтқындар дилеммасы»
- •«Тұтқындар дилеммасы» үлгісі
- •10.5. Олигополиялық бәсеке және «баға қақтығысы».
- •10.6. Баға белгілеудегі жетекшілік
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •11. Өндіріс факторлары нарығы.
- •11.1. Ресурстарға сұраныс және өндіріс факторлары нарығының ерекшеліктері
- •Мұндағы mpl –еңбектің шекті өнімі, pl –еңбектің бағасы, mpk – капиталдың шекті өнімі, pk -капиталдың бағасы.
- •11.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы еңбек нарығы
- •11.3 Жетілмеген бәсеке жағдайындағы еңбек нарығы
- •11.4 Капитал және пайыз мөлшерлемесі
- •11.5 Жер нарығы және рента
- •12 . Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •2.1 Жеке және жалпы тепе-теңдік.
- •12.2 Вальрас үлгісі.
- •12.3 Эджуорт қорабы
- •Айырбас тиімділігі
- •12.4 Парето – тиімділік.
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •13. Сыртқы әсерлер теориясы
- •13.1. Сыртқы әсерлердің экономикалық мәні, себептері және түрлері.
- •13.2. Сыртқы әсерлерді реттеу әдістері.
- •13.3. Коуз теоремасы.
- •13.1. Сыртқы әсерлердің экономикалық мәні, себептері және түрлері
- •13. 2 Сыртқы әсерлерді реттеу әдістері.
- •13.3. Коуз теоремасы
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •14. Қоғамдық игіліктер
- •14.1. Қоғамдық игіліктердің ерекшеліктері және олардың түрлері
- •14.2. Таза қоғамдық игіліктерге сұраныс және олардың ұсынысы
- •14.3. «Билетсіздер (қояндар)» проблемасы
- •14.4. Таза қоғамдық игіліктермен қамтамасыз етудегі мемлекет пен нарықтың мүмкіншіліктері
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •4. Семинар сабақтарына арналған тапсырмалар
- •Семинар сабағы
- •- Негізгі нарықтың механизмдерін оқу: бағаның құрылуы және бәсеке.
- •Семинар сабағы
- •Тапсырманың мақсаты:
- •Семинар сабағы.
- •6. Егер тұтынушының табысы өсетін болса, онда:
- •7. Егер бір игіліктің бағаы жоғарылайтын болса, онда:
- •8. Тұтынушы оңтайлы жағдайға төмендегі шарттардың қайсысы орындалғанда жетеді?
- •Семинар сабағы
- •12. Өндірісте капитал мен еңбек 2 есе өсті. Соның нәтижесінде өнім шығару да 2 есе өсті. Ауқым өсуінің қандай тиімділігі байқалады?
- •Тапсырманың мақсаты:
- •Семинар сабағы
- •Семинар сабағы.
- •15. Егер түсім 40 мың теңгеге тең болып, ал шығындар 35 мың теңгені құраса, онда фирманың пайдасы қандай болады?
- •17. Баға төмендігі көрсеткіштердің қайсысынан жоғары болғанда фирма шығындармен жұмыс істей алады?
- •Бақылау түрлері:
- •Семинар сабағы
- •9. Табиғи монополияға мысал бола алатын:
- •10. Баға белгілудегі "бас бармақ" тәртібінің мәні неде?
- •11. Монополияны енгізу:
- •15. Монополия нарығында баға мен шекті түсім арасында қандай арақатынас болуы керек?
- •16. Ең жоғары деңгейде пайда табу үшін монополист төмендегі шарттардың қайсысының орындалуына сәйкес келетін өнім көлемін шығару керек?
- •26.Монополиялық билікке болу үшін фирма:
- •27.Тиімді баға дискриминациясын іске асыру үшін төмендегілердің қайсысы қажет емес?
- •28 Нарықта әлеуметтік оңтайлы баға орнатылады дегенді былай түсінеміз:
- •Семинар сабағы. Сабақтың мақсаты:
- •Семинар сабағы.
- •Семинар сабағы
- •Талдау сұрақтары
- •7. Монопсония кезінде еңбектің шекті шығындары еңбекақымен салыстырғанда, одан:
- •8. Ең төменгі деңгейдегі еңбекақы туралы заңды енгізуден ұтатындар:
- •9. Еңбек нарығындағы екі жақты монополия келесімен сипатталады:
- •Бақылау түрлері:
- •Бақылау түрі: қысқаша конспект.
- •6. Ішінара тепе-теңдікті талдаудың жалпы тепе-теңдікті талдаудан айырмашылығы төмендегідей:
- •7. Егер екі тұлға игіліктерді өзара ауыстыратын болса, онда олардың әрқайсысы да ұтады, себебі:
- •8. Егер екі тұтынушы үшін екі игіліктің mrs-і тең болмаса, онда:
- •12 Тақырып . Сыртқы әсерлер және қоғамдық игіліктер. Семинар сабағы.
- •15. Мемлекет өндіретін қоғамдық игіліктер жиналатын салықтармен қаржыландырылады, бұл кезде оларды өндірудегі жоғары тиімділікке жету төмендегінің қайсысының көмегімен жүзеге асырады?
- •16. Бәсекелес нарықтар қандай көлемде таза қолғамдық игіліктер шығарады?
- •17. Шығарып тасталынатын қоғамдық игіліктерді кім өндіре алады?
- •Бақылау түрі: қысқаша конспект.
