Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

3. Қысқаша дәрістер жинағы.

1. Микроэкономикаға кіріспе

    1. Микроэкономика: пәні, обьектіcі, субьектілері.

    2. Микроэкономиканың әдістемелік негіздері

1.3. Экономикадағы таңдау және өндіріс мүмкіншілігінің шектеуі

    1. Микроэкономика: пәні, обьектісі, субьектілері.

Микроэкономика жеке экономикалық субъектілердің іс-әрекеттерін зерттейтін экономикалық теорияның құрамдас бөлігі.

Микроэкономиканың негізгі мәселелері:

  • нақты игіліктедің бағасы, өндіру көлемі және тұтынылуы;

  • жеке нарықтардың жағдайы;

  • ресурстарды баламалы мақсаттарда пайдалану.

Микроэкономиканың пәні шектелген ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастар, экономикалық субьектілердің экономикалық таңдау жағдайында ұтымды шешім қабылдауы.

Микроэкономиканың зерттеу объектісі – бұл адамдардың экономикалық іс-әрекеттері, оларды жүргізу барысында пайда болатын және соған сәйкес институттар мен олардың жүйелерінде шешілетін жалпы экономикалық проблемалар.

Экономикалық субъектілер - бұл экономикада жеке қызмет атқаратын кез келген бірліктер. Мұндай бірліктер адамдар, сонымен қатар олардың тобы, қоғамдастықтар болуы мүмкін. Кез келген қоғамдастық микроэкономикада субъект болып қарастырылмайды. Ол үшін адамдардың белгілі тобы бірігіп, қызмет істеп, алдарына қойған мақсаттарына бірге жетуі тиіс.

Жеке экономикалық субъектілерге үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекет жатады.

    1. Микроэкономиканың әдістемелік негіздері

Микроэкономикалық талдау белгілі бір әдістемелік негіздерге сүйенеді. Әдістеме (методология) дегеніміз ғылыми зерттеулердің құралдары мен принциптері, оларды талдау мен түсінудің әдістері.

Жеке экономикалық субъектілердің іс-әрекеті микроэкономикада позитивті және нормативті талдау негізінде түсіндіріледі.

Позитивті талдау нақты болған жағдайларға негізделеді және не болды, не болуы мүмкін деген сұрақтарға жауап береді. Нормативті талдау экономикдағы іс-әрекеттер қалай болуға тиіс және қандай шараларды қолданған дұрыс деген сияқты кеңестерге сүйенеді.

Позитивті талдау нақты жағдайларды зерттегенде мынадай әдістерді қолданады:

1. Шекті немесе маржиналдық талдау. Бұл талдау экономикалық іс-әрекеттердегі өзгерістерді зерттейді, яғни экономикалық субъект тек қана жалпы түсім мен жалпы шығындарды ғана салыстырмайды, сонымен қатар, өнім мөлшерін көбейткендегі шекті (қосымша) түсім мен шекті (қосымша) шығындарды да салыстырады. Шекті түсім (marginal benefit) көп болған уақытта шекті пайда (marginal profit) оң сан болады. Сондықтан өз пайдасын мейлінше арттырғысы келетін экономикалық субъект шекті түсім шекті шығынға теңескенге дейін өнім шығару көлемін арттыра береді. Шекті түсім шекті шығынға тең болғанда пайда ең жоғары деңгейге, ал субъект өз мақсатына жетеді.

2. Функционалдық талдау. Бұл зерттеуді жүргізгенде экономикалық өзгерістер кезіндегі басты көрсеткіш анықталады, ал одан кейін оған әсер ететін факторлар іздестіріледі. Сөйтіп олардың арасындағы тәуелділік функция арқылы көрсетіледі.

Нормативті талдау кезінде экономикалық құбылыстар мен үдерістер модельдер (үлгілер) құру арқылы зерттеледі.

Экономикалық модельдер (үлгілер) дегеніміз экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі бір көрінісін қарапайым түрде көрсету.

Модельдер ауызша, график түрінде және символдық (анатикалық) болуы мүмкін. Кез келген ғылым әр түрлі модельдерден тұрады және олар көбінесе ауызша болады.

Бірақ теориялық модельдеу кезінде әрдайым графикалық және аналитикалық модельдер қолданылады, себебі олар көрнекті (график) және қысқаша, түсінікті болады.

Модельдеу –экономикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеудің басты әдісі болып саналады. Микроэкономикада модельдердің екі түрі қолданылады: оңтайлы және тепе-теңдіқ. Жеке экономикалық агенттердің іс-әрекетін зерттегенде оңтайландыру модельдері қолданылады. Сондықтан негізгі түсініктер шекті сипатта болады: шекті пайдалылық, шекті өнім, шекті шығындар, шекті түсім және т.б. маржинализм әдістемелері қолданылады.

Модельдердің екінші түрі –экономикалық агенттердің арасындағы өзара қарым-қатынастарды зерттеуде қолданылатын нарықтық тепе-теңдік модельдер. Егер өзара әрекетке түсетін күштер балансталған болса және осы баланысты бұзатын ішкі импульстер болмаса, онда жүйе тепе-теңдік жағдайында тұр деп есептелінеді.