Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

2. Глоссарий.

1. Ауыстырудың шекті нормасы (marginal rate of substitution) (MRS)х тауарын 1 бірлікке көбейткенде у тауарының қанша бірлігінен бас тарту керек екендігін көрсетеді және бұл жағдайда осы тауарлар жиынтығының жалпы пайдалылығы тұрақты күйде қалуы керек.

2. Баға-тұтыну қисығы (price-consumption curve) - бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушы талғамы қалай өзгеретінін көрсетеді.

Микроэкономика – адамдар арасындағы өзара экономикалық қатынастарды зерттеп, олардың іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын анықтайтын экономикалық теорияның құрамдас бөлігі болып табылады.

2. Микроэкономиканың зерттеу объектісі – бұл адамдардың экономикалық іс-әрекеттері, оларды жүргізу барысында пайда болатын және соған сәйкес институттар мен олардың жүйелерінде шешілетін жалпы экономикалық проблемалар.

6. Модельдеу –экономикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеудің басты әдісі болып саналады.

7. Үнемдеу проблемасы - берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді ойластырып және шектеп жұмсауы, соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізуін айтамыз.

8. Сұраныс (demand) - бұл ақшалай камтамасыз етілген тұтынушы қажеттілігі немесе төлем қабілеті бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс сатып алынған тауарлардың санын құрайды.

9. Сұраныс қисығы – қарастырылып отырған тауардың нарықтық бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс қисығының бойымен жылжу баға өзгергендегі сұраныс көлемінің өзгерісін білдіреді.

10. Сұраныс заңы – сұраныс көлемінің баға деңгейіне тәуелділігінің заңы: тауардың бағасы неғұрлым төмен болған сайын, оны сатып алу көлемі соғұрлым көп болады және керсінше.

11. Ұсыныс (sypply) –сатушылардың берілген уақытта белгілі бір бағамен сатқысы келетін немесе сатуға дайын тауарларының саны.

12. Ұсыныс қисығының бойымен жылжу – баға өзгергендегі ұсыныс көлемінің өзгерісін білдіреді.

13. Ұсыныс заңы – тауардың бағасы неғұрлым жоғары болған сайын, оны ұсыну көлемі де соғұрлым көп болады.

14. Ұсыныстың өзгеруі – бағалық емес фактордың әсерінен ұсыныс қисығының не жоғары солға, не төмен оңға жылжуын білдіреді.

15. Нарықтық теп-теңдік (market equilibrium) – бұл нарықтағы тауарларға сұраныс пен олардың ұсынысы тең болатын жағдай.

16. Тепе-теңдік тұрақтылығы – нарықтың ішкі күштер (бәсеке) әсерінен теңсіздік жағдайдан тепе-теңдік жағдайға қайта келу қабілеті.

17. Сұраныстың бағалық икемділік коэффиценті Ер(D) тауардың бағасы 1%-ға өзгерсе, онда сол тауарға деген сұраныстың қанша %-ға өзгеретінін көрсетеді.

18. Сұраныстың қиылысқан икемділігі (Edc) - Ү тауарының бағасы 1%-ға өзгерген кезде Х тауарына сұраныс көлемі неше пайызға өзгеретінін көрсетеді және төмендегідей өрнектермен анықталады.

19. Сұраныстың табыстық икемділігіі)- тұтынушы табысының көлемі 1%-ға өзгерген кезде қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше пайызға өзгеретінін көрсетеді.

20. Ұсыныстың бағалық икемділігі Ep(S) - баға 1%-ға өзгерген уақытта, ұсыныс көлемі неше пайызға өзгеретінін көрсететін шама.

21. Пайдалылық (U- utility) - адамның кез-келген игілікті тұтынудан алатын қанағатану сезімі. Пайдалылықты жалпы және шекті деп бөледі.

22. Жалпы пайдалылық (ТU - total utility) – бұл тұтынылатын барлық игіліктердің пайдалықтарының жиынтығы.

23. Шекті пайдалылық (MU- marginal utility) – берілген тауарлардың қосымша 1 бірлігін тұтынған кездегі жалпы пайдалылықтың өсімшесі: MU= =∆TU/∆Q

24. Шекті пайдалылықтың азаю заңы- тұтынатын тауардың саны өскен сайын оның әрбір қосымша бірлігінің шекті пайдалығының азаюы. Бұл заң сұраныс заңының негізі болып табылады.

26.Тұтынушының бюджеттік шектеуі (Budget constraint) – бұл нүктелері табысты толықтай пайдаланған жағдайда қол жеткізуге болатын тауарлар (игіліктер) жиындарын көрсететін түзу сызық.

28.Энгель қисығы – баға мен тұтынушы талғамы өзгермеген жағдайдағы тұтыну көлемі мен табыс арасындағы байланысты бейнелейді.

29. Хикс бойынша әртүрлі табыс бірдей қанағаттану (пайдалылық) деңгейін қамтамасыз ететін, яғни бір ғана талғамсыздық қисығының бойында жататын нақты табыс деңгейін көрсетеді.

30. Слуцкиий бойынша тек бірдей тауарлар жиынтығын қамтамасыз ететін табыс деңгейі өзгермейтін (тұрақты) нақты табыс ретінде қарастырылады .

31.Өндіріс - тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті өндіріс факторларын қолдану пpoцeci.

32. Экономикалық субъектілер - бұл экономикада жеке қызмет атқаратын кез келген бірліктер. Бұндай бірліктер адамдар, сонымен қатар олардың тобы, қоғамдастықтар болуы мүмкін. Кез келген қоғамдастық микроэкономикада субъект болып қарастырылмайды. Ол үшін адамдардың белгілі тобы бірігіп, қызмет істеп, алдарына қойған мақсаттарына бірге жетуі тиіс.

33. Экономикалық модельдер дегеніміз экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі бір көрінісін қарапайым түрде көрсету. Бұл кезде зерттеліп отырған құбылыстардың басты қасиеттерін және өзара қарым-қатынастарын жақсы түсіну үшін кейбір бөліктері қарастырылмайды.

34. Экономикалық үлгілер көмегімен экономикалық субъектілердің шешіміне әсер ететін өзгермелілер анықталады.