- •12 Тақырып . Сыртқы әсерлер және қоғамдық игіліктер.
- •6. Курстық жұмыс орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •6.1 Курстық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар
- •6.2 Курстық жұмыстың құрылымы
- •6.3 Курстық жұмысты рәсімдеу
- •6.4 Курстық жұмысты қорғау тәртібі
- •6.5 Курстық жұмыс тақырыптары.
- •Курстық жұмыс «қазақстан республикасында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері»
- •Әдебиет:
- •7. Аралық бақылау сұрақтары
- •8. Емтиханға арналған тестілік тапсырмалар
- •8. ӘдебиеттеР тізімі
8. Емтиханға арналған тестілік тапсырмалар
1. Гиффен парадоксы – бұл :
А) бағаның өсуі нәтижесінде сұраныс көлемінің өсуі.
Ә) ұсыныс заңынан тыс қаралатын құбылыс.
С) орын басу әсерін сипаттайды.
Д) табыс әсерін сипаттайды.
Е) баға төмендегенде табыстың өсуі.
2. Өндірілетін тауарға қосымша салық салынды делік. Бұл ұсыныс қисығына қалай әсер етеді:
Ұсыныс қисығы солға жылжиды.
Ұсыныс қисығы оңға жылжиды.
Өндірілген тауардың бағасы төмендейді.
Шығарылатын тауарлар арзандайды.
Сұраныс қисығының көлбеу бұрышы өзгереді.
3. Ұсыныс қисығы S = a + вP; баға нөлге тең болғанда ұсыныс көлемі қай шамаға тең болады:
Q = a.
Q = a + b.
Q = –b.
Q = b.
Q = bP.
4. Төмендегі суреттің қайсысы табыс өзгеруіне байланысты сұраныс өзгеруін көрсетеді:
Р Р Р Р Р
A) B) C) D) E)
5. Төмендегі суреттің қайсысы өндіріс шығындарының төмендеуі нәтижесінде ұсыныстың өзгеруін көрсетеді:
Р Р Р Р Р
A) B) C) D) E)
6. Сұраныс функциясы Qд = 10 – 2р берілген, мұндағы р – тауардың бағасы, Qд – сұраныс көлемі. Бағаның қай шамасында тауарға деген сұраныс нөлге тең болады:
5.
1/2.
–5.
10.
2.
7.Баға қандай шығындардан жоғары болғанға дейін фирма зиянмен жұмыс істей береді:
А) минималды орташа өзгермелі шығындардан.
В) минималды шекті шығындардан.
С) минималды жалпы шығындардан.
Д) минималды тұрақты шығындардан.
Е) минималды орташа тұрақты шығындардан.
8. Сұраныс функциясы D = 10 – 2p және ұсыныс функциясы берілген S= 4 + P, мұнда р-тауар бағасы. Тауардың тепе-теңдік бағасы мынаған тең болады:
А) 2
В) 3
С) 2,5
Д) 1
Е) 615
9. Сұраныс функциясы Qd = 10 – 2p және ұсыныс функциясы берілген Qs= 4 + P, мұнда р-тауар бағасы. Егер мемлекет тауар бағасы 4 деп белгілесе нарықта не орнайды?
А) артықшылық = 6
В) тапшылық = 2
С) тепе – теңдік
Д) артықшылық = 4
Е) тапшылық = 1
10.Ұсыныс заңы мынаны бейнелейді :
А) тауардың сатылатын көлемі мен бағасы арасындағы кері байланысты.
В) тауардың сатылатын көлемі мен бағасы арасындағы тура байланысты.
С) икемді және икемсіз тауарлар арасындағы байланысты
Д) әр тауардың икемділік деңгейін.
Е) сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланысты.
11. Экономикалық субъект үшін таңдау нені білдіреді :
А) Экономикалық іс- әрекеттердің баламалы нұсқаларының біреуінің экономикалық шешімін.
В) Экономикалық проблеманы.
С) Экономикалық субъективті білімді.
Д) Экономикалық іс- әрекетті.
Е) Таңдаудың барлық проблемаларын.
12. Игіліктердің сиректік категориясы нені білдіреді?
Әр түрлі игіліктер қорының бір-біріне қатысты салыстырмалы шектелуін сипаттайтын көлемі мен деңгейі.
Тұтынушыға жетіспейтін зат.
Игіліктердің мүлдем болмауы.
Субъектінің қолы жетпейтін игіліктер.
Қолда болу міндетті емес игіліктер.
13. Игіліктің жетіспеуін қалай түсінуге болады:
Игіліктердің тұтынылуына қарай шектелгендігі.
Сатып алуға болмайтын тауарлар.
Оның болуы нарықта алып сатарлыққа әкеледі.
Ондай тауарлар өндірілмейді.
Біреулерге кейбір тауарлардың жетіспеуі.
14. Игіліктің шектеулілігі ұғымының мәні:
Адамдардың экономикалық іс-әрекеті сферасына кіретін игіліктер, сондай-ақ ресурстар мен технологиялардың сиректігі мен жетіспеушілігі.
Игіліктер мен технологиялардың жетіспеушілігі.
Ресурстар мен технологиялардың мол болуы.
Әр субъект игіліктерді пайдалануда өзін шектеуі тиіс.
Бұл қоғамдағы бар нәрселер.
15. Үнемдеу проблемасы:
Берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді ойластырып және шектеп жұмсауы, соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізу.
