Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МИКРОЭК нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Семинар сабағы

Сабақтың мақсаты:

- өндіріс факторлары жағдайында нарықтың әрекет ету механизмін анықтау.

- тепе-тендікті орнату механизмдерін анықтау.

Талдау сұрақтары

  1. Өндіріс факторына сұраныс пен ұсыныс.

2.Еңбек нарығы. Жалақы.

3.Капиталға сұраныс және ұсыныс.

4.Жердің бағасы.

Тестілік тапсырмалар (бір ғана жауапты табу керек).

1. Еңбекақы мөлшерлемесінің жоғарылауы еңбектің ұсынысын төмендетеді. Бұл мүмкін болады, егер:

А) еңбек нарығында монополия болса; Ә) еңбек нарығында монопсония болса; Б) табыс әсері ауыстыру тиімділігінен жоғары болса; В) ауыстыру тиімділігі табыс әсерінен жоғары болса; Г) ауыстыру тиімділігі табыс әсеріне тең болса.

2. Шекті өнімділік теориясына сәйкес жетілген бәсеке нарығындағы еңбекке сұраныс қисығы келесі қисықпен дәлме дәл түседі:

А) еңбекке төленетін шекті шығындар; Ә) еңбектің шекті өнімінің; Б) еңбектің шекті өнімінің ақшалай мөлшерінің; В) шығарылатын өнімнің шекті шығындарының; Г) шығарылатын өнімнің орташа шығындарының.

3. Еңбекке сұраныстың икемділігі аз болады, егер басқа факторлар тұрақты болғанда берілген еңбек түрінің шығаратын өніміне сұраныс:

А) икемді болса; Ә) икемсіз болса; Б) икемділігі 1-ге теңболса; В) еңбекке сұраныс пен өнімге сұраныс арасында ешқандай байланыс болады; Г) өте икемді болса.

4. Еңбекақы мөлшерлемесі тұрақты түрде өседі. Бұл мынаған алып келеді:

А) еңбектің жеке ұсынысының өсуіне; Ә) алғашқыда еңбек ұсынысының өсуіне, одан кейін төмендеуіне; Б) еңбектің жеке ұсынысының төмендеуіне; В) алғашқыда еңбек ұсынысының төмендеуіне, одан кейін өсуіне; Г) еңбектің жеке ұсынысының тұрақты болуына.

5. Тауар нарығында жетлген бәсекелес және еңбек нарығында монопсония болатын фирма еңбек нарығында да, тауар нарығында да жетілген бәсекелес болатын фирмамен салыстырғанда, ол еңбекті келесі мөлшерде жалдайды:

А) көп мөлшерде және еңбекақыны жоғары мөлшерлемемен төлейді; Ә) аз мөлшерде және еңбекақыны төменгі мөлшерлемемен төлейді; Б) көп мөлшерде және еңбекақыны төменгі мөлшерлемемен төлейді; В) аз мөлшерде және еңбекақыны жоғары мөлшерлемемен төлейді; Г) бұларды салыстыруға деректер жеткіліксіз.

6. Тауар нарығында монополист және еңбек нарығында жетілген бәсекелес фирманы тауар нарығында да, еңбек нарығында да жетілген бәсекелес болып іс-әрекет жасайтын фирмамен салыстырғанда, ол жұмыс күшін келесі мөлшерде жалдайды:

А) көп, бірақ еңбекақыны төменгі деңгейде төлейді; Ә) аз және төменақы төлейді; Б) салыстырып отырған фирмамен бірдей шамадағы жұмыс күшін жалдайды, бірақ еңбекақыны төменгі деңгейде төлейді; В) салыстырып отырған фирмадан гөрі аз жұмыс күшін жалдайды, бірақ еңбекақыны сондай деңгейде төлейді; Г) салыстырып отырған фирмамен бірдей шамадағы жұмыс күшін жалдайды, бірақ еңбекақыны жоғары деңгейде төлейді;

7. Монопсония кезінде еңбектің шекті шығындары еңбекақымен салыстырғанда, одан:

А) жоғары Ә) тең; Б) төмен; В) алғашқыда тең болады, одан кейін төмендейді; Г) бұларды салыстыруға деректер жеткіліксіз.