Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

6.1 Курстық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар

Студент үшін курстық жұмыс тақырыбын таңдап алу өте маңызды. Курстық жұмыстың тақырыбын студент сынақ кітапшасы нөмірінің соңғы санына сәйкес таңдап алады. Таңдап алынған тақырып кафедра лаборантының тіркеуі арқылы студентке бекітіледі. Тақырыпты өздігінен өзгертуге болмайды

Макроэкономика пәнінен курстық жұмысты орындау бағыттары:

  • адамзаттық және қоғамның қажеттілігі мен оларды қанағаттандыру жолдары, тауар мен қызмет өндіру, тауарды бөлу және айырбастау процестері, қаржы және ақша айналымы, сыртқы экономикалық байланыстар туралы, жалпы айтқанда студенттердің экономикалық теорияның негізгі аспектілерінен алған білімдерінің деңгейін жоғарлату;

  • қазіргі экономикалық құбылыстарды бақылап, зерттеп, оларды өз мүмкіндігінше түсіндіре білу;

  • қоғамда болып жатқан экономикалық процестерге студенттердің белсенді қатысу қабілеттілігін көрсету;

  • болашақта студенттердің мамандықты және шаруашылық салаларды таңдағанда мәліметтерді ортаға келтіре алатындай дәрежеге жеткізу.

6.2 Курстық жұмыстың құрылымы

Тақырыпты таңдағаннан кейінгі жауапты кезең – ол жұмыстың жоспарын құру. Курстық жұмыстың мазмұны төменде белгіленген ізділікпен көрсетіледі:

  • сыртқы бет (ол бірінші бет болып саналады);

  • мазмұны (екінші бет);

  • кіріспе (үшінші бет);

  • негізгі бөлімдердің мазмұны (олар да номірленеді);

  • қорытынды және ұсыныстар;

  • қолданылған әдебиеттер тізімі;

  • қосымшалар (егер болса).

Курстық жұмыстың көлемі 25 – 30 бет жазба қағазынан тұрады. Тақырыпты грамматикалық және стилистикалық қателер жібермей анық, түсінікті жазумен баяндау қажет.

Тақырыптың мазмұны оқу және қосымша әдебиеттерді зерттеу, санақ мәліметтердің іздестіріп, талдау және практикалық тәжірибе негізінде ашылады.

Курстық жұмыс құрылымына қарай жоспардан, кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімде (2-3 бет) таңдап алынған тақырыптың экономикалық теорияда алатын орны, өзектілігі мен өтпелі кезең үшін маңыздылық көрсетілуі тиіс. Тақырыптың экономикалық әдебиеттерде зерттелу деңгейін, пікірталас сұрақтарды (егер кездесетін болса) көрсетіп, жұмыстың мақсаты мен міндетін анықтап алу керек.

Негізгі бөлімде 3 тараумен шектелген дұрыс. Тақырыпты өздігінен, сауатты, өз сөзімен жазу талап етіледі, бірақ қарапайымдылыққа салынып, тақырыптың сұрақтарын тым үстіртін, ғылыми емес тұрғыдан түсіндіру қате болып табылады. Сөзбе – сөз әдебиеттерден көшіру орынды емес, бірақ маліметтерден цитаттар сілтемелер арқылы қағаз бетінің төменгі жағында бейнеленуі тиіс.

Тараудың және параграфтың аттары жұмыстың нақты мазмұнын сипаттауы қажет: Мысалы, бірінші тарау жалпы теориялық сұрақтарға бағытталады.

Бұл тарауда зерттелінетін құбылыстың мағынасы және пайда болу формаларын, зерттеу үшін қолданылатын негізгі категориялар және заңдылықтар қаралады. Бұл проблема қазіргі кезеңдегі теориямен, практиканың жетістіктері арқылы зерттелінеді. Проблеманы зерттеудің дәрежесі мен осы проблемалар қаралған ғылымдық жұмыстардың атын, авторлардын көрсету қажет.

Екінші тарауда экономикалық процестер мен құбылыстардың қалыптасуы механизмдері мен оларды іске асыру құралдарын талдау арқылы зерттеу жүргізіледі.

Үшінші тарауда автордың нақты деп санаған дәлелді тезистері келтіріледі. Бұл үшін экономикалық талдау жасап, Қазақстан Республикасының шаруашылық практикасы зерттелініп, статистикалық материалдар қолданылып нақты мысалдар келтіріледі.

Соңғы бөлімде (1-2 бет) тақырып бойынша қорытынды жасалады. Қорытынды әрі қысқа, әрі тақырыптың мазмұнына сәйкес болуы керек. Автордың ашпаған аспектілері қаралмайды.

Егер кіріспе бөлімде міндеттер айқын белгіленсе, жоспардағы сұрақтардың қойылу себептері түсіндіріліп, негізгі бөлімде ол сұрақтардың мазмұны егжей – тегжейлі ашылса, соңғы бөлімде тақырыптың мазмұнынан туындайтын қорытынды жасалып, ұсыныстар енгізілсе, онда курстық жұмыс автордың ойын толық сипаттайтындай қисынды, әрі тыңғылықты болып шығады.

Курстық жұмыстың көлемі 25 – 30 бет болуы керек, (қосымша анықтауыштардан басқа. Курстық жұмыс стандарттық формат А 4 бойынша жасалған қағаздың бір жақ бетінде ғана орындалады да: осы беттің сол жағында – 30 мм, оң жағында – 10 мм, жоғарыда – 20, төменде – 20 мм орын қалдырылады. Бұл жұмысты қолмен жазуға немесе компьютермен басуға болады.

Әрбір тарау мен бөлімдер жолдың ортасында орналастырылады да мазмұнынан (текстен) жоғары және төменнен үш интервалмен бөлектенеді. Тарау мен бөлімнің аттарынан кейін нүкте қойылмайды және де асты сызылмайды. Тараудың аттары бас әріптермен жазылады. Қызыл жол жаңа жолдан және 5 – ші белгіден басталады. Курстық жұмыста барлық беттер, оның ішінде мұқабаның бірінші беті мен суреттер қоса есептелінеді.