Таңдау проблемасы.
Экономикалық субъектілердің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Тек берілген қажеттіліктерді қанағаттандыру.
Игіліктердің жетіспеуінен барлық қажеттіліктерді қанағаттандыруға болмайтындығы.
16. Баламалы шығындар дегеніміз:
Жүзеге аспаған баламалы мүмкіндіктердің ең жақсысынан түсетін пайда.
Баламалы өндірістік шығындар.
Баламалы өндірістік емес шығындар.
Үй шаруашылығының шығындары.
Өнім өндіруге байланысты болатын шығындар.
17. Айналым моделі экономиканы қандай екі секторға бөледі:
Үй шаруашылығы және фирма.
Сатушылавр және сатып алушылар.
Өндіріс факторлары нарығы және тұтыну тауарлар нарығы.
Ресурстар нарығы мен тауарлар нарығы.
Барлық жауаптар дұрыс.
23. Төмендегі экономикалық жүйелердің қайсысы Советтер Одағы кезінде болды:
Әкімшіл-әміршілік жүйе.
Патриархты жүйе (дәстүрлі жүйе).
Нарықтық жүйе.
Аралас жүйе.
Өтпелі экономикалық жүйе.
25. Қантқа бағаның 3 %-ке төмендеуі сұраныс көлемін 12 %-ке өсірді. Сұраныстың бағалық икемділік коэффициентін анықтаңыз:
-4.
4.
0,25.
-0,25.
9.
26. Бағаның 2 есеге төмендеуі сұраныс көлемін 2 есеге өсірді. Икемділік қандай:
=1.
>1.
<1.
=0.
=∞7
27. Сұраныс қисығы Q = a-bp теңдеуімен сипатталады. Баға 0-ге тең болғанда сұраныс көлемі қай шамаға тең:
Q = a.
Q = a-b.
Q = -b.
Q = b
Q = -bр.
28. Табыс өскен кезде тауарға деген сұраныс өсті. Қандай тауар қарастырылып отыр:
Қалыпты.
Бағалы заттар.
Төмен сапалы.
Гиффен тауары.
Жаңа тауар.
29. Бағасы 100 теңге/кг болғанда, тауарға деген сұраныс – 50 кг, ал бағасы - 50 теңге/кг кезінде тауарға деген сұраныс - 200кг. Сұраныстың доғалық икемділігін табу керек:
-9/5.
-3.
6.
¾.
-5/9.
30. Бензин бағасының 4 %-ке төмендеуі бензинге деген сұранысты 16 %-ке жоғарылатты. Икемділік коэффициентін анықтаңыздар және сұраныс икемділігі туралы қорытынды жасаңдар:
4, сұраныс икемді.
¼, сұраныс икемсіз.
64, сұраныс икемді.
-4, сұраныс икемді.
¼, сұраныс икемді.
31. Абсолютті (өте) икемді сұраныс кезінде сұраныс қисығы:
Горизонтальді.
Вертикальді.
Оң көлбеулі.
Тікше.
Көлбеуі 90 градусқа тең.
32. Тұтынушының тепетеңдік жағдайы мынаны бейнелейді:
Әрбір сатып алынған тауар бірдей пайдалылыққа ие.
Берілген бюджеттік шектеуде жалпы пайдалылықты мейлінше арттыру.
Бір игілікті сатып алу көлемі өскен сайын екінші игілікті алу қысқарады.
Тұтынушы әрбір игілікті сатып алуға бірдей қаржы жұмсайды.
Игілікті сатып алуға шығынды азайтқан сайын мүмкіндік көбейеді.
33. Немқұрайлылық картасындағы тұтынушылық тепе – теңдік – бұл :
А) Бюджеттік сызық пен немқұрайлық қисығының кез – келген қиылысуы
В) Ең жоғарғы талғамсыздық қисығындағы кез – келген нүкте
С) Бюджет сызығының көлбеуі оған жанасатын немқұрайлық қисығының көлбеуіне тең болатын нүкте.
Д) Бюджет сызығымен шектелген кеңістікте орналасқан кез – келген нүкте.
Е) Талғамсыздық қисығындағы кез – келген нүкте.
34. Жеке тұтынушы үшін талғамсыздық қисығының орналасуы мен көлбеуі мынаны білдіреді:
А) Оның талғамын және табыс көлемін .
В) Тек қана сатып алынатын тауарлардың бағаларын.
С) Талғамдарын, табыс көлемін және сатып алынатын тауарлар бағаларын.
Д) Тек қана оның талғамын .
Е) Ұлттық экономикадағы бағалар деңгейін .
35. Талғамсыздық қисығы нені білдіреді :
А) Бірдей шекті пайдалылықты.
В) Бірдей жалпы пайдалылықты.
С) Тепе – тең мүмкіншіліктерді.
Д) Тепе – тең тауарларды.
Е) Тепе – тең шығындарды.
36. Тұтынушы теориясы тұтынушының төмендегі жағдайды максималдауын көрсетеді :
А) Орташа пайдалылықты ;
В) Жалпы пайдалылықты ;
С) Жалпы және шекті пайдалылық арасындағы айырмашылықты ;
Д) Шекті пайдалылықты ;
Е) Айтылған өлшемдердің әрқайсысын.
