Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

6.3 Курстық жұмысты рәсімдеу

Курстық жұмыс мұқабасының бірінші бетінің үлгісі 1 қосымшада көрсетілген, ол компьютрде терілуі керек.

Жұмыстың мазмұнында құрылымдық бөлімдердің нөмері және беттердің саны көрсетіледі (2 қосымша).

Жұмыстың ғылымилығын студенттің нақты қолданған әдебиеттер көлемі көрсетеді. Жұмысты жазған кезде тақыраптың мазмұнын ашу үшін сұрақты сипаттайтын түпдеректер, санақ жинақтары, монографиялар, журнал мен газеттердегі мақалалар қолданылуы керек. Осы мәселеге қатысты әр – түрлі көзқарастар талданап, дәлелді мәәліметтер мен санақ мағұлыматтары, сондай – ақ Қазақстандағы экономикалық процестер туралы мәліметтер келтірілуі тиіс.

Қолданылған әдебиеттер тізімі мынадай тәртіп бойынша құрылады:

  • Қазақстан Республикасының заңдары

  • мемлекеттік органдардың материалдары мен қаулылары.

  • статистикалық материалдар, мұрағат пен есеп беру материалдары.

  • басқа әдебиеттер алфавиттік тәртіппен жалғасады.

Әдебиеттерді іздестіргенде катологтарды қолдануға болады. Жүйелі катологта әдебиеттер авторлардың фамилиясы бойынша алфавиттік ретпен орналасқан, ал жүйелі – пәндік катологта әдебиеттер тақырыптар мен сұрақтарға сәйкес орналасқан.

Журналдармен жұмыс істегенде сол жылдың соңғы санында берілетін бір жылда жарияланған мақалалардың көрсеткішін қолдануға болады. Басылым жылын ескеру міндетті. Ең алдымен соңғы жылдары шыққан әдебиеттер тізімі алфавиттік ретпен, төмендегідей құрылады.

Егер ол монография немесе брошюра болса:

  • автордың тегі, аты және әкесінің аты;

  • жұмыстың аты;

  • томы, басылған жері, жылы.

Егер журналдан немесе газеттен алынған мақала болса:

  • автордын тегі, аты және әкесінің аты;

  • журналдың (газеттің) аты, нөмірі (саны) және басылған жері.

  • Жоспардың сұрақтарын егжей- тегжейлі, толық ашып беру үшін, әдебиеттердің саны 15-20-дан кем болмауы тиіс.

Курстық жұмыста өте маңызды экономикалық құбылыстардың мәнін сипаттайтын және оны бейнелейтін сөзбе сөз толық көшірмені цитатлық көшірме деп аталады. Әрбір цитатыны тырнақшалармен белгілемеу қажет.

Жұмыста келтірілген кестедегі мәліметтердің қайдан алынған негіздерін көрсету керек.

Курстық жұмыста келтірілген кестелердің, суреттердің, схемалардың, сызбалардың реттік номері және аттары болу керек. Кестелерді келтірілгенде, оң жақта «кесте» деп жазылады да, оның реттік номері көрсетіледі. Одан төмен оның аты жазылады.Ал, суреттер мен графиктерді көрсеткенде, ең бірінші, жолдың ортасында олардың аты, одан төмен сурет немесе графиктің өзі келтіріледі де, оның астында «сурет» деп жазылып оның реттік нөмері көрсетіледі.(қосымша)

6.4 Курстық жұмысты қорғау тәртібі

Орындалған курстық жұмыс тексерістен өту үшін осы жұмысты басқаратын оқытушыға тапсырылуы қажет. Егерде курстық жұмыс оң баға алса, онда ол жұмысты қорғауға рұқсат етіледі. Қорғау барысында студент өзінің қысқаша сөзінде жұмыстың негізгі мазмұнын ашып айтуы керек, сондай – ақ қойылған сұрақтарға жауап беру қажет. Егерде студент қорғау барысында толық қанағаттандыратын жауап берсе, онда бағаны тексеру бағасынан жоғарылатуға болады, ал егер де қорғау барысында студенттің дайындығы төмен дәрежеде болса, онда баға да төмендейді.

Курстық жұмыс 10 баллмен бағаланады, рәсімдеу – 2 балл, мазмұны – 5 балл, жұмысты қорғау – 3 балл. Қорғаудан кейін алынған баға ведомость пен студенттің сынақ кітапшасына қойылады.