Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Бақылау түрі: қысқаша конспект.

Әдебиеттер:

1. Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Маргунов В.И. Микроэкономика: в 2х томах. Спб: экономическая школа, 1996г.. С. 376-382

2.Нуреев Р.М. Курс микроэкономики М:2002г.с. 333-337.

  1. Микроэкономика /Под.ред. Е.Б.Яковлевой. М:1997г. С. 313-318.

11- Тақырып. Жалпы тепе-теңдік және қоғамдық әл-ауқат.

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

1. Әл-ауқатты бағалау көрсеткіштерін анықтау.

2. Эджуорт диаграммасын талдау.

Бақылау түрлері: қысқаша конспект

Әдебиеттер:

1. Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Маргунов В.И. Микроэкономика: в 2х томах. Спб: экономическая школа, 1996г.. С. 448-453

2.Нуреев Р.М. Курс микроэкономики М:2002г.с.368-369

3. Нұрпейісов Ж.Қ. Микроэкономика негіздері-Астана: 2001ж. 95-105 беттер.

4.Пиндайк Р. Рубинфельд Д.Микроэкономика М: 1992 г. с.424

12 Тақырып . Сыртқы әсерлер және қоғамдық игіліктер.

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

1.Коуз теоремасы.

2.Билетсіздік мәселесі.

Әдебиеттер:

1. Гальперин В.М. и др. Микроэкономика. В 2х томах Спб: 1996г. С. 473-476, 465-468

2.Нуреев Р.М. Курс микроэкономики М:2002г.с.426-428.

6. Курстық жұмыс орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Оқу үрдісінде студенттердің өзіндік жұмыстарының құрамдас бөлігі ретінде курстық жұмыс орындау болып табылады. Өзіндік жұмыстар біліктілігі жоғары мамандар даярлауда үлкен роль атқарады. Оқу үрдісінің танымдық, тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыру барысында өзіндік жұмыстардың орны ерекше. Микроэкономика пәні бойынша курстық жұмыс орындату арқылы студенттерді ғылыми жұмыстарға тартудағы мақсат – оларды экономикалық саясаттың негізі болып табылатын экономикалық заңдардың әрекет жасау сипатымен терең таныстыру.

Микроэкономиканы оқытудың негізгі мақсаты - нарық және оның механизмінің құрамды бөліктерімен таныстыру, жекелеген экономикалық тұлғалардың (фирманың, отбасының, жеке адамдардың) шешімдерінің себептерін түсіндіру, олардың арасындағы экономикалық қатынастардың заңдылықтарын көрсету болып табылады. Сонымен қатар нарықтық шаруашылық жүйесімен байланысты заңдармен, болашақ маман жұмыс істейтін саламен таныстыру. Әдетте жұмысты баяндап беруге шамалы ғана уақыт бөлінеді, сондықтан студент үлкен жұмыстың нәтижесін ықшамды қорытындылауға мәжбүр болады.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • берілген тақырыптың нақты мағынасын зерттеудегі жүйелік тәсілдерді қолдана білуге мүмкіндік жасау;

  • нарықтық экономиканың күрделі өзгерістерін жалпы теориялық аспектілерін салыстыру қабілеттілігін дамыту;

  • тақырып төңірегінде ғалым – экономистердің еңбектерін, мемлекеттік құжаттарды студенттің терең білуіне үйрету;

  • экономикалық теорияның қағидаларын нақты экономикалық құбылыстарды талдау жасауда қолдана алуға үйрету;

  • тақырыптың сұрақтарын мемлекеттің ішкі және сыртқы өмірінің өзекті мәселелерімен байланыстыра алуға бейімдеу;

  • экономикалық теория негіздерінен студенттердің алған білімдерінің денгейін жоғарылату және т. б.