37. Сіз куртка сатып алғыңыз келді және оған 10000 теңге жұмсауға шамаңыз бар. Куртканың тепе-теңдік бағасы 9000 теңге болып шықты. Микроэкономикалық талдау тұрғысынан қарағанда сіз үшін 1000 теңге нені көрсетеді:
Тұтынушы ұтымын.
Табыс көлемін.
Пайда шамасын.
Сыйлық көлемін.
Шекті пайдалылықты.
38. Өнімнің бір бірлігіне салық енгізілсе, салық ауыртпашылығы жүктеледі:
А) Өндірушілерге
В) Тұтынушыларға
С) Өндірушілерге де, тұтынушыларға да
Д) Салық салатын басқарушыларға
Е) Барлық жауаптар дұрыс
39. Өнімнің бірлігіне субсидия енгізілсе, онда субсидияны алады :
А) Өндірушілер
В) Тұтынушылар
С) Өндірушілер де, тұтынушылар да
Д) Ешкім
Е) Барлық жауаптар дұрыс
40. Егер төмендегі шарт орындалатын болса, онда тұтынушы ең жоғарғы деңгейдегі пайдалылыққа жетеді:
МUx / Px = MUy / Py.
MUx / Px < MUy / Py.
MUx / Px > MUy / Py.
Px / MUx = Py / MUy.
MUx / Py = MUy / Px.
41 Талғамсыздық қисықтарына қандай қасиеттер тән :
Төменде айтылғандардың бәрі.
Талғамсыздық қисықтарының көлбеуі теріс сан болады.
Талғамсыздық қисықтары ешқашан қиылыспайды.
Талғамсыздық қисықтары координаттар өсіне қатысты ойыс болады.
Басқа қисықтан көрі жоғары және оңға орналасқан қисық көбінесе қалаулы болады.
42. Тұтынушы қаражатының шектеулі болуын түсіндіру үшін төмендегіңлердің қайсысын пайдаланамыз:
Бюджет сызығы.
Изокванта.
Изокоста.
Талғамсыздық қисығы.
Ауыстырудың шекті нормасы.
43. Кофе және темекіге Асқар бір жетіде 1000 теңге жұмсай алады. Егер темекінің бір қорабы Рх = 70 теңге, ал кофенің бір шынысы Py = 50 теңге болса, онда Асқардың бюджетінің шектеуі қандай болады: Х – темекі, Y – кофе.
70X + 50Y = 1000.
70X – 50Y = 1000.
70X -- 50Y > 1000.
70X + 50Y > 1000.
120(X + Y) = 1000.
44. Егер тұтынушының табысы өсетін болса, онда:
Бюджет сызығы паралельді оңға жылжиды.
Бюджет сызығының көлбеу бұрышы азаяды.
Бюджет сызығының көлбеу бұрышы жоғарылайды.
Бюджет сызығы паралельді солға жылжиды.
Бюджет сызығы өзгермейді.
45. Егер бір игіліктің бағасы өсетін болса, онда:
Бюджет сызығының көлбеу бұрышы өзгереді.
Бюджет сызығы паралельді оңға жылжиды.
Бюджет сызығы паралельді солға жылжиды.
Бюджет сызығы өзгермейді.
Қолма-қол табыс көбейеді.
46. Тұтынушы оңтайлы жағдайға төмендегі шарттардың қайсысы орындалғанда жетеді:
Талғамсыздық қисығы мен бюджеттік шектеу сызығының жанама нүктесінде.
Талғамсыздық қисығы мен бюджеттік шектеу сызығының қиылысу нүктесінде.
Бюджеттік шектеудің бойында орналасқан барлық нүктелерде.
Талғамсыздық қисығының барлық нүктелерде.
Бюджеттік шектеудің координаттар өсін қиып өтетін нүктелерінде.
47. Аяна өзінің табысын тек қана Х және У тауарларын сатып алуға жұмсайды. Х тауарының бағасы: Рх = 1 теңге; У тауарының бағасы: Ру = 4 теңге. Осы тауарларды тұтынғандағы пайдалылықты ең жоғарғы деңгейге жеткізу үшін Аяна нені ескеруі керек:
Ауыстырудың шекті нормасы (MRS) 1/4-ке тең болуы керек.
Осы тауардан бірдей шамада алуы керек.
Барлық табысын тек қана Х тауарын сатып алуға жұмсауы керек.
Барлық табысын тек қана У тауарын сатып алуға жұмсауы керек.
Аянаға кеңес беруге ақпараттар жеткіліксіз.
48. Сатып алушы үшін нанның шекті пайдалылығы төмендегідей:
Нанның саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
Шекті пайдалылық (МИ) |
20 |
18 |
16 |
14 |
Егер осы сатып алушы 3 бөлке нан сатып алатын болса, онда жалпы пайдалылық қандай болады:
54.
10.
60.
25.
14.
49. Жалпы пайдалылық функциясы төменде айтылғандардың қайсысы орындалғанда ең жоғарғы деңгейге жетеді:
Шекті пайдалылық нөлге тең.
Шекті пайдалылық өскенде.
Шекті пайдалылық төмендегенде.
Шекті пайдалылық ең жоғарғы шамаға тең.
Шекті пайдаллылық өзгермейді.
50. Талғамсыздық қисықтарының қасиеттерін анықтаңыз:
Дұрыс жауабы жоқ.
Талғамсыздық қисықтарының көлбеуі оң болады.
Әр нүктесінде әртүрлі деңгейдегі қанағаттануды сипаттайды.
Талғамсыздық қисықтары қиылысады.
Талғамсыздық қисықтары координаттар өсіне қатысты ойыс болады.
51. Х тауарын У тауарымен ауыстырудың шекті нормасы 3-ке тең. Бұны төменгінің қайсысы көрсетеді:
У тауарының қосымша 1 бірлігін алу үшін Х тауарының 3 бірлігін тұтынуды қысқарту керек.
Х тауары У тауарынан гөрі 3 есе бағалы.
Х тауарын тұтыну У тауарын тұтынудан гөрі қалаулы.
Тауарлар тең бағалы.
Туарлар бірін-бірі ауыстыра алмайды.
Табыс өзгергенде бюджет сызығы қалай өзгереді:
Егер табыс өссе, бюджет сызығы жоғары жылжиды.
Бюджет сызығының көлбеуі өзгереді.
Егер табыс өссе, бюджет сызығы төмен жылжиды.
Баға қатынастары өзгереді.
Табыс бюджет шектеуіндегі өзгерістерге әсер етеді.
Санжар үшін сүттің жалпы пайдалылығы төмендегідей бағаланады:
Сүттің мөлшері (стакан) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Жалпы пайдалылық (ТU) |
8 |
16 |
21 |
24 |
25 |
Егер ол үшін стакан сүт ішсе, онда шекті пайдалылық (МU) неге тең:
5.
9.
7.
45.
24.
Төмендегі суреттен тұтынушының оңтайлы таңдауын табыңыз:
Y
Y Y Y
Y
X X X X X
A) B ) C) D) E)
55. Y = 15 – 1/2X бюджет шектеуі қисығының көлбеуі неге тең:
А) –1/2.
В) 1/2.
С) 15.
5.
7/2.
56. Бюджет шектеуі Y = 25 – 0,8Х болып, тұтынушы Х тауарын сатып алмайтын жағдайда, Y тауарының қандай шамасын сатып алады:
25.
0,8.
0,2.
250.
0.
57. Тұтынушы табысы айына 10000 теңгеге тең. Азық-түлік тағамдарының орташа бағасы 500 теңге (Рх =500), киімнің бағасы 2500 теңге (Ру = 2500). Бюджет шектеуінің ОХ және ОY остерін қиып өтетін координаттар нүктесін анықтаңдар:
20; 4.
1/20; 1/4.
2; 40.
40; 2.
20; 40.
58. Шекті пайдалылық дегеніміз не ?
А) Тұтынушының игілікті тұтынған кездегі алатын минималды пайдалылығы
В) Тұтынушының игілікті тұтынған кездегі алатын максималды пайдалылығы
С) Жалпы тауардың туынды функциясы
Д) Тауардың қосымша бірлігін тұтынған кездегі тұтынушыға әкелетін қосымша пайдалылығы.
Е) Тұтынылатын игілікті жалпы пайдалылығы.
59. Жалпы және шекті пайдалылық арасындағы өзара байланысы қалай сипатталады.
А) Шекті падалылық неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жалпы пайдалылық жоғары болады ;
В) Шекті падалылық неғұрлым төмен болса, соғұрлым жалпы пайдалылық жоғары болады ;
С) Жалпы падалылық максималды болғанда, шекті пайдалылық 0 – ге тең.
Д) Тұтынудың өсуі кезіндегі шекті пайдалылық теріс шамасының өсімі жалпы пайданың көбеюіне білдіреді.
Е) Барлық жауаптар дұрыс.
60. ) Тұтынушы табысының өсуін графиктік түрде көрсетіледі:
А) Бюджеттік сызығының көлбеуі өзгереді.
В) Бюджеттік сызығының параллельді оңға жылжиды.
С) Бюджеттік сызығының параллельді солға жылжиды.
Д) Бюджеттік сызығының көлбеуі азаяды.
Е) Бюджеттік сызығының көлбеуі көбейеді.
61. А тауарының шекті пайдалылығы 100 – ге тең. А тауарының бағасы = 10. B тауарының бағасы – 5. Тепе – теңдіктегі B тауарының шекті пайдалылығы тең:
1 / 2.
20.
50.
10.
62. Тауарлар бағасының өзгеруіне байланысты тұтынушылар талғамы қалай өзгеретінін көрсететін қисық:
’’Баға – тұтыну’’
’’Баға – шығындар’’
’’Баға – көлемі’’
’Көлем – тұтыну’’
’’Тұтыну“
63. Жеке сұранысқа әсер ететін факторлар :
Тұтынушы талғамы.
Тауарды сатып алуға бөлінетін тұтынушы табысы.
Игіліктің бағасы.
Берілген игілікті ауыстыратын игіліктер бағасы.
Барлық жауаптар дұрыс.
64. Табыстың өсуіне байланысты тұтынушылар талғамының өзгеруін бейнелейтін қисық :
’’ Табыс– тұтыну ’’.
’’ Баға – тұтыну ’’.
’’ Баға – шығындар ’’.
’’ Баға – көлемі ’’.
’’ Көлем – табыс ’’.
65. Сатып алынатын игілік көлемі мен тұтынушының табысы көлемі арасындағы байланысын көрсететін қисық :
А) Энгель.
В) Сұраныс.
С) Бюджеттік шектеулігіне.
Д) Талғамсыздық.
Е) Жеке сұраныс.
66. Тауардың әрбір берілген бағасы деңгейіндегі барлық тұтынушылардың жалпы сұраныс көлемі – бұл функция :
А) Нарықтық сұраныс.
В) Жиынтық ұсыныс.
С) Жеке сұраныс.
Д) Дұрыс жауабы жоқ.
Е) Барлық жауаптар дұрыс.
67. Пайдалылықтың ординалистік функциясы – бұл :
Жеке тұтынушы үшін талғамсыздық сыныптарын немесе пайдалылығы бірдей тауарлар жиынтығы топтарының белгілі ретпен орналасу тәртібі.
Тұтынушы талғамдарын рет – ретімен орналастырудың белгілі нысаны
Талғамсыздықтың әрбір сыныбына сәйкес келетін береке деңгейінің айырмашылығын бағалау.
Барлық жауаптар дұрыс
Дұрыс жауабы жоқ
68. Пайдалылықтың кординалистік функциясы – бұл :
Талғамсыздықтың әрбір сыныбына сәйкес келетін береке деңгейінің айырмашылығын бағалау.
Жеке тұтынушы үшін талғамсыздық сыныптарын немесе пайдалылығы бірдей тауарлар жиынтығы топтарының белгілі ретпен орналасу тәртібі.
Тұтынушы талғамдарын рет – ретімен орналастырудың белгілі нысаны
Барлық жауаптар дұрыс
Дұрыс жауабы жоқ
69. Ақша бірлігімен өлшенген игіліктің пайдалылығы – бұл :
А) Құндылық
В) Құн
С) Шекті пайдалылық
Д) Тұтынушы ұтымы
Е) Тұтыну шығындары
70. Берілген игіліктер көлемінің құндылығы мен құны арасындағы айырмашылық – бұл :
А) Тұтынушы ұтымы.
В) Тұтыну шығындары.
С) Құн.
Д) Құндылық
Е) Шекті құндылық.
71. Энгель қисығы нені білдіреді :
А) Екі тауар түрінің біреуіне баға өзгерген кездегі олардың көптеген тепе – тең сәйкестігін
В) Табыс өзгергендегі екі тауардың көптеген тепе – тең сәйкестігін
С) Тауарлардың сатылу көлемінің бағаға тәуелділігін
Д) Сатып алынатын тауар көлемінің ақшалай табысқа тәуелділігін
Е) Дұрыс жауабы жоқ
72. Қандай қисық негізінде тауарға жеке сұраныс сызығын құруға болады :
А) Бюдджеттік сызық
В) ’’ Баға – тұтыну ’’қисығы
С) Энгель қисығы
Д) ’’ Табыс– тұтыну ’’қисығы
Е) Дұрыс жауабы жоқ
Еңбектің шекті өнімін анықтаңдар:
Период |
Жалпы өнім |
Еңбек саны |
1 |
210 |
3 |
2 |
450 |
5 |
120.
160.
90.
70.
80.
Еңбектің орташа өнімі нені сипаттайды:
Еңбек өнімділігін.
Капитал өнімділігін.
Жалпы өнім өндіруді.
Жұмыспен қамтылғандардың санын.
Тарифтік мөлшерлемені.
Егер өнеркәсіптегі қосымша жалданған жұмысшы орташа жұмысшыға қарағанда нашар жұмыс істесе, ол мынаған әкенліп соқтырады:
Орташа өнімділіктің төмендеуіне.
Орташа өнімділіктің жоғарлауына.
Түсімнің жоғарлауына.
Шығындар төмендеуіне.
Еңбек ақының жоғарлауына.
76. Еңбек өнімділігін қандай көрсеткіш арқылы анықтауға болады:
Орташа еңбек өнімі.
Шекті еңбек өнімі.
Капитал сиымдылығы.
Жалданған жұмысшылар саны.
Жалақының өнім көлеміне қатынасы.
Келесі деректерді пайдаланып, еңбектің орташа өнімін анықтаңдар:
Период |
Жалпы өнім |
Еңбек саны |
1 |
210 |
3 |
70.
82,5.
0,014.
80.
630.
78. Еңбектің орташа өнімі нені сипаттайды:
Еңбек өнімділігін.
Капиталмен қамтамасыздандыруды.
Қор сиымдылығын.
Капитал қайтарымын.
Жұмысшының еңбек ақысын.
79. Еңбектің бір бірлігіне кеткен шығындарды не деп атауға болады:
Еңбекақы шамасы.
Жалпы мөлшері.
Капиталдың шекті өнімі.
Ауыстырудың шекті нормасы.
Еңбектің шекті өнімі.
80. Неліктен еңбекке сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады:
Егер жалақы өссе, онда фирма жұмысшыларды қысқартады.
Егер жалақы өссе, онда фирма жұмысшыларды жалдайды.
Егер жалақы төмендесе, онда фирма жұмысшыларды шығарады.
Егер жалақы өссе, онда шығындар қысқарады.
Егер жалақы төмендесе, онда жиынтық сұраныс өседі.
81. Еңбекке сұраныс қисығын бейнелейтін суретті таңдаңыз:
W/P
W/P W/P W/P W/P
D
L L L L L
A) B) C) D) E)
82. Төменде келтірілген еңбек ақы жүйелерінің қайсысы еңбек өнімділігінің аз деңгейде жоғарлауын ынталандырады.
А) Тікелей мерзімді
В) Мерзімді – сый ақылы
С) Кесімді – прогрессивті
Д) Кесімді – сый ақылы
Е) Көп факторлы
83. Өндіріс факторларының бәсекелес нарығында фирма мына шарт орындалғанша жұмысшыларды жалдай береді:
Жалақы шекті еңбек өніміне теңескенге дейін.
Жұмыссыздық тибиғи деңгейге жақын болғанда .
Жалақы нақты жалақыға теңескенше.
Жалақы шекті еңбек өнімінен жоғары болғанға дейін.
Жалақы еңбек өнімінен төмен болғанға дейін.
8
4.
Графиктегі К аралығы мынаны
білдіреді: W/P S
Мәжбүр жұмыссыздық. K
Еркін жұмыссыздық.
Еңбек нарығындағы тепе-теңдік. D
Табиғи жұмыссыздық.
Еңбекке сұраныстың өсуі. L
85. Жұмыссыздықтың қандай деңгейінде экономикада толық жұмысбастылық болады:
Табиғи.
Құрылымдық.
Циклдық.
Фрикциондық.
Барлық жұмыссыздық.
86. Еңбек ұсынысының қисығы мынадай теңдеумен берілген L=2500+25w/p. Еңбек ұсынысы қисығының көлбеу бұрышы неге тең:
25.
2500.
2525.
0,25.
-25.
87. Еңбек ұсынысының қисығы мынадай теңдеумен берілген L=2500+25w/p. Нөлдік атаулы жалақы деңгейінде еңбек ұсынысы қаншаға тең:
2500.
250.
2525.
25.
-25.
88. Еңбекке сұраныс қисығы мынадай теңдеумен берілген L=3500-35w/p. Жалақының қандай деңгейінде жұмысшыларды жалдамайды:
100.
1000.
10.
35.
3500.
89. Еңбекке сұраныс функциясы Ld=10-2w/p және ұсыныс функциясы Ls=4+w/p берілген, мұндағы: w/p – еңбек бағасы. Тепе-теңдік жалақы:
2.
3.
2,5.
1.
6/5.
90. Еңбекке сұраныс функциясы Ld=100-2w/p және ұсыныс функциясы Ls=40+w/p берілген, мұндағы: w/p – еңбек бағасы. Тепе-теңдік жалақы 20 долл. Егер мемлекет жалақыны 25 долл. деп белгілесе нарықта қандай жағдай орнайды:
Жұмыссыздық = 15.
Бос жұмыс орындары = 15.
Тепе-теңдік.
Жұмыссыздық = 25.
Бос жұмыс орындары = 25.
91. Нақты жалақы дегеніміз:
Атаулы жалақының баға деңгейіне қатынасы.
Ағымдық бағамен есептелген жалақы.
Шетел валютасымен есептелген жалақы.
Кассадан берілетін жалақы.
Инфляция деңгейін есептемейтін жалақы.
92. Бәсекелес нарықтағы өндіріс факторларына сұраныс былайша анықталады:
Өндіріс факторларының ұсынысымен.
Тепе-теңдік бағамен.
Жалпы шығындар деңгейімен.
Өнімнің өзіндік құнымен.
Өнімнің шекті табысымен.
93. Өндірістік функция төмендегіні сипаттайды:
Өндірістік техникалық тиімді тәсілдерінің көпшілігін.
Өндірістік шығындар қисығын.
Капитал өнімділігін.
Еңбек өнімділігін.
Бір ресурсты басқа ресурспен ауыстыруды.
94. Изокванта нені көрсетеді:
Капитал мен еңбектің әртүрлі сәйкестігіндегі бірдей өнім көлемін.
Тұтынушы қалауы.
Капитал мен еңбек арасындағы өзара байланыс.
Табыс пен баға арасындағы өзара байланыс.
Табыс әсері мен ауыстыру тиімділігін.
95. Изоквантаның көлбеуі төмендегінің қайсысын сипаттайды:
Технологиялық ауыстырудың шекті нормасын.
Шығарылатын тауарлардың бағаларының қатынасын.
Еңбектің орташа өнімін.
Капиталдың орташа өнімін.
Шекті пайдалылықтың азаю дәйегі.
96. Ресурстардың бірін-бірі қатаң толықтыратын жағдайында изоквантаның түрі төмендегідей болады:
Бір нүктеден шығатын пенрпендикуляр түзулер.
Горизонтал (көлденең) сызық.
Парабола.
Сынық сызық.
Вертикал (тік) сызық.
97. Координаттар өсінен неғұрлым қашық орналасқан изокванта төмендегіні көрсетеді:
Ең көп өндіруді.
Ең аз өндіруді.
Ең жақсы технология.
Қажетті ресурстардың ең аз шамасын.
Ауқым өсуінің ең көп тиімділігін.
98. Изокоста теңдеуі келесі түрде берілген: К = 30 – 0,4L. Изокостаның көлбеу бұрышы неге тең:
–0,4.
0,4.
30.
0,6.
–0,6
99. Өндірістік функция берілген: Y=25K0,3L0,1 . Масштаб өсуінің әсері қандай:
Кемімелі.
Өспелі.
Тұрақты.
Нөлге тең.
Оң сан.
100. Өндірістік функция берілген: Y=25K0,3L0,1 Икемділік коэффиценттерін анықтаңдар:
0,3; 0,1.
25; 0,1.
0,4; 0,5.
0,5; 0,1.
25; 0,5.
1
01.
AN
қисығы
қалай аталады:
К
А В
Е
М
N L
Изокоста.
Изокванта.
Бюджет сызығы.
Талғамсыздық қисығы.
Өндіру қисығы.
102. Өндірісте капитал мен еңбек 2 есеге өсті. Соның нәтижесінде өнім шығару да 2 есе өсті. Ауқым өсуінің қандай тиімділігі байқалады:
Тұрақты.
Өспелі.
Кемімелі.
Нөлге тең.
Теріс сан.
103. Сызықтық өндірістік функция берілген: Y = 32 + 20K – 5L. Еңбектің шекті өнімділігі неге тең:
–5.
5.
32.
20.
37.
104. Изокостаның көлбеу бұрышы неге тең:
Ресурстар бағаларының қатынасына.
Шығындар мен капитал бағасының қатынасына.
Шығындар мен еңбек бағасының қатынасына.
Еңбек шығындарының капитал бағасының қатынасына.
Капитал шығындарының еңбек бағасының қатынасына.
105. Сызықтық өндірістік функция берілген: Y = 32 + 20K – 5L. Капиталдың шекті өнімі неге тең:
20.
–5.
32.
52.
37.
106. Y=25K0,3L0,1 өндірістік функциясында өнім шығару Y = 100 болып, еңбек шығындары L = 10 болғанда, еңбектің шекті өнімі:
1.
10.
100.
0,1.
25.
107.
Q(L,K)=
.
өндірістік
функциясы берілген. Оған тән :
А) Ауқымның өспелі экономикасы
В) Ауқымның тұрақты экономикасы
С) Ауқымның көлемі экономикасы
Д) Нақты айтуға болмайды
Е) Дұрыс жауабы жоқ
108. Ресурсқа сұраныстың икемділігі мынаған байланысты :
А) Өнімге сұраныс икемділігіне
В) Шығындардың еңбекке және жалпы шығындарға қатынасына
С) А және В жауаптары дұрыс
Д) Ешбір келтірілген фактор.
Е) Барлық жауаптар дұрыс.
109. Шекті өнімділік өскенде, ауқымның экономиясы :
А) Өседі.
В) Төмендейд.
С) Тұрақты.
Д) Мәліметтер жеткіліксіз.
Е) Дұрыс жауабы жоқ.
110. Өндірушінің тепе – теңдігі келесі заңмен анықталады :
А) Сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі.
В) Өнім шығаруды мейлінше арттыру.
С) Өндіріс факторларының өлшенген шекті өнімділіктердінің тепе – теңдігі.
Д) Өндіріс факторларының шығындарын мейлінше азайту.
Е) Пайданы мейлінше азайту.
111. Еңбекті капиталды ауыстырудың шекті нормасы 2 – ге тең. Өнім өндірудің бұрынғы көлемін қамтамасыз ету үшін еңбекті пайдалануды 4 бірлікке қысқартқан кезде капиталды пайдалануды көбейту керек :
А) ½ бірлікке.
В) 2 бірлікке.
С) 8 бірлікке.
Д) Қосымша ақпарат қажет.
Е) 4 бірлікке.
112. Дайын өнімді тасымалдауға шығындардың өсуі мынаған әкеледі :
А) Тұрақты шығындардың өсуіне.
В) Тұрақты шығындардың төмендеуіне.
С) Айнымалы шығындардың өсуіне .
Д) Айнымалы шығындардың төмендеуіне.
Е) А және С жауаптары.
113. Кәсіпкер өз үйінде офис ашты. Пәтерін жалға беруге мүмкіндігі бар. Пәтерін жалға бермегендегі кәсіпкердің шығыны қалай аталады:
Баламалы шығындар.
Тұрақты шығындар.
Өзгермелі шығындар.
Жалпы шығындар.
Орташа шығындар.
114. Тұрақты шығындар:
А) Келсім шартпен қарастырылмаған фирма шығындары
В) Басқару персоналының еңбек ақысы, аренда ақысы, фирма меншігіне салық
С) Шикізатты алуға шығындар
Д) Жұмысшылардың еңбек ақысы
Е) Айқын емес шығындар
115. Егер қосымша бірлік өндіруге кеткен шығындар өсетін болса, онда:
Орташа шығындар өседі.
Орташа шығындар төмендейді.
Өндіріс көлемі өседі.
Жалпы шығындар төмендейді.
Пайда өседі.
116. Шекті шығындар нені көрсетеді:
Өнімнің қосымша бір бірлігін өндіруге кеткен шығындар.
Жалпы шығындар.
Өнімнің бір бірлігіне шаққандағы орташа шығындар.
Өнім шығарушы көлеміне тәуелсіз шығындар.
Балама шығындар.
117. Қандай шығындарды өнімнің бір бірлігінің өзіндік құны деп атауға болады:
Орташа.
Жалпы.
Тұрақты.
Айнымалы.
Шекті.
118. Шекті шығындар қалай анықталады:
MC = ∆VC / ∆Q.
MC = TC / Q.
MC = VC / Q.
MC = FC / FC + VC.
MC = FC / Q.
119. Өнімнің өзіндік құнын қандай шығындар сипаттайды:
Орташа.
Жалпы.
Тұрақты.
Айнымалы.
Шекті.
120 Қазақстанда табиғи монополия мысалы болып қай нарық табылады ?
А) Жиһаз өндірісі.
В) Нан шығару өндірісі.
С) Арақ шығару өндірісі.
Д) Автомобиль жөндеу.
Е) Энергетика.